Қр президентімен 018 жылғы мамырда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылып Қр жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді



жүктеу 17.52 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі17.52 Kb.
түріКодекс

ҚР Президентімен 2018 жылғы 4 мамырда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылып ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді


ҚР Президентімен 2018 жылғы 4 мамырда «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылып ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Енгізілген өзгерістер бойынша жергілікті атқарушы органдарға бірқатар жаңа функциялар берілді, оның ішінде:



Облыстық жергілікті атқарушы органдарға:

жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, комиссия туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу;

қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою мәселелері жөніндегі материалдарды келісуге орталық уәкілетті органға және тиісті уәкілетті органға ұсыну;

қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшiн жер учаскелерін беру және алып қою.



Аудандық және қалалық жергілікті атқарушы органдарға:

жер комиссиясының құрамын қалыптастыру, комиссия туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу;

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

орталық уәкілетті органға осы Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат беру;



Енгізілген өзгерістер бойынша мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президенті





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет