ҚР президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының басты векторы» жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының



жүктеу 355.57 Kb.
Дата03.07.2018
өлшемі355.57 Kb.


ҚР президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының басты векторы» жолдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының

жүзеге асырылуы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының басты басымдылығы болып халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру болып табылады және оны жүзеге асыруға аз қаражат бөлінбейді.

2013 жылдың 1қазанында жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздардың жалпы саны 146 адамды құрады. Халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіруге бағытталған іс-шаралар жоспарымен қаралды:

- 465 адамды жұмыспен қамту, 723 адам жұмысқа орналастырылды;

- 535 жаңа жұмыс орнын құру, іс жүзінде 606 жұмыс орны құрылды;

- кәсіби даярлау пен қайта даярлауға 50 адам жіберу жоспарланған, 60 адам жіберілді, 36 адам жұмысқа орналастырылды.

- «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 11 адам жіберу жоспарланған, іс жүзінде 17 адам жіберіліп, 2 адам жұмысқа орналастырылды.

- «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы бойынша 15 адам жіберу жоспарланған, іс жүзінде 24 жұмыссыз жіберілді.

- Қоғамдық ақылы жұмыстарға 635 адам жіберу жоспарланған, іс жүзінде 524 адаам жіберілді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Орынбаев қатысқан республикалық семинар-кеңес Бағдарламасының аясында республиканың барлық қалалары мен аудандарында 2013 жылдың 19, 20 маусымында бір уақытта «Кәсіптер жәрмеңкесі» өткізілді.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің мақсаты жұмыссыз халықтың жұмыспен қамтылуына қолғабыс етуді жүзеге асыру және кәсіпорындардың кадрларды толымдау бойынша тәжірибелік жұмыстардың бір түрі болып табылады.

«Кәсіптер жәрмеңкесі» жұмысқа мұқтаж немесе жұмыс орнын ауыстыруға ниетті азаматтарға кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің өкілдерімен жеке кездесіп, олардан бос жұмыс орындары, талап-міндеттері мен еңбекақысы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

«Кәсіптер жәрмеңкесіне» 357 адам қатысты.

Жәрмеңкеге қатысушылардың арасында 65 жұмыссыз адамға жолдама берілді: соның ішінде, тұрақты жұмысқа – 29 адам, жастар іс-тәжірибесіне – 8 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 24 адам.

3 жұмыссыз қысқа мерзімді курстарға оқуға өтініш берді.

Жыл басынан бері 67 отбасынан 250 алушыға 4851,0 мың теңге сомасында мекен-жайлық әлеуметтік жәрдем төленді.

Аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына арналған мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеуге 423 отбасы, 1135 бала өтініш білдірді. Оларға 13733,1 мың теңге тағайындалып, төленді.

Ауданның аз қамтылған азаматтарына маңызды әлеуметтік көмек коммуналдық қызметке кететін шығындарға өтемдік төлем беру болып табылады.

2013 жылдың 1 қазанындағы ахуалға байланысты 674 отбасына жалпы сомасы 9866,0 мың теңге болатын тұрғын үй көмегі көрсетілді.
Зейнеткерлердің саны 5704 адамды құрайды, соның ішінде ҰОС қатысушылар – 17, ҰОС мүгедектері – 1, 1 және 2 топтағы мүгедектер – 776, 3 топтағы – 574, мүгедек балалар – 82.

Мүгедектерді сауықтырудың жеке бағдарламалары алынып, мәліметтер базасына енгізілді.

Жыл басынан бері мүгедектерді сауықтырудың 157 жеке бағдарламасы қабылданды.

Санаторлы-курорттық емделуге «Уба», «Бура» шипажайларына 37 зейнеткер жіберілді, оның 7-уі мүгедектер.

2013 жылы мүгедектер үшін гигиеналық жабдықтарға 2301,0 мың теңге бөлінді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан мүгедектерді сауықтырудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер үшін 17 кресло-арба бөлініп, таратылды. Сондай-ақ, протезді-ортопедиялық жәрдемге мұқтаж 39 мүгедектің құжаттары облыстық басқармаға жіберілді.

Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қаржылай көмек көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі 24 балаға ай сайын жәрдемақы беріледі. Жыл басынан бері үйде оқитын 24 мүгедек балаға 2160,0 мың теңге төленді.

Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйінде әлеуметтік қызмет көрсетуді 1 бөлімше жүзеге асырады, 43 әлеуметтік жұмысшы 51 мүгедектің, 243 жалғызбасты зейнеткердің, 27 мүгедек баланың үйлерінде қызмет көрсетеді.

8 наурыз күніне 1 және 2 дәрежелі «Күміс Алқа», «Алтын Алқа», «Ана даңқы» алқаларымен марапатталған аналарға, сондай-ақ, 18 жасқа дейін 4 және одан да көп балалары бар аналарға жалпы сомасы 8260,0 мың теңге қаржылай көмек берілді.

Кейбір санаттағы азаматтарға 4242,0 мың теңге сомасында қаржылай көмек берілді (97 адам).

Соғыс ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға және ЧАЭС қатысушыларына 1279,0 мың теңге төленді (70 адам).

49 афган-жауынгерлеріне жалпы сомасы 245,0 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді.

Чернобыль АЭС жоюға қатысқан 37 қатысушыға да жалпы сомасы 155,0 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді.

«Ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар мен жетім балалар қатарындағы жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы» облыстық әкімдіктің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы №300 қаулысына сәйкес оқу ақысына, жатақханада тұру мен шәкіртақыға 53 студентке 18492,0 мың теңге аударылды.

Афганистанда қаза тапқан екі адамның отбасына жалпы сомасы 90,0 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді.

2013 жылы ауандық комиссияның шешімімен 418 отбасына жалпы сомасы 3124,0 мың теңге қаржылай көмек бөлінді.

Семей ядролық сынақ полигонының аумағында тұратын азаматтарға арналған бір жолғы қаржылай көмек төлеу бойынша арнайы комиссия жыл басынан бері 28 комиссия өткізді. Семей полигоны аумағында тұратын азаматтарға арналған бір жолғы қаржылай көмек алу бойынша 60 іс қабылданды. Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық бөліміне 60 істің макеті берілді.

Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің өмір сапасын жақсарту мен құқықтарын қамсыздандыру бойынша іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру аясында өткізілетін «Әр түрлі – бірдей» республикалық конкурсына біздің ауданның өкілдері белсенді түре қатысады.

Ұлан ауданында екінші бағыт аясында 18 несиелік серіктестік құрылған, оның ішінде:

2011 жылы 4 НС, 96,0 млн.теңгеге 48 қарыз алушы қатысты, 72 жаңа жұмыс орны құрылды.

Айыртау және Ұлан ауылдарында 2 тойхана ашылып, 5 жұмыс орны құрылды, І. Айтықов ауылында шағын наубайхана ашылып, 6 жұмыс орны құрылды, Тарғын ауылында мекиен-тауық өсіру бойынша 2 жұмыс орны құрылды, 41 адам мал өсіруге несие алып, 59 жаңа жұмыс орнын құрды. Ауданда мал басы көбейді, барлығы 320 бас ірі қара, 30 қой және 175 бас жылқы сатып алынды.

2012 жылы 6 НС, 125,0 млн.теңгеге 47 қарыз алушы қатысты, 110 жаңа жұмыс орны құрылды.

Қасым Қайсенов кентінде фото-бейне түсірілім және монтаж салоны ашылып, онда 2 жұмыс орны құрылды, Қасым Қайсенов кентінде сыртқы және ішкі жарнама қызметі ашылып, 1 жұмыс орны құрылды, Бозанбай ауылында сүт-тауарлы фермасын дамыту бойынша 12 жаңа жұмыс орны құрылды, Айыртау және мамай батыр ауылдарында 2 жекеменшік балабақша ашылып, 28 жұмыс орны құрылды, Тарғын ауылында және Қасым Қайсенов кентінде 2 адам ара өсіруді дамытуға несие алып, 2 жаңа жұмыс орнын құрды, 12 адам мал өсірді дамытуға несие алып, 64 жұмыс орны құрылды. Ауданда мал басы көбейді, барлығы 480 бас ірі қара, 40 қой және 230 бас жылқы сатып алынды.

2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» «Кәсіпкерлікті және тірек ауылдарын дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» екінші бағытының аясында жұмыспен қамту орталығына өз кәсібін дамытуға 807,0 млн.теңге сомаға 303 адамнан бизнес-ұсыныс түсті. Аймақтық комиссия жалпы сомасы 300,0 млн.теңге болатын 109 жобаны қарастырды.

2013 жылы 12 НС, 300,0 млн.теңгеге 109 қарыз алушы қатысты, 187 жаңа жұмыс орны құрылды.

Несиелік қаражат келесі түрлерге бөлініп отыр: Қасым Қайсенов кентіндегі Техникалық қызмет көрсету стансасын кеңейту және қайта құру, 6 жұмыс орны құрылады, 2 адам балық шаруашылығын дамытуға несие алды, 6 жұмыс орны құрылады, Қасым Қайсенов кентінде жоғары жылдамдықтағы интернет енгізуге 2 адам несие алды, 6 жұмыс орны құрылады, Тарғын ауылында мекиен-тауық өсіру, 3 жұмыс орны құрылады, Бозанбай ауылдық округіндегі демалыс орны, 8 жұмыс орны құрылады, Макеевка ауылында наубайхана ашу, 2 жұмыс орны құрылады, егіншілік шаруашылығын дамытуға 3 қарыз алушы, 3 жұмыс орны құрылады, мал өсіруді дамытуға 95 қарыз алушы, 151 жұмыс орны құрылады. Ауданда мал басы 680 ірі қараға, 60 қойға және 330 бас жылқыға көбейеді.

Сондай-ақ, Алмасай ауылында наубайхана ашылды, онда 3 жұмыс орны құрылды, тәулігіне 600 бөлке нан өндіріледі.

Аталмыш бағдарламаның арқасында ауданда Айыртау және Мамай батыр ауылдарында 100 орынды 2 жекеменшік балабақша ашылып отыр. Бүгінгі таңда екі балабақша да бизнес-жоспарға сай жұмыс істеп тұр, онда әр қайсысына 42000 теңгеден орташа еңбекақыға 28 адам жұмыс істейді.

Таврия ауылынан Иванченко Сергей Дмитриевич 2012 жылы мал өсіруді дамытуға 6,0 млн.теңге мөлшерінде несие алған, оған Ресейден симментал тұқымды 40 бас ірі қара сатып алды. 4 жаңа жұмыс орны құрылды.

Мадина Болатқызы «Бастау-Көмек» НС арқылы алған 1,5 млн.теңге несиелік қаражатқа 2013 жылы ҚХР-нан 10 киіз үй, қажетті құрал-жабдықтар, ыдыс-аяқ, жиһаз сатып алып, Сібе өзенінде жазғы демалыс орнын ұйымдастырды, онда 6 жұмыс орны құрды, жаз мерзімінде 700 адамға демалыс қамтамасыз етіледі.

Аталмыш бағдарламаның арқасында Ұлан ауданының 169 тұрғыны 1485 бас ірі қара, 130 қой және 735 бас жылқы сатып алды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы бүгінгі күні 35 адам несие алды, жалпы сомасы 85,1 млн.теңге. 49 жаңа жұмыс орны құрылып отыр.

Оқытуды кәсіпкерлікті қолдаудың «ҚазБизнес-Консалтинг» ЖШС Сервистік орталығы Бағдарлама қатысушыларын оқытудың дайындалған кестесі мен түріне сай жүргізді. 2013 жылы І транш бойынша 61 қатысушы, сондай-ақ, ІІ транш бойынша 83 қатысушы оқудан өтті.

2013 жылы Бағдарламаның 2 бағытының қатысушысы инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 30,0 млн. бөлді. Бұл сомаға жұмыспен қамту орталығы 18 жобадан тұратын тізім дайындап, Ұлан аудандық құрылыс бөліміне жіберді. Бүгінгі күні отарлы мал шаруашылығын дамытуға 7 блок модуль сатып алынды.

2013 жылғы екінші транш бойынша аудандық және аймақтық комиссия өтті. Аудандық комиссия жалпы сомасы 249,0 млн.теңгелік 86 жобаны мақұлдады.

2014 жылға 352,4 млн.теңгеге 136 адамнан сұраным қабылданды.

Ауданда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізіліп, жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

«Сауатты жарнама – сауатты тіл» айлығының аясында рейдтер өткізіліп, 38 нысан тексерілді. Ауданда көрнекі ақпарат пен жарнаманы рәсімдеу деңгейі 84%-ды құрайды.

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік коммуникативтік міндетін нығайту және кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын түсіндіру және насихаттау мақсатында 8 аудандық конкурс, 12 семинар, 8 дөңгелек үстел, 3 акция ұйымдастырылып, сондай-ақ, түсіндіру жұмыстары үшін 9 семинар өткізілді, оған 1390 адам қатысты.

2013 жылдың 9 айында аудандық және облыстық газеттерде тіл саясаты туралы 40 мақала жарық көрді.

Ұлан ауданында тілдерді үйрету орталығы ашылды. 2013 оқу жылында 182 тыңдарман оқыды, оның 34-і мемлекеттік қызметкер, 48 оралман «Қазақ әліппесі» бағдарламасы бойынша оқыды. 182 тыңдарманның 130-ы бастапқы, 42 – базалық, 10 – жоғары деңгейде оқыды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

Ауданда 2013 жылдың 1 қазанында мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж азаматтар кезегінде 621 отбасы тұр, соның ішінде халықтың әлеуметтік қорғалған бөлігі – 394 отбасы, бюджеттік мекемелердің жұмысшылары – 226 отбасы, ҰОС қатысушылар – 2 адам.

2013 жылы «Жекелеген санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша аудандық бюджет қаражатының есебіне Мамай батыр ауылынан жетімнің қамқоршысы болып табылатын үйі өртенген адамға 1,4 млн.теңге сомаға үй сатып алынды.

2013 жылы аумағы 10,0 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді, бұл 2012 жылдың деңгейінен 5,6 есе жоғары.

«Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасының аясында Қасым Қайсенов кентінде құны 494,0 млн.теңге көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жүруде (А, Б корпусы), құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуы ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың қазан айында 577,6 млн.теңге сомаға Тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі бойынша жаңа 95-пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша, сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үй кешеніне 133,6 млн.теңге сомаға инженерлік жүйелердің құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Аяқталуы 2014 жылдың мамыр айына жоспарланып отыр.

Өнеркәсіптік өнімнің көлемі 2,6%-ға төмендеумен 9245,4 млн.теңгені құрады, нақты көлемнің индексі 106,2%, соның ішінде кен өндіруші саладағы өндірістің көлемі «Белогорстрой ТКК» ЖШС жұмысының тоқтатылуына байланысты 704,9 млн.теңгеге төмендеумен 10 млн.теңгені құрады, өңдеу өнеркәсібінде – 2%-ға өсумен 8231,8 млн.теңгені құрап отыр. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсу азық-түлік өндірісіндегі өткен жылмен салыстырғандағы 3,2%-дық өсумен келісілген. Тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны 110 бірлікті құрады, 5,8%-ға өскен.

2013 жылдың 1 қазанындағы ахуалға сай жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар 68 бірлікті (1,4%-ға төмендеген), шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарының саны 57 бірлікті құрады және 1,7%-ға төмендеген.

Бөлшек тауарайналымының көлемі 18,4%-ға өсумен 2865,8 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 114,6%-ды құрады. Жалпы ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 13205,9 млн.теңгені құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 23,5%-ға жоғары. Ауылшаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 102,5%-ды құрады. Мал өсіруде 11151,3 млн.теңгеге өнім өндірілді (НКИ 101,8%), егіншілік шаруашылығында 2054,6 млн.теңгеге (НКИ 106,3%).

Ет өндірісін өсіру қамтамасыз етілген – 2,3%, сүт – 1,6%-ға, бірақ жұмыртқа 3,7%-ға төмендеді.

Негізгі капиталға инвестицияның көлемі 32,1%-ға өсумен 3125,6 млн.теңгені құрады. Республикалық бюджет қаражатын қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымында – 35,4% қарызға алынды, жергілікті бюджет – 33,4%, кәсіпорынның өзіндік қаражаты – 27,9%, қарызға алынған қаражат – 3,2%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2613,4 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 1,8 есе көп (2012 жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 1451,2 млн.теңгені құраған). Нақты көлем индексі - 174%. Облыстық көлемдегі үлесі 3%-ды құрады.

Ауданда мектепке дейінгі білім берумен жалпы қамту 97,3%-ды құрады (1570 бала). Мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамтылған бала санының өсу қарқыны 108,5%-ды құрады. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде анйалысатын азаматтар санының өсу қарқыны 107,4%-ды құрады.

Туберкулезбен сырқаттанушылық 25 адамды құрады (2012 жылдың 9 айында 27 адам науқастанған), 3 өлім тіркелді (2012 жылы 2 адам өлген). Туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейінің өзгеруі 100,0 мың адамға шаққанда 99,9%-ды құрады.

Статистикалық мәліметтер бойынша 2013 жылдың қаңтар-тамызында 330 қылмыс тіркелген, оның ішінде ауыр және аса ауыр – 28, адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу – 1, қарақшылық және тонау – 6, ұрлық – 198, соның ішінде пәтерлерден – 36. Қылмыстылық деңгейінің өзгеруі (өткен жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда оқиғалар санының 10 мың адамға шаққанда азаюы немесе артуы) 116,9% құрады. Қылмысты ашу деңгейінің өзгеруі 113,3% құрады.

Аудан бюджетіне меншік табыс бойынша 2013 жылдың 1 қазанында 536,3 млн.теңге болжаммен 616,6 млн.теңге түсті немесе 115% (80,3 млн.теңгеге асыра орындалды). Бюджеттің меншік табысы көлемінің өсу қарқыны 106,8%-ды құрады. Мемлекеттік бюджетке салық және салықтан тыс түсімдер көлемінің өсу қарқыны өткен жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 137,5%-ды құрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Ұлан ауданы бойынша 2012 жылға Қасым Қайсенов кентінде «Ертіс» (ӘКК) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы бірінші механизм бойынша термомодернизация бағдарламасымен 6 көпқабатты тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары жоспарланған.

2012 жылы 20,0 млн.теңге сомаға 2 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (№ 8, 9), ал 3 үйдің (№ 6, 7, 10) жөндеу жұмыстары 2012 жылдың желтоқсан айының соңында басталды.

№ 6 ,7 үйлердің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, жұмыс комиссиялары өткізілді, қазіргі уақытта ескертулер жойылуда. Бүгінгі күні № 10 үйдің шатырының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда.

№ 14 үйдің күрделі жөндеу жұмыстары әзірше басталған жоқ, қазіргі уақытта техникалық шешім үй тұрғындарымен және бас мердігермен келісілуде.

2013-2014 жылдарға екінші механизм бойынша термомодернизация бағдарламасымен облыстық мамандандырылған өкілетті ұйым «ШҚО бойынша тұрғын үй-эксплуатациялық басқармасы» ЖШС арқылы 3% алдын-ала жарнамен 14 көппәтерлі тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары жоспарланған. Аудан бойынша жалпыүй жылу энергиясын есептеуші 26 құрылғы жоспарымен 8 құрылғы орнатылды немесе 31%-ы. Суық су есептеуші 2030 дербес құрылғы қажет, 1378 құрылғы орнатылды немесе 67,9 %-ы. Ыстық су есептеуші 1314 дербес құрылғы қажет, 866 құрылғы орнатылды немесе 65,9%-ы. Бұл бағытта жұмыстар жалғасын табуда.

2013 жылы аудандық бюджеттен жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 59,0 млн.теңге бөлінді, бүгінгі күні 49,2 млн.теңге игерілді.

Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының паспортын дайындауға 1,5 млн.теңге бөлінді. Жолдарды паспорттау бойынша жергілікті маңыздағы автожолдардың 51 шақырымы қамтылды.

Облыстық бюджет есебіне «Алмасай ауылына кіреберіс» автожолының 0-7 шақырымына 49,0 млн.теңгеге орташа жөндеу жүргізілді.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының аясында республикалық және аудандық бюджеттен Сағыр ауылына кіреберіс жолға 16,1 млн.теңгеге орташа жөндеу жүргізілуде.

Аудандық бюджет есебінен ауылдық округтердің әкімдіктеріне елді мекендерді санитарлық тазалауға – 3,6 млн.теңге, абаттандыру және көгалдандыруға – 12,3 млн.теңге, жарықтандыруға – 25,2, инженерлік жүйелерді жөндеуге 2,0 млн теңге қаражат бөлінді.

Ағымдағы жылы аудандық бюджет қаражатының есебіне 3,3 млн.теңге сомаға Алмасай ауылындағы су құбырлары жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 1,5 млн.теңге сомаға Қасым Қайсенов кентіндегі КНС-ның және 2,6 млн.теңге сомаға жылу жүйелерінің жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасының 4-ші бағыты бойынша 8,0 млн.теңгеге Айыртау ауылындағы су құбырлары жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аталмыш Бағдарламаның аясында ағымдағы жылы Бозанбай ауылында стадионды абаттандру, қираған ғимараттардың аумағында топырақты қалпына келтіру, көшені жарықтандыру және абаттандыру, Таврия ауылында көшелерді жарықтандыру бойынша жалпы сомасы 112,4 млн.теңгеге жұмыстар жүргізілді.

«Аймақты дамыту» бағдарламасының аясында республикалық бюджеттің есебіне жалпы сомасы 26,6 млн.теңгеге келесі жобалар жүзеге асырылды, соның ішінде Қасым Қайсенов кентідегі аулаларның ағымдағы жөндеу жұмыстары және абаттандыру, 8 елді мекенде көшені жарықтандыру бойынша жөндеу жұмыстары (Тарғын, Отрадное, Каменка, Сағыр, Айыртау, Герасимовка, Пролетарское ауылдарында және Асубұлақ кентінде).

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының аясында республикалық және аудандық бюджет қаражатының есебіне жалпы сомасы 43,2 млн.теңгеге келесі жұмыстар жүргізілуде: 36,7 млн.теңгеге Таврия ауылындағы демалыс және ойын-сауық саябағын абаттандыру; 3,5 млн.теңгеге Таврия ауылындағы балалар алаңын абаттандыру; 3,0 млн.теңгеге Айыртау ауылындағы Танабаев көшесінің жарықтандыру желісін жөндеу.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы қосымша жалпы сомасы 61,7 млн.теңге бөлінді, соның ішінде:

- 23,8 млн.теңге сомаға Шығыс ауылындағы су құбырлары жүйесі мен құрылыстарын ағымдағы жөндеу;

- 5,0 млн.теңге сомаға Каменка ауылындағы құбырларды ағымдағы жөндеу;

- Мамай батыр ауылындағы жарықтандыру желісін ағымдағы жөндеу – 10,4 млн.теңге;

- Бестерек ауылындағы Орталық көшенің жарықтандыру желісін ағымдағы жөндеу – 3,2 млн.теңге;

- Желдіөзек ауылындағы Орталық көшенің жарықтандыру желісін ағымдағы жөндеу – 3,2 млн.теңге;

- Таврия ауылындағы жарықтандыру желісін ағымдағы жөндеу (Молодежная, Строительная, Орталық көшелері) – 13,7 млн.теңге;

- Герасимовка ауылындағы көшені жарықтандыру (750 м) – 1,2 млн.теңге;

- Украинка ауылындағы көшені жарықтандыру (800 м) – 1,2 млн.теңге.

2013 жылға Ұлан ауданының түзетілген бюджеті табыс және шығындар бойынша 5143732,2 мың теңге сомасын құрайды, оның ішінде меншік табыс 800662,0 мың теңге, бұл жалпы түсімнен 16,9%-ды құрайды, трансферттер мен субвенция 4165280,9 мың теңге және 2013 жылдың 1 қаңтарына ерікті қалдықтар 35254,7 мың теңге сомасында.

2013 жылғы 1 қазандағы ахуал бойынша бюджеттің табысты бөлігі 102,1%-ға орындалған, соның ішінде меншік табыстың түсу болжамы 115,0%-ға орындалды, 536300,7 мың теңге жоспарымен 616593,0 мың теңге түсті немесе болжам 80292,3 мың теңгеге асыра орындалды.

2013 жылдың 1 қазанында бюджет шығыны 3925625,2 мың теңгеге орындалды, бұл есеп мерзімінде қаржыландыру жоспарына 97,9%-ды құрайды.

Жергілікті бюджет есебіндегі бюджеттік қаражаттың қалғаны 2013 жылдың 1 қазанындағы ахуал бойынша 171580,2 мың теңге соманы құрады, оның:

- 80292,3 мың теңгесі меншік табыс болжамын асыра орындау есебінен;

- 5234,2 мың теңгесі жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік несиелерді өтеуге;

- 2020,7 мың теңгесі ел ішіндегі қаржы активтерін сатудан түскен;

- 86053,7 мың теңгесі бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің есебіндегі шығындардың пайдаланылмаған лимиттері.

2013 жылдың 1 қазанында бюджеттің шығын бөлігі 3925625,2 мың теңгеге орындалды, бұл есеп мерзімінде қаржыландыру жоспарына 97,9%-ды құрайды. 86053,7 мың теңге келесі себептермен игерілмеді:

Республикалық трансферлер – 78126,7 мың теңге, соның ішінде:

- 30000,0 мың теңге Жұмыспен қамту 2020 жол картасының екінші бағыты аясында жеткіліксіз инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен орнықтыруға, орындалған жұмыс актілерінің болмауына байланысты;

- 24537,0 мың теңге инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, орнықтыру және сатып алуға, орындалған жұмыс актілерінің болмауына байланысты;

- 599,4 мың теңге мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының құрылысына, орындалған жұмыс актілерінің болмауына байланысты;

- 2024,0 мың теңге мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі білім беру мекемелері тәрбиешілерінің білікті санаттары үшін қосымша ақыны көтеруге – үнемге байланысты;

- 3181,4 мың теңге аусылға қарсы вакцинаның болмауына байланысты;

- 1756,0 мың теңге аудандарда ішінара жұмыспен қамтылған жұмысшыларды қайта даярлау мен біліктігін арттыру бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындардың жоқтығына байланысты игерілмеді;

- 109,0 мың теңге жетім бала (жетім балалар) мен ата-анасының қамқорынсыз қалған баланың (балалардың) күтіміне қамқоршыларына ай сайын ақшалай қаражат төлеуге, алушылар санының азаюына байланысты;

- 905,0 мың теңге ҚҚС бойынша үнем (мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі физика, химия, биология кабинеттерінің жабдықтарын жеткізуші ҚҚС төлеушісі болып табылмайды);

- 2296,6 мың теңге Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының аясындағы ауылдық елді мекендерді дамытуға арналған мемлекеттік сатып алулар бойынша үнем;

- 1473,1 мың теңге «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша мемлекеттік сатып алуларға үнем;

- 1362,0 мың теңге қосымша бөлінген штаттарға арналған компьютерлер алуға мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурс өткізілмеді;

- 2135,0 мың теңге АБ қосымша бөлінген штаттар бойынша бос орындар есебінен үнем;

- 2741,0 мың теңге «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша, Айыртау ауылындағы Танабаев көшесінің жарықтандыру жүйесін жөндеуге конкурстың кеш жариялануына байланысты;

- 6760,0 мың теңге «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша, Айыртау ауылындағы клубты жөндеуге есепшінің ауысынан конкурстың кеш жариялануына байланысты;

- 60,4 мың теңге ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік саланың мамандарына қолдау көрсетуге төлеу факті бойынша төленді.

Облыстық трансферттер – 1160,1 мың теңге, соның ішінде:

- 1160,1 мың теңге төрт мектептің құрылысына, орындалған жұмыс актілерінің болмауына байланысты.

Аудандық бюджеттен – 1160,1 мың теңге, соның ішінде:

- 2723,0 мың теңге жергілікті бюджет есебінен барлық мекемелерге мемлекеттік сатып алулар бойынша үнем;

- 233,5 мың теңге орындалған жұмыс актілерінің болмауына байланысты;

- 1000,0 мың теңге Бозанбай ауылындағы тазартқыш құрылғылар желісі құрылысының жобалық сметалық құжаттамасын дайындауға қазынашылықтан қайтарылды;

- 702,6 мың теңге телерадиохабар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша қызметтерге, орындалған жұмыс актілерінің болмауына байланысты;

- 2340,7 мың теңге бағдарламалардың барлық әкімшіліктері бойынша қазынашылықтан қайтарылды;

Күрделі жұмсалымдар мен инвестициялық жобалар бойынша орындау 1331476,6 мың теңгені немесе 95,7 %-ды құрады.

1.11.2013 жылғы ахуал бойынша бюджетке қосымша табыс көздерін анықтау Алгоритмі аясында қосымша түсімдер 146474,7 мың теңгені құрайды, соның ішінде:

14502,7 мың теңге ауданның ауылдық округтерінде көлік салығын уақытында төлемеген жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтың резервтерін анықтау бойынша өткізілген іс-шаралардан түсті (төлеуге тартылғандардың саны 1737 адамды құрады);

1337,2 мың теңге құрылыс-монтажды мекемелерде жұмыс істейтін есепке алынбаған жалдамалы жұмысшыларды анықтаудан түсті («Ұланкомсервис» ЖШС мен «Асыл Талан» ЖШС-нің әлеуметтік салығы – 1302,4 мың теңге, («Ұланкомсервис» ЖШС-нің жеке табыс салығы – 34,8 мың теңге);

719,5 мың теңге 5 жеке кәсіпкерді көрнекі (сыртқы) жарнама орнатқаны үшін төлеуге тартудан түсті («ӨҚФ» АҚ, «Sinooil» ЖШС, Махаббат Тұңғышбек ЖК, «Құрмыш ЛТД» ЖШС, Т.Ф. Новикова ЖК);

4780,0 мың теңге «конвертте» төленетін еңбек ақыны көтеру және заңдастыру нәтижесінде, сондай-ақ, кәсіби мерекелерде сыйлықақы төлеу нәтижесінде түсті (ӨҚФ» АҚ жеке табыс салығы – 3800,0 мың теңге, әлеуметтік салығы – 980,0 мың теңге);

211,2 мың теңге шаруа қожалықтарындағы және ауылшаруашылық тауарларын өндіруші заңды тұлғалардағы есепке алынбаған жалдамалы жұмысшыларды анықтау бойынша іс-шаралардан түсті, соның ішінде ШҚ бойынша жеке табыс салығы 185,2 мың теңге сомаға және ШҚ бойынша әлеуметтік салық 26,0 мың теңге.

6,2 мың теңге ет өндірісін жүзеге асыратын тұлғалардан резервтерді анықтау бойынша түсті;

857,9 мың теңге мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен мүліктік табыс алған салық төлеушілер бойынша резервтерді анықтаудан түсті;

3,0 мың теңге салық салынатын нақты негізді анықтау мақсатында тіркелмеген жылжымайтын нысандарды анықтаудан түсті, соның ішінде демалыс базаларындағы нысандарды, соның ішінде мүлікке салынатын салық 1,4 мың теңге, жер салығы 1,6 мың теңге;

13,8 мың теңге Жергілікті өзін-өзі басқару комитеті, КСК, учаскелік полициялардың мәліметтері бойынша тұрғын үй ғимараттарында әрекет ететін және салық органдарында тіркелмеген кәсіпкерлік қызмет нысандарын анықтаудан түсті;

113539,6 мың теңге қоршаған ортаға эмиссия төлеуден түсті;

4600,2 мың теңге жер телімдерін және жер телімдерін жалға алу құқығын сатудан резервтерді анықтау бойынша түсті (19 төлеуші тартылды);

5828,9 мың теңге салық міндеттерін орындау бөлігінде жалпы таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарт талаптарын орындауды қадағалауға мониторинг жасау жолымен жер қойнауын пайдаланушылардың салық міндеттерін орындаудың уақыттылылығын бақылау бойынша іс-шаралардан түсті (3 төлеуші: «Өскемен Керамика» ЖШС, «БелогорСтрой ТКК» ЖШС, «ӨҚФ» АҚ).

30,4 мың теңге ұқсас нысанды мүліктерге салынатын салықтың есептелген және төленген сомалары бойынша мәліметтерді салыстыру жолымен төмен бағалау құны бар бизнес нысандарын анықтау бойынша іс-шаралардан түсті (3 төлеуші);

44,1 мың теңге тұрғын нысандарға жатпайтын нысан иелерінің мүлік және жер салығын төлемеу фактілерін анықтаудан түсті, соның ішінде мүлік салығы 26,7 мың теңге, жер салығы 17,4 мың теңге.

Бересінің төмендеуін қамтамасыз етуді бақылау іс-шарасы бойынша, соның ішінде жергілікті бюджетке түсімдер бойынша, сондай-ақ, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздар жыл басындағы мәліметтермен салыстырғанда: 25.10.2013 жылғы ахуал бойынша бересінің сомасы 151758,0 мың теңгені құрады, соның ішінде жергілікті бюджетке 484,0 мың теңге. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша қарыз сомасы 1469,0 мың теңгені құрайды. Әлеуметтік аударымдар бойынша қарыз сомасы 668,0 мың теңгені құрайды.

Баға өсімін тұрақтандыру және жол бермеу мақсатында атқарушы органдар қажетті шаралар қабылдады, соның ішінде:

1) 44 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, онда 27,5 млн.теңге сомаға өнім сатылды.

2) азық-түлік тауарларының бағасын көтеру фактілері бойынша жедел елеу және қажетті шаралар қабылдау үшін азық-түлік және азық-түлік емес топтағы тауарларға күнделікті мониторинг жасалады;

3) 10%-дан аспайтын минималды тауарлық үстеме қолдану туралы 215 меморандум жасалды;

4) әлеуметтік бөлімдер мен бұрыштарда төмендетілген бағамен тауар сатылады.

Аудан бойынша мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мекемесінде 9 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.

2013 жылдың мамыр айынан бастап орталық аудандық кітапханада ИРБИС бағдарламасы орнатылып, электронды каталогқа 708 дана кітап енгізілді. Біріккен ұлттар Ұйымын дамыту Бағдарламасы (БҰҰДБ) грантының қолдауымен орталық аудандық кітапхана мен Таврия ауылдық кітапханасында халыққа қызмет көрсету үшін онлайн-орталық ашылды.

Кітапханалар қоғамдық-саяси өмірге белсенді түрде қатыса отырып, өздерінің жұмыстарын аудан қызметімен тығыз байланыста жүргізеді.

Есептік мерзімде 323 мәдени-көпшілік шаралар өткізілді, оқырмандардың саны -6752, кітапханаларға бару – 62059, кітап беру – 156782 дана, кітап қоры – 143900 дана кітап, соның ішінде мемлекеттік тілде – 39900 дана, жаңа әдебиеттер 3100 дананы құрайды, соның ішінде 2900 данасы мемлекеттік тілде.

Клуб мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту мақсатында 2013 жылдың 9 айында 6024,0 мың теңгеге аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымына арналған автобус сатып алынды, Таврия ауылдық мәдениет үйінің фольклорлық ансамблінің қатысушыларына 60,0 мың теңгеге сахналық киімдер, 42,0 мың теңгеге сахналық бас киімдер тігілді. Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйінің әртістеріне 1010,0 мың теңгеге сахналық киімдер тігілді.

Клуб мекемелеріне 72,0 мың теңгеге радиомикрофондар, 25,0 мың теңгеге аудандық мәдениет үйіне кассалық аппарат алынды. Таврия ауылдық мәдениет үйіне 450,0 мың теңгеге, Сағыр клубына 363,0 мың теңгеге музыкалық аппаратура жиынтығы алынды.

«Бескөл» халықтық фольклорлық ансамбліне 108,0 мың теңгеге муызкалық аспаптар алынды.

Аудан әкімінің сайтында мемлекеттік қызмет көрсету(стандарттар, регламенттер, электронды-сандық қолтаңба туралы ақпарат) туралы толық ақпарат орналастырылды. Ұлан ауданы бойынша 34 жалпы білім беретін мектеп бар. Барлық мектептерде оқушыларға патриоттық тәрбие беру бекітілген жоспарға сай жүргізіледі. Жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік символдарды меңгеруге тоқсанына 1 рет сауалнама жүргізіледі.

Мектептегі жұмыс қазақстандық патриотизмді және азаматтылықты қалыптастыруға, жалпыұлттық мәдениетті дамытуға қолғабыс ету мақсатында құрылған. Жыл ағымында тілдерді үйрену бойынша он күндіктер өткізіледі, оның барысында оқушылар түрлі халықтардың мәдениетін оқып білу арқылы өздерінің ой-өрістерін кеңейтеді.

Салауатты өмір салтын насихаттауға және оқушылардың денсаулығын нығайту бойынша тәжірибелік әрекеттерге ерекше көңіл бөлінеді.

Жазғы мерзімде дені сау тұлғаны қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жазғы демалыс кезінде балаларға сауықтыру демалыстары ұйымдастырылады, жазда 3773 бала немесе 89,3%-ы жазғы демалыспен қамтылған, соның ішінде 1185 бала лагерьде демалды.

Ұлан ауданы бойынша барлық білім беру мекемелеріндегі оқытудың тәжірибелік процессін күшейтудің типтік жоспары және басқа да құжаттардың негізінде мектептерде рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін мектептерде «Өзін-өзі тану» пәні оқытылады. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бойынша мектептерде түрлі конкурстар өткізілді. Психолог-мұғалім семинарлар мен тренингтер өткізеді.

10 жыл бойы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан Мемлекеттік университетінің базасындағы №746 ҰБТӨП ұлттық орталығында өткізілген Ұлан ауданы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу 2013 жылдың 3 маусымында Р. Мәрсеков атындағы орта мектепте өтті.

2012-2013 оқу жылында Ұлан ауданының 25 мектебінде 11 сынып 313 түлек мектеп бітірді. Оның ішінде қазақ тілінде оқыған 190, орыс тілінде оқыған 123 түлек. 162 түлек (119 – қазақ тілінде, 43 - орыс тілінде оқыған) қорытынды аттестацияны ҰБТ түрінде тапсырды, 148 түлек (70- қазақ тілінде, 78 – орыс тілінде оқыған) қорытынды аттестацияны дәстүрлі түрде тапсырды. 3 түлек денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестациядан босатылды. Ұлан ауданындағы 25 мектептің 4 мектебінің түлектері ҰБТ-ге қатысудан бас тартты. ҰБТ-ге қатысу пайызы түлектердің жалпы санынан 52 пайызды құрады. Орташа балла 71,3%-ды құрады.

Аудан бойынша 1 компьютерге 9 баладан келеді. Ауданда барлық мектептер 100% интернетке қосылған, оның ішінде 10-ы кеңжолақты. Жаңа модификациядағы кабинеттермен жабдықталу:

- физика кабинеті - 17 (47%);

- биология кабинеті - 9 (29%);

- химия кабинеті - 6 (23,5%);

- лингафонды-мультимедиялық кабинеттер – 21 (56%).

2012-2013 оқу жылына республикалық бюджеттен 4 химия кабинеті бөлінді.

Ауданның денсаулық сақтау жүйесі орталық аудандық ауруханамен, 2 ауылдық ауруханамен, 9 дәрігерлік амбулаториямен, 4 фельдшерлі-акушерлік пунктермен, 22 медициналық пунктпен және ғимаратсыз 5 медицина қызметкерімен көрсетілген. Медициналық қызмет көрсетудің радиусы 250 шақырымды құрайды. 2013 жылы денсаулық сақтау саласында 496,1 млн.теңге сомасында қаражат қарастырылған, игерілгені – 333,5 млн.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен трансферттер бойынша 41,1 млн.теңге сомадағы қаражат игерілген.

«Саламатты Қазақстан» атты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамыту Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ауданда скринингтік тексерулер, балаларды профилактикалық тексеру, халықтың ересек бөлігін қанайналым жүйесі ауруларын ерте кезде анықтау, репродуктивті жүйенің онкопатологиясын ерте кезде анықтайтын әйелдерге арналған скринингтік тексерулер өткізіледі, дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікпен қамтамасыз ету енгізілді, мемлекеттік медициналық мекемелер жүйесін типтеу және стандарттау жүргізілді, денсаулық сақтау мекемелер жүйесінің мемлекеттік нормативтері бекітілді, денсаулық сақтау мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту бойынша іс-шаралар өткізілді.

Есеп беру мерзімінде жалпы өлім-жітім 7%-ға төмендеді, балалар өлім-жітімі аудан бойынша 1000 тірі туылғанға шаққанда 2,5 есеге төмендеді, бірқатар әлеуметтік-маңызды аурулармен сырқаттанушылықтың алғашқы көрсеткіштері төмендеді. Соңғы 10 жылда ауданда аналардың өлімі орын алған жоқ.

Ауданда халықтың жалпы сырқаттанушылығы төмендеп келеді. Көрсеткіштің төмендеуі жеңілдікті дәрі-дәрмек препараттарын енгізумен, скринингтік тексерулердің жақсаруымен байланысты.

Амбулаториялық деңгейдегі диагностиканың жаңа әдістерін енгізумен ерте кезеңдегі сырқаттарды анықтауға бағытталған халықты профилактикалық тексерулер жүзеге асырылады. Скринингтік тексерулермен қамту халықтың жалпы санынан 90%-ды құрады.

Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 2012 жылғы деңгейде қалып отыр және 100 мың халыққа шаққанда 64,4-ті құрайды, бірақ облыстық көрсеткіштен төмен (68,6).

Аудандық фтизиатр берген тізімдегі науқастардың барлығы аудандық бюджеттен ақшалай жәрдемақы алады. 2013 жылы тамақатану мен жол жүруге материалдық көмекті 110 астам науқас алды, жалпы бөлінген сома – 550 мың теңге.

2013 жылы ауданға 4 дәрігер келді, оның 3-уі жас мамандар.

Денсаулық сақтау жүйесінде 41 дәрігер жұмыс істейді, оның ішінде жоғары санаты бар – 3 (7,3%), бірінші санаты бар – 12 (29%), орта медқызметкерлер – 153, жоғары санаты бар – 58 (37,9%), бірінші санаты бар – 26 (17%), екінші санаты бар – 9 (5,5 %). Дәрігерлердегі жалпы санаттылық 36,5%, орта медициналық қызметкерлерде – 60,7%. Дәрігерлердің тапшылығы 14,7%-ды құрады.

Аудан аумағында дене шынықтыру мен спорттың 57 ұжымы жұмыс істейді. Онда 18270 адам спортпен айналысады, бұл аудан халқының жалпы санының 44,8%-ын құрайды.

Ауданда спорттың 20 түрі таралған. Оның 9 түрі ( қазақша күрес, тоғыз құмалақ, армрестлинг, гір спорты, көкпар, аударыспақ, бәйге, хоккей, футбол) бойынша спортшылар республикалық, облыстық құрамалардың құрамына кіреді.

Ново-одесское ауылында футболға арналған сомасы 18 млн.теңгелік шағын алаң пайдалануға берілді, демеушісі - «Өскемен құрылыс» құрылыс фирмасы.

2013 жылы «Жұмыспен қамту-2020 Бағдарламасы» бойынша Бозанбай ауылындағы стадион абаттандырылды, 310 отырғызатын орынды нысан пайдалануға берілді, волейбол мен баскетболға арналған алаңы бар.

Сонымен қатар, Борсақ, Банұзақ, Айыртау, Пролетарка, Донское ауылдарындағы футбол алаңдары пайдалануға берілді.

Жаңа Қанай, Привольное, Украинка, Ізғұтты Айтықов, Алғабас ауылдарында салынып жатқан мектептерде жасанды жабыны бар бес шағын футбол алаңын ашу жоспарланып отыр.

Ауданның спорттық өмірі аудандық, облыстық БАҚ-да, «Ұлан» аудандық телеарнасында, «Өскемен-Қазақстан» облыстық телеарнасында жарық көріп тұрады.

Ауданның кәсіпорындарында жаңа технологияларды енгізу бойынша тұрақты жұмыстар атқарылады, өнімдер мен өңдеу өндірісіндегі кәсіпорындарда қайта өңдеудің жаңа түрлері игеріледі. Үш жыл ішінде индустриаландыру Картасы аясында 4861,0 млн.теңгеге 3 инвестициялық жоба енгізілді. 382 жұмыс орны құрылды.

Ұлан ауданы бойынша республикалық индустриаландыру Картасына «Өскемен құс фабрикасы» АҚ жылына 20 000 тонна етке дейін кеңейту» жобасы кірді. Жобаның жалпы құны 3117,0 млн.теңгені құрады, соның ішінде қарыз қаражат - 2791,7 млн.теңге және меншік қаражат - 325,3 млн.теңге. Бүгінгі күні жоба жүзеге асырылды. 18 құс күркесіне күрделі жөндеу мен қайта құру жұмыстары жүргізілді, 1 инкубатор және жас тауықтарға арналған 3 құс күркесі салынды. 2012 жылы ет өнімінің көлемін 17 000 тоннаға жеткізу жоспарланды. Жоба бойынша жобалық қуаттылыққа шығу 2014 жылдың 4 тоқсанына жоспарланып отыр.

«Өскемен полиэтилен құбыр зауыты» ЖШС полиэтилен құбырының өнімі» Ұлан ауданының аймақтық индустриализация картасына енді. Жеке және қарыз қаражатының қаржысы бойынша жоба құны 150,0 млн тенге. Зауыт диаметры 25 мм-ден 500 мм-ге дейін көлемде полиэтиленді құбырлар шығаруда. Зауттың жоба күші жылына 1000 тонна.

2011 жылы ауданның көптеген кәсіпорындары, кәсіпкерлері республикалық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «Өскемен құс фабрикасы» АҚ республикалық «Қазақстанның үздік тауары» байқауында «Үздік тауар өндіруші» номинациясы бойынша 3 дипломаты атанды.

«Өскемен полиэтилен құбыр зауыты» ЖШС аймақтық «Қазақстанның үздік тауары 2011» атты байқауда жүлделі орын алып, республикалық «Алтын сапа 2011», «Қазақстанның үздік тауарлары» атты байқауларға қатысқан. Ауданның 4 кәсіпорыны бизнестің әлеуметтік жауапты «Парыз 2011» байқауына қатысып, еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Қосымша жасалған сараптама бойынша қазақстандық сатып алу үлесі 2390,8 млн теңге яғни 71,2% мөлшерін құрады.

Халықаралық стандарт бойынша ИСЖ және ХАССП сапа менеджментін 3 кәсіпорын алып отыр. Олар «Өскемен құс фабрикасы» АҚ, «Багратион Ұлан» ЖШС және «Шығыс Сүт» ЖШС.

2013 жылдың 9 айының ішінде ғана ауданның 8 кәсіпорыны («Өскемен құс фабрикасы» АҚ, «Багратион Ұлан» ЖШС, «Багратион ВВГ» ЖШС, «Бекон ШҚ» ЖШС, «№3 Нан зауыты» ЖШС, «Айрос» ЖШС, «Дортранс» ЖШС, «Қайрат» ШҚ) KZ сапасындағы сертификаттарды өнімнің 78 түріне алды.

Ауданның мекемелері мен кәсіпорындары тауар, жұмыс және қызмет сатып алуда қазақстандық мазмұнды ұлғайту бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Ұлан ауданында 38-ден астам жергілікті маңызы бар тарихи-археологиялық ескерткіштер тіркелген, оның 5-уі сәулетті және 33-і археологиялық болып табылады. Республикалық маңызы бар Аблайкит Бұтқанасы шіркеуі Бозанбай ауылынан 15 шақырым жерде, Сібе өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан.

Ауданда 5 архитектуралық ескерткіш бар:

1. ХХ - ғасырдың 50 жылдары Екатериновка ауылдық клуб ғимараты Бозанбай ауылдық округіне қарасты.

2.ХХ ғасырдың басындағы Әулие Апостолдар Петр және Павел Православиелік храмы. Митрофановка ауылында орналасқан археологиялық ескерткіштер.

3.ХІХ-ХХ ғаксырлар қарсаңындағы Көпес үйі Пролетарка ауылында орналасқан.

4.Кеңес Одағының батыры Т. Тоқтаровтың ескерткіші Төлеген-Тоқтаров ауылдық округіне қарасты.

5.Тарғын ауылдық округіндегі Кеңес Одағының батыры І. Айтықовтың бюсті.



33 археологиялық ескерткіштер:

1. Аблакетка ауылдық округіне қарасты 13 археологиялық ескерткіш.

2. Тарғын ауылдық округіне қарасты 5 археологиялық ескерткіш.

3. Белогор кентінде қарасты 3 археологиялық ескерткіш.

4. Асубұлақ кент әкімшілігне қарасты 1 археологиялық ескерткіш.

5. Бозанбай ауылдық округіне қарасты 2 археологиялық ескерткіш.

6. Багратион ауылдық округіне қарасты 4 археологиялық ескерткіш.

7. Таврия ауылдық округіне қарасты 2 археологиялық ескерткіш.

8. Төлеген Тоқтаров ауылдық округінде 1 археологиялық ескерткіш.

9. Гагарин ауылында 2 археологиялық ескерткіш.

Аудан бойынша жартыжылдықта 232 мәдени шаралар өткізіліп, 1527 адам қатысып отыр. Тарих және мәдениет ескерткішеріне қауіп төндіретін құрылыс және өзге де жұмыстарды тоқтата тұру, тиым салу және бұзылу, бүліну қауіптерін жою жөнінде ұсыныстар жасау туралы мәселелерді шешу шеңберінде төлқұжаттау жұмыстарын жақсарту, зерттелмеген қорғандарды бұзылмайтын ету, егістік жұмыстары жүргізілген уақытта техникамен бұзып кетпеу сияқты мәселелермен жұмыс жасалуда.

Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 13205,9 млн. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 23,5%-ға жоғары. Аулы шаруашылық өнімінің нақты көлем индексі 102,5%-ды құрады. Мал шаруашылығында 11151,3 млн. теңгеге (НКИ 102,5%), егіншілік шаруашылығында 2054,6 млн. теңгеге (НКИ 106,3%) өнім шығарылды. Ет өндірісін өсіру қамтамасыз етілген – 2,3%, сүт – 1,6%-ға, бірақ жұмыртқа 3,7%-ға төмендеді. Ағымдағы жылы 20,8 мың тонна тірідей салмақта ет өндірілді, оның 19,0 мың тоннасы 12700,0 млн. теңгеге өткізілді, сүт – 42,0 мың тонна, оның 21,0 мың тоннасы 2100,0 млн. теңгеге өткізілді, бал – 44 тонна, оның 30 тоннасы 30,0 млн.теңгеге өткізілді.

2013 жылдың өткен кезеңінде ауданның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға 1067,3 млн.теңге көмекқаржы төленді. Жылдың соңына дейін ірі және орта ауылшаруашылық тауар өндірушілер мал шауруашылығының өткізілген өнімі үшін тағы 200 млн.теңгеден астам көмекқаржы алады.

Келешекте шағын шаруа қожалықтарды ірілендіру үшін ауылдық округтердің әкімдерімен бірлесе отырып әр ауылдық округте базалық шаруашылық белгіленген және аталмыш жұмыс шаруашылық қызметтің әр бағыты бойынша атқарылуда.

Қолданылған шаралар ауылшаруашылық мәдениеттің егістік алаңдарын 2,6%-ға ұлғайтуға, суармалы жерлердің аумағын 11 гектарға кеңейтуге мүмкіндік берді.

Машина-тракторлық паркті жаңарту үшін 386,8 млн.теңге сомаға жаңа ауылшаруашылық техника алынды.

Аулышаруашылық мәдениетті ылғал мен ресурс сақтау технологиясы бойынша өңдеу 53,2 мың гектарды құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 1%-ға жоғары.

Жердің құнарлығын арттыру және ауылшаруашылық мәдениеттің өнімділігін көбейту үшін 128 тонна субсидияланған минералды тыңайтқыштар алынып, енгізілді. Енгізілген органикалық тыңайтқыштардың мөлшері 30 мың тоннаны құрады.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 424 сиыр және 67 асыл тұқымды бұқа сатып алынды.

Ірі қара малдың төлін жемдеу үшін 5540 басқа арналған 28 бордақылау алаңы құрылып, жұмыс істеп тұр, оның ішінде 500 басқа арналған 1 алаң 2013 жылы құрылды («Ертіс» ЖШС).

Аудандағы селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жақсарту үшін асыл тұқымды мал шаруашылығының 38 субъектісі құрылып, жұмыс істеп тұр, оның ішінде ет мал шаруашылығы – 9, сүт – 4, қой шаруашылығы – 6, жылқы шаруашылығы – 9, марал шаруашылығы – 1, ара өсіру – 8 және шошқа өсіру шаруашылығы – 1.

Бұл асыл тұқымды мал шаруашылығының үлес салмағын ірі қара мал отарының жалпы құрылымында 8,3%-ға, қой және ешкіні 9,3%-ға, жылқыны – 13,6%-ға, маралды - 100%-ға, араны – 40,8%-ға, шошқаны – 21,3%-ға арттыруға мүмкндік берді.

Жалпы ауданның агроөнеркәсіптік кешені бойынша ағымдағы жылы 1715,0 млн.теңгеге 4 инвестициялық жоба іске асырылды.

2013 жылы өткізілген іс-шаралар кешені аймақтағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға жағдай жасады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың оң өзгерісі, белсенді ақпараттық-насихаттық жұмыс, мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен әрекеттестігі қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға, аудан халықының әлеуметтік хал-жайын жақсартуға және оның билік органдарына сенімділік деңгейін арттыруға жағдай жасады.

Есеп беру кезеңінде ақпараттық-насихаттық топтар Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050 Стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы» Жолдауын және басқа да бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және насихаттау бойынша 124 кездесу мен 98 дөңгелек үстел өткізді. Ауданда Жолдау тақырыбына арналған 42 баннер орналастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында 193-тен астам мақала жарияланды.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономика, білім беру, спорт, мәдениет саласындағы оң нәтижелер телеарна, газет, облыс және аудан әкімдерінің сайттары арқылы насихатталды.

Жыл көлемінде ақпан айында ашылған жергілікті «Ұлан ТВ» телеарнасы бойынша 30-дан астам сюжеттер көрсетіліп, сайттарда 611-ден астам мақала жарияланды.

2013 жылы республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында 12 сын материалдар жарияланды, олардың барлығы теріске шығарылды.

Заңға сәйкес мемлекеттік символдарды пайдалану бойынша нақты жұмыстар атқарылуда. Тамыз айында бекітілген кестеге сәйкес 10 ауылдық округ пен кенттерде және мектептерде, сондай-ақ, қыркүйек айында Қасым Қайсенов кентінің мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарында Ұлан ауданы прокурорының қатысуымен мемлекеттік символдардың жай-күйіне визуалды тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті шаралар қолданылды.

Үкіметтік емес ұйымдардан (ҮЕҰ) ауданда «Ұлан жастары» қоғамдық бірлестігі, «Ұлан ауданы мүгедектерінің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі, қоғамдық Қеңес, Қасым Қайсенов кентінің өзін-өзі басқару Кеңесі және аудан ардагерлері мен ақсақалдарының Кеңесі жұмыс істейді. Аудандық ҮЕҰ өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады және ауданның қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығына өзіндік үлесін қосады, жастарға патриоттық рухта тәрбие береді. Қасым Қайсенов кентінде 16 адамнан тұратын өзін-өзі басқару Кеңесі құрылған. Бұл Кеңестің мүшелерікенттегі әлеуметтік-саяси мәселелерді шешу бойынша құрылған жоспарға сай халықпен тұрақты түрде байланыс ұстайды.

Ағымдағы жылы ауданда саяси партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыс, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, ақсақалдар кеңесі, кәсіби кеңес, діни бірлестіктер өкілдерінің тұрақты жұмыс істейтін органы болып табылатын қоғамдық Кеңес құрылды. Қыркүйек айында қоғамдық Кеңестің кезекті отырысы өтті, онда аудандық денсаулық сақтау мекемелерінің халыққа медициналық қызмет көрсету жағдайы жөнінде сұрақтар талқыланды. Азаматтық институт өкілдерімен кездесулер өтті. Кездесу барысында азаматтық институттың рөлі, ҮЕҰ дамуындағы проблемалық сұрақтар, азаматтық қоғамның масақты мен міндеті туралы сұрақтар талқыланды.

Ұлан ауданының «Жастар орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдың 9 айында жастар саясатын жүзеге асыру мақсатымен 300-ге жуық іс-шара (акциялар, семинарлар, қайырымдылық акциялары, кездесулер, мәдение және спорттық) өткізді. Аудан әкімінің ресми сайтында 29, облыс әкімінің сайытнда 13 және БАҚ-да 36 мақала жарияланды.

Аудандағы діни бірлестіктермен қарым-қатынас 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының аясында жүзеге асырылады. Ауданы әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс бойынша Кеңес өзінің қызметін саяси тұрақтылықты сақтауға және конфессиоаралық келісімді құруға бағыттайды. Рухани құндылықты дамытатын, ынтымақтастық пен ауызбірлікке шақыратын діни мерекелерге аса назар аударылады.

Бүгінгі таңда Бозанбай, Сағыр, Мамай батыр, Ұлан, Жаңа Қанай, Алмасай, Каменка ауылдары мен Қасым Қайсенов, Асубұлақ кенттеріндегі мешіттер (барлығы 9), сондай-ақ, Герасимовка, Таврия ауылдары мен Асубұлақ кентіндегі шіркеулер (барлығы 3) әділет басқармасынан тіркеуден өтті. Сонымен қатар аудандық газетте азаматтардың діни сенімінің еркінділігі мен құқығы, діни ағымдардың мағынасы мен маңыздылығы, конфессиоаралық келісімді нығайту, лаңкестік және экстремизмнің алдын алу шаралары тақырыбында материалдар жарияланады.

Ағымдағы жылы ауданның үгіт-насихат топтары Алмасай, Айыртау, егінсу, Тарғын, Саратов, Төлеген Тоқтаров ауылдық округтерінің елді мекендеріне және Қасым Қайсенов, Асубұлақ кенттеріне жұмыс сапарымен бірнеше рет барды.

Діни әдебиет пен дәни мазмұндағы материалдарды тарататын кәсіпорындық субъектілерді және құдайға құлшылық ететін орындардан тыс діни ырымдар өткізілетін ғимараттарды анықтау бойынша аудандық топ құрылды.

2013 жылдың 15 қазанында Құрбан айт мейрамының бірінші күнінде «Мұса баба» мешітінде іс-шаралар өтті. Онда құрбандық шалу ырымы жасалып, көпбалалы, аз қамтылған және мұқтаж отбасыларына ет таратылды. Сондай-ақ, еттің бір бөлігі Таврия ауылында орналасқан «Хоспис» мекемесіне жіберілді.

Мұндай іс-шаралар ауданның барлық ауылдары мен кенттерінде жалғасын тапты.

«Туған жерге тағзым» акциясы біздің ауданда да қолдау табуда. Акция аясында аудан кәсіпкерлерімен, шаруа қожалықтары басшыларымен жалпы сомасы 41963,0 мың теңгелік меморандумдарға қол қойылды. Бүгінде жобалар 25766,0 мың теңге сомаға немесе 61,4%-ға орындалды.

Ауданда қылмыстылықтың алдын алу және оперативтік ахуалды тұрақтандыру бойынша шаралар қолданылған.



Ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы тұру бойынша жұмыстар атқарылуда. Есірткілік заттарды дайындау және таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтауға, көше қылмыстарының алдын алу және ашу бойынша полицияның құрама күштерінің жұмысына ерекше көңіл бөлінеді.

Ұлан ауданының экономика және

қаржы бөлімінің басшысы Р. Манапов


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет