Қр шға орталық Қазақстан бөлімі Тақырыбы: Шежіреге толы Тұмсық өңірі Орындаған: Игілік Ажар 2 «А» сынып оқушысы, «Бұрма жалпы орта білім беру мектебі»



жүктеу 83.39 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі83.39 Kb.


ҚР ШҒА Орталық Қазақстан бөлімі

Тақырыбы:

Шежіреге толы Тұмсық өңірі

Орындаған: Игілік Ажар

2 «А» сынып оқушысы,

«Бұрма жалпы орта білім беру мектебі» КММ

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Бұрма ауылы
Жетекшісі: Шатекова Карлыгаш Тулеукулкызы

бастауыш сынып мұғалімі,

«Бұрма жалпы орта білім беру мектебі» КММ

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Бұрма ауылы



Кіріспе

Мәселе

Әр өлкенің адамы, табиғаты және рухани мәдениеті арасында көзге көрінбейтін нәзік жіп сияқты байланыс бар дейді. Ол – ата-бабадан қалған тарихи-мәдени мұра. Оны зерттеп, танып білмей болашаққа қадам басу мүмкін емес. Жобада осы мәселе жайлы айтылады.



Мақсаты:

Тұмсық өңірінде кездесетін тарихи орындар және ертеде өткен адамдар жайлы аңыздар туралы мәлімет жинақтау, осы өңірде жүргізілген экспедиция жұмысымен танысу арқылы өлке тарихын оқып үйрену.



Міндеттері:

  • Тұмсық өңірі және осы жерде өмір сүрген аңыз адамдарға қатысты кітаптармен, оқулықтармен, зерттеулермен танысу;

  • Тарихи жәдігерлер жайлы білімді тереңдету;

  • Тұмсық өңірінің тарихи ескерткіштері жайлы зерттеулермен танысу.

Нысаны: Тұмсық ауылының тарихи орындары

Пәні: өлкетану

Болжам: егер туған өлкеміздің тарихы жайлы жақсы білсек, онда бұл осы өлкеде өмір сүрген адамдарға құрметіміз болар еді және халық мұрасын жалғастырушы білімді ұрпақ ретінде танылатынымызды білдіреді деп ойлаймын.

Нәтижесі: іздену нәтижесінде атамнан және басқа да ақпарат көздерінен өлкеміздің қызықты тарихи шежіресін білу және ол туралы достарыммен бөлісу.

Қай ауылдың баласысың десе, көп ойланбастан Бұрма емес, Тұмсықтың дер едім. Өйткені, Тұмсық деген ауыл менің ата-анамның кіндік қаны тамған жер болады. Өзім де жазғы демалысымды осы ауылда өткіземін. Мен әлі кішкентаймын, бірақ бәрін білгім келеді!



Алғы сөз

Өлкетану саласындағы ең күрделі мәселелердің бірі – әр салада стихиялы түрде жиналып келген мәдени мұра көздері Тұмсық өңірінде далалы аймақта ескерусіз қалып, жойылып бара жатқан, археология, сәулет өнерінің ескерткіштері: қорған, балбал тас, күмбез, бейіт, құлпытас, ежелгі қоныстар, қыстау орындары көне дәуірлердің тарихына үңілуге мүмкіндік береді. Бүгінде осы рухани және материалдық мәдениеттің өзіндік стилінің қалыптасуына тікелей әсер ететін табиғи ортаның жанды-жансыз тіршілік әлемі әлі күнге дейін біртұтастықта алынып, зерттеліп көрген емес екен.

Осы бағыттағы Елбасының 1998 жылды «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жариялануын басшылыққа алып, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың тарихшы-этнограф, археолог ғалымдарының 70 жылдық мерейтойы сәйкес келген Шет ауданы тарихын зерттеуді аудан әкімшілігінің өтінішімен, ректордың ұсыныс жасап, қолдауымен қолға алуы Шет өңірін тарихи тұрғыдан зерттеудегі жаңа кезеңнің басталуына жол салды.

Осыған орай 2003 жылы «Шет-2003» атты этнографиялық экспедициясы жолға шығып, жолай Тұмсық өңірінің тарихи маңызы бар орындарына да зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ауыл ақсақалдарымен сұхбаттасуы негізінде осы өңірдің аңыздары, көне күмбездер мен кесенелер тарихы, ежелгі қоныстар, қыстау орындары, т.б. жайлы біраз мәлімет жинақталды. Бір айта кететіні менің атам – Қоңыр ақын да бұл экспедиция жұмысына үлкен үлес қосып, жас ғалымдарға көптеген мағлұматтар берген екен.




  1. Дала аңыздары немесе атам айтқан әңгімелер

Тұмсық - Шет ауданына қарасты ауыл. Тұмсық ауылы таудың тұмсығында орналасқан. Тауға шыққанда айналадағының бәрі алақандағыдай көрінеді. Шынында тауға шығып, оңтүстіктен солтүстікке қарай жүре берсең еш қиындықсыз-ақ төменге түскеніңді байқамай қаласың. Бұл таудың тұмсығына жеткеніңді білдіреді. Бұның өзі қызық! Ал атамнан естігенім бойынша бұл ауыл әуелі Тұрбек ауылы, кейін Октябрь, содан кейін барып Тұмсық ауылы болып аталған екен. Бірақ бұл басқа әңгіме. Мен тауға шыққанда жан-жаққа қарап отырып Нұра өзені жақтан көрінген бірнеше биік төмпешіктер жайлы сұрағанымда атамнан олардың мазарлар, ескі қорымдар екенін естідім. Мені атамның жауабы қызықтырды. Содан кейін атамнан бәрін сұрап білуге құштар болдым. Жаздай атамның қасында болуға тырыстым, бірақ атамның денсаулығы болмай, көбіне кітаптар мен газеттерді, интернеттен ақпараттарды қарастырдым. Сол кезде қолыма «Шет өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері» фотошежіре кітабы түсті. Ол кітаптан да көптеген сұрақтарыма жауап тапқандай болдым.
1.1. Орман батыр деген кім? Батыр күмбезі қалай салынған?
Орман батыр кезінде Ақбұлақты жайласа керек. Ақтық сапарға аттанарын болжаған батыр «сүйегімді Ақбұлаққа қойыңдар» деп өсиет қал­ды­рыпты. Балалары өсиетін орындап, қыстауда шөлді жерде (Жамбыл облысы) қайтыс болған батырдың мүрдесін сөрелеп, аманат қы­лып қойған. Қар кете өсиеті бойынша жайлауға әкеліп жерлеп, зират салған екен. Атам Қоңырдың айтуынша Қояншы – Дәулет – Таңай шежіресінде Орман батыр туралы мынадай аңыз бар: «Орман батыр қыста қайтыс болған екен. Өзі: «Құндызыма (қызы) сенемін, мені Ақбұлақтың басына апарып қойыңдар» депті. Сүйегін қыстыкүні сөрелеп қойыпты да, жазғытұры Ақ­бұлаққа әкеліпті. Бейітін қырық жігіт пен қырық қыз көтеріпті. Бұл да «зиратымды қырық жігіт, қырық қыз салсын, сонда иманды болам» деген өзінің өсиеті екен. Қыз-жігіттер аралас тұрса, ашу болмайды. Шын көңілмен бір-біріне кірпішті беріп тұрған. Орман батыр күмбезін міне осылай салған екен.

1.2. Жидебай батыр жайлы не білеміз? Батыр кесенесі қай жерде?

Ұлы дала шаңды жорықтарға толы болған. Бабалардан қалған гүл-жазира мекенді ұрпақ үшін сақтауда  «ереуіл атқа ер салып,  қу толағай жастанып», «тебінгіні терге үздірген» батырлар жаумен ай­қасып баққан.  Соның бірі – Абылай хан­ның батырларының бірі Жидебай батыр. Кешегі өткен үлкендер оның шын есімі Әл-Мұхаммед еді дейді. ҚР мәдениет қайраткері, Құрмет орденінің иегері, жазушы Кәмел Жүністегі жазған «Құба белдер» романы Жидебай батырдан басталады. Кейбір деректерге сүйенсек Жидебай анасынан ерте айырылып, екінші анасы Апардың бауырында  өскен. Жидебай батырдың киесі екі түлкі екен деседі жұрт. Сондықтан Жидекеңді ел қасиетті әулие тұтады. Қос түлкіні Жидекеңе аса әруақты Бегім шайқы беріпті дейді аңыз. Бегім шайқы – Бегім мысық деп те аталып кеткен әулие. Ал филология ғылымдарының докторы, профессор М. Жолдасбеков: «Жидебай Қожаназарұлы – қазақ халқының даңқты, әрі аруақты батыры, әбжіл шешен, аса ірі шежіреші, қазақ жерін жоңғар шапқыншыларынан азат етуде теңдесі жоқ ерлік көрсеткен қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері, асқақ Абылайдың сенімді серігі, жауқарақ басы, пікірлес досы әрі биі. Абылайды ақ киізге отырғызып, хан көтеруге қатысқан кісі», – деп жазады.Үлкендер Абылай хан дүниеден өткенде Жидекең елуден ас­қан шамада екен деген де деректі берді.

  Жидебай батырдың мазары Нұра өзенінің бойында Тұмсық ауылының шығысында, бес-алты шақырым жерде тұр. Халық қастерлейді, әулие тұтады. Сол мазардың маңында жортып жүрген түлкіге аңшылар итін де қоспайды. «Жидекеңнің киелі түлкілері ғой» дейді екен жұрт. Атам да осы түлкілерді бірнеше рет көргенін айтады. Өйткені атам да жасынан тазы жүгіртіп, ат жаратқан сері болған екен.




    1. Шора күмбезі.

Шора күмбезінің сыртқы пішіні қыз баланың сәукелесіне ұқсайтыны қызықтырды. Алайда Шора күмбезі және оны кімге тиесілі екені әлі де жұмбақ, мәліметтер толық емес. Жазушы ағамыз Кәмел Жүністегі былай баяндайды: «Шора – бір керней байларының бірінің жалғыз қызы болған екен. Жаугершілік заманда байдың аулын шауып кетіпті. Сонда ауылда бас көтеретін ер адам болмағандықтан әлгі қыз басына тымақ киіп, қолына шоқпар ұстап, жауды қуған екен дейді. Қарсы жақтың батыры найзамен іліп түскенде, қыздың тымағы ұшып түскенде қуғыншылар оның қыз екенін білген екен». Ал атам Қоңырдың айтуынша «Ерте қайтыс болған адам, тарихын керемет білмейміз. Бірақ мынау отаулы бейіт»,-дейді. Ішінде бесігі бар екен. Біреу ер адам, біреу қыз бала және біреудің жалғыз қызы дейді аңыздарда.

Шора – басқа тілден енген сөз. «Кеңес, мәжіліс» дегенді білдіреді екен. Сөз мағынасы басқа тілден келгендігі сияқты, күмбездің салыну стилі де ерекше екен. Бұндай Қазақстан бойынша өте сирек кездеседі екен. Ең басты ерекшелігі – қабырға ішінде суретті айналма галереяның болуы, екіншісі – күмбез ішіне бесік қойылуы, үшіншісі – жаңа өзім атап өткендей жалпы сыртқы формасы қыз баланың бас киімі-сәукеле тәрізді боп салынуында. Міне, дәл осы ерекшеліктердің бәрі мұның иесінің бұл өңірдікі еместігін айтып тұрған сияқты. Сондықтан құпияның сырын ашу уақыт еншісінде деп ойлаймын.

ҚОРЫТЫНДЫ: «Туған өлкем – тұнған шежіре»

Далалы аймақта ескерусіз қалып, жойылып бара жатқан, тіпті құмға араласып, топырақ үйіндісіне айналып бара жатқан көне ескерткіштер, бүгінде қатары азайып бара жатқан көнекөз шежіреші қарияларлардың қадірін енді ғана білгендей болдым. Табиғат байлығы болса пайда көзіне айналған. Сондықтан бұл үш мұра: қанын төгіп, қорғап қалған – жер мен оның қазына байлығы, өткен күннен естелік ретінде қолымен сомдап қалдырған – тарихи ескерткіштер, және осы дүниені ұрпақтан ұрпаққа жеткізуде үлкен маңызы бар – қариялар сөзі(шежіресі) қай кезде болмасын тіршілік көзі болып келді. Қорыта айтқанда, табиғат байлығы – тән азығымыз, қария сөзі – жан азығымыз, тарихи ескерткіш – мұрагерлік құқымыз. Бұл – әркім өзіне тартып, таласқа салмайтын, бәріміздің бөлінбейтін еншіміз. Ендеше халқымыздың бай мұрасын сақтап қалу, тарихын білу болашаққа аманат.



Қолданылған әдебиеттер



  1. «Шет өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері» фотошежіре, Қарағанды 2004ж.

  2. Жүністегі Кәмел «Құба белдер» романы

  3. Серік СЕЙТМАН. «Жидебай батыр хақында» - «Орталық Қазақстан»
    14 қазан, 2015 жыл.

  4. Қоңыр Шәтекұлы «Жазбалар» 2010 жыл

  5. kk.wikipedia.org – қазақша ашық энциклопедия.


Мазмұны

І.Кіріспе------------------------------------------------------------------------- 1 бет

ІІ.Негізгі бөлім

Алғы сөз ---------------------------------------------------------------------- 2 бет

Дала аңыздары немесе атам айтқан аңыздар --------------------------- 2 бет

1.1. Орман батыр деген кім? Батыр күмбезі қалай салынған? ------ 3 бет

1.2. Жидебай батыр жайлы не білеміз? Батыр кесенесі қай жерде? - 4 бет

1.3. Шора күмбезі ------------------------------------------------------------ 5 бет

Қорытынды ----------------------------------------------------------------- 6 бет

Әдебиеттер ------------------------------------------------------------------- 6 бет

Қосымша

Жидебай батыр



Жидебай батыр кесенесі



Орман батыр күмбезі



Шора күмбезі





Ақбұлақ қонысы

Ақбұлақ мектебінің орны



«Шет-2003» этнографиялық экспедициясы мүшелері мен атам Қоңыр ақын



Шора басындағы қызу әңгіме сәті(түнгі көрініс)



Атам Қоңыр және экспедиция мүшелері жазбаларды талдау үстінде

Тұмсық ауылының таудың тұмсығынан қарағандағы көрінісі

Мен және атам Қоңыр ақын

Тұмсық тауына шығу



Жас зерттеушілерміз



Көмекші Нұргүл тәтеміз




Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет