Танымал әнші, сазгер Роза Әлқожа денсаулығының оңалмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/roza_alqozha/

Эстрада жұлдызы сахнада ән айтып тұрған жерінде аяғын қайырып алып, тобығын ауыртқан еді.

“Соңғы кезде шауып-шапқылап жүрудің қадірін әбден түсіндім-ау!
Үш апта бойы көтерсем де, төмен түсірсем де қақсаған аяғым гипстың ішінде әбден қиналыпты. Алдыңғы күні травматологқа барып “жиырма күн болды ғой, шешіп көрейік” десем, “тобық теп-тегіс боп, ісіп, көгеріп тұр. Түк өзгеріс жоқ, кальций іштіңіз бе өзі?!” дейді дәрігер. Көңіл-күйім түсіп кетті. Тағы 40 күнге жаңа гипс салып берді. Ештеңеге зауқым болмай үйде жаттым. Інім бір сынықшыны тауып, қағазымызды көрсетіп еді. “Қызыл асық орнынан тайып кеткен, соңғы екі башпайдың шыбығы айналып кеткен” дейді. Сонда 21 күн босқа азап көрген болып тұрмын. Сол сынықшы інімнің алдына барып, екі рет шаңқ еттім”, – деп жазды әнші. 

  • "2 аптада 1 миллиард теңге": Құралай Анарбекованың фильмі рекорд орнатты

  • "Қатарымның алды болып, велосипед міндім": Қанат Айтбаев бала кезін есіне алды

Өнер иесі аяғындағы гипске қарамастан гастрольдік сапарларын жалғастырып жүрген көрінеді. 

“Кеше Теміртауда өткен кеш өте әсерлі болды. Жолда келе жатып, уайымдағаннан пойыздан түсіп қалғым келді. Ұйқы қашты, бекер болды ма деген сұрақ маза бермеді!..
Сахнаға балдақпен шыққанда да ызаланып, қайтпас бір мінездің арқасында орындыққа жеттім!
Инстаграмда-ақ “келе бер, біз кешіңе барамыз” деген елдің тілегінен шабыт алып, тәуекел еткенбіз. Халықтың қошеметін көріп, жылап қалдым”, – деп жан сырын ақтарды Роза Әлқожа. 
Еске салайық, әнші сахнада аяғын сындырып алғанын жазған едік.

 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.