Өскемендегі мектептердің бірінде оқушылар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: astanatv.kz

Шығыс Қазақстан облысы полиция депарментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, орта мектеп оқушысы екіншісіне суық қару қолданған. Қақтығыс кезінде ол жиналмалы кәдесый пышағын алып қарсыласын ұрып тастаған. Өзі де жарақат алған. Оқушылардың бірінің қолы, екіншісінің беті кесілген. Мектепке жедел-жәрдем мен полиция шақырылды. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

Ана мен бала орталығы мамандарының айтуынша, олардың өміріне қауіп төнбейді.

  • Семейде мейрамхана маңында бір топ адам жаппай төбелесті (видео)

  • Қатыгез балалар: Нұр-Сұлтан тұрғыны итті оны өлтіре жаздаған жасөпірімдерден құтқарды (видео)

​​​Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

"Барлық мән-жай анықталып жатыр. Бақылау камераларынан видеолар зерттеліп, қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді", – деді Татьяна Карпова.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.