Работа по созданию системы, работающей в режиме реального времени, была начата Национальным Банком рк в 1995 году



жүктеу 1.72 Mb.
бет1/8
Дата29.08.2018
өлшемі1.72 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8


Ибраимова С.Ж., Акишева Д.М.,

Омарова А.К., Нурмадиева Г.Д., Токсеитова А.С.

ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ

(Оқу құралы)

Семей - 2015

ББК 65.262.1я73

И 15
И 15 Төлем жүйесі: Оқу құралы.- 2-басылым / Ибраимова С.Ж., Акишева Д.М.,Омарова А.К., Нурмадиева Г.Д., Токсеитова А.С.– Семей, 2015 ж. – 128 б.

ISBN 9965-887-12-8

Аталған оқу құралында төлем жүйесін ұйымдастыру мен қызмет етуінің теориялық және практикалық негіздері кеңінен ашылып көрсетілген.

Оқу құралында заңдық және нормативтік материалдарға негізделіп, Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің қалыптастырылуы мен дамуы, түрлері, қағидалары, төлем жүйесінің құралдары, төлем құжаттарының түрлері мен рәсімдеу тәртіптері қарастырылған.

Оқу құралы жоғары оқу орнының оқытушылары мен экономикалық мамандықтағы студенттерге арналған.

Рецензенттер:

Алжанов А.К. - экономика ғылымдарының кандидаты

Айдарханов М.Х. - экономика ғылымдарының кандидаты


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік Кеңесімен ұсынылған (№ 3 хаттама, 24.01.2012 ж.)

ББК 15.262.1я73


ISBN 9965-887-12-8

ã ИбраимоваС.Ж., 2015

ã Акишева Д.М., 2015

ã Омарова А.К., 2015

ã Нурмадиева Г.Д., 2015

ã Токсеитова А.С., 2015







КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының экономикасы ел дамуының басымды бағыты, ал негізгі міндеті экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына жету. Қазақстан Республикасы «Қазақстан 2030 ұзақмерзімді даму Стратегиясына» сәйкес экономикасын дамытуда.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қойған стратегиялық міндеттерінің бірі соңғы 10 жылда Қазақстанды 50 бәсекеге қабілетті елдің қатарына қосу.

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі оның әлемдік-экономикаға қосылу шартында орын алады. Сондықтанда да Қазақстан экономикасының алдындағы міндеті Қазақстанды әлемдік сауда ұйымына енгізу.

Қазақстанның 50 бәсекеге қабілетті елдер қатарына ену стратегиясының басымды бағыты болып Қазақстан экономикасын қайта қаржыландыру табылады. Ақша-несие саясатының негізгі міндеті болып инфляциямен күрес және шетелдің алдыңғы қатарлы банктерімен бірлесіп жобаларды енгізу табылады.

Төлем жүйесі нарықтық экономиканың маңызды звеносы, сондай-ақ төлем жүйесінің құралдарын дамыту маңызды.

Қазақстанда экономикалық реформаларды іске асырудың негізгі міндеті икемді, әрі тиімді төлем жүйесін құру.

Ұсынылып отырған оқу құралының мақсаты студенттердің төлем жүйесін ұйымдастыру мен қызмет етуінің теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыру.

«Төлем жүйесі» курсында Қазақстан Республикасының қаржы нарығында төлем жүйесінің құралдарын практикада қолдану және дамуын бағалау қарастырылған.



1 төлем жүйесінің қызмет етуінің теориялық

негіздері


    1. Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің дамуы

Қазақстанның қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі орталықтандырылған жоспарлы экономика жүйесі мен Кеңес Одағының мемлекеттік банкі қолдаған жүйесі негіз болғанымен, нарықтық экономиканың жаңа шарттарына сәйкес келмейді. Осыған байланысты 1991 ж. Ұлттық банк төлем жүйесі реформасын жүзеге асыра бастады.

Қазақстан Республикасы төлем жүйесі реформасының негізгі мақсаты – банк пен оның клиенттері арасында төлем жүргізуді жылдамдату (1990 жылдың басында бірінші төлем мерзімі 3-12 күндік уақытты алған), сонымен қатар әр түрлі төлем құралдарын айналымға енгізу болып табылады.

Төлем жүйесін реформалаудың алғашқы бастамасы 1991 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық банк филиалдарында ашылған коммерциялық банкілердің МФО шоттарын корреспонденттік шотқа аударудан басталды. Бұл МФО шоттарын жауып, банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыруды және коммерциялық банкілердің (Кредсоцбанк, Өнеркәсіп-Құрылыс банкі, Ауыл шаруашылық банкі, Жинақ банкі) кассалық қызметінің орындалуын қамтамасыз етті.

1992 ж. КСРО құлағаннан кейін, ТМД мемлекеттерінің Ұлттық банкілерінде сауда-экономикалық есеп айырысуды жүзеге асыру мақсатында корреспонденттік шот ашылды. 1993 жылдары Ұлттық банк мемлекет ішіндегі және мемлекеттен тыс шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара қарызды есепке алуды жүзеге асырды. Осы жыл ішінде Қазақстанның облыстары арасында жалған авизоны қолдануды алдын алу мен төлемдерді жылдамдату мақсатында барлық дайын техникалық құралдардың күшімен электрондық есеп айырысуды енгізу басталды.

1994 ж. Мемлекеттік бағалы қағаздардың орталық депозитарийі құрылды. Қазіргі уақытта Орталық депозитарийде мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың электрондық жүйесі енгізілді. Бұл делдалға нақты уақыт ішінде өз офистерінде, биржадан тыс нарықта бекітілген мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Төлемдер мен банк арасында құжаттар айналымын жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында, 1995 ж. Қазақстанда алғашқы клирингтік палата (Алматы клирингілік палатасы) ашылды және ол көп жақты өзара есепке алу әдісі бойынша қызмет атқарады. Банкілер соңғы есеп айырысуларды әрбір қатысушының позициясы бойынша операциялық күннің соңында бір рет қана жүзеге асырады. 1995 ж. Ұлттық банкідегі шоттарды мұқият тексеру мен рубль зонасындағы мемлекеттердің тарапынан Ұлттық банкілердің корреспонденттік шоттарын қайта реттеу жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы төлем жүйесін дамыту мен жетілдіру мақсатында, 1996 ж. Ұлттық банкінің облыстық филиалдары тарапынан аймақтық-клирингілік палаталар құрылды, олар ішкі аймақтық төлемдердің банкаралық клирингін жүзеге асырады.

Осы жылы нормативті түрде «электронды төлем тапсырмасы» ұғымы бекітілді. SWIFT жүйесіне бағытталған төлем жүйесіне қатысушылар арасындағы төлем бойынша ақпаратпен айырбас үшін электронды қатынас форматы дайындалып енгізілді. Бұл жүйе өз кезегінде филиалдар арасындағы есеп айырысуды талап етпейді.

1996 ж. Алматы клирингілік палатасы Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы (БЕАҚО) болып қайта құрылды. Бұл төлем жүйесінің тиімді, тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы өзіне жүктелген мақсаттары мен міндеттерді жүзеге асыру үшін әлемдік тәжірибедегі соңғы жетістіктерді ескере отырып, ақпараттық технологиялар мен техникалық құрал-жабдықтарды қолданады. Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы мынадай негізгі функцияларды атқарады: МСПД, банкаралық клиринг; SWIFT,VISA, KAZNNSS, СОБС, ФАСТИ.

Республикадағы төлем жүйесін дамыту бағытында 1996 ж. Тамыз айында Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы негізінде есеп айырысуды жүзеге асыратын және электронды төлем тапсырмасын дайындайтын Ірі төлем жүйесі (ІТЖ) құрылды (нақты уақыт режимінде жалпы есеп айырысу жүйесі). Ірі төлемдер жүйесі есеп айырысу жүйесін мемлекеттік бағалы қағаз бойынша пайдаланып жүзеге асырады. Қазіргі уақытта мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында біріңғай қатынастар стандарты (барлық ақпараттық қатынастар мен төлем құжаттары SWIFT стандартына сәйкес құрылады) мен ISIN стандартының талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссияларын кодтау жүйесі қабылданған.

Төлем жүйесін дамытуға әсер еткен маңызды шаралардың бірі – 1998 ж. Қазан мен қараша айлары аралығында Ұлттық банкінің орталық аппаратында екінші деңгейлі банкілердің корреспонденттік шотын орталықтандыру негізінде Ұлттық банк есеп айырысу мен банкілік қызметті тез жүзеге асыруға, төлем жүйесінің бақылау функциясын және жалпы банкілік жүйенің тиімділігін көтеруге мүмкіншілік берді.


Кесте 1 – 1996-2001 жж. аралығындағы бөлшек төлемдер жүйесі арқылы жүргізілген төлемдердің динамикасы


Көрсеткіштер

1996

1997

1998

1999

2000

2001

Саны, мың. транзакциялар

1 274,8

2 882,1

3 742,4

2 181,0

3 326,7

7 314,3

Сомасы млрд. тг

127,4

338,2

472,1

208,5

311,3

583,5

Соңғы жылдары тиімді әрі қауіпсіз банкілік және қаржылық секторлардың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, Ұлттық банк тарапынан дамыған шетелдік мемлекеттерде қызмет ететін жалпы есеп айырысу жүйесіндегі ірі төлемдер жүйесін жетілдіру мен жақындастыру бойынша көп жұмыстар атқарылды. Сонымен 2000 ж. Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығының жүйесі халықаралық қаржы ұйымдар тарапынан берілген барлық негізгі талаптарға жауап беріп RTGS нақты уақыт режимінде есеп айырысуды жүзеге асыратын МСПД-ға қайта ұйымдастырады. МСПД-ның маңызды принциптері – төлемнің нақты уақыт режимінде аяқталуы, есеп айырысудың түпкіліктілігі мен қайтарып алынбайтындығында.

Кесте 2 - 1996-2001 жж. аралығындағы МСПД арқылы жүргізілген төлемдердің динамикасы.





Көрсеткіштер

1996

1997

1998

1999

2000

2001

Саны, мың. транзакциялар

810,0

3 184,9

4 955,2

6 097,2

6 511,7

3 735,3

Сома, млрд.тг

335,0

2 356,0

2 875,5

3 928,5

6 767,6

9 708,6

МСПД арқылы жүзеге асырылатын төлемдер Ұлттық банкінің ақшаларымен кепілдендіріледі. Өтімділік, кредиттік және жүйелі тәуекелді басқару мақсатында, Ұлттық банк электрондық әдіспен Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы ақпараты негізінде МСПД-ны қолданушылардың ұстанымдарын жүзеге асырады. Банкаралық валюталық нарыққа қатысушылар шетел валютасының бағамы бойынша төлемді теңгемен жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта төлем жүйесі арқылы төлем жүргізу мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру кезіндегі уақытша кідірістер жойылған. Төлем жүргізу қауіпсіздігі мен тиімділігінің жоғарылауына байланысты Қазақстанның төлем жүйесі екінші деңгейлі банкілерден, банкілік емес ұйымдардан және шаруашылық жүргізуші субъектілерден қолдау табуда.

Қазақстан Республикасындағы ақшалар ағымында банкілік жүйе жағдайын, төлем балансын, сыртқы қарызын, ақша-кредит саясаты мен валюталық саясаттың параметрлерін бақылайтын, жоспарлайтын және тез арада талдау жасайтын көрсеткіштер жүйесі қалыптасты. Осыған байланысты 2001 ж. Кодтау жүйесі енгізіліп, Қазақстан Республикасының территориясында төлем құжаты қолданатын төлемдерді бекітудің біріңғай топтастырушысы – Қазақстан Республикасы мемлекеттік топтастырушысының жұмыс тәртібі анықталды.

Қазақстанның төлем жүйесі


Төлем жүйесі елдің қаржы жүйесінің негізгі компоненті болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы өтпелі кезең басталған сәттен бері төлем жүйесінің дамуына баса назар аударуда.

Төлем жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар нәтижесінде қазіргі уақытта Қазақстанда екі негізгі төлем жүйесі жұмыс істейді. Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) және Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ).

БААЖ - нақты уақыт режимінде жалпы есеп айрысу жүйесі (бұдан әрі – RTGS) Қазақстанның Ұлттық Банкінде БААЖ пайдаланушыларының шоттарында ақша аударымдарын жүзеге асырады. БААЖ арқылы ірі және жоғары артықшылықты төлемдер жүзеге асырылады. Жүйе операциялық күн ішінде үлттық валютада (теңгеде) пайдаланушыларға түпкілікті қамтамасыз етеді.

БТЖ - ұсақ төлемдерге арналған клиринг жүйесі. Бұл - төлемдер жеке өнделетін, таза негіздегі есеп айырысудың көп жақты жүйесі, бұл ретте таза позициялар да есептеледі. Операциялық күннің соңында кіріс және шығыс төлемдерді ескере отырып, әрбір пайдаланушының таза позицияларын есептеу жүзеге асырылады, одан кейін есептеу қорытындылары бойынша ААБЖ-не ақша аударымдары жүзеге асырылады.

Ұлттық Банк (ҚҰБ) 1994 жылы төлем жүйесі реформасын жүргізуді бастады. Оның негізгі мақсаты банктер мен оның клиенттерінің арасында төлемдер жүргізуді тездету болып табылды.

1995 жылы ҚҰБ-нің құрамында Қазақстанда бірінші клиринг палатасы (Алматы клиринг палатасы) құрылды, ол жан-жақты клиринг әдісі бойынша жұмыс істеді. Сондай-ақ жергілікті клиринг палаталары жергілікті клирингті жүзеге асырды. Осы сатыға дейін барлық төлем тапсырмалары қағаз негізінде болған еді.

1996 жылы SWIFТ-ке негізделген төлем жүйесі қатысушыларының арасында төлемдер бойынша ақпарат алмасу үшін электронды хабарлардың форматтары әзірленді және ендірілді. Осы жылы Алматы клиринг палатасы ҚР ҰБ-нің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) болып қайта ұйымдастырылды. Ол БААЖ мен ТБЖ-нің операторы болып табылады.1996 жылғы тамызда КБАО базасында электронды төлем тапсырмаларын өңдейтін, жалпы негізде есеп айырысуды жүзеге асыратын және RTGS сипаты бар ірі төлемдер жүйесі (ІТЖ) ендірілді.

Корреспондентік шоттарды орталықтандыру Ұлттық Банкке банктің есеп айырысу функциясын жедел жүзеге асыруға, төлем жүйесін және тұтастай алғанда банк жүйесін бақылау функцияларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Соңғы жылдар ішінде Ұлттық Банк ТЖ жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізді. Қорытындысында, 2000 жылдың соңында ҚБЕО ІТЖ Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) болып қайта құрылды.

Бөлшек төлемдер саласында қолма-қол ақща мен төлем тапсырмалары Қазақстандағы төлемнің кеңінен тараған әдісі болып табылады. Чектер мен тікелей дебеттеу сияқты дебеттік төлем құралдары кеңінен қолданылады. Кредиттік және дебеттік карточкаларды қоса алғанда, төлем карточкалары саласы жоғары қарқынмен даму үстінде.

Бағалы қағаздарды сатуға қатысты Қазақстан қор биржасы, сондай-ақ биржадан тыс рынок мынадай қаржы құралдарымен жұмыс істейді: шетел валюталары, мемлекеттік бағалы қағаздар, корпоративтік бағалы қағаздар, мерзімді келісім-шарттар. Есеп айырысулар: бағалы қағаздар «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» (БҚОД) ЖАҚ арқылы «төлемге қатысты жеткізілім» (бұдан әрі - DVP) принципі бойынша (Т+0 жағдайында мемлекеттік бағалы қағаздар, қалғандары Т+3 жағдайында); шетел валютасынан теңгеге – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі биржадағы корреспонденттік шоттар арқылы, шетел валютасында – шетелдің корреспонденттік банктерде жүргізіледі. Бағалы қағаздармен операциялар бойынша түпкілікті есеп айырысу есеп айырысу күнінде БААЖ арқылы жүзеге асырылады.

Бұл тақырыптың өзектілігі төлем жүйесі тұтастай алғанда мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттырады, экономикадағы операциялардың құнын төмендетеді, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, қаржы рыноктарының өтімділігін жақсартады және монетарлық саясатты жүргізуге ықпал етеді. Соңғы жылдары экономикалық тиімділікке және төлем жүйесінің қаржы тәуекелдерінің барлық түрлеріне жататын мәселелерге үлкен мән беріліп отыр.

Орталық банктер төлем жүйесіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және тиімділікті жетілдіруге мүдделі. Олар ішкі төлем жүйесін дамытуда негізгі рөл атқарады және көп жағдайда ірі төлемдер жүйесін басқарады. Кейбір орталық банктер тікелей өз елдерінде төлем және есеп айырысу тетіктерін қоғамдық түсіну, сондай-ақ осындай тетіктермен байланысты түрлі мәселелерде қоғамдық мәліметтілікті жақсартуға едәуір әсер етіп отыр.

Төлем жүйесіне коммерциялық мақсат үшін кәсіпорындар мен тұтынушылар пайдаланатын ақша аударудың бөлшек жүйесі ғана емес, сондай-ақ нарықтық экономика жағдайында ақша және кредит рыноктарын нығайтатын ақша аударудың ірі халықаралық жүйесі де кіреді. Бағалы қағаздар және онымен байланысты төлемдер бойынша есеп айырысу жүйесі де қаржы жүйесінің негізгі элементі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесі ҚР Ұлттық Банкі арқылы басқарылып, төлем және аударым қызметін нормативтік заңды талаптарға сәйкес жүргізіледі. Ұлттық Банк арқылы басталған төлем жүйесі ҚР Банкаралық есеп айрысу орталығы деп аталады.

Қазақстан Республикасындағы банкаралық есеп айрысу орталығы екі ірі төлем жүйесіне бөлінеді:

1. ірі төлем жүйесі;

2. бөлшек төлем жүйесі.

Төлем жүйесінде жүргізілетін төлемдерін және аудандық операциялар келісім шарты негізінде жүргізіледі. Төлем жүйесіндегі әр түрлі талаптарын кедергісіз қамтамасыз ететін жүйе.

Төлем жүйесінде жүргізілетін төлемдік, аударымдық өнеркәсіптер қолма-қол және ақша формасы бойынша атқарылады. Төлем жүйесі арқылы жүргізілетін төлемдік және аударымдық өнеркәсіптер ҚР стандарттық талаптарына сай жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының аумақтарында жүргізілетін төлем жүйесінде мынандай тәсілдер қолданылады:



  1. Қолма-қол ақша табыстау.

  2. Төлем тапсырмаларын орындау.

  3. Чектер беру, төлем карточкаларын пайдалану.

  4. Банк.

  5. Инкассатор қызметтерін көрсету.

Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге тәсілдер де қолданылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан территориясындағы төлем жүйесін жүргізіп басқарушы, күнделікті төлем аударымдық операцияларды бақылаушы болып табылады. ҚР мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры және бұл саланы қалалық, облыстық, аудандық бөлімдердің бөлімшелері. ҚР қаржы министрлігі арқылы басқарылатын аймақтық, қазыналық басқарма. Бұл басқарма арқылы мемлекеттік бюджеттен бөлінетін ақшалай қаржылар арнайы орындаушылар арқылы жүргізіліп, бақылау функциясы бағаланып отырады:

- Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын коммерциялық Банктер;

- Қазақстан Республикасында әлеуметтік қорғау еңбек министрлігі және зейнетақы төлеу қызметін атқаратын мемлекеттік орталықтар;

- Мемлекет кәсіпорындары болып саналатын мемлекеттік почта банктер.

Құнды қағаз депозиттер орталығы. Бұл орталықта биржалық және биржадан тыс келісім шарттар бойынша жүргізілетін құнды қағаздар операциялар қызметі тіркеледі.

Қағаздар қор биржасы биржалық сатылымдар бойынша шетелдік қорытынды жүргізіп есеп айырысу операцияларын айқындайды.

Банк арқылы жүргізілетін міндетті төлемдер нақтылы жүйесіне сәйкес аталады. Банк жүйесі төлем ауларымдарды қабылдау кезінде әрбір жүргізілетін төлемдерді және аударымдарды операциялық тарифтерін белгілейді. Банк жүйесі белгілейтін тарифтік құндық талаптарға сәйкес іске асырылады.

Сенімді төлем жүйесінің қызметі қаржы жүйесінің тұрақты істеуінің мүмкіндіктерін анықтайды. Қазақстанның төлем жүйесіне:

1. автоматтанған банкаралық аударымның жүйесі;

2. автоматтанған бөлшек төлемдер жүйесі кіреді.

Банкаралық ақша аудару жүйесі Швейцария банкінің ірі төлемдер жүйесінің принципімен құрылған. Бұл жүйелер электрондық форматта банкаралық есеп айрысудың уақтылы және тоқтаусыз жүргізілуін қамтамасыз етеді. Сол сияқты екінші деңгейдегі коммерциялық банктер банктік қызметінің жекелеген түрлерін көрсететін барлық қаржы ұйымның корреспонденттік шоттарын жүргізуді жүзеге асырады.

Қазақстанның төлем жүйесінің халықаралық қаржы ұйымдардың төлем жүйесіне қойылатын негізгі талаптарды толық орындалып нормативтік заңдылыққа сай көрсетіледі. Банкаралық ақша аудару жүйесінің пайдалануы:


  1. Екінші деңгейлі коммерциялық банктер;

  2. Ұлттық Банк;

  3. Қаржы министрлігінің қазыналық комитеті және оның аумақтық бөлімшелері;

  4. Қазақстан қор биржасы;

  5. Почта банктер;

  6. Бағалы қағаздардың депозиттік орталығы;

  7. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы және оның бөлімшелері;

  8. Облыстық клиринг палаталары.

Банк аралық ақша аудару жүйесі Қазақстан территориясындағы әр елдің нақтылық уақыт режимінде және жалпы есеп айрысу негізінде электрондық ақша аударатын қызметін жүзеге асыратын жоғары төлемдерді жүргізу жүйесі болып табылады.

Жалпы есеп айрысу жүйесі әр түрлі тақырып негізінде жеке өңделіп төлем құжаты бойынша жүргізілетін операция. Ақша аудару процессі аударым жіберілуінің есептік шоттарда бар қаражат шегінде жүзеге асырылады. Бөлшек төлем жүйесі клирингтік палаталардың жүргізетін қызметтік талаптарға сәйкес негізделген. Бөлшек төлем жүйесіндегі аударым ақша алдын ала резервтеу талабы бойынша орындалады немесе НЕТТО есеп айрысулар жүйесі бойынша жүргізіледі.

Аударым ақша айрысу кезінде пайда болған таза дебеттік сальдо мөлшерінде талап етіледі. НЕТТО есеп айрысу қызметіне негізделген төлем жүйесі банк төлемдерді және ақша аударымдардың жүзеге асырған кезде жүйеге келіп түскен төлемдік хабарларды тәулік бойы қабылдауға мүмкіндік береді. Тәуілігіне бір рет төлем құжаттарын қабылдау тоқтатылып банк қарсы талаптар мен міндеттерін есепке алу жүргізеді. Әр бір банк талаптары мен міндеттері сомаларын арасында алынған айырма есептеу үшін жалпы есеп айрысулар жүйесінде беріледі.

Банк аралық есеп айрысу жүйесі арқылы негізделген ірі сомадағы төлем өтеді. Ал бөлшек төлем жүйесінің белгілі немесе шектеулі мөлшердегі төлемдік сомалар өтеді. Барлық жүйеде жүргізілетін төлемдік сомалар электрондық есептеу және сақтау жұйесі бойынша қабылданады.

Халықаралық электрондық қатынастағы барлық операциялар әр түрлі тәуекелділікке байланысты жүргізіледі:

- шетелдік сатып алушының тауарлар тасымалдау уақыт тәуелділігі бойынша;

- басқа елдердің заңын ережелері мен дәстүрін білмеу тәуекелі;

- өз елінде экспорттық және импорттық сауданы шектеуге байланысты үкіметтің іс-әрекетін және заңдық талаптарын білмеу тәуекелі;

- валюталардың айырбас бағамдардың өзгеруі

Халықаралық саудағы төлемнің әртүрлі әдістері жоғарыда айтылған тәуекелді есепке ала отырып қарастырылуы қажет.

Халықаралық саудада сатып алушымен сатушы арасында жүргізілетін төлемдік аударымдар келісім шарты негізінде жүргізіледі. Келісім шартқа есеп айрысудың әдістері көрсетіледі:

- аванстық төлем немесе жартылай төлем;

- қайтарылмайтын аккредетивтер;

- құжаттық инкассо;

- ашың шот бойынша жүргізілетін сауда.

Келісім шартта көрсетілген төлем әдісі стаушы мен сатып алушының арасындағы келісім шартта көрсетіліп әр елдің банк жүйесіне келісімді байланыс ретінде сақталынады. Есеп айрысудың әдісі ретінде чектер аудармалы вексельдер банк тратталар почталық төлем тапсырмалар, инструкторлар, сейф жүйесі халықаралық ақшалай төлемдер қолданылады.

Төлем жүйесінде тауарды жөнелту құжаты маңызды орын алады. Ондай құжаттарға мына мазмұндағы құжаттар жатады:

- шот фактура;

- сақтандыру туралы уақытша куәлік;

- сақтандыру сертификаты немесе полисі;

- коносамент.

Әр елдердегі банк жүйесі аудармалық төлемдерді өңдеу барысында дебеттік кредиттік сальдоларды анықтайды. Ақша аударымдары электрондық негізде жүргізіледі. Халықаралық ақша аударымдары СВИФ жүйесінің хабары жиі қолданылады. СФИВ жүйесінің нұсқауымен банкаралық аударымдардың тақырыптық мазмұны компьютерлік коммуникациялық жүйе арқылы жүзеге асады.

Банктік аударым дегеніміз төлемдік тапсырмаларға сәйкес бір банктің екінші банкке телекоммуникация құрылымы арқылы жіберетін есеп айрысу немесе есептік шот операциясы.

Банктік аударымдарды қолдану банктік жүйедегі ағымдық мәліметтерді қайта есептеудің топтаудың реттеудің қажеттілігі болып табылады.

Банктік аударымдар мынандай операциялық құрылымдардан тұрады:

- Жасалынған келісімге сәйкес сатушы сатып алушыға құжаттарды тапсырады.

- Сатып алушы төлемдік тапсырмаларды өзіне қызмет көрсететін банкке шығарады.

- Стаушыға қызмет көрсететін банк төлемдік тапсырмалардың келіп түскені жөнінде хабарлайды (авизо жібереді).

- Авизо келіп түскеннен кейін қаражат сатып алушыға қызмет көрсететін банктың есептік шотына аударылады.

Қазіргі уақытта төлемдердің басым бөлігі SWIFT жүйесі арқылы орындалады.

SWIFT жүйесі арқылы орындалған төлемдік және аударым операциялары сенімді және жылдам түрде жүргізіледі. Қаражатты аудару аударым иесінің өтініш негізінде жүзеге асырылады. Аударымдар қаражаттың құжаттық мазмұны:

Аударымдардың ақша соммасы цифрмен және жазба түрінде бейнеленеді.

Тапсырманы орындау әдісі телеграф немесе телефакс түрінде бейнеленеді.

Аударымды алушының (бенефицио) толық және дәл аты-жөні, мекен жайы көрсетіледі.

Аударымды алушыға қызмет көрсететін банктің толық және дәл аты есептік шотының номері жазылады

Аударымдардң мақсаты мен атауы (тақырыбы) міндетті түрде жазылып көрсетеді.

Аударымдардың келісім-шарт бойынша жүргізілуін растайтын келісім шарттың номері мен уақыты көрсетілуі қажет

Ақша аударымы жіберетін бенефициор пайдасына ақша аудару туралы алушы банк берген нұсқау негізінде жүргізіледі. Банктік аударым нысанындағы есеп айрысулар келісушінің келісімі негізінде тәуекелділікпен жұмыс істейді.

Банктік аударым Қазақстан территориясында әр елдің нақтылы уақыт режимінде жалпы есеп айрысу негізі бойынша электрондық ақша аударымдар қызметі арқылы жүзеге асырылатын ірі төлемдерді жүргізу жүйесі.

Есеп айрысу дегеніміз әрбір жеке өңделген төлем құжаты бойынша жүргізілетін ақша аударымдарын айтады. Банк жүйесінде жүргізілетін аударымдар ақша аударушының есептік шотындағы бар қаражатының негізінде жүргізіледі.

Автоматтанған немесе бөлшек төлемдер жүйесі есеп айрысу қызметінің ақша аудару қызметінің клирингі негізінде жүргізіледі. Банк аралық ақша аудару жүйесі арқылы ірі соммадағы төлемдер өтелі. Ал автоматтанған бөлшек төлемдер жүйесінде арнайы шектеулі сомалық төлемдер жүргізіледі немесе несиелік аударымдар пайданылады.

Шаруашылықтағы өнімді жабдықтар мен тұтынушылар арасындағы қолма-қол есеп айрысудың жүзеге асырылуы барысында банктер арасындағы өзара есеп айрысулар туындайды. Банк аралық есеп айрысулар төлеуші мен қаражат алушының әртүрлі банкте қызмет көрсететін процесс арқылы іске асырылады. Мұндай есеп айрысулар банк жүйесінде корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылады.



1.2 Қолма қол және қолма қолсыз ақша айналымын реттеу
Қолма-қол ақша айналысы ақша айналымының бір бөлігі ретінде бір елдің аумағында қолма-қол ақша (ұлттық валюта) айналымымен ғана байланысты болады. Ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің халықпен есеп айырысуын, сондай-ақ халық топтарының арасындағы есеп айырысуды, нақты айтқанда, алынған шығындарды, сыйақыны, шәкіртақыны, жәрдемақыны, сақтандыру төлемдерін және басқа табыстар мен олардың тауарды, тұрмыстық және т.б. қызметтерді, көлік, байланыс секілді қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығындарын қамтитын халықтың ақшалай табысының алынуы мен жұмсалуын қамтиды.

Нақты қолма-қол ақшаға банк кассаларындағы және банкке қатысы жоқ салалардың, яғни кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің кассаларындағы, халықтың өз қолындағы ҚР Ұлттық банк шығарған банкноттар (қағаз ақшалар) мен тиындар жатады. Қолма-қол ақша өз қозғалысын ақшаны айналымға шығаруға және ақша эмиссиясын монополиялық құқығы бар ҚР Ұлттық банктің кассасынан бастайды. Коммерциялық банктер қолма-қол ақшаны қаражатты қолма-қол ақшасыз аудару жолымен өз ресурстарының есебінен қолма-қол ақшаның номиналды құнын өтей отырып, Ұлттық банктен алады.

Қолма-қол ақшаны ұйымдастырылуына екінші деңгейдегі банктер маңызды рөл атқарады. Тауарлардың алмасуын қамтамасыз ететін қолма-қол ақшаның ауыспалы айналымында банк ақша қозғалысының бастапқы әрі ақырғы тармақтарын қамтиды. Кәсіпорындардың кассасына түскен қолма-қол ақша кәсіпорынның шотына есепке алынуы үшін банк мекемелеріне берілуі тиіс. Екінші жағынан, қолма-қол ақша айналысының саласына ақша банк кассасынан кеп түседі (екбекақы түрінде немесе басқа қолма-қол ақшамен есеп айырысудың нәтижесінде).

Банк кассасында қолма-қол ақша сомасы мыналар үшін болуы керек: осы банкте шоты бар өз клиенттерінің қолма-қол ақшаға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін; қажет болған жағдайда банк несие алатын клиентіне қолма-қол ақшаны ұсыну үшін; шоты басқа банкте болса да, осы банкте өз чегін өтеуге келісімі бар клиентке қолма-қол ақшаны беру үшін; басқа банктермен төлем айналымында пайда болған сәйкессіздікті баланстау (теңестіру) үшін.

Банк клиенттерін қолма-қол ақшаны қызмет көрсетуші банк кассасында өз шотындағы банк несиеге берген ақшалай қаражат есебінен алады. Олар оны тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетулерге пайдаланылатын еңбекақыға, шәкіртақыға және басқа төлемдерге береді.

Белгілі бір уақыт аралығында қолма-қол ақшамен жүзеге асырылатын төлемдердің жалпы сомасы банк кассасынан берілетін қолма-қол ақшаны, банк кассасына түсетін ақшаны, пошта арқылы айналымда болатын қолма-қол ақшаны, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің халыққа төлейтін төлемдерін, азаматтардың арасындағы қолма-қол ақша айналымын шамасын сипаттайды. Негізгі қолма-қол ақша айналымы экономикадағы кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын банк кассалары арқылы өтеді. Банктегі шоттарға ақшалай түсімдердің есепке алынуы мен әр түрлі мақсаттарға қолма-қол қаражаттың берілуі банктің кассалық операциясы деп аталады әрі осыған қарай банктердің кірісі және шығыс кассалары болады.

Қолма-қол ақша айналымы қолма-қол ақшасыз айналымға қарағанда айтарлықтай аз болғанына қарамастан оның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызы өте жоғары, ол халықтың ақшалай табысындағы өзгерістерді және тұтас ақша тұрақтылығындағы өзгерістерді жылдам байқайды. Осы қажеттілікке қарай бұл өте күрделі болса да мемлекет тарапынан реттеліп, бағдарлануы керек.

Қолма-қол ақша айналысының болжауы экономикалық бағдарламаның жалпы жүйесінің құрамдық бөлігі болып табылады, қолма-қол ақша айналысын болжаудағы ҚР Ұлттық банкі жүзеге асырады. Бұл үшін облыстарда және тұтас Қазақстан Республикасында әрбір тоқсанның кассалық айналымына болжау жасалады. Кассалық айналымды болжаудың негізінде алдағы кезеңде түсетін түсімдердің мөлшері, екінші деңгейдегі банктердің кассасына түсетін қолма-қол ақшаның көздері, қолма-қол ақшаның берілетін бағыттары, олардың айналысқа шығарылуы немесе айналыстан алынуы анықталады.

Қолма-қол ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара шегеру жолымен жүзеге асырылатын төлемдердің жиынтығын білдіреді.

Қолма-қол ақшасыз айналым екі түрге бөлінеді: тауарлық айналым және тауарға қатыссыз айналым. Негізгі артықшылықты айналымға тауарлық айналым жатады, ол қоғамдық жиынтық өнімнің өндірілуі мен сатылу процесін тікелей бейнелейді. Айналымның тауарлық қолма-қол ақшасыз айналыс құрамына тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қолма-қол ақшасыз аударымдар жолымен жүзеге асырылатын төлемдері кіреді.

Таурға қатыссыз қолма-қол ақшасыз айналымда кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, сондай-ақ халықтың ұлттық табысты қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу, амортизациялық аударымды қайта бөлу процесіндегі төлемдері, айналымдағы қаражат пен пайда, банктің несиелеуі, сақтандыру және басқа да тауарға қатысы жоқ төлемдер көрініс табады. Тауарға қатысы жоқ қолма-қол ақшасыз төлемдерге жатаындар: еңбекақыдан ұсталатын салық төлемі; тұрғын үй, коммуналдық, тұрмыстық, пошталық және т.б. қызмет төлемдері; несиені өтеудің төлемі және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылатын басқа да төлемдер.

Ақша айналысын оңтайлы ұйымдастырып, оны нығайту үшін және ақша айналымын жылдамдату үшін әрі көлік (тасымалдау) шығындарын азайту үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың салаларын одан ары ұлғайтып, жетілдіруіміз қажет. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен кәсіпорындар мен ұйымдар арасында, олар мен олардан саты бойынша жоғары тұрған ұйымдардың арасында, олар мен мемлекеттің және қаржы-несие мекемелерінің арасында есеп айырысулар жүзеге асырылады.

Есеп айырысулар үнемі жүзеге асуы үшін қолма-қол ақшасыз айналымды ұйымдастыруда белгілі бір принциптері сақталуы керек.

Оған мыналарды жатқызуға болады:



  • Төлеушілердің банктерді және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың түрлерін таңдаудағы еркіндік принципі. Бұл принцип әлеуетті клиентке қызмет көрсету мәдениеті жоғары әрі есеп айырысу операцияларын жылдам және дәл орындай алатын банктерді таңдауға, сондай-ақ келісім-шарттағы шарттардың орындалуын қамтамасыз ететін қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мақсатқа лайықты түрлерін таңдаудаға мүмкіндік береді.

  • Төлеушінің төлем келісімінің міндетті түрде бөлу принципі, яғни төлеушінің төлеуге келісім бергені немесе бермегені туралы ақпарат міндетті түрде болуы керек. Мұның мағынасы мынадай; шот иесінің шоттағы қаражатын банк төлемдердің белгіленген кезегіне қарай әрі шотта қалған қаражаттың шегінде төлем үшін жүзеге асырады. Соңғысы (шот иесінің шоттағы қаражатының шегінде төлемнің жүзеге асырылуы) төлемнің қамтамасыз етілу принципін немесе төлеушінің өтімділік принципін білдіреді.

  • Төлемнің мерзімдік принципі. Бұл принциптің экономикалық мағынасы мынадай: ақшалай қаражатты алушы қаражаттың келісімшартта көрсетілген мерзімде өзінің шотына аударылуына мүдделі. Төлемді уақытылы алудың маңызы өте зор.

  • Барлық қатысушылардың келісімшарт қатынастарының сақталуына мүліктік жауапкершілік пен есеп айырысу ережесінсіз бақылауды жүзеге асыру принципі.

Есеп айырысудың барлық принциптері бір-бірімен өзара тығыз байланысты болғандықтан бұлардың біреуінің бұзылуы екіншісінің бұзылуына әкеп соғады.

Қолма-қол ақшасыз есеп айрысуға қойылатын талаптар

Бүгінгі таңда халықпен есеп айырысуда қолма-қол ақшаның қолданылу салалары кеміп келеді. Еңбекақы беру, коммуналдық, пошталық төлемдер және басқа да шығындардың көп бөлігі қалаларда банктердегі салым ақшадан пошта бөлімдерінен, пластикалық карточкалармен аудару арқылы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады, сондай-ақ сатып алынған тауарлардың төлемдері дүкендерде чектер мен пластикалық карточкалар арқылы төленеді. Осы шаралардың барлығы қолма-қол ақшаның пайдаланылатын салаларын кемітуге, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың артықшылықтары мынада:


  • ол банк жүйелерінің несиелік ресурстарын арттыруға, несие қатынасын дамытуға мүмкіндік береді;

  • ол айналымға аса қажетті қолма-қол ақша сомасының тұтынылуын кемітеді;

  • ол трансакциялық шығындардың (банкноттар мен тиындарды басып шығару, сақтау, тасымалдау, санау түріндегі айналыс шығындары) кемуіне мүмкіндік тудырады;

  • ол банктердің дәлдікті қажет ететін жұмысында есеп айырысулардың және қаражат айналымын шапшаңдатады;

  • қолма-қол ақшасыз есеп айырысу процесінде шаруашылық органдардың төлем қабілеті артады әрі келісімшарт міндеттемелерін орындауға мүмкіндік алады. Нәтижесінде олардың қаржылық жағдайлары тұрақталып, жұмыстарының тиімділігі мен пайдалылығы жоғарлайды.

1.3 Қазақстан төлем жүйелерінің қазіргі аспектілері мен қызмет ету мәселелері
Соңғы онжылдықта төлем жүйелері дамыған елдердің белсенді түрде төлем жүйелерін реформалауды жүргізуі, төлемдер жүйесінің ел экономикасында және қаржы жүйесінде шешүші рөл ойнайтынын мойындап отыр. Төлемдер және есеп айырысу жүйелерін реформалау төлемдер мен ақша аударымдарының тиімділігі мен қауіпсіздігін маңызды қатарға қоятын жаңа технологиялардың дамуына тікелей байланысты. Аталған тенденциялар Қазақстанға да әсер етті.

Төлемдер жүйесі қаржы жүйесінің жүрегінде орналасқан. Ұлттық және халықаралық деңгейдегі технологиялардың жедел өзгеруіне және осы саладағы бәсекелестікке байланысты Ұлттық банк саясаты төлемдер жүйесінің екі деңгейінің тиімділігі мен қауіпсіздігін қолдауға үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Шетелдік мамандар Қазақстанның төлем жүйелері бұрыңғы кеңес одағының аумағында жетекші төлемдер жүйесі екенін бірнеше рет атап айтқан. Мысалға, БААЖ жүйелік маңызы бар төлемдер жүйесіне талап етілетін Халықаралық есеп айырысу Банкінің төлемдер және есеп айырысу бойнша Комитеті жасаған шешуші қағидаларына сай келеді.

«Төлемдер жүйесі» ұғымын талқылауда қолданылатын негізгі тәсілдерді зерттеу көрсеткендей, оның қызметін етуі келесі мақсаттарды көздейді: есеп айырысуларды ретке келтіру, қаражаттарды төлеушіден алушыға уақыт пен кеңістікте тиімді және қауіпсіз ауыстыру, төлем контрагентінің міндеттемесін есепке алу және орындау негізінде құн формасының өзгеруі, есеп айырысуға қатысушылардың барлығының мүдделерін сақтау.

Ұлттық төлемдер жүйесінің құрамды жиынтығын жүйелендіру мақсатында олардың арасында аралық буындардың есеп айырысуларына қатысатын төлем құралдары қолданылатын, сонымен қатар оларды жургізу кезінде пайда болатын тәуекел мен төлемдерді жүзеге асыру қағидаларының жүйесіне салынатын есеп айырысу субьектілері мен обьектілерінің сипаты, орны, уақыты, төлемдер жүргізу тәсілдері мен формалары, төлемдер шамасы және оның кезектілігімен байланысты элементтері бөліп көрсетілді.

Төлемдер жүйесінің қарастырылған элементтерінің құрамы төлемдерді жүзеге асырудың ұйымдастырушылық негізінде, жүйенің функционалдық элементтерін де ашатын сипаттамалардың түрлі жиынтығы болып есептелетін қорытындылауғы мүмкіндік береді. Өз кезегінде, төлемдер жүйесінің институционалдық құрылымын мазмұндауда қолданылған тәсілдерді зерттеу, төлемдер жүйесіне функционалдық элементтері ғана кіретін құрылымының институционалдық – инструменталдық жіктеулерін авторлық өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етті.

Келтірілген институционалдық – инструменталдық құрылымның сипаттамасы шеңберінде ұлттық төлемдер жүйесі элементтерінің функционалдық белгілері бойынша төлемдердің инфроқұрылымына ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар дербес топқа ұялы байланыс қаражаттарын пайдаланумен байланысты төлемдер және қазіргі заманғы интернет – технология негізіндегі жылдам дамушы төлемдерінің электрондық ақша жуйесі бөлініп отыр.

Есеп айырысу тиімділігін бағалауда бағалау жасау позициясы айтарлықтай маңызды. Есеп айырысуды ұйымдастырушының көзқарасы бойынша ең аз шығын жұмсалатыны ол банкішілік және филиалішілік көтерме төлемдер, оның ішінде банктік филиалдық желіде клиенттер арасында өзара есепке алу негізінде жүргізу болып табылады. Төлеушінің көзқарасы бойынша артық көрінетіні несиелік аударымдар болып келеді. Ақша алушы төлемге кепіл беретін аударымдарга оның құнына қарамастан аса мүдделі. Соңында есеп айырысуға қатысушылардың барлығы төлемдерді жүзеге асырудың жылдамдылығына қызушылық танытады, ол нақты уақыт режимінде жиынтық есеп айырысу жүйесін пайдалану арқылы жүргізіледі.

Төлемдер жүйесін қызмет етуін бағалауда есеп айырысуға қатысушылардың әрқайсысына ықпал етудің айырмашылығы диссертацияда төлемдер жүйесін тиімділік негізіне сайып келетін қағидалардың екі жақты сипаты туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Бір жағынан бұл қағидалар есеп айырысуды ұйымдастырушының мақсатына жетуді қамтамасыз етуі, екінші жағынан, қағидалар қызмет көрсетуді тұтынушылардың талаптарын орындау қажет.



  1. Есеп айырысуларды ұйымдастырушы талабының негізінде жатқан қағидалар:

  1. Төлемдер төлеушінің банктік шоты бойынша ондағы қаражат қалдығы шегінде жүргізілуі тиіс;

  2. Жүйенің айқын ережелері бойынша қызмет ететін, заңнамалық базаның жеткілікті болуы;

  3. Жүйе субьектінің обьективті және көпшілік алдында рұқсат беру критерийіне ие болуы керек;

  4. Төлем жүйесіне қатысудың және басқару схемаларының анықтылығы;

  5. Тәуекелдерді және жүйені басқару, тәуекелдерді минимизациялау, бақылау, барлық субьектілер тарапынан жауапкершілік.

  1. Қызмет көрсетуді тұтынушылар талаптарының негізінде жатқан қағидалар:

  1. Клиенттер қаржы нарығындағы мәмілелердің ерекшеліктерінежәне қазіргі технологияларға пара-пар есеп айырысу және банк жүйесін таңдау құқығына ие болуы керек;

  2. Субьектінің таңдауы оның келісімімен айқын расталуы қажет: акцепттің бірінші сатысында жүйеге қатысушы ретінде келісім шартқа қол қою болып табылады, екінші сатысында әр төлемге қол қойылады;

  3. Төлемдерді жүргізудің максималды жылдамдығы және оның құқының минималдылығы;

  4. Басқа да есеп айырысу және төлемдер жүйесімен интеграциялану;

  5. Максималды қауіпсіздік және операциондық сенімділік.

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан банк жүйесінің даму банк аралық есеп айырысу және төлем жүйелерінде болып жатқан өзгерістермен сипатталады.

Өзгерістер халықаралық банк бизнесін басқару тәжірибесінде қабылданған, экономикалық, заңнамалық және технологиялық тәсілдерді кең қолданумен байланысты болып отыр.

Төлем және есеп айырысу жүйелері қызмет етуінің халықаралық тәжірибесі есеп айырысу және төлем операцияларының орындалуы үшін қажетті процесстерді стандартизация және автоматизациялауды ұйғарады. Бұл қазіргі ақпараттық технологияны және есеп айырысу құжаттарын, халықаралық төлем жүйелері облысындағы жоғары білімі бар мамандарды қажет етеді.



Қазіргі уақытта кез келген елдің экономикасы тиімділігі жоғары төлем жүйесінсіз өмір сүре алмайды. Тәжірибе көрсеткендей, күнделікті қаржыландыру мәселелері, экономиканы несиелеу, бюджеттің атқарылуы, сонымен қатар елдің индустриалды – инновациялық дамуының алыс болашақтағы мәселелері, көпшілік елдердің ақша жүйесінде ( оның ішінде Қазақстанда ) қолма – қол ақша төлемдерін бірте – бірте ығыстырып, қолма – қолсыз есеп айырысудың түрлі формаларының қарқынды дамуын ойдағыдай шешуге мүмкіндік берді. Екі деңгейлі банк жүйесі жағдайында қолма – қолсыз есеп айырысу жүргізудің негізгі үлесі банкаралық есеп айырысудың осындай түрлерін жүзеге асыратын коммерциялық банктерге тиеді. Дәл осыларға мемлекеттің төлем жүйесінде аса маңызды есеп айырысу – төлем қызметі тиесілі және олар осы жүйенің негізгі элементтері болып табылады. Құрылымы бойынша Қазақстанның төлем жүйесі көпдеңгейлі болып келеді ( 1 – сурет).



Қазақстанның төлем жүйесі


Пластикалық карточкалармен есеп айырысу бойынша төлем жүйелері

Интернет желісі арқылы есеп айырысу үшін төлем жүйелері

Ұялы байланыс құралдары негізінде есеп айырысу үшін төлем төлем жүйелері

Төлем терминалы арқылы есеп айырысу үшін төлем жүйелері

Халықаралық есеп айырысулардың төлем жүйелері



Ұлттық Банктің Төлем жүйесі

(ҚБЕО)





Валюта және қор нарығы қатысушыларының өзара есеп айырысуларының төлем жүйелері



1 – сурет Құрылымы бойынша Қазақстанның көпдеңгейлі төлем жүйесі


Берілген құрылым негізінде озінің қызметі барысында төлем міндеттемелерін мойнына алатын жеке және заңды тұлғалардың сілемдері орын алған. Есеп айырысуды жүзеге асыру үшін құрылымға банктер және банктік емес ұйымдар қосылған. Ең жоғарысында өзінің институттары арқылы соңғы банкаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ететін Қазақстанның Ұлттық банкі орналасқан. Қазақстанда құрылған төлем жүйесі ел экономикасын басқарудың орталықтандырылған жүйесі және мемлекеттік құрылымының унитарлық сипатымен қамтамасыз етілген озінің маңызды ерекшеліктеріне ие. Қазіргі уақытта Қазақстанда барлық төлемдер, ұсынылған құрылымда көріп отырғанымыздай ҚБЕО есеп айырысу жүйесін қолдану арқылы жүргізіліп отыр, алайда шетелдік тәжірибеде есеп айырысу мен төлемдерге қызмет көрсетуге жекеменшік төлем жүйелерінің айтарлықтай қатусы тән.

Сондықтан, Қазақстан төлем жүйесі шын мәнісінде Қ.Р. Ұлттық банкінің барлық қатысушыларға бірдей рұқсат және теңдей талапты жүйе болып табылатын төлем жүйесі ретінде ұсынылып отыр. Ол есеп айырысуларды жиынтық негізде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді және ірі төлемдерді жүргізу үшін ғана қолданылады. Әдетте, ірі төлемдер жалпы есеп айырысу жүйесі арқылы жүзеге асырылады, бірақ кейбір елдерде бұл мақсаттарда нетто – есеп айырысу жүйесі қолданылады. Мысалы, АҚШ – та бұл ЧИПС (CHIPS) жүйесі, мұнда соғғы есеп айырысу «Федвайер» (Fedwire) жүйесі бойынша жузеге асырылады, ал Ұлыбританияның ЧАПС (CHAPS) клирингтік есеп айырысудың автоматтандырылған жүйесінде екіжақты және көпжақты негіздегі төлемдер реттелінеді.

Кейбір елдерде төлем жүйесі жалпы және таза есеп айырысуларды ескеріп отырады, мысалы, Жапония Банкінің таза қаржылық есеп айырысу жүйесі (Bank of Japan Financial Network System – BOJ – NET). Төлемдер мен есеп айырысуларды жүргізу кезінде есеп айырысуды аяқтау уақытына да көңіл бөлінеді, себебі кейбір жүйелерде, мысалы Швейцариядағы SIC – банкаралық клиринг жүйесінде бұл уақытты келесі күнге қалдырады. Нақты уақыт режимінде жұмыс жасау төлем жүйесінің құндылығы болып табылады, себебі мұнда ақша қаражаттарының айналымы өсіп отырады. Орталық банктің бір операциялық күнге беретін пайызсыз несиесі төлемдердің үздіксіздігін қамтамасыз етуге және төлем жүйесіне қатысушылардың өз қаражаттарын еркін пайдалануға мүмкіндік береді. Кейбір елдерде заңнамалары банктерге орталық банктен бір күнге несиелерді алуға тыйым салынған, мысалы Жапонияда және Швейцарияда. Осының салдарынан төлемсіздік тәуекелінің пайда болуын шектеу деңгейінде өтімділікті қолдау және басқаруда бұл елдердің төлем жүйелерінің қатысуы қиындыққа соғады. Төлем жүйелерінің барлық ерекшеліктерін ескере отырып оларды банктік қызмет нарығының сегменті және төлемдерді жүргізу көлемі бойынша ажыратуға болады.

Бірқатар елдердің салыстырмалы талдау бизнес субьектілері өзінің валюталық қорларын және банктік депозиттерін басқару сапасы, олардың өтімділігін жоғарлату үшін пайдалануға мүмкіндік беретін несие қол жетімділігі төлем жүйелерінің маңызды проблемасы екенін қорытындылап отыр. Әлемдік нарықтарда пайда болатын міндеттемелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру банктер арасындағы халықаралық корреспонденттік қатынастарға айтарлықтай деңгейде тәуелді болады. Корреспондент – банктер өз кезегінде халықаралық міндеттемелер бойынша есеп айырысулар үшін ұлттық төлем жүйелерін пайдаланады.

Мұндай проблемалардың қатарында елдің қаржы жүйесінің құрылуы мен қызмет етуі және оның құрамында ұлттық төлем жүйелерінің мәселелерін маңызды орынға қоэюға болады. Соңғы аталған мәселе кем дегенде екі себеп бойынша кешенді сипатқа ие болып отыр:

Біріншіден, төлем жүйесі елдің экономикалық жүйесінің ажырамас және аса маңызды элемент болып табылады, олай болса кең қоғамдық жүйе нақты экономикамен, саясатпен, әлеуметтік және қоғамдық өмірдің басқа да сфераларымен, сонымен қатар осы сфералардың органдары және институттарымен тікелей және кері байланыстың болуын ұйғарады;

Екіншіден, төлем жүйесінің өзі, егер оның басқа аталған сфералармен байланысынан абстракциялансақ, түрлі деңгейдегі элементтерден құралған маңызды сандардың күшін, жалпы төлем жүйесінің алдында және оның әр қатысушысының алдыеда тұрған бірқатар мәселелері көпқырлы және басқарудың күрделі субьектісі бола алады. Бірінші себеп, төлем жүйесін және әсіресе өлшенген шешімдерді, оның механизмін де, нақты экономикамен байланысын кешенді қадағалауды қажет етеді.

Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Төлем жүйесінің анықтамасы.

2. Төлем жүйесінің негізгі даму кезеңдерін айту.

3. ҚБЕО қызметі.

4. Төлем жүйесі қызыметіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ролі.



Студенттердің өздік жұмысына арналған рефераттардың тақырыптары:

1. Ірі аударымдар жүйесінің қызметі және ұйымдастыру ерекшеліктері.

2. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты.

3. Бөлшек төлемдер жүйесін тағайындау.

4. Қолма – қол, қолма-қолсыз ақша айналымының ұйымдастыру негіздері.

5. Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің даму перспективасы.




Каталог: ebook -> umm
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе Дәріс мазмұны
umm -> Пән бойынша глоссарий анимизм
umm -> Шұжық және консерві өндірісі
umm -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті
umm -> Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umm -> Ќазаќстан республикасы
umm -> Адам құқықтары туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады
umm -> Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан әрі жетілдіруді талап етеді
umm -> Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет