Работа по созданию системы, работающей в режиме реального времени, была начата Национальным Банком рк в 1995 году


ТӨЛЕМ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ



жүктеу 1.72 Mb.
бет2/8
Дата29.08.2018
өлшемі1.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

2 ТӨЛЕМ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ





    1. Төлем құжаттарының негізгі түрлері

Банктің есеп айырысу-кассалық операциялары екі формада жүзеге асады: қолма-қол ақшалар мен қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу.

Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар – бұл нақты ақшалармен төлемдер және аударымдар жасауды сипаттайды. Мұндағы нақты ақшаларға: банкноталар мен монеталар жатады. Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар көбіне кассалық операциялар көмегімен іске асады.

Есеп айырысу операцияларының басым бөлігі қолма-қолсыз түрде жүреді.

Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар – клиенттердің банкте ашқан шоттары көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші шотқа аударылатын төлемдердің жинағы.

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).

Қолма-қол ақшалар мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.

«Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомалармен есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:



  • төлем тапсырмасы;

  • төлем талап – тапсырмасы;

  • инкассалық үкім;

  • чекпен есеп айырысу;

  • вексельмен есеп айырысу.

Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштер болуға тиіс:

  1. төлем құжатының атауы;

  2. төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы;

  3. ақша аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;

  4. ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;

  5. бенефициардың (ақшаны алушының) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;

  6. бенефициар-банктің толық аты-жөні және банктің идентификациондық коды;

  7. төлемнің тағайындалу коды;

  8. Санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;

  9. төлем немесе ақшалай аударымдарды жасайтын тұлғаның қолдары мен мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса);

  10. бенифициардың және ақшаның аударушының салықты төлеуші ретіндегі тіркеу номері.

Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік классификаторы – төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы» ҚР Ұлттық банктің Басқарамасының бекіткен № 388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.

Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы Қазақстан Республикасындағы ақша-несие және валюта саясаты, сыртқы қарыз, төлем балансының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау, жоспарлау және бақылау, сондай-ақ ақша ағымын талдауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға арналған.

Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторының құрылымы төмендегідей:


I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

мұндағы:


I – ақша аударымының резиденттік белгісі;

II – ақша аударушының экономика секторы;

III – бенифициардың резиденттік белгісі;

IV – бенифициардың экономика секторы;

V, VI, VII – валюта және бағалы металдар қоры;

VIII – операция түрі;

IX – төлемнің сипаты;

X – төлемнің ашық көрсетілуі.

Төлемдердің тағайындалуының біріңғай классификаторы толтырылатындарға мынадай төлем құжаттары жатады:


  • төлем тапсырмасы;

  • төлем талабы-тапсырмасы;

  • салық (кеден) органдарының инкассалық үкімі;

  • аударуға берген өтініш;

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу – бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу формасы.

Төлем тапсырмасы – ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу мынадай төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін, тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комиссиондық және т.б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауарлы және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер.

Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн еспке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады, Екі жақты келісу бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем – бұл тауарды жөнелткенге дейін төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеу үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.

Төлем талап-тапсырмасы – бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.

Төлем талап-тапсырмасы – бенефициарды төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

Төлем талап-тапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциалық құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді. Аударушының банкі, ол төлем талап тапсырмасымен төлеушіге береді. Ал аударушы, банкке келіп түскеннен бастап, үш күн ішінде төлем туралы банкке келісім беруге тиіс.

Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 3 күннен 30күн аралығында №1карточкаға орналастырылуы мүмкін.

Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы үш күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп талап-тапсырмасы жөнелту құжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелей бенефициарға қайтарылады.

Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысудың мынадай артықшылықтары бар: келісім-шарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын жылдамдатады.

Инкассалық өкім – заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оны банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты.

Инкассалық өкім салық және кеден органдарының төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады. Мұндағы салық және кеден органдарының инкассалық өкімінен басқа міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы бойынша берілетін орындау парағымен бірге жүреді.

Инкассалық өкімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының банктік шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға құқық беретін заңдық актіге сілтеме көрсетіледі.

Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы аударушының шотындағы қаражат көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне – «жартылай төленді» деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімімен келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол шоттағы қаражат қозғалысына тиым салынады. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс.

Чектік есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп айырысудың қолайлығы мынада:


  • егер төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;

  • сатушы белгісіз болған жағдайда.

Елімізде чекті пайдалану барысы 1998 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Ұлттық банкі Басқармасының бекіткен №266 қаулыға сәйкес жүзеге асады.

Аталған ережеге сәйкес чектер төмендегідей түрлерге бөлінеді:



  • Кепілденген чек – чек берушінің банктегі шотындағы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы көрсетуге қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін көрсететін чек.

  • Кепілдендірілмеген чек – чек беруші банкің кепілдігі көрсетілмеген чек.

  • Қамтамасыз етілген чек – банкке алдын ала салған депозитпен қамтамасыз етілген чек.

  • Қамтамасыз етілмеген чек – депозитпен қамтамасыз етілген чек.

Ережеге сәйкес, чек – бұл чек берушінің чекті қабылдаушы банкке, өзара жасалған келісім-шарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы.

Чектің өзіне тән төмендегідей көрсеткіщтері болады:



  1. «Чек» деген атауы;

  2. Чек номері мен сериясы;

  3. Чектің қызмет ету мерзімі;

  4. Чек берушінің аты-жөні;

  5. Чек берушінің СТТН-і;

  6. Санымен және жазбаша түрде көрсетілген сомасы, күні, айы, жылы, чек берген жері және чек берушінің қолы мен мөрі;

  7. Чек ұстаушының аты-жөні;

  8. Чек ұстаушының СТТН-і;

  9. Чекті төлеуге міндетті чек беруші банктің атауы;

  10. Чек беруші банктің жеке банктік коды;

  11. «Бұйрық бойынша төлеңіз» кестесі;

  12. «Төлемнің тағайындалу кестесі»;

  13. Чекті төлем ретінде қабылданғаны туралы чек ұстаушының белгі соғатын орны.

Чектер қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақша алу үшін пайдаланылады. ҚР-да чекпен есеп айырысу тек қана ұлттық валютада жүзеге асады. Банктен қолма-қол ақшалар алуға арналған чектің түріне Ұлттық банктің бекітілген формасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші деңгейдегі банктер беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялық банк өзінің формасында чекті шығарып отыр. Чекті пайдалану банктен алатын чектік кітапша негізінде іске асады. Чек алу үшін шот иесі банкке чектік кітапша алуға өтінішін жасайды. Чектің қызмет ету мерзімі толтырылған күнді есептемегенде он күнді құрайды.

Вексель қолма-қолсыз есеп айырысудың бір құралына жатады. Себебі, вексельдің атқаратын басты қызметі – төлем құралы. Есеп айырысу барысында пайдаланылатын вексельдің түрлері: жай және аудармалы болып келеді. «Вексель» сөзі ағылшынша bill note – міндеттеме шоты дегенді білдіреді.

Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық мідеттемесі.

Вексель айналысын бірінші болып қолданушылардың қатарында Казкоммерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500, 1000 және 5000 АҚШ долларындағы «астық» вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиенттеріне берді.

Аккредитив – бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредитив алушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.

Егер де аккредитивті ашатын банк, клиенттің тапсырмасы бойынша қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте көрсетілген барлық шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін жабдықтаушының банкінде «Аккредитив» жеке баланстық шоты ашылады.

Аккредитивтің мынадай түрлері болады:


  • өтелген және өтелмеген;

  • қайтарылатын және қайтарылмайтын.

Өтелген (қаражат аударылған) – бұл эмитент-банктің міндеттемесінің іс-әрекетінің барлық мерзімі ішінде төлеушінің меншіктік қаражаты немесе несиеге клиентіне берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының банкісінде ашқан аккредитиві.

Өтелмеген (кепілденген) – бұл банктердің өзара корреспонденттік қатынастар орнату негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының банкісінің шотынан қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредетивін сипаттайды.

Кепілденген аккредитивті эмитент-банк сатып алушымен келісім-шарт негізінде, сондай-ақ басқа банкпен арадағы корреспонденттік қарым қатынас жағдайына байланысты ашады. Ал, енді, өтелмеген аккредитив бойынша есеп айырысу ерекшеліктерін қарастырып өтейік. Әрбір аккредетив қайтарылатын және қайтарылмайтын болуға тиіс. Ондай анықтауыш белгі болмаған жағдайда, ол аккредетив қайтарылатын болып табылады.

Қайтарылатын аккредетив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент-банктің әмірімен өзгертілуі немесе күшін жойуы мүмкін. Бұл аккредетив сатып алушының мүддесін көздейді.

Қайтарылмайтын аккредетив жабдықтаушының келісімінсіз өзгеріп немесе күшін жоя алмайды. Себебі, мұндай аккредитив жабдықтаушының пайдасына ашылған болып табылады.

Аккредетив формасын пайдалану арқылы есеп айырысуда қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың барлық негізгі ережелері сақталады: өнім жөнелтілгеннен кейін барып төлем жүргізіледі; төлем төлеушінің келісімімен жүзеге асырылады, яғни оған аккредитивтің ашылуы дәлел болады; келісім-шарттағы жағдайлардың бұзылуына байланысты төлеушіге төлемнен бас тартуға құқық беріледі; аккредетив төлеушінің қаражаты есебінен немесе банктің несиесі есебінен ашылады, егерде төлеушінің аккредитив ашуға құқығы болса. Аккредитивтің басты артықшылығы, оның төлеуге кепіл болумен сипатталады. Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар кемшіліктер де бар: сатып алушының қаражаты аккредетивтің қызмет ету мерзімінің ішінде оның шаруашылық айналымынан шығарылып қалады, тауар айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды және оның сақталуы да қосымша шығындарды қажет етеді.




    1. Төлем құжаттарын рәсімдеу тәртібі

ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерді шот ашу кезінде құжаттар келесідей рәсімделіп, талап етіледі:

Корреспонденттік шотта банктың меншікті құжаттары және несиелік есеп айрысу кассалық қызмет көрсетуіне байланысты операциялардың мазмұны көрсетіледі. Мұндай операциялар:

- Банк шектелмеген ақшалай қаражатын аудару және есептеу немесе клиенттер қаражатын есептеу;

- Банк клиенттің бюджет пен зейнетақы қоры және басқа ұйымдармен есеп айырысулары;

- Клиенттерге қолма-қол ақша беру және қабылдау;

- Банкаралық займдар, депозиттер, бағалы қағаздар;

- Ұлттық Банк жүргізетін кассалық операциялар;

- Берілген несиелер үшін алынған проценті және басқа табыстар;

- Депозиттік шоттар бойынша процент төлеу;

- Банк өзі төлейтін бюджеттік төлемдері (салықтар);

- Банктің басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындары;

- Корреспонденттік шотты ашуға қажетті құжаттар (бұл құжаттар ҰБ тапсырылады);

- Корреспонденттік шотты ашу туралы өтініш;

- Банк жарғысының көшірмесі;

- Банктік операцияларды жүргізуге берілген рұқсат лицензиялардың көшірмесі;

- Қолдар мен мөрдің үлгісі бар карточка.

Бұндай құжаттардың барлығы өтініштен басқасы нотариалдық құжаттарынан өтеді. Ұлттық Банк осы құжатты толығымен қабылдағаннан кейін өтініш беруші банкте корреспонденттік шот ашады.

Банктік жүйеде жүргізілетін төлемдік және аударымдық есеп айрысу операциялары арнайы заңмен бекітілген құжаттар негізінде қызмет атқарады.

Төлем тапсырысы мен есеп айырысу бұл қазіргі кезде жиі қолданылатын есеп айырысу формасы.

Төлем тапсырысы бұл ақша аударудың аталған тапсырысқа көрсетілген ақша сомасын бенефицияларға немесе алушыға аудару туралы қызмет көрсеткіші банкке берген тапсырысы.

Төлем тапсырысымен есеп айырысу мынандай төлемдер негізінде жүзеге асыру үшін қолданылады:

- алынған төлеммен көрсетілген қызметтер үшін.

- тауарлы немесе операциялар бойынша.

- жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауар және көрсетілген қызметтер үшін алдын ала төлеуге аванстық төлемдер.

Төлем тапсырысы толтырылған күннен бастап 10 күнге жарайды және оның мазмұны төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады. Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырысына мерзімді және кешікпейтін болуы мүмкін.

Мерзімді төлем бұл тауарды жөнелткенге дейін тауарды жөнелткеннен кейін немесе тікелей келісім беру жолымен ірі келісімдер бойынша бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімнен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл төлеушінің қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.

Есеп айрысу әдісі ретінде чектер, аудармалы вексельдер, банктік тратталар, почталық төлем тапсырыстары мен телеграфтық, телефакстық төлем тапсырыстары нұсқаулар SWIFT жүйесі халықаралық ақша төлемдер қолданылады. Халықаралық есеп айрысу несиелік құжаттарда есеп айрысудың әр түрлі әдістері қолданылады, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, чекті қолдану есеп айрысу әдусін бәсеңдетті немесе төлемді алушы чектің трассант болып келуін күтуі тиіс.

Банк траттасы арқыры жасалған төлем банк өзінің бір банк шотының есебінен жасалған чекті білдіреді. Мысалы сол елдің банк траттасының жазасы да онда оның шетелднгі банк корреспондентінің шотына төлеу туралытапсырысы көрсетіледі. Бұндай операциялардың басты артықшылығы экспорттық операциялардың өзіне тиісті төлем соммасын алуға тікелей мүмкіндік тудырады.

Почталық аударым бір банктің екінші бір банкке жіберілген сомасын көрсететін және онда көрсетілетін сомманы бенефициаларға төлеу туралы жазбаша төлем тапсырысын береді. Почталық аударым банк әуе почтасы арқылы шетелдік банкке жіберіледі.

Банктік тратталардың почталық аударымдардан айырмашылығы мұнда банк клиентінің шетелдік жабдықтарға емес банк басқа банкке аударым жасайды.

Телеграфттық аударым почталық аударым сияқты процедуралармен жүргізіледі. Төлем тапсырысын қарастыра отырып телеграф немесе телефакс арқылы жіберіледі. Сонда телеграфтық ауларымдар клиент үшін біршама қымбат болғанымен төлемдерді жылдамдатады.

SWIFT телефакс арқылы қаржылық есеп айрысуды халықаралық банк операцияларын ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Мұнда төлем туралы хабар алушы банк принтрінде қағазға басылып шығады.

SWIFT жүйесінің жеделдігі мен тиімділігіне байланысты телеграфттықжәне почиалық аударымдар біршама баяулап жүргізіледі.SWIFT жүйесінің хабары Хплпқаралық ақшалай экспрес аударымы деп атайды.

SWIFT жүйесінің ацырмашылығы есеп айрысудың жылдам жедел тұрғыдан жүзеге асырылуы бойынша ерекшеленеді.

Төлем жүйесінің заңды анықтамасының және ақша аударудың техникалық механизмің нарықтық экономикадағы ақшалық несие жүйесінің негізгі бөлігі болып төлем жүйесі болып табылады.

Тұрақты қолнануға қолайлы икемді төлем жүйесі халық шаруашылығының шаруашылық субъектісі тиімді ақша аудару төлемдік қызиетін атқарады. Төлем жүйесін басқарудың толық құрылымын Ұлттық Банк жүргізеді. Ұлттық Банк төлем жүйесінің қызметін қадағалап жиналған ақпараттар бойынша талдау қорытындысын жүргізеді. Ұлттық Банк елдің қаржы жүйесінің тұрақты айналымдық қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Ұлттық Банк төлем жүйесін арнайы ұйымдастырылған банк аралық есеп айрысулардың қазыналық орталығы арқылы жүргізеді. Банктік есеп қазыналық орталық төлем жүйесінің банкаралық ақша аудару операцияларын жүргізетін орталық болып табылады. БЕҚО Ұлттық Банк стартегиялық жоспарын қалыптастыруда және жүргізуде белсенді қызмет атқаратын орталық болып саналады. БЕҚО-да арнайы ұйымдастырылған тақырыптық семинар сабақтары мен кездесулер, іс-тәжірибе алмасулары және кеңес беру әдістері жиі жүргізіледі.

БЕҚО электронды жазба ақша аударым қызметінің негізгі орталығы болып саналады. Бұл жүйеге барлық территориялық орталығы қазыналық қаржы министрлігі зейнетақы төлеу және клирингтік палатадағы төлем қызметкерлері іске асарылады және белгілі бір құжатпен бекітіледі. БЕҚО барлық банктың төлем операцияларын электронды әдістар арқылы ақпараттық хабарлар алмасужүйесі бойынша атқарылатыноперациялық қызметтердің тарифын Ұлттық Банк бекітіп реттеп отырады. БЕҚО қосымша қызматі халықаралық стандарттық талапқа сай ұсынылады және ФАСТН кешенімен жүргізіледі.Бұл кешен банкпен клиент арасындағы электрондық ақпаратты қорғау мен сақтау міндетін қамтамасыз етеді.

Клиент пен банк жүйесі арасындағы құжат айналысын ұйымдастыратын және электронды цифрлік қол қою механизімін қолданады толығымен қағазды құжат айналымына ауыстырып электрондық ақпараттарды өңдеуден өткізіп қорғау қабілеті бойынша сақтайды.

Электронды жүйе бойынша берілген қабылданған ақпараттар электронды сандық қол қою оперпциясы арқылы белгіленеді. Электронды сандық қол қою ақпарат қабылдап алу үшін белгілі шарты бойынша берілген ақпараттың толық мазмұнын сақтайды. Бұл операцияға қатысушылар келісім шарты негізінде электрондық ақпараттар алмасуы мазмұнында қабылданады. Электронды құжаттар сақтандыру процессі бойынша квоталынады. Егер электрондық ақпарат сандық қол өою шартымен берілмесе, онда бұл ақпарат ақша аударудың төлемдік мазмұны болып табылмайды және қабылдауға жатпайды. Ал егер ақпарат қабылдаушы ақпарат жіберуінің жіберген ақпаратын қайтарса, онда Қазақстан Республикасының ақша аудару заңдылығы бойынша себебін көосетуге міндетті. Электронды төлем құжатын жүргізуші банк бугалтерлік есепті ішкі есептік саясаттың талабына сай жүргізеді. Ақпарат жіберуші ақпарат қабылдаған міндетті түрде хабардың толық мазмұнына қабылданғандығын анқтайтын түбірлік бекіту құжатын алуы қажет. Бекіту құжаты электрондық хабар ретінде немесе қағаз жүзінде беріледі. Электрондық құжаттар келісім шартта көрсетілген талаптар мазмұны бойынша сақталып қорғалады. Төлем операцияларының электрондық ақпарат мазмұны қағаздық басыламдар арқылы бекітіледі. Қағаздардың басылымдық мазмұны Қазақстан Республикасы бекіткен заңдар талабына сай орындалады.. Электронды құжаттарды сақтау мерзімін Қазақстан Республикасының заңдарына байланысты банк қызметінің ішкі саясатының басқару тәртібі болып қабылданады.

Банкаралық есеп айрысудың Қазыналық орталығы арқылы электронды төлем талаптары бойынша ақша аудару процессін жүргізеді. Ірі төлемдер жүйесі есеп айрысудың әр түрінен дебиттік және кредиттік есептеу жолымен есеп айрысу қызметін жүргізеді. Ұлттық Банк есептік шотында ақша аудару операцияларына байланысты ашылған корреспондентік шот жұмыс істейді.

Ұлттық Банк есептік шотына сәйкес аударма жіберуші банкпен аударма алушы банктің есеп айрысу принципі негізінде жүргізіледі.

Ірі төлем жүйесі арқылы жүргізілетін төлем процессі пайдалану мен жіберушінің талабы бойынша операция күнінің мерзімінде жіберіледі. Банкаралық есеп айрысудың қазынылық орталығы арқылы жүргізілетін электрондық ақпараттар өңделіп қалдықтар анықталып Ұлттық Банк есеп шотының жүргізілу тәртібіне сәйкес орындалады. Әрбір жүргізілу операциясының мазмұнына қарай электрондық ақпараттар өзіндік мазмұнына сай арнаулы форматымен жүргізіледі. Бұл жүйелер халықаралық талапқа сай банкаралық есеп айрысудың халықаралық орталығы қазыналық ортылығы арқылы электронды төлем талаптары бойынша ақша аудару процессін жүргізеді. Халықаралық төлем жүйесінің талабына сай банкаралық ақша аудару жүйесі екі түрлі төлем жүйесініен құралады:

1) ірі төлем жүйесі;

2) бөлшек төлем жүйесі.

Төлем жүйесінің халықаралық талабына сәйкес банкаралық ақш аударудың жүйесі брутто есептік және нетто есептік жүйе бойынша ақша аударымдармен жұмыс істейді.

Ірі төлем жүйесі қаржы министрлігімен қазыналық департаментімен бірлесе отырып мынандай аудандық мәселелер шешеді:

Республикалық деңгейдегі банкаралық клирингтік жұмыстың барысы

Облыстық клиринг есептік шотының жүргізілу процессін халықаралық төлем карточкаларының есе айрысуы.

Виза және VAP карточкаларының операцияларын және олардың жүргізілу тәртібін қадағалайды.

Ірі төлем жүйесі ағымдық төлемдер жүйесін, ағымдық төлемдер тапсырысын құрастырады. Олар:

- коммуналдық төлемдер

- кәсіпорын мен ұйымның бюджеттік төлемдері

- жалақылық аударымдар

Ағымдық төлемдер жүргізудің операциялары болып банкаралық есеп айрысудың қазыналық ортылығы болып табылады. Ал қолданысты Ұлттық Банк банкаралық ақша аудару жүйесінің маниторингін бақылап отырады.

Бөлшек төлем жүйесінің негізгі орталығы болып Республикалық банкаралық клирингтік жүйесі болып саналады. Клирингтік операциялар мемлекеттік ұйым немесе есептік палаталар арқылы жүргізіледі. Есептік палалаларды басқару және бақылау Ұлттық Банктің тікелей жұмысы болып табылады. Ұлттық Банк лицензиясының келісімі бойынша банкаралық есеп айрысудың қазыналық орталығы арқылы жүргізілетін неттолық мониторингті клиринг тұтынушының талабы бойынша жабады. Орталық есеп айрысудың жұмыс уақыты аяқталғаннан кейіетұтынушының талабы бойынша жүргізілген аударымдардың өзара талабымен міндеттері немесе дебиттік кредиттік сомаларының есеп айрысу процессі жүргізіледі. Есеп айрысуда тұтынушының үлесіне таза позиция анықталып ірі төлем жүйесінде ақша аудару процессі жүргізіледі. Жұмыс толық аяқталғаннан кейін клиринг позициясыеа ірі төлем жүйесінде қалдық нөлге теңестіріледі, ал қатысушыға клиринг аударған төлемдердің электрондық төлем талабтарының жазбасын жібереді. Есептік төлем тұтынушының үлесіне клиринг жүргізілген операциялар туралы нақтылы есеп айрысуларын көрсететін ақпарат береді.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу принциптерінің бәрі төлемді жүзеге асырудағы төлеуші акцептісінің қажеттігін анықтайды. Тәжірибе жүзінде бұл төлем құжатына төлеушінің қол қоюын білдіреді. Төлеушінің бұл қолы төлеммен келіскендігін, сонымен қатар төлем құжатының барлық реквезиттерінің дұрыстығын білдіреді.

Қағаз құжаттағы төлеушінің өз қолымен қойған қолы дәстүрлі, кез-келген жерде танылған болып табылады. Қағаз көптеген жүз жылдықтар бойы төлем құжаты болып келеді. Кез-келген адам қолмен қағаз төлем құжатын жасай алады.

Егер қойылатын қол қарапайым болып, жасанды құжатты кәсіби шебер адам жасаса, онда жеке қол қойылған төлеушінің құжаты жасанды құжаттан еш сақталынбаған. Сондықтан жаппай жасанды құжат жасаудан сақтану үшін қолды мөрмен куәландырады. Мөрді дайындау, соның ішінде өте қиынын дайындау тек белгілі бір топ өкілдеріне тапсырылады және үлкен шығында қажет етеді. Сол себепті ол төлемдер ішіндегі өте қиынын дайындау тек белгілі бір топ өкілдеріне тапсырылады және үлкен шығында қажет етеді. Сол себепті ол төлемдер ішіндегі төлем құжаттарын сақтандырудың жеткілікті құралы болып табылады.

Акцептің түпнұсқасы екендігін анықтау үшін төлеушінің немесе оның банк жағынан өкілінің мұқият тексеруі қолданылады. Бұл ірі төлемдерді жүзеге асыруда акцептің түпнұсқасы екенін анықтау үшін қажет міндетті элементтердің бірі. Төлеушінің акцептін растау үшін нотариус қажет, бұл банк карточкаларын өңдеуде міндетті болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген акцептерді растаудағы әдістердің бір ерекшелігі – төлем құжатын банкіге көрсеткен кездегі пәрменділігі. Егер құжат телекоммуникациялық байланыс құралы арқылы жіберілетін болса, онда жеке қол мен мөрлер шынайы деп танылмайды.

Төлем құжаттарын компьютер мен телефон желілері арқылы қалыптастыру және жеткізу қазіргі төлем жүйесінің бөлінбес бір бөлшегі, белсенді дамып келе жатқан электрондық коммерцияның талабы болып табылады. Электронды төлем құжат акцептісінің көшірмесі электронды-цифрлы қол қою арқылы расталады. Электронды қол қою жеке қолмен жүзеге аспайды, компьютер бағдарламасының арнайы алгоритмінде қалыптасады да, электронды қол автоматты түрде қойылады. Төлем құжатының электрондық түрін қағаздық құжатқа басып шығарған кезде, ол сандарды жазды жеке материалды көрініске ие болады, әдетте қол қойылатын жерге жазылады. Электронды құжатта басылып шыққан электронды қол акцептің пәрменділігін жоғалтпайды.

Электронды қол қоюды іздестіру жүйелері математикалық алгоритмдермен, іздестірудің арнайы құрылғыларымен, сондай-ақ банкілерде алгоритмдер мен қондырғылар алу әдістері арқылы ажыратылады. Қарапайым алгоритмдер қолданушы байқамайтын принциптер бойынша қойылған қолды іздестіруді, ал күрделі алгоитмдер сандық қолдың есебіне төлем құжатының жекелеген реквизиттерін пайдаланады. Мысалы, кез келген банкілік есепшоттың күні, сомасы немесе номері жасырылады.

Төлем құжаттары банк-клиент арқылы берілетін көтерме жүйелерде арнайы «негізгі» дискетаны қолданады, ал онда электронды қолды жасайтын бір нұсқалы файл-алгоритм бар. Банкоматпен жұмыс істеген кезде пластикалық картада пин-кодтың болуы өз мәні бойынша электронды қол қою болып табылады. Мұндай қол қоюдың үлгісі карта жадына енгізіліп, сол жержен банкоматтың компьютері арқылы оқылады да, карточканың пин-кодымен салыстырылады.

Электронды қол қоюдың алгоритімі енгізілген калькулятор немесе ұялы телефон сияқты арнайы құрылғыларды қолдануға болады. Қол қою үшін бұл құрылғылардың қарапайым клавиатурасында мәліметтер теріліп, дисплейде олардың нәтижесі шығады. Нәтиже компьютер көмегімен немесе қолмен төлем құжатына көшіріледі.

Алгоритмдерді бір қағаздан екінші қағазға оңай көшіруге, соның ішінде банкінің интернет-сайтынан немесе жазылмаған таза дискетаға көшіріп сақтауға, калькулятор сияқты кішкене құрылғыларға енгізіп қоюға болады. Көтерме төлем жүйесінде алгоритмдер банкіден тікелей клиентке беріледі, ал бөлшек жүйелерде банк сайттарына көшіруге болады. Электронды қол қою төлеуші акцептісінің ең мықты қорғаушысы болып табылады, себебі жеке қол қою мен мөрді жасауға қарағанда алгоритмдерді шешуге көп уақыт кетеді. Оның негізінде төлем құжатының акцепті автоматты түрде тексеріледі, ал жеке қол қоюды тексеруге ұзақ уақыт пен операция жасаушыладың көп күші жұмсалады.


Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Ақшалай есеп айрысудың негізгі түрлері.

  2. Төлем тапсырмасына анықтама беріңіз.

  3. Чекпен есеп айрысу.

  4. Вексельдің мәні және түрлері.

  5. Аккредитивпен есеп айрысу түрі.


Студенттердің өздік жұмысына арналған рефераттардың тақырыптары:


  1. Қазақстан Республикасында қолма-қолсыз есеп айрысудың түрлері.

  2. Чекпен есеп айрысу түрінің перспективасы.

  3. Төлем құралдарын рәсімдеудің ерекшеліктері.



3 БАНКАРАЛЫҚ ЕСЕП АЙРЫСУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ



3.1 Банкаралық корреспонденттік шоттарды ашу тәртібі
Корреспонденттік қатынас – бұл екі немесе бірнеше несиелік мекемелер арасында олардың бірінің тапсырысы және екіншісінің қаржысы есебінен төлемдерді және есеп айырысуды, сондай-ақ несие ұсыну, инвестициялық қызмет көрсету туралы келісім жұзіндегі қатынас. Сонымен қатар ірі корреспондент-банктер неғұрлым ұсақ банктерге инвестициялық қоржынды басқару бойынша кеңестер беріп, олардың тапсырысы негізінде бағалы қағаздарды сатады, сатып алады, сақтайды және басқарады.

Корреспонденттік байланыстардың дамуы тіптен банктің жаңа бөлімшесін ашу сияқты бірнеше жеңілдіктер бере алады, бірақ бұл кезде банк өзінің құқықтық еркіндігін және өткізілген операцияларға бақылау жүргізуін сақтайды.

Мемлекет банктерінің қазіргі кездегі есеп айырысулары міндетті түрде ҚР Ұлттық банкінің филиалдарында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүргізіледі, сондай-ақ банктің қалауы бойынша елдің басқа да, жақын және алыс шетелдің банктерімен тікелей корреспонденттік қатынастар құру арқылы жүргізілуі мүмкін.

26.10.2000 ж. №348 банк операцияларының жекелеген түрлерімен айналысатын банктер мен ұйымдар арасында корреспонденттік қатынасты қалыптастыру туралы ережеде төмендегідей анықтама берілген: «корреспонденттік қатынас – банктер арасындағы келісім, соған сәйкес оның біреуі (корреспондент) басқа да операциялар бойынша қызмет көрсетеді».

Банкаралық қызметтің осындай нысанын жүзеге асыру үшін, несиелік ұйымдар келісім негізінде бір-біріне корреспонденттік шот ашады.

Корреспонденттік шот – жасалған корреспонденттік шот негізінде бір банктің тапсырысы және екінші банктің қаржысы есебінен жүргізілетін есеп айырысулар көрсетілетін шот.

Корреспонденттік шот арқылы банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастырудың екі нұсқасы бар:


  • орталықтандырылған – бұл кезде банктер арасындағы есеп айырысу міндетті түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде ашылған олардың корреспонденттік шоттары арқылы жүргізіледі;

  • орталықтандырылмаған немесе неғұрлым либералды-коммерциялық банктердің бір-бірімен өзара қатынасын қарастырады.

Біздің елімізде банкаралық қатынастар бірінші нұсқаға негізделген.

Банкаралық корреспонденттік қатынастар үдерісінде есеп айырысуларға қойылатын негізгі талаптар жеткілікті жылдамдық және болжанған төлемдер, жоғары сенімділік, қауіпсіздік, экономикалық тиімділік және қолданушылардың тұтынуына сәйкес олардың әр түрлілігі.

Банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастыруға – олардың өткізу нақтылығына, уақытты және өткізудің еңбек сыйымдылығын қысқартуға қатысты жоғары талаптар қойылады. Банктер экономиканың әр түрлі субъектілер арасындағы есеп айырысулар тізбегінде бастапқы және ақырғы буын болып табылатындықтан, оларды банктер арасындағы есеп айырысу жүйесі болмаса өткізу мүмкін болмас еді.

Басты қағида – басқа банктермен, соның ішінде клиент төлемдері бойынша есеп айырысуды толық мөлшерде, үздіксіз жүргізуді қамтамасыз ететін банктің өзіндік өтімділігін (коррепспонденттік қатынаста қаржының болуын) сақтау. Банкаралық есеп айырысудың дұрыс жүргізілуіне бақылау жасау қағидасы да жоғары маңыз алады. Оның спецификасы мен ерекше ролі - өткізілген сомалардың сақталуы мен бірыңғайлығын үнемі өзара бақылауда, біріншіден, клиенттердің банктегі шоттары бойынша және банктердің ҚРҰБ-дағы корреспонденттік шоттары бойынша, екіншіден, есеп айырысуға қатысушылардың өздерінің – коммерциялық корреспонденттік банктердің өз араларындағы есеп айырысу кезіндегі шоттар бойынша және баланстар бойынша, сондай-ақ ҚРҰБ арқылы есеп айырысуларда.

ҚРҰБ филиалдарының негізгі функциясы – корреспоедннттік шоттарды қолдана отырып әр түрлі банк мекемелері арасында есеп айырысуларды жүргізу болып табылады. Коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысулар олардың ҚРҰБ ашқан корршоттары арқылы көрсетіледі. Басқа коммерциялық банктер мен олардың филиалдарында ашылған корршоттар арқылы есеп айырысулар Қазақстанда 1997 жылдан бастап ендіріле бастады. Казкоммерцбанк, ТұранӘлемБанк, HSBK, ЦентрКредитБанк және басқа да ірі банктердің корреспонденттік қатынастары неғұрлым жан-жақты.

Банкаралық корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысудың ерекшеліктері:



  • бұл басқа банк клиенттерімен тұрақты келісімдік қатынасы бар клиенттердің мүддесіне сай келеді;

  • олар тура жүзеге асырылатындықтан есеп айырысулар айтарлықтай жеделдетіледі;

  • жан-жақты корреспонденттік қатынастар кезінде қандайда бір ірі банкте шот ашу арқылы клирингті жүзеге асыру – банктердің өзара талаптарын ескеру шарттары пайда болады;

  • корреспондент банктер арасында клиринг жүргізу корреспонденттік шоттағы қаржылар қалдығын азайтуға мүмкіндік береді;

  • нарықта белсенді қызмет етуге және қаржылық құралдарының толық жиынтығын қолдануға мүмкіндікті көбейтеді. Бір жағынан, ірі банктер корреспонденттік шоттар қалдығы ретінде айтарлықтай қаржы тартып оны, әр түрлі операцияларға қолдана алады. Ірі корреспонденттік желі ірі банкке вексель айналымын дамытуға мүмкіндік береді. Екінші жағына, клиент банктер корреспонденттік шот қалдығын қолдана отырып, бас банк жүзеге асыратын операциялар есебінен несие алады.

Корреспонденттік қатынастардың әр тарабы өздерінде бар деректер негізінде корреспонденттік шот бойынша операциялар есебін еркін жүргізеді. Ай сайын корреспондент банк корреспонденттік шот қалдығын бекітеді.

Банктер арасындағы есеп айырысуды арнайы осы мақсатқа құрылған ҚРҰБ органы – Қазақстан Банкаралық есеп айырысу Орталығы (ҚБЕО) жүргізеді. ҚБЕО – заңды тұлға, құрылтайшысы және өкілетті органы – Ұлттық банк табылады. ҰБ ҚБЕО №252 30.12.95 жылғы банктік жүйені реформалау бағдарламасына сәйкес ҰБ Басқармасының шешімімен құрылған.ҚБЕО әділет органында қайта тіркеуден өткен және шаруашылық жүргізу негізінде республикалық мемлекеттік кәсіпорын нысанын иемденген. Оның банктік шоты, гербті мөрі, мөртабаны және қазақ және орыс тілдерінде аты жазылған фирмалық бланкілері бар.

ҚБЕО – еркін шаруашылықты субъект, банктік емес қаржылық мекеме. ҚБЕО негізгі қызметі банкаралық төлемдерді және банкаралық аударымдар жүйесі (БААЖ) және бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) арқылы аударымдарды жүзеге асырады.

Көрсетілген қызметтер үшін клиенттер төлейтін төлемдер ҰБ ҚБЕО кірістерінің негізгі бабынан саналады.

ҚБЕО мақсаты тиімді, тұрақты, қауіпсіз банкаралық төлем жүйесі негізінде банктік қызметтің негізгі қажеттілігін қамтамасыз ету.

ҚБЕО-мен жүйеге қатысуға келісім жасалған соң банк пайдаланушы статусын иемденеді. Пайдаланушы келісім жасау үшін орталыққа келесі құжаттарды ұсынады:



  • жүйеге қосуға өтініш;

  • банк жарғысының және банктік операциялар жүргізуге лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

Аталған келісім негізінде деректемелері мыналар болып табылады:

  • тараптардың деректемелері;

  • тараптардың құқықтары мен міндеттері;

  • пайдаланушының банктік құпиясының мәні болып табылатын ақпарат құпиялығын сақтау талаптары;

  • клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару мерзімдері және тәсілдері;

  • келісім талаптарының орындалмауына тараптардың жауапкершілігі;

  • келісімді бұзу және келісім талаптарын өзгерту тәртібі;

  • тараптардың келісуі бойынша басқа талаптар.

Келісімде банкті пайдаланушы статусынан келісімді бұзбай уақытша айыру жағдайы көзделуі мүмкін.

Пайдаланушылар мен орталық арасындағы электронды хабарламалар алмасу ҚР ҰБ бекітуімен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес электронды тәсілде жүргізіледі.

Операциялық күн ішінде ҚБЕО пайдаланушылардан төлем құжаттарын қабылдайды, бұл кездегі операциялық күннің ұзақтығы және оның жабылу уақыты ҰБ және оның пайдаланушыларымен жазбаша түрде келісімі бойынша белгіленеді. Операциялық күн аяқталған соң алынған төлем құжаттары келесі операциялық күн басында алынған болып саналады.

ҚБЕО төлем құжаттарының қабылдануын операциялық күн аяқталғаннан соң тоқтатады, өзара талаптар мен міндеттемелердің есебін жүргізеді, сондай-ақ әр қолданушының таза позициясын анықтайды. Одан ҚБЕО клирингте қолданушының таза позициясын анықтайды. Одан ҚБЕО клирингте қолданушының ақшасы болмауы себепті өңделмеген құжаттарды ағымды жұмыс күнін белгілеп жояды, сондай-ақ таза дебеттік позициясы бар қолданушылардың ақша сомасын ақша аударымдарының банкаралық жүйесінде оған тең дебеттің таза пайдасын резервтейді.

Корреспонденттік шот ашу үшін Ұлттық банк филиалына коммерциялық банк шоташуға өтінішті, жарғы көшірмесін және қол үлгісі мен мөр басылым карточкасын нотариалды түрде куәландырып ұсынады. Осы құжаттармен қатар іске корреспонденттік қатынас туралы келісім қосылды. Одан әрі Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық Орталығымен жасалған келісім және аталған банкті Банкаралық ақша аударымдарының жүйесіне қосуға Ұлттық банктің рұқсаты тіркеледі.

Жоғарыда талған құжаттар қабылданған соң, банктердің корршотының көмекші есебі жүргізіледі. Ұлттық банк филиалының Банктік қадағалау Департаментінің өкімі бойынша банкке банктік жеке код белгіленеді, ашылған банктің жарғылық қорына ақша аударымы үшін дербес шот ашады.

Корреспонденттік шот иелері туралы мәліметтерді Ұлттық банк филиалы корршот журналына енгізеді. Банктің жазбаша хаты бойынша Ұлттық банк оның бас кеңсесі немесе филиалы орналасқан мекенжайда нақты ақшамен операция өткізу үшін оған аша алады.

Төлем тапсырмасын жолдау немесе өңдеу кезінде жіберілген қателіктер, қорғау әрекетінің рәсімдерін бұрмалау немесе оны жолдауға банктің жауапты қызметкерлерінің өкілеттілігінің болмауы туралы фактілерді банк шұғыл түрде Ұлттық банк филиалына хабарлауға тиіс. Филиал банкпен бірге аталған деректерді жою бойынша деректер анықталған күннің келесі операциялық күнінен кешіктірмей шара қабылдауы тиіс. Коммерциялық банктің ҚР Ұлттық банкінде бір корреспонденттік шоты болуы тиіс.

Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу – кассалық операциялар мынадай түрлерге бөлінеді:


  • банктік шоттар ашу;

  • ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;

  • алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиіс, ұлттық валютадағы аударым операциялары;

  • төлемнің шартын өзгерту не қайтару;

  • валюталық операцияларға бақылау жасау;

  • шоттың архивін беру;

  • шоттан қолма-қол ақша беру;

  • ұсақ ақшаларды ірілеп беру;

  • банктің кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол ақшаларды инкассациялау;

  • құндылықтарды жеткізіп беру.

Отандық банктер есеп айырысу операцияларын ұйымдастырушылар болып табылады.

Есеп айырысу операциялары мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

Есеп айырысу субъектілеріне қарай:

- банктік емес секторлар (шаруашылық субъектілері) арасындағы банктер арқылы есеп айырысулар;

- жеке сектор – үй шаруашылықтарының банктер арқылы есеп айырысулар;

- банктік сектор – банкаралық есеп айырысулар.

Есеп айырысу объектілеріне қарай:

- тауарлы операциялар бойынша есеп айырысулар;

- бюджет және басқа бюджеттен тыс қорлармен аударымдар;

- банк ссудалары, вексельдері және басқа да міндеттемелер бойынша төлемдер.

Есеп айырысу аумағына қарай:

1. Мемлекет ішіндегі есеп айырысулар, оның ішінде:

- бір қаланың ішінде;

- қаладан тыс жерлерде, аудандарда, ауылда;

2. Мемлекет арасында (халықаралық) есеп айырысулар.

Есеп айырысу уақытына қарай:

- сауда операциясы басталғанға дейінгі (аванстық) төлемдер;

- мәміле жасалған соң, мерзімді төлемдер;

- коммерциялық несие шартында, яғни мәміле жасалған соң белгілі бір уақыттан кейінгі төлемдер;

- мерзімінен бұрын, яғни келіскен мерзімге дейін;

- ашық шот бойынша (жоспарлы), яғни тауарларды алған сайын үздіксіз төлемдер;

- мерзімі кейінге қалдырылған, яғни бастапқы мерзімін ұзарту жолымен;

- мерзімі өтіп кеткен төлемдер, яғни төлем уақыты кешіктірілген.

Есеп айырысу жүйелеріне қарай:

- пошта байланысы арқылы;

- телеграф-телетайп байланысы арқылы;

- телефон байланысы арқылы;

- электрондық байланыстар арқылы;

- SWIFT (Дүниежүзілік банкаралық телекомуникация қоғамы) жүйесі арқылы.

Есеп айырысу формаларына қарай:

1. Қолма-қолсыз аударымдар (банктік), оның ішінде:

- кредиттік;

- дебеттік;

- ашық шот арқылы;

- аккредетив;

- инкассо.

2. Қолма-қол ақшалар (банкнота және монеталар) арқылы;

Есеп айырысу тәсіліне қарай:

- толық есеп айырысулар;

- жартылай есеп айырысу;

- өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу (клиринг) арқылы есеп айырысулар.

Есеп айырысу құралдарына қарай:

1. Кредиттік аударымның құралдарымен есеп айырысулар, оның ішінде:

- төлем тапсырмасымен.

2. Дебеттік аударымдар құралдарымен есеп айырысулар, оның ішінде:

- төлем талап-тапсырмасы;

- чек;

- вексель;



- инкассалық өкімдер.

3. Аралас құралдар арқылы есеп айырысулар, яғни бірде дебеттік, бірде кредиттік аударымдар түрінде болатын: аккредитив, пластикалық карточкалар, банктік аударымдар жатады.

Есеп айырысу шамасына қарай:

- ірі төлемдер;

- ұсақ төлемдер.

Есеп айырысу кезектілігіне қарай:

- жалақы, бюджет, сақтандыру;

- материалдық құндылықтар үшін төлемдер;

- ссудалар үшін төлемдер;

- сот шешімі бойынша төлем құжаттарымен есеп айырысулар.

Шаруашылықтағы өнімді жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасындағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың жүзеге асырылуы барысында банктер арасында өзара есеп айырысулар туындайды. Банкаралық есеп айырысулар төлеуші мен қаражатты алушы әр түрлі банкте қызмет көрсетілген жағдайда туындайды. Мұндай есеп айырысулар бүгінгі күні корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылады.

Нарық экономикасында өтуге байланысты, яғни көптеген дербес коммерциялық банктер құрылып, жұмыс жасауына байланысты банкаралық есеп айырысу жүйесі толық өзгеріске ұшырады. Бұл өзгеріс банктер арасында өзара корреспонденттік қатынасқа түсуге әкелді.

Корреспонденттік шотта банктердің меншікті қаражаттары және оның клиенттерінің несиелік, есеп айырысу және кассалық қызмет көрсетуіне байланысты операциялары көрсетіледі. Мұндай операцияларға:


  • банк клиенттерінің ақшалай қаражаттарына аудару және есптеу;

  • банк клиенттерінің бюджетпен, зейнетақы қорларымен және басқа ұйымдармен есеп айырысулар;

  • клиенттерге қолма-қол ақша беру және қабылдау;

  • банкаралық займдар және депозиттер, бағалы қағаздар;

  • ҰБ-пен кассалық операциялар;

  • берілген несиелер үшін алынған пайыздар және басқа табыстар;

  • депозиттік шоттар бойынша пайыздар төлеу;

  • банктің өзінің бюджетке төлемдері;

  • банктің басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстары т.б. жатады.

Корреспонденттік шотты ашу үшін банктер мынадай құжаттарды Ұлттық банкке табыс етеді:

  • корреспонденттік шот ашуы туралы өтініш;

  • банк жарғысының көшірмесі;

  • банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензияның көшірмесі;

  • қолдары мен мөрінің үлгісі бар карточка (нотариуспен куәландырылған).

Жоғарыдағы ережеге сәйкес, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерді шот ашуы мынадай құжаттарды талап етіледі:

1. Резидент-заңды тұлғалар үшін:



  • Жарғысының көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

  • Статистикалық карточка;

  • Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

  • СТТН (салық төлеушінің тіркеу номері) көшірмесі;

  • Филиалдар мен өкілеттік үшін, резидент-заңды тұлғаның басшыларына берілген сенім-хаттың көшірмесі;

  • Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін ҚР Қаржы Министрлігінің рұқсат қағазы;

  • Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған, 3 дана);

  • Қол қоюшы тұлғаларға арналған бұйрықтың көшірмесі мен олардың төл құжаттары мен СТТН;

  • Банктік шот ашу туралы өтініш;

  • Банктік шот туралы келісім-шарт.

2. Резидент емес заңды тұлғалар үшін:

  • Мемлекеттік немесе орыс тілінде дайындалған, Филиал немесе өкілеттік туралы ереженің көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

  • Статистикалық карточка;

  • Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

  • СТТН көшірмесі:

  • Филиалдар мен өкілдіктер үшін, резидент емес заңды тұлғаның олардың басшыларына берілген сенім-хаттың көшірмесі;

  • Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;

  • Жеке куәлігі (көшірмесі);

  • Банктік шот ашу туралы өтініш;

  • Банктік шот туралы келісім-шарт.

3. Шаруа (фермер) шаруашылығы:

  • Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

  • СТТН көшірмесі;

  • Жерді пайдалануға жер бөлімшесін беру туралы құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған);

  • Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;

  • Жеке куәлігі (көшірмесі);

  • Банктік шот ашу туралы өтініш;

  • Банктік шот туралы келісім*шарт.

      1. Жеке кәсіпкер үшін:

  • Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

  • СТТН көшірмесі;

  • Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;

  • Жеке куәлігі (көшірмесі);

  • Банктік шоташу туралы өтініш;

  • Банктік шот туралы келісім-шарт.

      1. Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктер үшін:

  • ҚР Сыртқы істер министрлігінен берілген, оның аккредитациясын растайтын құжаттың көшірмесі;

  • Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;

  • Жеке куәлігі (көшірмесі);

  • Банктік шот ашу туралы өтініш;

  • Банктік шот туралы келісім-шарт.

      1. Жеке тұлға үшін:

  • Жеке куәлігі (көшірмесі);

  • СТТН көшірмесі;

  • Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;

  • Банктік шот ашу туралы өтініш;

  • Банктік шот туралы келісім-шарт.


3.2 Халықаралық банкаралық корреспонденттік қатынастар
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес Ұлттық банкінің құзырлығына сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру жүктелген. Қазақстанда және халықаралық банктік тәжірибеде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шетел валютасымен кез келген операцияларды Ұлттық банкінің жүзеге асыруға құқығы бар. Орталық банк деңгейінде мемлекетаралық қызметті жүзеге асыру барысында, яғни басқа елдердің орталық банктерінде және халықаралық қаржы-несие институттарында Қазақстан Ұлттық банкісінің мүддесі ескеріледі. Қазақстан аумағында шетелдердің қатысуымен банктердің немесе еншілес банктердің, сондай-ақ шетел банктерінің өкілеттіктерінің ашылуына және банкаралық корреспонденттік қатынасқа түсу үшін Ұлттық банк лицензия береді.

2010 жылдың шілде айына дейін халықаралық есеп айырысулар ұшін корреспонденттік шоттар бойынша операциялар есебі үшін келесі шоттар қарастырылған:

- Бөлімшенің баланстық шоты 1050 «Банктің корреспонденттік шоты»;

1051 Банктің ҚРҰБ корреспонденттік шот;

1052 Банктің басқа банктердегі корреспонденттік шоты;

- Бөлімшіенің баланстық шоттары:

2010 корреспонденттік есепшоттар;

2011 ҚРҰБ талап етуі бойынша салымдары;

2012 шетелдік орталық банктердің талап етуі бойынша салымдары;

2013 басқа банктердің талап етуі бойынша салымдары;

2020 басқа банктердің сыйақы есептелген талап ету бойынша салымдары;

2021 ҚРҰБ корреспонденттік есепшоттары;

2022 шетелдік орталық банктердің корреспонденттік есепшоттары;

2023 басқа банктердің корреспонденттік есепшоттары.

Халықаралық есеп айырысуды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:


  1. Ностро шоты (біздің шотымыз сізде) – банк корреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот;

  2. Лоро шоты (сіздің шотыңыз бізде) коммерциялық банкте банк-корреспонденттің атына ашылған ағымдық шот.

«Ностро» типтес шоттарды қандайда бір банктер корреспонденттік банктерде ашады, ал «Лоро» типтес шоттар – респондент банктердің атына ашылады, сонымен қатар аталған шоттар өзара негізде, сондай-ақ бір жақты да ашылуы мүмкін. Бір банктегі «Ностро» шоты корреспондент банктегі «Лоро» шоты болып табылады.

Халықаралық экономикалық қатынастардағы барлық операциялар мынадай қосымша тәуекелдермен байланысты:



  • шетелдік сатып алушылардың тауарды тасымалдау барысында уақыт тәуекелі. Егер сатып алушы тауарды алғанға дейін төлемесе, онда ақшасын күткен жабдықтаушы үшін, төлейтін уақыт, ұзақ мерзімге созылуы мүмкін;

  • басқа елдің заңын, ережелері мен дәстүрін жете білмеу. Шынында да экспортер шетелдік клиенттің бизнес дәстүрі мен әдіс-тәсілін толық түсінбейтіндігін мойындап, одан келісім-шартқа сай төлемді уақытында алатынына сенімсіз болуы мүмкін;

  • өз елінде экспорттық және импорттық сауданы шектеуге байланысты үкіметтің іс-әрекеті. Басқаша айтқанда, экспортердің шетелдік сатып алушысының төлемінің кешігуіне немесе тыйым салуына әкеліп соғатын, валюталық реттеуге байланысты қаулы енгізілуі мүмкін;

  • валюталардың айырбас бағамдарының ауытқуы. Экспортер, яғни шетелдік сатып алушыға шетел валютасындағы шот-фактурасын беруші валюталардың арасындағы айырбас бағамына қатысты өзгеріске байланысты көзге көрінбейтін зиян шегу мүмкін.

Халықаралық есепайырысуда төлемдердің әр түрлі әдістері жоғарыдағы аталған тәуекелдерді есепке ала отырып қарастырылуы тиіс. Жоғарыда көрсетілгендей, экспорттық тауарларды төлеу барысында үкіметтің қолданылатын тәуекелдерінен сақтануға болады. Халықаралық есепайырысуда сатып алушы мен сатушы арасында келісілген төлем әдістері мен осы төлемдерді іске асыратын есеп айырысу әдісінің құралдарын ажыратуы тиіс.

Экспортер мен импортер сауда контрактісін жасау барысында төлемнің орны мен есеп айырысу әдістерін келісуі қажет. Ондай төлем әдістеріне мыналар жатады:



  • аванстық төлем;

  • қайтарылмайтын аккредитив;

  • тауарды тиеген соң төлеу;

  • құжатты инкасса;

  • ашық шот бойынша сауда.

Пайдаланылатын төлем әдісі сатып алушы мен сатушы арасындағы келісім-шартқа және елдердің арасындағы банктік келісімдерге байланысты болып келеді.

Есеп айырысу әдісі ретінде чектер, аудармалы вексельдер, банктік тратталар, пошталық төлем тапсырмалары, телеграфтық, телекстік төлем тапсырмалары, инструкциялар, SWIFT жүйесі, халықаралық ақшалай төлемдер қолданылды.


Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. «Корреспонденттік шотқа» анықтама бер.

2. Банкаралық есеп айрысу әдістерін ұйымдастыру.

3. Корреспонденттік шот бойынша өткізілетін операцияларды атаңыз.

4. Корреспонденттік шотты ашуға арналған құжаттар пакеті.

5. Бас валюталық лицензияның мәнін ашу.


  1. «Ностро», «лоро» шоттары.


Студенттердің өздік жұмысына арналған рефераттардың тақырыптары:
1. Халықаралық корреспонденттік қатынас.

2. Банкаралық корреспонденттік қатынас тәуекелдері.

3. Банкаралық корреспонденттік қатынас: мәселелері және даму перспективалары.

4 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫ АҚША АУДАРУ ЖҮЙЕСІ
4.1 Халықаралық банкаралық есеп айрысулардың электрондық жүйесі

Халықаралық есеп айырысуда клиенттердің төлем тапсырысы клиент пен банк арасындағы қарым-қатынасты тіркеу үшін, яғни жүйеге қатысушылар үшін керек.

Халықаралық сауда-қаржылық айналымда SWIFT - әлемдік банкаралық қаржылық телекоммуникациялар қауымдастығы – қаржылық телекомуникация саласында жетекші халықаралық ұйым болып табылады. SWIFT қызметінің негізгі бағыты банктер үшін жедел, сенімді, шешімді, құпия және санкцияланбаған кіруден қорғайтын телекоммуникациялық қызметті ұсыну және қаржылық ақпаратты алмасу әдістемелері мен нысандарын стандарттау бойынша жұмыс жүргізу.

1950-жылдардың аяғында халықаралық сауданың күрт өсуі нәтижесінде банктік операциялар саны көбейе бастады. Банктер арасында қалыптасқан байланыс (пошта, телеграф) банктік ақпарат көлемі мен қызметін келістіре алмады. Әр банктегі әр түрлі банктік рәсімдер құжаттар сәйкессіздігін туғызды, банкаралық операцияларды өткізудегі қателіктерді қайталап түзетуге көп уақыт жұмсалды. Қағаз жеткізушілердегі ақпараттың шексіз өсуіне қалыпты реакция автоматтандыру болып табылады. Банктік автоматтандыру жүйесінің даму қарқынына байланысты банктік жүйелер арасында қағазсыз ақпарат алмасу қажеттілігі туындады. Сол кездегі іс қағаздарының ерекшеліктері мен құрылымындағы айырмашылығы жеткілікті сенімді деңгейде жұмыс істейтін интегралды байланыс жүйесі мен ақпараттық өңдеуді ұсына алмады. Сонымен қатар банкаралық қатынастарда стандарттау жүйесі болмады.

Жұмыстың неғұрлым тиімді құрылдарын іздестіру 1960 жылдардың басында америкалық және еуропалық банкті халықаралық банк ісінде стандарттау жүйесін қалыптастыру мақсатында пікірталасқа жиналуға мәжбүр етті. Мұнда соңғы мақсат ретінде компьютерлерді қолдану, банктік ақпараттарды жолдаудың неғұрлым сенімді, жылдам және қауіпсіз жүйесін құруда телекомуникация құралдарын қолдану туралы шешім қабылданды. Жоба негізіне келесі талаптар алынған:

- төлем операциялары қағаздың қатысынсыз неғұрлым тиімді жүзеге асыру керек;

- банктер арасында ақпарат алмасу тікелей коммуникация құралдарын қолдану арқылы неғұрлым жеделдетуге тиіс;

- типтік банктік тәуекелдік төмендетілуі тиіс (мысалы, жоғалтулар, төлемдерді қателесіп жолдау, төлем тапсырмаларының жалғандығы ).

Өз қатысушыларына тәулік бойы жоғары жылдамдықта банктік ақпарат алмасуын, санкцияланбаған қорғау және бақылау деңгейі бар қызметті қамтамасыз ететін халықаралық жоба құру ұсынысы 1968 жылы жасалды. Одан сәл кешірек, 1972 жылы бұл ұсыныс ресми түрде жобаға рәсімделді. Сол жылы банктік ақпаратты айырбастаудың пайдалы жүйесін құру бойынша ұсыныстар түсті.

Олар:


- жүйе халықаралық торап құру және қызмет көрсетудің тораптық қызметіне негізделуі тиіс;

- үдерістерді стандарттауға, сондай-ақ хабарлар піщімін станттау, банктерді торапқа қосу әдістері мен жабдықтарын стандарттау;

- құны 0,15 доллар тұратын хабарды жолдау кезінде, пайданы қамтамасыз ету үшін жүйе күніне 70 банктің қатысуымен 100000-нан кем емес хабардар өңдеуі тиіс.

1973 жылы мамырда 15 елдің 239 банкі Бельгия заңдылығына сәйкес қаржылық ақпаратты алмасудың нысанды әдістерін даярлау және стандартталған хабарларды қолданып деректерді жолдаудың халықаралық торабын құру мақсатында SWIFT құрылды. Келесі төрт жыл ұйымдастыру және техникалық мәселелерді шешуге арналды, ал 1977 9 мамырда торап ресми түрде ашылды. Жыл соңында мүше-банктер 586-ға дейін өсті (513-тен). Олар күнделікті трафикті 500000 хабарға дейін жеткізді. SWIFT болашаққа негізделген банктік коммуникациялық торап ретінде клирингтік қызметтерді атқарады. Жолданатын тапсырыстар аударым түрі ретінде тиісті «Ностро» және «Лоро» шоттары бойынша, сондай-ақ дәстүрлі төлем құжаттарын қолдану негізінде де есептеледі.



Каталог: ebook -> umm
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе Дәріс мазмұны
umm -> Пән бойынша глоссарий анимизм
umm -> Шұжық және консерві өндірісі
umm -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті
umm -> Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umm -> Ќазаќстан республикасы
umm -> Адам құқықтары туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады
umm -> Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан әрі жетілдіруді талап етеді
umm -> Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет