Работа по созданию системы, работающей в режиме реального времени, была начата Национальным Банком рк в 1995 году


Сондай-ақ аймақтар бойынша мамандандырылған басқа да электронды жүйелер қызмет етеді: WESTERN UNION, ЮНИСТРИМ, MoneyGram, CHIPS and FEDWIRE (АҚШ), SIC(Швейцария), CHAPS (Ұлыбритания)



жүктеу 1.72 Mb.
бет3/8
Дата29.08.2018
өлшемі1.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Сондай-ақ аймақтар бойынша мамандандырылған басқа да электронды жүйелер қызмет етеді: WESTERN UNION, ЮНИСТРИМ, MoneyGram, CHIPS and FEDWIRE (АҚШ), SIC(Швейцария), CHAPS (Ұлыбритания).


WESTERN UNION – дүниежүзінде танымал жылдам аударымдар жүйесі. WESTERN UNION компаниясының негізі 150 жылдан астам уақыт бұрын қаланған және дүниежүзі бойынша 200-ден астам елде 270 мыңнан аса пункті бар, соның ішінде Қазақстан Республикасы да бар, Әр айлық айналымы 70 миллион АҚШ доллары шамасында. Елімізде WESTERN UNION корпорациясымен «БанкЦентрКредит» ААҚ, Алматы сауда-қаржы банкі сияқты банктер ынтымақтаса қызмет етуде. Жүйенің басты қызметі - WESTERN UNION қызмет көрсететін әлемнің кез келген нүктесіне ақша аударымдарын жүзеге асыру бойынша жеке тұлғаларға (резидент және бейрезиденттерге) қызмет көрсету. Бұл жүйе бойынша ақша аударымдары банктік шот ашпастан және нақты ақша түрінде жүзеге асырылады. Аударым жіберілгеннен кейін 10 минуттан соң дайын болады. Аударым жасау алушының аты-жөні және дәл сол уақытта ол жүрген ел аты жеткілікті. Қаржы алушыға аударымның сұрақ-жауап түріндегі бақылау поролін білдіретін бақылау номерін хабарласа жеткілікті.

Жүйенің артықшылықтары:



  • бүкіл әлем бойынша желісі кең;

  • ақшаны жібергеннен кейін бірнеше минуттан соң-ақ алуға болады;

  • шот ашудың қажеті жоқ немесе кредиттік карточкаңыздың болуы міндетті емес;

  • Аударымдар АҚШ долларында, теңгеде жасалады және төленеді.

Ақша аудару үшін қажет:



  • Жеке басыңызды куәландыратын құжатты және Салық төлеушінің тіркеу нөмірін (резидент болмаса, нөмір болған жағдайда) көрсету;

  • Алушының аты-жөнін көрсетіп, «Ақша жіберуге өтінішті» толтыру.

Ақша аударымын алу үшін қажет:

  • Жеке басыңызды куәландыратын құжатты және Салық төлеушінің тіркеу нөмірін (резидент болмаса, нөмір болған жағдайда) көрсету;

  • Жіберушінің аты-жөнін, күтілетін соманы, ақша жіберілген қала мен елді көрсетіп, «Ақша алуға өтінішті өтінішті» толтыру.

Қазақстан Республикасының ТМД елдеріне: Әзірбайжанға, Арменияға, Белоруссияға Грузияға, Қырғызстанға, Молдоваға, Ресейге, Тәжікстанға, Түркіменстанға, Өзбекстанға, Украинаға ақша аударымдарын жіберу (АҚШ долларымен).

Қосымша қызметтер (жіберушінің қалауымен):


  • Чекті алушының үйіне жеткізу;

  • Телеграф/телефон арқылы хабарлау;

  • Хабар (көп дегенде 20 сөз).

Қосымша ақпарат - (727) 250-30-20 телефоны арқылы.
Western Union халықаралық ақша аударым жүйесі

«Цеснабанк» АҚ Сіздерге «Western Union» төлем жүйесі бойынша АҚШ долларында ең жылдам аударымды ұсынады. Жүйе 15 минуттың ішінде әлемнің 200 мемлекетіне ақшаны жылдам әрі сапалы жіберуді қамтамасыз етеді. «Western Union» жүйесі бойынша ақша алу мен аудару үшін ең аз құжаттар – жеке куәлік пен СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі) ғана талап етіледі.

Бүгінгі күнде «Western Union» жүйесі бойынша аударымдарды төлеу және жіберу бойынша операция тек халықаралық қана болып келмейді, сондай–ақ Қазақстан Республикасының ішкі аймағында жүргізіледі!

Western Union жүйесі арқылы аударымдар – жылдам және сапалы!

Алматы: Қазақстанда алғашқы мамандандырылған Western Union орталығы 2006 жылы ашылды.


Бүгін Тұран Әлем банкінде Қазақстандағы алғашқы мамандандырылған Western Union халықаралық жедел ақша аудару орталығы ашылды. Бұл орталықта алты оператор ақша аударуды жүзеге асырады. Клиенттерге екі менеджер - кеңесші көмек беруде. Ақша аударымы кезекке тұрусыз 4-5 минут ішінде жүзеге асырылады.

2006 жылдың 16 қаңтарынан ТМД елдеріне ақша аудару қызметі үшін төлем аударатын ақшаның көлеміне қарай 8 пайыздан 60 пайызға дейін төмендетілді. Енді ақшаны арнайы банктен шот аштырмай-ақ аударуға болады. төмендетілген тариф бойынша банк клиенті шамамен 100 АҚШ долларын аудару үшін 6 доллар төлейді.

16 қаңтардан бастап Қазақстан аумағында АҚШ долларымен ақша аудару жүзеге асырыла бастады. Сондай-ақ, мұндай аударымдарға қызмет көрсету төлемдері төмендетілген.

ТұранӘлем банкі Western Union ақша аударымдары бойынша 133 пунктте қызмет көрсетеді. Оның 37-сі Алматы қаласында орналасқан.


ТӘБ-тің рыноктағы үлесі 2005 жылдың қараша айында 13 пайызды, ал қаржы аударымның жалпы саны – 28 689 құрады. ТұранӘлем банкі Western Union ақша аударымы бойынша Қазақстанда алғашқылардың бірі болып 2000 жылдың қараша айының 30 жұлдызынан бастап халыққа қызмет көрсете бастады.

Western Union халықаралық жедел ақша аудару жүйесі кең тараған және 191 мемлекетте жұмыс істейді. Қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзі бойынша жүз мыңнан аса пункт клиенттеріне осы қызмет түрін оңай, әрі жедел түрде көрсетуде.


Жүйе клиенттерге әлемнің кез-келген қызмет көрсету бөлімшесінен жедел ақша алуларына мүмкіндік береді.












WESTERN UNION тарифтерін өзгерту

16  қаңтар 2006


"Альянс Банкі" АҚ 2006 жылғы 16 қаңтардан бастап WESTERN UNION жүйесі бойынша ақша аудару тарифтерінің өзгергендігін хабарлайды. Жаңа тарифтік торға сәйкес ТМД елдері мен Қазақстан Республикасының ішінде ақша аударымдары тиімдірек түседі. Сондай-ақ аударымдарды қабылдау және беру пункттерінің халықаралық желісі кеңейді. Қазіргі уақытта WESTERN UNION желісі 200 000-нан астам пункттері бар 195 елді қамтиды.

WESTERN UNION ақша аударымдарын жіберуге тарифтер (USD)



ТМД* елдері мен Қазақстан Республикасының аумағында

Аударылатын сома

Төлем

100,00 немесе одан аз

6,00

100,01 - 200,00

9,00

200,01 - 300,00

14,00

300,01 - 400,00

19,00

400,01 - 500,00

24,00

500,01 - 750,00

29,00

750,01 - 1.000,00

37,00

1.000,01 - 1.500,00

53,00

1.500,01 - 2.000,00

69,00

2.000,01 - 2.500,00

89,00

2.500,01 - 3.000,00

109,00

3.000,01 - 3.500,00

129,00

Басқа елдерге**

Аударылатын сома

Төлем

50,00 немесе одан аз

13,00

50,01 - 100,00

15,00

100,01 - 200,00

22,00

200,01 - 300,00

29,00

300,01 - 400,00

34,00

400,01 - 500,00

40,00

500,01 - 750,00

45,00

750,01 - 1.000,00

50,00

1.000,01 - 1.500,00

75,00

1.500,01 - 1.750,00

80,00

1.750,01 - 2.000,00

90,00

2.000,01 - 2.500,00

110,00

2.500,01 - 3.000,00

120,00

3.000,01 - 3.500,00

140,00

1) Ескерту:

3 500,00 USD асатын соманы аударғанда әрбір келесі 500,00 USD аралықта аударманы жіберу үшін төлемге 20,00 USD қосылады.

- Доминикан Республикасы - 3,00

- Филиппин аралдары - 5,00

- Эквадор - 7,00

- Осы қызмет көрсетілетін басқа елдер - 13,00

2) Телеграф немесе телефон арқылы хабарлама:

- Вьетнам - 2,00

- Осы қызмет көрсетілетін басқа елдер - 3,00

3) Хабар:

- 20 сөзге дейін - 3,00

- 20 сөзден көп - 3,00 + 20 сөзден көп әрбір сөзге 0,2

* Жасалған шарт шегінде ТМД елдеріне жататындар: Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина.

** Жасалған шарт шегінде басқа елдерге жататындар: ТМД елдері мен Қазақстан Республикасынан басқа барлық елдер.




Каталог: ebook -> umm
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе Дәріс мазмұны
umm -> Пән бойынша глоссарий анимизм
umm -> Шұжық және консерві өндірісі
umm -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті
umm -> Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umm -> Ќазаќстан республикасы
umm -> Адам құқықтары туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады
umm -> Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан әрі жетілдіруді талап етеді
umm -> Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет