Работа по созданию системы, работающей в режиме реального времени, была начата Национальным Банком рк в 1995 году



жүктеу 1.72 Mb.
бет4/8
Дата29.08.2018
өлшемі1.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

MoneyGram


- ақша аудару операциясын жедел және сенімді түрде жүзеге асыратын осы жетекші халықаралық компанияның   дүние жүзінің 138-ден астам елінде орналасқан 35 000 бөлімшесі бар;

- ақшаны аударғаннан кейін 15 минуттан соң  қаражаттың міндетті түрде қолыңызға тиюіне кепілдік беретін ақшалай жеделхат;



MoneyGram қызметі әсіресе мына жағдайларда қажет болады:

- егер Сіз шетелде жұмыс істесеңіз және сізге отбасыңызға үнемі ақша жіберіп тұру қажет болса;

- сіздің балаларыңыз шетелде білім алып жатқан болса немесе демалыстарын сонда өткізетін болса; егер шетелде тұратын туыс-туғандарыңызға, таныстарыңызға материалдық көмек көрсету керек болса немесе олардан ақша алу қажет болса;

-  егер сіз шетелде жүріп ақшаңызды жоғалтып алсаңыз, сізге елге оралу үшін немесе сапарыңызды жалғастыру үшін қаражат қажет болса.



Халық банкінің көмегімен MoneyGram қызметінің мүмкіндіктерін пайдаланыңыз:

- ақша аудару қызметінің құны өте төмен және жіберілетін ақша сомасына байланысты;

- ақша аударғаны үшін комиссия  ақшаны аударатын кезде бір рет қана төленеді;

- ақша алушыдан комиссия алынбайды;

- ақша жөнелтілгеннен кейін оны 15 минуттан соң алуға болады;

- аударымның ең жоғарғы сомасы 10 000 АҚШ доллары;

- егер аударылған ақша қандай да бір себептермен алушыға жетпей қалса немесе ақша жөнелтуші кенеттен өзінің жоспарын өзгертетін болса Money Gram ақшаның сақталуына және қайтарылуына кепілдік береді;

- аударылған ақшаны алу үшін  жеке басыңызды куәландырушы құжатты көрсету керек  және  ақша жіберуші  Сізге хабарлайтын сегіз санды аударым кодын айтуыңыз керек;

- ақша аударатын кезде алушыға арнап 10 сөзден аспайтын тегін хабарламаны қоса жіберуіңізге болады.  MoneyGram жүйесі бойынша ең жақын орналасқан ақша аудару орындары туралы қосымша ақпарат пен мәліметті  Халық Банкінің облыстық филиалдарынан алуыңызға болады.  

"Қазақстанның ақша аударымы нарығы жеткілікті деңгейде үлкен. Қазақстан нарығында ақша аударымы жүйелері арқылы 1,5 миллиард доллар сыртқа шығарылып,  400 миллиард доллар әкелінеді.   Нарықтағы ақша аударымдарының  басым бөлігі ТМД елдері аралығында  жасалады", MoneyGram International компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс, Африка және Азия-Тынық мұхит аймағы елдері бойынша атқарушы вице-президенті Найджел Ли. Оның айтуынша,  Қазақстан, Белорус және Ресей арасындағы жаңа экономикалық ынтымақтастықтың нәтижесінде ақша аударымы нарығы айтарлықтай ұлғаймақ. Қазіргі кезде  MoneyGram жүйесі бойынша әлемнің  190 елінде 190 ұлттық валюта бойынша ақша аударымдары жасалады. ТМД елдері нарығында 8 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл компанияның халықаралық желісінде 200 мың қызмет көрсету пункттері бар.


«MoneyGram» ақша аударымдары бойынша тарифтер төмендетілді!


«MoneyGram» компаниясы мен Халық Банкі бірлесіп «MoneyGram» жүйесі бойынша Қазақстан  Республикасынан алыстағы шетелдерге  де, таяудағы ТМД елдеріне де  ақша аудару тарифтерінің төмендетілді. 

2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап  30 қарашасы бойынша кезеңде «MoneyGram» жүйесімен ақша аударудың бірыңғай тарифтері әрекет ететін болады - аударым сомасынан небәрі  2 %  мөлшерінде.

«MoneyGram» арқылы ақша аудару енді бұрынғыдан әлдеқайда тиімдірек болады!
ЮНИСТРИМ - бұл «Юниаструм» банкі ұйымдастырған жеке тұлғалардың банктік шот ашусыз жылдам ақша аудару жүйесі. ЮНИСТРИМ жүйесінің көмегімен сіз аз комиссиямен туғандарыңызға, жақындарыңызға және таныстарыңызға ақша аудара аласыздар.

 Аналогиялық жүйе алдындағы артықшылықтар:

– төмен тарифтер;
– ресімдеу ыңғайлы және жеңіл. Өтінішті Банк менеджері ресімдейді;
– құжаттардың аз талап етілуі;
– аударым сомасы бойынша шектеу қойылмаған;
– аударым үшін комиссияны тек Жіберуші ғана төлейді;
– ақшаны бергені үшін комиссия жоқ;
– барлық ақша аударымдары қолма–қол қабылданады және беріледі;
– аударымды бас офисте де, Банк Юниаструмының бөлімшелерінен де алу мүмкіндігі;
– әлемнің 85 елінде 30 000-нан астам пункттері бар.

 


Азербайджан

Гватемала

Кипр

Никарагуа

АҚШ

Армения

Греция

Қырғызстан

ОАЭ

Тәжікстан

Беларусь

Грузия

Қытай

Пәкістан

Того

Бельгия

Гвинея

Колумбия

Перу

Түркия

Бенин

Гондурас

Конго

Парагвай

Өзбекістан

Болгария

Дания

Латвия

Польша

Украина

Боливия

Египет

Литва,

Ресей

Филиппин

Буркина-Фасо

Израиль

Марокко

Руанда

Франция

Бурунди

Испания

Мексика

Румыния,

Чехия, Чили

Великобритания

Италия

Молдова

Сальвадор

Швейцария,

Венесуэла

Қазақстан

Монғолия

Сенегал

Эквадор

Вьетнам

Камерун

Нигерия

Суринам,

Эстония

Гана

Канада

Нидерланды

Сьерра-Леоне

Оңтүстік Корея

Аударымды жүзеге асыру үшін қажет:

1. Жеке басын куәландыратын құжат – паспорт, шетелдік паспорт немесе ішкі істер органы берген немесе негізгі құжатты жоғалтып алғандығын немесе қайта тіркеуде жатқандығын нақтылайтын уақытша куәлік.

2. Жіберушінің СТН.

3. Аударымның бағытын атау.

4. Алушының тегі, аты, әкесінің аты.

Ақша аударымын Түркияға жіберген жағдайда жіберуші алушының (Ел заңнамасының талаптарына сәйкес) паспорт мәліметін білуі тиіс.

Аударымды алған кезде қажет:

1.Жеке басын куәландыратын құжат – паспорт, шетелдік паспорт немесе ішкі істер органы берген немесе негізгі құжатты жоғалтып алғандығын немесе қайта тіркеуде жатқандығын нақтылайтын уақытша куәлік.

2.Алушының СТН.

3.Аударымның нөмірін білу

4. Аударымның сомасын білу.

Бір операция күнінің сомасы шектеусіз. Аударым жіберілгендігі туралы Алушының хабарламасы жіберушіге өз бетінше жүзеге асырылады. Жіберу кезіндегі уақыттың айырмашылығын және банк бөлімшелерінің жұмыс уақытын ескерген жөн.

 «Цеснабанк» АҚ – «UNIStream» жеке тұлға үшін банктік шот ашпай–ақ лезде ақша аудару халықаралық жүйесімен жұмыс жасайтын Қазақстандағы жалғыз банк.

«Цеснабанк» АҚ және «UNIStream» халықаралық ақша аударым жүйесі арасындағы серіктес келісімдерге былтыр қол қойған болатын, және 2007 жылдың 10 мамырынан бастап әр қалаушы қызметпен жұмыс жасай алады.

 2001 жылдан бастап «UNIStream» жүйесі Ресейде қызмет атқарады, және қазіргі уақытқа дейін қарқынды дамыған болып есептеледі: жүйеге 7 жыл ішінде әлемнің 90 елінен 65 000–нан астам пунктер қызмет көрсетілуге қосылған.

 2007 жыл ішінде «UNIStream» транзакция көлемі 35,6 миллион АҚШ долларына көтерілді.

Осы жылдың ақпан айында «Цеснабанк» АҚ қосымша қызметті қосты – кез келген қалаушы енді өз Интернет–шотын қолма–қол ақшамен толықтыра алады. Бұл үшін Цеснабанктің кассалық есеп айырысу бөліміне келіп, «UNIStream» («Юнистрим») халықаралық жүйе арқылы төлемдерді аудару шарты туралы, аудару мерзімі туралы айтып беретін, сосын Клиентке қажет сол қызмет түрін төлеудің ең тиімді және тез тәсілін ұсынатын банк қызметкері – маманымен сөйлессе жеткілікті. Сіз кез келген үш Интернет–есеп айырысу жүйесін пайдалана аласыз: Яндекс.Ақша, MoneyMail немесе WebMoney, ұялы телефон операторларының шоттарын, Интернетке рұқсат провайдерлер немесе web–сайт коммерциялық ақылы қызметін төлеу. Сондай–ақ жаңа қызметтің арқасында Интернет–дүкендерден кез келген тауарларды жеңіл әрі жылдам алу мүмкіндігі бар. Клиентке бар жоғы жеке куәлігін және СТН ұсынуы керек.

Маман қажетті форманы өзі толтырады және оны клиентке танысу үшін ұсынады. Сосын клиент қолын қояды да ақшасын төлейді. 10 минут аралығында өз интернет–шотыңыздан ақшаны көруге болады. Төлемнің осындай тәсілінің артықшылығы бұдан басқа ешқандай қосымша қызмет жасаудың қажеті жоқ: банктік шот ашу немесе арнайы осы мақсат үшін карточка ресімдеу. Интернет–шотқа енгізілген сомаға ешқандай лимит жоқ, комиссия не бары 2%.

 

Қазақстан



Аударым валютасы

USD/RUR/EUR

Аударымды алу уақыты

10 минуттан бастап

Уақыт айырмашылығы

жазғы уақытта + 2 сағат/+ 3сағат

Аударымды ресімдеу тілі

Орыс тілі

Жұмыс уақыты (Мәскеу уақыты бойынша)

дүсенб.- жұма 9:00-17:00

Комиссия:




Тура аударым

2,1%

Транзитті аударым

2-2,5%

Ішкі аударым

1,5%

«Юнистрим банк» ҚБ ААҚ–нан аударым жасаған кезде көрсетілген комиссия

4. 2 SWIFT дүниежүзілік банкаралық жүйесі

SWIFT (Society for World-Wide Interbank Financial Telecommunications) – бұл иелері мүше – банктер болып табылатын акционерлік қоғам. Қоғам Бельгияда тіркелген (штаб пәтері және тұрақты қызмет етуші органдары Брюссельге жақын Ла-Ульп қаласында орналасқан) және Бельгия заңы бойынша әрекет етеді. Жоғары органы – мүше банктердің және оның өкілдерінің жалпы жиналысы Бас ассамблея. Барлық шешім ассмблея қатысушыларының көпшілік дауысымен: бір акция – бір дауыс қағидасымен қабылданады. Директорлар кеңесінде жеткші орынды Батыс Еуропа және АҚШ елдері банктерінің өкілдері иемденеді. Акция саны ұсынылатын хабарлар трафигіне сәйкес тартылады. Акцияның басым саны АҚШ, Германия, Швейцария, Франция, Ұлыбританияда.

Ұлттық заңға сәйкес халықаралық банктік операцияны жүзеге асыруға құқы бар кез келген банк SWIFT торабын пайдаланущылардың тағы екі санаты бар: қауымдастырылған мүшелер акционер бола алмайды және қоғам ісін басқаруға қатысу құқынан айырылған. SWIFT аталмыш қатысушылары - әр қилы қаржылық институттар (банктер емес): торапқа қатысуға 1987 жылдан рұқсаты бар делдалдық және сақтандыру компаниялары, инвестициялық компаниялар.

SWIFT-ке ену екі кезеңнен тұрады: қоғамға мүше болуға банктің дайындығы және қоғамның іскер мүшесі ретінде банктің торапқа қосылу дайындығы. Бірінші кезеңде банк SWIFT-ке келесі құжаттар кешенін толтырып жолдайды: кіру туралы өтініш, SWIFT жарғысын орындауға және қоғамның шығындарын қалпына келтіруге банктің міндеттемесі; банктің және қоғаммен байланысқа жауапты тұлғаның мекенжайы, банктік хабарлаулар кестесінің сипаты. SWIFT директорлар кеңесі құжаттарды талқылайды және банкті қоғамға қабылдау туралы шешім қабылдайды. Кандидат банк бір жолғы жарнаны төлеуге және қоғамның бір акциясын иемденуге құқық алады.

SWIFT-ке кіру үшін 400000 бельгия франкін (мүше банктер үшін) және қауымдастырылған мүшелер 200000 бельгия франкін бір кезектік жарнаны төлеу керек. Сонымен қатар мүше банктер құны 55000 бельгия франкі тұратын бір акцияны сатып алуғаміндетті. Екінші кезең банктік торапқа қосылуымен байланысты. Осы кезеңде барлық техникалық мәселелер шешіледі, коммуникациялық жабдықтар алынады.

Торапқа ену күндері тұрақта: бұл наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсанның бірінші дүйсенбілері. Тәжірибе көрсеткендей, банктің SWIFT жүйесіне қатысу шығындары әдетте бес күнде өтеледі.

SWIFT жүйесі таратылатын әр елде қоғам өзінің аймақтық әкімшілігін құрады.

Отандық банктер SWIFT-ті негізінен шетелге төлем жасауға қолдануда, бірақ соңғы кезде қазақстандық банктерге арналған хабарлар көбейе түсуде.

SWIFT-ке мүше болу неғұрлым кең және белсенді қаржылық және экономикалық сыртқы байланыстар үшін қалыпты жағдай жасайды. SWIFT пайда түсірмейтін орталық, оның алған барлық пайдасы шығындарды жабуға және жүйені жаңартуға жұмсалады.

Жүйенің бірнеше артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

SWIFT торабындағы жұмыс бірнеше артықшылықтар береді:

- тораптың әр элементтерін «ыстық» резервтеу есебінен хабарларды қабылдау мен жолдаудың арнайы тәртібін құруды қамтамасыз ететін тораппен хабар жолдау сенімділігі;

- телекстік байланыспен салыстыру бойынша операциялық шығындарды қысқарту. Мысалы бір стандартты хабарлаудың құны аралыққа байланысты емес (325 байт), ал айырбастың жоғары қарқындылығы құнды соншалықты төмендетеді, сол себепті ол телекстік және телеграф негізінде байланыстардың құнынан төмен;

- хабарды әлемнің кез-келген нүктесіне тез жеткізу әдісі. Хабарды жеткізу уақыты 20 минут, оны байланыстың жеке арналарын жабатындай етіп 1-5 минутқа дейін қысқартуға болады. Хабар адресатқа тораптың аралық кезеңдерін қысқарту есебінен неғұрлым тез жеткізіледі. Осындай телеграф бойынша жеткізу 90 минутқа жуық уақыт алады.

Жөнелтуші алушымен on-line режимінде байланыста болғанда:

- барлық төлем құжаттары жүйеге стандартты түрде түседі, бұл деректерді өңдеуді автоматтандыруға және сондықтан банк жұмысын арттыруға мүмкіндік береді. Орындалған трансакциялар тіркеу барлық өткен өкімдерді толық бақылауға (аудит) және сол бойынша күнделікті автоматтандырылған есеп беруді құруға мүмкіндік береді, сонымен қатар тілдік кедергілер білінбейді және банктік операцияларды жүргізу тәжірибесіндегі айырмашылықтар азаяды.

- сонымен қатар халықаралық және несиелік айналымдарды SWIFT қолдану нысанына сүйенуіне байланысты, SWIFT-ке мүше банктердің бәсекегеқабілеттілігі артады;

- SWIFT өзінің барлық мүшелеріне қаржылық қорғаныс кепілдігін береді, егер қоғамдастық кінәсінен хабар тәулік көлемінде адресатқа жеткізілмесе, онда SWIFT клиентке осы кешігу есебінен болған барлық тура және жанама шығындарды өтеп береді.

SWIFT-тің басты кемшілігі оған кірудің қымбаттылығы. Банктің SWIFT-ке кіру шығындары 160-200 мың долларды құрайды. Бұл ұсақ банктер үшін қиындық әкеледі. Кемшілік ретінде белгілі деңгейде ішкі ұйымның күрделі техникалық жүйеге бағыныштылығын атауға болады. Келесі бір кемшілік ретінде төлем несиесін қолдану бойынша мүмкіндіктердің қысқаруын, атап айтқанда, аталған аударым көрсетілген шоттар дебеті мен кредиті арасындағы кезеңнің қысқаруын айтамыз.

SWIFT қолданушыларға бүкіл әлем бойынша халықаралық қаржылық төлемдерді жолдаудың тез, сенімді және қауіпсіз тәсілін ұсынады. Бүгінгі күні әлемнің 175 елінің 6000-нан аса банктері мен қаржылық институттары SWIFT мүшелері болып табылады. Күн сайын 2 триллион АҚШ долларынан аса сомаға 1,7 млн. астам хабар беріледі. ҚРҰБ SWIFT-тің аймақтық процессорын ашты, ол корреспонденттермен ыңғайлы байланыс жасауға, операцияларды жедел жүзеге асыруға, ақша қорларын тиімді пайдалануға, қателіктер тәуекелдігін төмендетуге мүмкіндік береді.

SWIFT жүйесі әлемдік деңгейде өте жақсы танымал банкаралық пошта. 1990 жылдың бас кезінде әлемнің 67мемлекетінен 2700 клиент күніне 1,2 млн-нан астам хабарламалар жіберген. Әлемнің барлық ірі және орташа банкілері – SWIFT мүшесі. Көптеген орталық банкілер бұл жүйені өз жүйелерін жасауда негіз етіп алады. SWIFT коммерциялық емес ұйым ретінде Брюссельде орналасқан. Оның негізінде құрылған әлемдік-аймақтық процессингілік орталықтар Нидерланды (Еуропа үшін), Вашингтон (Солтүстік Америка үшін), Бразилия (Латын Америкасы үшін) және Токиода (Оңтүстік Шығыс Азия үшін) орналасқан. Сонымен қатар банкілер SWIFT-тің мүшесі болып табылатын әр мемлекетке процессингілік орталықтар бар. SWIFT телекоммуникациясы жүйенің банкілік мүшесінде бекітілген терминалды компьютерде орналасқан.

Жіберуші банкінің хабарламасы сол банкінің мемлекеттік процессингілік орталығына жіберіледі. Бұдан барып хабарлаудың әлемдік-аймақтық орталығы арқылы алушы-банкінің орталығына жетеді. SWIFT тек коммуникациялық жүйе, сондықтан SWIFT хабарламаларына сәйкес төлемдер аймақтық көтерме жүйе бойынша жүргізіледі.

Әр банкінің халықаралық корреспонденттік жүйесінің құрамына оншақты елдің жүздеген банкісі кіреді. Олардың әрқайсысымен төлем нұсқауларын тез арада алмастырып отыру қажет. SWIFT жүйесі боынша хабарламалар кез-келген қатысушы банкіге бірнеше минуттың ішінде жетеді. Қарапайым хабарлама 40-30 минутта тарайды. Сонымен қатар Ресей банкінің электрондық поштасындағы сияқты SWIFT-те хабарламаларды өткізу компьютер немесе қарапайым байланыс каналы арқылы жүзеге асады.

Телеграфтық аударымнынң да кешігуі немесе поштада түпнұсқалардың жоғалып кетуі қауіпі бар. Мұнда бұл инструкциялардың түпнұсқалығын дұрыс тексеру мәселесі орын алады. Пошталық аударымға қарағанда оның түпнұсқасын тексеру, ондағы қолдарды салыстыру арқылы емес, яғни бақылау кілтінің түпнұсқасын, сондай-ақ төлем сомасын тексеру арқылы жүзеге асырылады.

SWIFT жүйесі халықаралық ақшалай аударымдарға және халықаралық ақшалай экспресс аударымдарға жатады. SWIFT – телекс арқылы қаржылық есеп айырысуларды халықаралық банктік ұйымдастыру жүйесі. SWIFT қатысушы-банктердің (Бруссельде тіркелген) банктерді басқару тиімділігін арттыру және олардың арасындағы халықаралық төлем аударымдарды жеделдетуге байланысты компьютерлі халықаралық торабын ұйымдастырушы кооперативтік қоғамды білдіреді. Бұл жетілдіру өзара халықаралық телекоммуникация желілері арқылы байланысқан қатысушы-банктердің компьютерлік жүйесін пайдаланғанда ғана орындалады.

Төлем туралы хабар, алушы банктің принтерінде қағазға басылып шығады. SWIFT жүйесінің кеңеюіне байланысты пошталық және телеграфтық аударымдар қатары қысқаруда, себебі, SWIFT жүйесінің өзіндік есеп айырысу әдістері бар. SWIFT жүйесінің хабары – пошталық аударымдарға балама төлемдерді сипаттайды.

SWIFT жүйесінің хабарлары халықаралық ақшалай экспресс аударым деп аталады. SWIFT жүйесінің әдеттегі және мерзімді хабарының арасындағы айырмашылық есеп айырысудың орындалуының жүзеге асу жылдамдығына байланысты.

Демек, егер инструкция беретін банк те, төлем жасаушы банкте SWIFT жүйесінің мүшесі болса, онда пошталық аударым туралы хабарлар СФИВТ жүйесінің хабарлары сияқты жіберіледі, ал телеграфтық аударымдар түріндегі хабарлар SWIFT жүйесінің маңызды хабары ретінде аударылады. Пошталық немесе телеграфтық аударым түріндегі хабарлар, егер банк SWIFT жүйесінің мүшесі саналмаған жағдайда ғана пайдалануы мүмкін.

SWIFT жүйесі арқылы пошталық немесе телеграфтық аударымдарды төлеу кез келген шетел валютасында орындалады. Шетелдегі бенефициарға өзінің клиент (импортер) атынан төлемді жіберуге оқталған банктің әрекетін қарастырайық.

Клиент банкке шетелдегі аталған бенефициарға төлеуге тиісті белгілі бір сомасы көрсетілген жазбаша инструкциясын береді, ал банк бұл төлем инструкциясын пошталық немесе телеграфтық аударым (халықаралық ақшалай аударым немесе халықаралық ақшалай экспресс аударым) арқылы жіберуге тиіс. Бұл инструкцияда бенефициардың аты-жөні және мекен-жайы, сондай-ақ бенефициардың банкі көрсетіледі.

Аталған клиент өз банкіне өзінің шотын оның төлем сомасында дебеттеуіне тапсырма береді. Егер төлем шетел валютасында орындалуға тиіс болмаса, онда ол өз банкісіне сондай шетел валютасын сатуды және өзінің шотын дебеттеуін сұрайды. Банк клиенттің шотын төлем сомасына қоса, валюталық айырбас үшін комиссиондық ақыны бірге дебеттейді. Ол сондай-ақ, басқа да шотты кредиттейді, бұл ностро шотын білдіреді.

Сонан соң, банк төлемінің инструкцияларын пошталық немесе телеграфтық аударымдар арқылы не SWIFT жүйесі арқылы жібереді. Шетелдегі бенефициарға төлем шетелдік банкке ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырылады. Кейіннен шетел банкі төлемнің келіп түскендігін шетелдік бенефициарға хабарлайды. Шетел бані инструкцияны алады. SWIFT жүйесінің хабары қабылданатын банктегі принтер арқылы қағазға басылып шығарылады. Сонымен бұл инструкцияның түпнұсқалығы тексеріледі. Кейіннен инструкция берген банктің шотында төлем сомасының мөлшерінде ақшалай қаражаты жеткіліктіме соны да тексереді.

Егер төлем шетел валютасында жіберілген болса, онда шетел банкі инструкцияны пошта, телеграф немесе SWIFT жүйесі бойынша жіберген банктің шетел валютасындағы шотын дебеттейді. Егер төлем, мысалы, фунт стерлингте орындалған болса, онда британ банк төлем инструкциясын жіберуден бұрын өзінің шетел банкіндегі стерлингтік шотын кредиттеуге тиіс. Шетел банкі бенефициарға төлемін жеткізеді.

Халықаралық есеп айырысуларда халықаралық ақшалай аударымдарда да қолданылады. Ол пошта агенттігі немесе халықаралық банк арқылы бір елден екіншісіне аз мөлшердегі ақшалай соманы аудару құралы болып табылады. Қаншалықты аударымның аз сомада көрсетілуі, халықаралық ақшалай тапсырмаларды экспортердің өтініші бойынша аванстық төлемдерді жүзеге асыруға дәл келетіндігін сипаттайды.

Чек пен банктік тратта сияқты есеп айырысу әдістері салыстырмалы түрде бәсеңдеу әдістерге жатады. Пошталық немесе халықаралық ақшалай аударымдар жылдам орындалады, ал телеграфтық аударымдар немесе халықаралық ақшалай аударымдар одан да жылдам орындалады, себебі тратта экспортерге бенефициарға жіберу үшін беріледі, сондықтан да оның бенефициарға жіберілуі үшін аударым барысында біршама кешігулер болады.

Халықаралық ақшалай аударым SWIFT жүйесінің хабарлары арқылы жүзеге асады. SWIFT жүйесінің инструкциялар мен хабарларды бір банктен басқа шетелдегі банкке жіберуге арналған компьютерлік коммуникациялық торабы бар. Мұнда қарапайым пошта, телекс қызметі немесе «қоғамдық» телеграф каналдары бойынша жіберу әдістері пайдаланылмайды. Егер жабдықтаушының еліндегі банк SWIFT ұйымының мүшесі болып саналса, бұл жүйе бойынша халықаралық ақшалай аударым жасалуы мүмкін.

Телеграфтық аударым – бұл өте жылдам есеп айырысу әдісіне жатады, себебі төлем тапсырмасы жабдықтаушының еліндегі банкке телекс немесе телеграфтық хабарлар арқылы жіберіледі. Халықаралық ақшалай экспресс аударым телеграфтық аударымға ұқсас, бірақ мұндағы төлем тапсырмасы SWIFT торабы арқылы, SWIFT жүйесінің маңызды хабарламасы түрінде жіберілетін болады.
Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Western Union ақша аударымдары.

  2. Жедел ақша аударымдар жүйесі

  3. SWIFT электронды аударым жүйесі.

  4. MoneyGram ақшалай аударым жүйесі.


Студенттердің өздік жұмысына арналған рефераттардың тақырыптары:
1. Қазақстан Республикасынана жеке тұлғалардың ақша аударымдары.

2. Western Union ақша аударымдарының ерекшеліктері.

3. MoneyGram ақша аударымдар жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

4. Жедел ақша аударымдар жүйесі.

5. SWIFT электронды аударым жүйесі.


Каталог: ebook -> umm
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе Дәріс мазмұны
umm -> Пән бойынша глоссарий анимизм
umm -> Шұжық және консерві өндірісі
umm -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті
umm -> Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umm -> Ќазаќстан республикасы
umm -> Адам құқықтары туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады
umm -> Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан әрі жетілдіруді талап етеді
umm -> Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет