Работа по созданию системы, работающей в режиме реального времени, была начата Национальным Банком рк в 1995 году



жүктеу 1.72 Mb.
бет5/8
Дата29.08.2018
өлшемі1.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
5 ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ КЛИРИНГТІК ТҮРІ



                1. 5.1 Клирингтік операциялардың экономикалық мәні

Есеп айырысу қызметі үшін банк пен клиент арасында банктік шот келісімшарты – екі жақты дербес азаматтық-құқықтық келісімшарт бекітіледі. Банктер мен басқа несие мекемелері өзара есеп айырысу үшін бір-бірінде корресспонденттік шот ашады әрі бір банк басқа банктің депозиттерін ұстауға және мұның соңғысына төлем мен басқа операциялар бойынша қызмет көрсетуге тиісті бекітілген келісімшарт негізінде ҚР Ұлттық банк мекемелерінде де шот аша алады. Мұнда белгілі бір мерзімде аса ірі ақша сомасын аудару бойынша банкаралық есеп айырысу жалпы негізде және нақты уақыт аралығында жүзеге асырылады. Аударылатын аса ірі ақшаның сомасы Ұлттық банк анықтайды. Басқадай төлемдер (мерзімді емес және ұсақ сомалар) бойынша банк аралық есеп айырысулар клиринг негізінде екі және көп жақты шегеру арқылы жүзеге асырылуы ықтимал. Соңғысы есеп айырысуға дейінгі төлем хабарламаларын тапсыру, салыстыру және бекіту процесін, сондай-ақ талаптар, міндеттемелер және түпкілікті қалдықты анықтау жөніндегі өзара есеп айырысулар бойынша операцияларды білдіреді.

Клиринг – бұл заңды және жеке тұлғалардың тауарлар мен қызметтер үшін талаптар мен міндеттемелердің өзара шегеруіне негізделген қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тәсілі.

Корреспонденттік қатынаста мынадай операциялар орындалуы мүмкін:



  • клиентке қызмет көрсетуге негізделген әрі банк-корреспонденттегі шот бойынша төлемдерді жүргізуді білдіретін операция. Бұл бір банктің басқасына тапсырма беру бойынша жүзеге асырылатын базистің коммерциялық және басқа да операциялары.

  • Шетелдік банктердің тартылуымен жүзеге асатын банкаралық операциялар. Одан еркін айырбасталымды валюталарды сату-сатып алу бойынша операция жатады. Кассалық және мерзімді валюталық операциялар бөліп көрсетіледі. Бірінші жағдайда сатып алушы мәміле сомасын бірден төлеуге міндетті, ал екінші жағдайда төлем белгілі бір мерзім ішінде түседі.

Бұл операцияға мерзімі бойынша жақын келетін – ақша нарығындағы сауда-саттықты жүзеге асыру. Бұл жағдайда бір банк басқа банкке уақытша ақша тапшылығын жою үшін, яғни қысқа мерзімді өтімділікті өтеуі үшін несие түрінде (есеп айырысу несиесі) белгілі бір мерзімге ақша сомасын береді.

Банкаралық операцияға клирингтік есеп айырысу жатады. Онда – бұл шот бойынша операция мөлшері белгілі бір деңгейге жеткенде оның басқа банк операциясына қосылу мүмкіндігі пайда болады.

Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны жеңілдендіру мақсатында ҚР ҰБ Басқармасы:


  1. Клирингтік жүйедегі Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығының» операцияларын жүзеге асыру тәртібін бекітеді;

  2. Заңдылық департамент Төлем жүйесі басқармасымен бірлесіп клирингтік жүйеде жүзеге асырылатын операцияларды тіркейді;

  3. Төлем жүйесінің басқармасы мемлекеттік тіркелген күннен бастап апталық мерзімде клирингтік жүйедегі операцияларды жүргізілу тәртібімен, ережелерімен ҰБ филиалдарын және екінші деңгейлі банктерді таныстыру қажет.

Жалпы клиринг – орталықпен жүзеге асырылған қаржы талап-тапсырмаларды жинақтау, салыстыру, топтастыру, еспке алу бойынша процесстер. Осы жүйеде төлемдерді жүзеге асыру бойынша клиенттерге қызмет көрсету банкпен клиент арасында жасалған келісім-шарт негізінде жүргізіледі. Жүйедегі төлемдер клиенттердің орталыққа электронды мәліметтер арқылы жүргізіледі. Онда төлем құжаттары тіркелуі керек. Электронды мәліметтерді жіберу кезіндегі әрекетті қорғау тәртібі, орталық пен клиент жауапкершіліктері келісім шартта қарастырылады. Бұл жүйедгі барлық төлемдер ұлттық валютада жүргізіледі.

Біздің елімізде банктер арасында есеп айырысуларды түпкілікті жақсартудың басты бағыты – банкаралық клирингті дамыту болып табылады. Клиринг өзара талаптар мен міндеттемелерге негізделген тауар және қызмет үшін ақшасыз есеп айырысу жүйесін ұсынады. Банктік жүйеде клирингті негізінен банктердің корреспонденттік шоттары құрайды. Клиринг әсерінен есеп айырысулар жеңілдетіледі, арзандатылады және жеделдетіледі, қолда бар ақша қаржысы және осының есебінен есеп айырысуға қатысушылардың пайда және өтімділік деңгейі көтерілді. Оған баруға негіз болған басты ерекшелігі – шынайы ақшаға деген қажеттілік.

Клирингтің екі үлгісі қарастырылады: ақша қаржыларын алдын ала депозиттеумен және депозиттеусіз. Классикалық клирингті екінші үлгісі есеп айырысу жүйесі дамыған елдерде кең таралған, бірақ қаржыларды алдын ала депозиттеуді талап етпейді. Егер клиринг сеансының аяғында қатысушылардың ең болмаса біреуінде дебеттік сальдо болмаса, бірақ оның қаржы табуға мүмкіншілігі бар болса, онда клирингтік сеанс нәтижесі тоқтатылады.

Классикалық үлгінің мынадай ерекшеліктері бар: ол қаржы айналымдылығының жылдамдығын және деңгейін ұлғайту, қаржылардың бірінші үлгіден резервтеуді талап ететін түрлерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Банкаралық клирингті ұйымдастырудың бай тәжірибесі АҚШ, Ұлыбритания, Германияда жинақталған.

Клиринг екі банк арасында біріншісінің қарыз талабы екіншісінің қарыз міндеттемесі болып, ал екіншісінің қарыз талабы біріншісінің қарыз міндеттемесі болып табылатын жағдайларда, сондай-ақ көп жақты талаптарға ие міндеттемелер кезінде де қолданылады. Бұл кезде маңыздысы клирингтің әр қатысушысы барлық қатысушыға қатысты қарыз талаптарын және олардың алдындағы міндеттемелерін ескеруіне және олар кезеңмен жағымды және жағымсыз шамада өтелуінде. Шынайы ақшамен тек есептелмеген ақша төленеді. Бұл кезде ескеретін нәрсе: клиринг қатысушылары арасында жүзге жуық және одан көп операциялар жүргізіледі, олардың әрқайсысы бойынша құжаттар өтеу үшін клиринг орталығына түседі және қатысушылардың дербес шоты бойынша есептеледі.



5.2 Клирингтік палатаның қызметі
Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) клирингтік есеп айырысу жүйесі болып табылады. Қазақстанда клиринг палатасының функцияларын ҚРҰБ берген лицензияның негізінде Қазақстан Банкаралық Есеп айырысу орталығы орындайды. 1995 жылдан бастап ҚБЕО клиринг палатасы ретінде жергілікті облыстық клирингті жүзеге асырды, онда оның пайдаланушылары клирингтің басқа қатысушыларына дебеттік және кредиттік шектеулерді күнделікті ұсынып отырды. Ондагы тәуекелдердің құрылу принциптері мен басқару жүйесі екінші деңгейдегі банктердің аздаган санымен ғана қатысушылардың шеңберін шектеді. Алайда банк жүйесіндегі қажеттіліктің өсе түсуі Қазақстанның барлық аймақтары мен қаржы мекемелері үшін ашық клиринг құру қажеттігіне алып келді.

1999 жылы ҚРҰБ екінші деңгейдегі банктер филиалдарының корреспонденттік шоттарын ҚРҰБ-нің орталық аппаратына аударуды жүзеге асырды, сонымен бірге аймақтық клиринг палаталары жабылды, олардың функциялары ҚБЕО-ға берілді. Жаңа клирингтік жүйе Қазақстанның барлық банктері мен банктік емес ұйымдарын, оған қоса Қазынашылықты, зейнетақы қорларын және басқаларды қосуға мүмкіндік берді. Жаңа клирингтің жағымды жақтары: алдағы күнмен валюталау арқылы жұмыс істеу мүмкіндігі (төлемдерді алдағы үш күнге есептеу күнімен қалыптастыруға болады), түпкілікті есеп айырысу уақытына дейін төлемдерді қайтарып алу, МТ102 хабарламалар форматын өңдеу болып табылады.

БТЖ-де ұсақ жедел емес төлемдер жүзеге асырылады. БТЖ-де 3 млн. теңге мөлшеріндегі бір төлемнің ең көп сомасына лимит белгіленген. Осы лимиттен асып кеткен жағдайда төлемді орындаудан бас тартылады. Бұл БТЖ-нің БААЖ тарифтерінен төмен төлем тарифтерінің ұсақ төлемдерін жүзеге асыратынына байланысты (бір төлем тапсырмасы үшін 9-22 теңге).

2004 жылы БТЖ-дегі төлемдердің орташа күндік саны мен сомасы 2,7 млрд. теңге сомасына 33 534 төлем болды.

Республикалық банкаралық клиринг жүйесін пайдаланушылар ҚБЕО-мен клиринг жөнінде қызмет көрсету туралы шарт жасасқан банктер және басқа қаржы мекемелері болуы мүмкін.

2005 жылдың аягында БТЖ-ны пайдаланушылар саны 51, оларды 27 екінші деңгейдегі банктер, 17 Қазынашылықтың облыстық басқармалары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Кастодиан банк (ҚҰБ-нің МОД), Мемлекеттік зейнетақы төлеу женіндегі орталық, «Қазпочта» ААҚ, басқа да банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және «Тимей» ҚӨК ЖШС құрайды.

«Тимей» ҚӨК ЖШС еліміздің солтүстігіндегі жеке аймақтық клиринг палатасы. «Тимей» ҚӨК ЖШС БТЖ арқылы екінші деңгейдегі банктердің үш филиалының және бір облыстық қазынашылық басқармасының таза позицияларын есептеуді жүзеге асырды. 2003 жылғы шілдеден бастап клиринг қызметін жүзеге асырмайтын болды.

Қазіргі уақытта ҚБЕО-ның ең алдыңғы қатарлы коммуникациялық құрал-жабдықтары бар, төлем жүйелерін пайдаланушыларға байланыс арналарының барлық түрлерін: коммутацияланған, бөлек, Интернет, Х.25, DialNet желілерін ұсынады және арналарды пайдаланушылардың өздері таңдайды. БТЖ-де МТ100 және МТ102 электрондық хабарламалар форматтары (SWIFT сияқты форматтар) ғана пайдаланылады. БТЖ пайдаланушылары БААЖ-ға арналған бірыңғай терминалды пайдаланады.

1995-1996 жылдары ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыруда Алматы клиринг палатасы және Ұлттық Банктің облыстық филиалдарының жанында құрылған аймақтық клиринг палаталары маңызды рөл атқарды. Бұл клиринг палаталары жан-жақты өзара есепке алу әдісі бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқарудың әр түрлі әдістерін, атап айтқанда, дебеттік және кредиттік шектеулерді, кезектер жүйесін қолдана отырып жұмыс істеді. Сонымен бірге бұл жүйенің кемшілігі қатысушы банктердің сол күннің аяғында қағаз тасымалдаушыларда төлем тапсырмаларын алмасу қажеттігі болды. Бұл жағдай тәжірибенің және «электронды төлем тапсырмасы» деген нормативтік бекітілген ұғымның болмауына байланысты еді.

1996 жылдан бастап Алматы клиринг палатасы Қазақстан Банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) – шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік кәсіпорын болып қайта құрылды, оның құрылтайшысы және уәкілетті органы Ұлттық Банк болып табылады. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, қазіргі заманғы жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату қағаз тасымалдаушылармен растауды қажет етпейтін электрондық төлем тапсырмаларымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Алматы клиринг палатасы (бұдан әрі - ҚБЕО) БТЖ қызметін 1996 жылдан бері жүзеге асырып келеді, бұдан кейін ҚБЕО 1999 жылы жаңа клиринг жүйесін іске қосты. Жаңа жүйеде қатысушылар валюталау күнімен жұмыс істеуге, түпкілікті есеп айырысу уақытына дейін төлемдерді қайтарып алу мүмкіндігіне ие болды.

БТЖ-нің жұмыс істеу принципі неттингке негізделген және бір операциялық күнде бір клирингтік циклі бар. Жүйе төлем тапсырмаларын 8-1 күнгі 16:00-ден бастап 8 күнгі (есеп айырысу күні) 15:00-ге дейін төлем тапсырмаларын қабылдайды. Төлем тарсырмалары қабылдау аяқталғаннан кейін бір күн ішіндегі келіп түскен және жіберілген төлемдер негізінде қатысушылардың таза позицияларын жан-жақты есептеу жүзеге асырылады. Бұдан кейін таза позициялар кейіннен түпкілікті есеп айырысу үшін 15:00 және 16:00 аралығында жүзеге асырылатын БААЖ-га жіберіледі.

Клиринг жүйесі ретінде БТЖ операциялық күн соңындағы таза позициялардың орнын жабу үшін ғана қажет қаражатты талап етеді. БТЖ қатысушыларының таза позицияларын есептеуді ҚБЕО 15:00-ден кейін жүзеге асырады. Бұдан кейін таза позициялар БААЖ арқылы жіберіледі және есептеледі.

Клиринг нәтижелері бойынша ақша аударымы аяқталганнан кейін клиринг ұйымы мен ҚБЕО қатысушыга осы қатысушының таза позициясына сәйкес ақша аударымының аяқталғаны туралы хабарлама береді. Сонымен бірге, ҚБЕО қатысушыларға осы қатысушының пайдасына түскен төлем құжаттарын, клиринг нәтижелері бойынша қатысушының таза позициясы туралы ақпарат және себептерін көрсете отырып, қандай да бір себеппен өңделмеген төлем құжаттары туралы ақпарат береді.

БТЖ-де әрбір қатысушыға арналған кредиттік және дебеттік шектеулер пайдаланылмайды. Тәуекелдерді басқару кезекті «жеделдету» әдісімен жүзеге асырылады. Барлық төлем құжаттары түпкілікті есеп айырысқанға дейін кезекте тұрады. Төлемдер банктер белгілеген кодтар басымдылығы, БААЖ-бен бірдей болуы ескеріле отырып, бір күн ішінде жүйеге жіберіледі, олар сондай-ақ FІFО принципі бойынша («алғашқы болып келді, алғашқы болып кетті») өңделеді. Пайдаланушының 15:00-ге дейін төлем тапсырмасын қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

Әрбір пайдалаушының таза позициясы айқындалғаннан кейін, есеп айырысу рәсімдеріне дайындық басталады. Таза позициялар пайдаланушылардың БАЖ-дағы қаражатының жеткіліктілігін тексеру үшін БААЖ-ға жіберіледі. Егер қаражат жеткілікті болса, дебеттік таза позицияның сомасы оқшауланады. Егер қаражат жеткіліксіз болса, БААЖ-дағы қажетті сома оқшауланады және жетіспейтін өтімділік сомасына кезекті «жеделдету» рәсімдері қолданылады. Жетпейтін соманы құрайтын төлем тапсырмасы басымдылық кодтарына және FІFО принциптеріне сәйкес кезектен алынып, тапсырма жіберушіге хабарлама беріледі. Осыдан кейін пайдаланушылардың таза позициялары қайта есептеліп, таза позициялар түпкілікті есеп айырысу үшін БААЖ-ға жіберіледі.

Пайдаланушылар операциялық күн ішінде екі рет (немесе талап бойынша одан да көп) автоматты түрде ақпараттық көшірме алады. Ақпаратқа жіберілген және алынған төлем тапсырмалары, сондай-ақ БТЖ-дегі таза позиция кіреді. Мұндай қызмет көрсету түпкілікті есеп айырысуға дейін етімділікті басқаруға жәрдемдеседі. Басқаша айтқанда, пайдаланушылар ақша рыногындағы есеп айырысу уақытына дейін немесе ҚРҰБ-нің кредиті арқылы өтімділіктің қажетті көлемін ала алады.

Банкаралық клиринг жүйесінде 2009 жылғы 1 қазандағы жағдай боынша қатысушылардың саны 38 болды, олардың 31-і екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, ҚР Ұлттық Банкі, Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қорының Кастодиан Банкі (ҚҰБ МОЕБ), Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық үшін 3 шот, «Казпошта» АҚ.

Бөлшек төлемдер ағыны 2009 жылдың III тоқсанда сомасы 749,0 млрд. Теңге (5,0 млрд. АҚШ долл.) 4,1 млн. құжат болды. 2008 жылдың III тоқсанымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 12,2 % (445,3 мың құжатқа) ұлғайды, ал төлемдер сомасы 24,8 % (148,6 млрд. теңгеге) көтерілді.

Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Алматы клиринг палатасы.

  2. Клиринг тәсілдері.

  3. Клирингтік операция қатысушылары.

  4. Клирингтік палатаның негізгі қызметі.

  5. Банкаралық клиринг.


Студенттердің өздік жұмысына арналған рефераттардың тақырыптары:
1. Клиринг – төлемдерді төлемеу мәселесін шешудің тиімді әдісі.

2. Клиринг – есеп айырысудың прогрессивтік тәсілі.

3. Клирингтік операцияларды жүргізудің механизмі.

6 ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТАЛАР – АҚШАНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
6.1 Пластикалық карталардың мәні және жіктелуі
Қағаз ақша ғасыры тәмамдалып келеді. Адамдардың көпшілігі қазіргі таңда қолма – қол ақшадан бас тартып, төлем карточкаларын таңдауға көшкен. Осы бір кесек пластик артықшылығының орасан зорлығы сонша оны сипаттап беруге сайттағы орын жетпес.

Карточка - әмбебап төлем құралы, оны Сіз жер шарының кез келген түкпірлерінде пайдалана аласыз (әрине, банк бар жерлерде). Бұл Сіздің банктік карточкалық шотыңызды басқаруға қол жеткізетін кілт. Төлем карточкасының көмегімен үйден шықпай – ақ тауарлар мен қызметтерді төлеуге болады немесе қолма – қол ақша алуға болады. Карточка белгілі бір мерзімге шығарылады. Бұл мерзім карточканың өзінде көрсетіледі. Өз карточкаңыздың жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін карточканы қайта шығару керек.

Төлем карточкалары негізгі 2 санатқа бөлінеді:

Негізгі карточка – Сіздің карточкалық шот бойынша рәсімделген төлем карточкаңыз.

Қосымша карточка – Сіздің немесе Сіз сенім білдірген тұлғаның, мысалы жұбайыңыздың немесе балаларыңыздың атына негізгі карточканың карточкалық шоты бойынша рәсімделген төлем карточкасы. Сіз белгілі бір уақыт кезеңі ішінде қосымша карточка бойынша қол жетімді ең жоғарғы сомаға (лимит) және карточкалық операцияларға шектеу белгілеуге құқылысыз.

Төлем карточкаларының түрлері:


Visa Electron (Электрондық әмиян)

  • Ақшаңызға тәулік бойы қол жеткізу, оның ішінде кез келген уақытта қолма – қол ақша алу мүмкіндігі

  • Карточканы бүкіл дүние жүзі бойынша тауар сатып алу және көрсетілген қызметке ақы төлеу үшін пайдалану мүмкіндігі

  • Коммуналдық төлемді, телекоммуникация қызметтері үшін және басқа төлемдерді қолма – қол ақшасыз іске асыпу мүмкіндігі

  • Карточка жоғалып қалғанда ақшаны карт-шотта сақтау мүмкіндігі

  • Отбасы мүшелеріне шығыс лимиті белгіленген қосымша карточка ашу мүмкіндігі

Visa Electron Instant HalykCard

Halyk Card - әп – сәтте шығарылатын алғашқы Қазақстандық карточка. Егер сіз шоп – турға аттанып, Қазақстан бойынша немесе шетелге жедел іссапарға, сондай – ақ демалуға баратын болсаңыз; Егер сіз Card to card жүйесімен ақша аударуды, жалақыны карточкамен алуды, банкомат арқылы төлем жасауды қаласаңыз, Қазақстан Халық Банкі Сізге төлем карточкасын банкке келген күні бірден алудың бірегей мүмкіндігін ұсынады.

Halyk Card карточкасының иелеріне стандартты карточка ұстаушыларға арналған мүмкіндіктің барлығы ұсынылады. Halyk Card карточкасын алу үшін Халық Банкінің кез келген бөлімшесіне барып, жеке куәлігіңізбен СТН анықтамасының көшірмесін ұсынасыз және карточка беруге өтініш жазып, тиісті шартқа қол қоясыз, сондай – ақ Банкте қолданыстағы тарифтерге сәйкес тиісті комиссиялық төлейсіз.


Visa Classic

Клиенттердің кең ауқымына арналған карточканың «классикалық» нұсқасы.Бұл карточканы сатып алынған тауар мен көрсетілген қызметке ақы төлеу үшін дүние жүзі бойынша 13 миллионнан астам сауда және сервис кәсіпорнында пайдалана аласыз, сонымен қатар Visa International және Master Card International төлем жүйелерінің логотипі бар 307 мыңнан астам банкоматтан немесе банк филиалынан кез келген уақытта, күндіз – түні қолма қол ақша алуға болады.


Visa Gold

Алтынның құны ешқашан жоғалмайды. Бүкіл әлем бойынша «алтын» карточкалары ең құнды болып саналады. «Алтын» карточкасының иесі болсаңыз, респектабельді дүкендер мен мейманханаларда, қонақ үйлер мен сауда үйлерінде қызмет көрсетушілер тарапынан өзіңізге деген ерекше ілтипат пен жоғары құрметті бірден сезінесіз.


Visa Platinum

Бұл карточка ыңғайлылық пен өзіне ерекше қатынасты ұнататын көпке қол жеткізген адамдарға арналған. Осылай Visa Platinum карточкасы ауқаттылық пен карточка ұстаушының мәртебесін қолдайтын белгі болып табылады. Карточка арқылы клиент мейманхананы брондай алады немесе автокөлікті жалға ала алады. Бұл, әсіресе, шетелде саяхатқа барғанда өте қолайлы. Әдетте бұндай карточкалар жетілген банк тарихы бар банктің тұрақты клиенттеріне берілді.


Visa Infinite

Visa карталарының құрылымында ең жоғары мәртебеге ие. Ол өзінің иесіне эксклюзивтік қызметтер топтамасын ұсынады, солардың ішінде іскерлік және жеке қажеттіліктерін өтеу үшін тәулік бойы дербес менеджердің қолдауы, саяхат кезінде 1 млн. долларға дейін сақтандыру, айрықша дисконттық бағдарлама – элиталық шегерімдер мен бүкіл әлем бойынша арнайы ұсыныстар.


Visa Virtuon

Бізбен – неғұрлым қауіпсіз....

Visa Virtuon Card – Интернет желісінде есеп айырысу үшін Қазақстан Хадлық Банкі шығарған Visa International халықаралық жүйесінің арнаулы карточкасы, еспе айырысу жүргізілгенде карточканы көрсету талап етілмейді.
Maestro – ISIK студенттер карточкасы

Егер сен күндізгі бөлімде студент болсаң, әлі жас болсаң, әрі саяхатқа шыққанды ұнатсаң, заман ағымынан кейін қалғың келмесе – онда бұл карточка Сен үшін!

Зейнетақылық карточка

Зейнетақыңызды ыңғайлы әрі оңай жолмен алыңыз! Халық Банкі Сізге зейнетақы алудың қарапайым әрі ыңғайлы жолын ұсынады! Ендігі жерді Сіз зейнетақыңызды өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта алумен қатар, ақшаның карточкаңызға түскені туралы ақпарат алып отыруыңызға да болады.

Зейнетақылық карточканың артықшылықтары:


  • алғашқы жылы тегін қызмет көрсетіледі;

  • зейнетақыңызды Халық Банкінің банкоматтарынан қолма – қол ақшамен тегін аласыз;

  • зейнетақыны карточкаға аудару жинақ кітапшасына аударудан гөрі жылдамырақ жүргізіледі:

  • туыс – туғандарыңызбен жақындарыңыз Сіздің карточкаңызға ақша аудара алады («Card to card» және «Visa to Visa» қызмет түрлерін қараңыз);

  • Банк клиенті ретінде Сіз оңайтылған жолмен 600 мың теңгеге дейін сомаға кепілсіз «Зейнетақылық кредит» алуыңызға болады. Одан әрі сол айдың ішінде ақпараттық сұрату жасау ақылы негізде.


Карточкаларын шығару және қызмет көрсету ережелері
Карточканы алатын кезде

Карточканы алатын кезде оның арнайы көрсетілген жеріне шарлы қаламсаппен бірден қолыңызды қою керек. Карточкада қолыңыздың болмауы немесе Сіздің қолыңызға сәйкес келмеуі карточканы қызмет көрсетуге қабылдаудан бас тартуға немесе банктің немесе төлем жүйесінің тарапынан ешқандай өтемақылық төлемдерсіз ондай карточканы айналымнан алып тастауға заңды негіз болып табылады.

Карточканы бірге Сіз өзіңіздің Жеке Идентификациялық нөміріңізді аласыз (ПИН-код). Сіз оны есіңізде сақтап алуыңыз керек немесе оны құпияда сақтауыңыз керек, қалай болғанда да ПИН үшінші тұлғаларға ашылмауы керек. ПИН банкоматтар мен кейбір сауда орындарындағы операцияларды жасау үшін қолданылатын болғандықтан пернетақтада төрт санды кодты дұрыс теру Сіздің абсолютті идентификацияыңызды білдіреді. ПИН қолданылған операция Сіздің тарапыңыздан даулана алмайды.
Карточканы қалай пайдалану керек

Сіз карточка арқылы әлденені төлегіңіз келсе немесе банктің бөлімшесінен қолма – қол ақшаны алғыңыз келсе, Сіз өзіңіздің карточкаңызды кассирге көрсетуіңіз керек. Карточкамен бірге Сізден жеке басыңызды куәландыратын құжатты (төлқұжат, куәлік) сұрауы мүмкін. Карточкадағы деректемелерді (ұстаушының аты, карточканың жарамдылық мерзімі аяқталатын уақыт) тексергеннен кейін Оператор карточкалық шоттан қажетті соманы есептен шығарады. Өткізілген операцияның негізінде Оператор екі чек/слипті береді, оған сіз қолыңызды қоюыңыз керек. Чек/слип пен Сізден сұратылатын/төленетін сомалардың сәйкестігін міндетті түрде тексеріңіз. Келіспеген жағдайда бұл туралы операторға хабарлаңыз. Бос чек/слипке немесе дұрыс сомасы көрсетілмеген чек/слипке ешқашан қолыңызды қоймаңыз, өйткені қол қойылған чек/слип карточка иегерінің оның карточкалық шотынан белгілі бір соманы есептен шығаруға берген келісімін растайтын құжат болып табылады. Қол қойылған чек/слиптің бір данасын Сіз операторға бересіз, екіншісі қолыңызда қалады. Көрсетілген барлық сомалар сіздің шоттан есептен шығарылғанға дейін чек/слиптердің көшірмелерін міндетті түрде сақтап қойыңыз, ол өз кезегінде карточкалық шот бойынша ай сайын сізге ақысыз ұсынып отыратын үзінді жазбада да көрсетілетін болады.

Сіз банкоматтан қолма – қол ақшаны алғыңыз келсе, онда бастапқыда банкоматтың қандай карточкаларды қабылдайтынын тексеріп алыңыз. Сіздің карточкада бейнеленген төлем жүйесінің логотипі банкоматта болмаса, Сіздің карточкаға бұл банкомат қызмет көрсетпейді. Карточканы банкоматтың ойығына дұрыс салыңыз. Төменгі жағындағы магнит жолағы оң жағынан. Әрі қарай не істеу керек екендігін экраннан оқып отырасыз. ПИН-ді терген кезде Сізге ешкімнің қарап тұрмағанына көзіңізді жеткізіңіз. ПИН-кодты қателесіп терген жағдайда экранда теруді қайталаңыз деген ұсыныс пайда болады. Мұқият болыңыз! Сізге үш мүмкіндік қана беріледі. Содан соң краточканы банкомат ұстап қалады. Ақшаны терезешеден алыңыз және түбіртекті күтіп тұрып, ақшаны тексеріп, санап алыңыз. Тапсырылған сома мен берілген сома ерекшеленген жағдайда банктің қызметкеріне жүгініңіз. Операция аяқталғаннан кейін карточкаңыз бен түбіртекті ұмытып кетпеңіз. Банкоматтың нұсқауларын орындауды кідіртпеген жөн. Әрекеттерді 20 секундтан артық кідірту Сіз операцияны жалғастырғысы келмейді немесе карточкасын ұмытып кетті деп бағалануы мүмкін. Бұл жағдайда банкомат карточканы ұстап қалады., Сізге сол банкоматқа қызмет көрсететін банкпен хабарласу керек болады.
Қазкоммерцбанк шығаратын жеке карточкалар

Қазкоммерцбанктің төлем карточкасы – бұл уақыт үнемдеу, қызмет көрсету ыңғайлылығы, сауда және сервис кәсіпорындары ұсынатын тауарлар мен қызметтерге төлем жасауда -жеңілдіктер мен шегерімдер.



Каталог: ebook -> umm
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе Дәріс мазмұны
umm -> Пән бойынша глоссарий анимизм
umm -> Шұжық және консерві өндірісі
umm -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті
umm -> Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umm -> Ќазаќстан республикасы
umm -> Адам құқықтары туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады
umm -> Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан әрі жетілдіруді талап етеді
umm -> Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет