Работа по созданию системы, работающей в режиме реального времени, была начата Национальным Банком рк в 1995 году



жүктеу 1.72 Mb.
бет6/8
Дата29.08.2018
өлшемі1.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Cirrus Maestro, Visa Electron

 Онша қымбат емес халықаралық төлем карточкалары  Сізге шетелге сапар шеккенде және күнделікті өмірде көмектеседі.


Сіз Қазкоммерцбанк карточкаларының иелеріне ұсынылатын жеңілдіктер мен  қосымша қызметтерді пайдалана аласыз.

 

Қызмет көрсету желілері: "Стандарт", "Стандарт Плюс".



Тарифтер 

 

Visa Classic, MasterCard Mass

Танымал пластикалық карточкалар.
Шетелдік сапарлар үшін ұсынамыз.
Visa немесе  MasterCard логотиптері бар жерлердің бәрінде қызмет көрсетіледі. 
Карточка жоғалып қалған жағдайдың өзінде,  "Emergency cash disbursement" процедурасы бойынша заңды иесіне қолма-қол ақша алу мүмкіндігін ұсынады.

Қызмет көрсету желілері: "Стандарт", "Люкс"

Тарифтер 

 

Visa Electron Instant Card

Мезетте шығарылатын атаулы емес  халықаралық төлем каточкалары.

Карточканы алу - банкке бірінші рет хабарласқан сәтте-ақ.. 


Электронды   құрылғыларда пайдалануға арналған.        

  Мерзімі аяқталғаннан кейін Банктің кез келген атаулы төлем карточкасында қайта шығарылады.



Қызмет көрсету желілері: "Стандарт", "Люкс"

Тарифтер 

Visa Gold, MasterCard Gold

Қазкоммерцбанктің Gold карточкалары – оның иесінің табысы мен беделінің символы, жеке қаржылық әл-ауқатының куәсі. Танымал пластикалық карточкалар.  Алтын карточка әрқашан да бедел мен табыс символы болып есептеледі. Алтын карточкалар, әдетте,  Classic және  Mass карточкаларынан кредиттік лимит мөлшерінің, сондай-ақ банк көрсететін  қосымша қызметтердің көбірек болуымен ерекшеленеді.

Элитарлық сервис

Тарифтер 

MasterCard Virtual Card

Онша қымбат емес халықаралық виртуальді карточкалар Сізге Интернетте тауарлар мен қызметтерге төлем жасауға (одан әрі нақты ұсынылуын талап етпейтін) және  жасалған сауда бойынша шығыстарды дәл бақылауға мүмкіндік береді. Шот негізгі шот валютасында жүргізіледі. Сіз Қазкоммерцбанк карточкаларының иелеріне ұсынылатын жеңілдіктерді пайдалана аласыз.



Тарифтер 

Мультивалюталық карточка

Мультивалюталық карточка, «қатардағы» төлем карточкасы сияқты, Қазақстанда да, шетелде де банкоматтардан қолма-қол ақшаны алуға және тауарлар мен қызметтерге төлем жасау үшін пайдалануға болады. Жаңа карточканың өзіндік ерекшелігі – карта бойынша операцияға бір уақытта үш шот бойынша – теңгеде, АҚШ долларында және еурода қызмет көрсету мүмкіндігі.


Халық банк шығаратын пластикалық карталар

Visa Electron

"Электрондық әмиян"


Ақшаңызға тәулік бойы қол жеткізу, оның ішінде кез келген уақытта қолма-қол ақша алу мүмкіндігі; карточканы бүкіл дүние жүзі бойынша тауар сатып алу және көрсетілген қызметке ақы төлеу үшін пайдалану мүмкіндігі; коммуналдық төлемді, телекоммуникация қызметтері үшін және басқа төлемдерді қолма-қол ақшасыз іске асыру мүмкіндігі; карточка жоғалып қалғанда ақшаны карт-шотта сақтау мүмкіндігі; отбасы мүшелеріне шығыс лимиті белгіленген қосымша карточка ашу мүмкіндігі.



Visa Electron Instant HalykCard

Halyk Card - әп-сәтте шығарылатын алғашқы қазақстандық карточка.


Егер шоп-турға аттанатын, Қазақстан бойынша немесе шетелге жедел іссапарға, сондай-ақ демалуға баратын болсаңыз,

Егер Card to card жүйесімен ақша аударуды, жалақыны карточкамен алуды, банкомат арқылы төлем жасауды қаласаңыз,

Қазақстан Халық Банкі төлем карточкасын банкке келген күні бірден алудың бірегей мүмкіндігін ұсынады.

Halyk Card карточкасының иелеріне стандартты карточка ұстаушыларға арналған мүмкіндіктің барлығы ұсынылады.

Halyk Card карточкасын алу үшін Халық банкінің кез келген бөлімшесіне барып, жеке куәлігіңіз бен СТН анықтамасының көшірмесін ұсынасыз және карточка беруге өтініш жазып, тиісті шартқа қол қоясыз, сондай-ақ Банкте қолданыстағы тарифтерге сәйкес тиісті комиссиялық төлейсіз.



Visa Classic

Клиенттердің кең ауқымына арналған карточканың «классикалық» нұсқасы.

Бұл карточканы сатып алынған тауар мен көрсетілген қызметке ақы төлеу үшін дүние жүзі бойынша 13 миллионнан астам сауда және сервис кәсіпорнында пайдалана аласыз, сонымен қатар VISA International немесе MasterCard International төлем жүйелерінің логотипі бар 307 мыңнан астам банкоматтан немесе банк филиалынан кез келген уақытта, күндіз-түні қолма-қол ақша алуға болады.



Visa Gold

Алтынның құны ешқашан жоғалмайды...

Бүкіл әлем бойынша «алтын» карточкалары ең құнды болып саналады.
«Алтын» карточкасының иесі болсаңыз, респектабельді дүкендер мен мейманханаларда, қонақ үйлер мен сауда үйлерінде қызмет көрсетушілер тарапынан өзіңізге деген ерекше ілтипат пен жоғары құрметті бірден сезінесіз.



Visa Platinum

Бұл карточка ыңғайлылық пен өзіне деген ерекше қатынасты ұнататын көпке қол жеткізген адамдарға арналған.

Осылай Visa Platinum карточкасы ауқаттылық пен карточка ұстаушының мәртебесін қолдайтын белгі болып табылады.

Карточка арқылы клиент мейманхананы брондай алады немесе автокөлікті жалға ала алады. Бұл, әсіресе, шет елде саяхатқа барғанда өте қолайлы.


Әдетте бұндай карточкалар жетілген банк тарихы бар банктің тұрақты клиенттеріне беріледі.

Visa Virtuon

Visa Virtuon Card - Интернет желісінде есеп айырысу үшін Қазақстан Халық банкі шығарған Visa International халықаралық жүйесінің арнаулы карточкасы, есеп айырысу жүргізілгенде карточканы көрсету талап етілмейді.





MasterCard Standard

Клиенттердің кең ауқымына арналған карточканың «классикалық» нұсқасы.


Бұл карточканы сатып алынған тауар мен көрсетілген қызметке ақы төлеу үшін дүние жүзі бойынша 13 миллионнан астам сауда және сервис кәсіпорнында пайдалана аласыз, сонымен қатар VISA International немесе MasterCard International төлем жүйелерінің логотипі бар 307 мыңнан астам банкоматтан немесе банк филиалынан кез келген уақытта, күндіз-түні қолма-қол ақша алуға болады.



MasterCard Gold

Алтынның құны ешқашан жоғалмайды...

Бүкіл әлем бойынша «алтын» карточкалары ең құнды болып саналады.
«Алтын» карточкасының иесі болсаңыз, респектабельді дүкендер мен мейманханаларда, қонақ үйлер мен сауда үйлерінде қызмет көрсетушілер тарапынан өзіңізге деген ерекше ілтипат пен жоғары құрметті бірден сезінесіз.



Maestro/Cirrus

"Электрондық әмиян"...

- Ақшаға тәулік бойы қол жеткізу, оның ішінде кез келген уақытта қолма-қол ақша алу мүмкіндігі;

- карточканы бүкіл дүние жүзі бойынша тауар сатып алу және көрсетілген қызметке ақы төлеу үшін пайдалану мүмкіндігі;

- коммуналдық төлемді, телекоммуникация қызметтері үшін және басқа төлемдерді қолма-қол ақшасыз іске асыру мүмкіндігі;

- карточка жоғалып қалғанда ақшаны карт-шотта сақтау мүмкіндігі;


- отбасы мүшелеріне шығыс лимиті белгіленген қосымша карточка ашу мүмкіндігі.


Қазақстанда пайдаланылатын төлем карталары






Халықаралық карталар

Төлем картасы

Банк-эмитенттер

Visa Electron

алғашқы ондықтағы барлық банк

Visa Electron Instant

Казкоммерцбанк, Халық, Альянс

Visa Classic

алғашқы ондықтағы барлық банк

Visa Gold

алғашқы ондықтағы барлық банк

Visa Platinum

БТА, Халық, АТФ, Центркредит, Альянс

Visa Infinite

Халық

Visa Virtuon

БТА, Халық, АТФ, Альянс

Cirrus Maestro

Казком, БТА, Халық, АТФ, Альянс

Maestro-ISIC(студенческая)

Халық

Master Card Unembossed

Альянс

MasterCard Standard

Казком, БТА, Халық, АТФ, Альянс

MasterCard Gold

Казком, БТА, Халық, АТФ, Альянс

MasterCard Platinum

Казком, БТА, Альянс

MasterCard Standard Virtual Card

Казком, Альянс

American Express Personal/Green

АТФ, Центркредит, Темир, Нурбанк

American Express Gold

АТФ, Центркредит, Темир, Нурбанк

American Express Platinum

АТФ, Центркредит, Темир, Нурбанк

American Express Centurion

АТФ, Центркредит, Темир, Нурбанк

China Union Pay Business

Халық

China Union Pay Classic

Халық

China Union Pay Gold

Халық

Жергілікті карталар

Картаның атауы

Банк-эмитенттер

Present Card

Халық Банкының алдын-ала төленген картасы

Altyn

Халық Банк

Go Card (бонусная)

Казком

Altyn City Card (бонусная)

Халық Банк






6.2 Қазақстандағы пластикалық карталар нарығының қалыптасуы
Төлем карточкасы - электронды терминалдар немесе өзге құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткiзу құралы, онда мұндай карточканы ұстаушыға төлемдердi жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және төлем карточкасының эмитентi белгiлеген әрi соның шарттары бойынша басқа операцияларды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн ақпарат болады.

Орталықтанған жоспарлық жүйеден кейінгі қалған және бұрынғы кеңес үкіметімен мақұлданған ақшасыз есеп-айырысу жүйесі Қазақстанның нарықтық экономиканың жаңа шарттарына сәйкес келмеді.Осыған байланысты 1991 жылы Ұлттық банк елдің төлем жүйесіне реформа жүргізуге мәжбүр болады.

Төлем карточкаларының дүние жүзiнде XX ғасырдың 60-жылдарының ортасынан бастап кеңiнен қолданыла бастағанына қарамастан, Қазақстандағы төлем карточкаларының рыногы 1994 жылдан бастап қана дами бастады. Төлем карточкаларын қарапайым жiктеу бойынша магниттi жолағы бар және микропроцессорлық карточкаларға бөлуге болады. Магниттi жолағы бар карточка - XX жүз жылдықтың екiншi жартысындағы негiзгi төлем құралы, ол өз кемшiлiктерiне қарамастан дамыған елдерде кеңiнен қолданылуда. Микропроцессорлық карточкалардың өз кезегiнде қорғалу деңгейi, жады көлемi мен атқаратын қызметi бойынша магниттi жолағы бар карточкаларға қарағанда елеулi артықшылықтары бар, бiрақ олардың дамыған елдердегi төлем жүйелерiнде жаппай пайдаланылуын жүйедегi магниттi жолағы бар карточкаларды пайдалануға негiзделген iрi инвестициялар тоқтатып отыр. Төлем карточкаларын аз уақыттан берi қолданатын елдердiң қатарына жататын Қазақстан Республикасының да осы саладағы жаңа ақпараттық технологияға көшу жолында серпiлiс жасауына мүмкiндiгi бар.

Қазақстан Республикасында Ұлттық банкаралық төлем карточкалары жүйесiн құруға дайындық 1993 жылы басталды, 1993 жылдан 1995 жылға дейiнгi кезең iшiнде Ұлттық Банктiң тапсырысы бойынша IBM фирмасы (АҚШ) және банкаралық жұмыс тобы Электрондық қолма-қол ақшаның ұлттық жүйесiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiн және Пластикалық карточкалардың интеграцияланған жүйесiнiң дизайнын әзiрледi, оларға сәйкес электрондық қолма-қол ақшаны және дебеттiк/кредиттiк карточкаларды дамытуға болжам жасалды. Сонымен қатар электрондық қолма-қол ақша жүйесi iс жүзiнде кәдiмгi банкноттар мен металл ақшаларға толық ұқсас болуға арналған едi. Осы жобаны iске асыру үшiн - интегралды микросхемасы - электрондық әмияны (тауарларды және қызмет көрсетудi сатушылармен есеп айырысу үшiн пайдаланылатын және баланстарда (әмияндарда) әлi пайдаланылмаған ақша сомасы туралы деректер және басқа қажеттi деректемелер сақталатын микропроцессорлық карточка) бар төлем карточкаларын қолдану болуы керек едi.

Жобада қолма-қол электрондық ақшаны, сондай-ақ дебеттiк және кредиттiк карточкаларды пайдалана отырып, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу бойынша шағын бөлшек төлемдердi жүзеге асыру көзделдi. Электрондық қолма-қол ақшаны инфляциядан қорғауға мүмкiндiк туғызу үшiн шетел валютасын электрондық әмиянда сақтауға қосымша ұсыныс берiлдi.

Ұлттық Банктiң банкноттар мен металл ақшаларды сатқан жағдайдағы сияқты электрондық ақшаны екiншi деңгейдегi банктерге сату арқылы оны айналымға шығару көзделдi. Мұндай жағдайда айналыстағы ақша массасы екi бөлiкке бөлiнер едi: электрондық ақша және банкноттар, металл ақшалар. Жоба негiзiнен сол кезеңдегi Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң даму деңгейiне сәйкес қажет болмады. Қазiргi кезде осы жобаны кезең-кезеңiмен iске асыру үшiн барлық алғышарттар бар. Бiрiншiден, екiншi деңгейдегi банктердiң ақпараттық инфрақұрылымы осы кезең iшiнде белгiлi бiр дамуға қол жеткiздi. Екiншiден, Қазақстан Республикасында ТМД елдерiнiң арасында неғұрлым дамыған, банкаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ететiн төлем жүйесi қалыптасты.

Төлем карточкаларын Қазақстан Республикасының барлық аумағында Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесi шеңберiнде ендiрудi және пайдалануды қамтамасыз ету үшiн нақты микропроцессорлық төлем карточкасын қандай банк шығарғанына қарамастан, микропроцессорлық төлем карточкаларын жаппай пайдалану үшiн тиiстi жағдайлар жасау және инфрақұрылым құру қажет.

Электрондық қолма-қол ақшаны енгiзу жолындағы алғашқы қадам электрондық әмияндар тұжырымдамасы негiзiнде микропроцессорлық дебеттiк және кредиттiк карточкаларды пайдалана отырып Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн құру болып табылады. Электрондық әмияндар тұжырымдамасын "таза" күйiнде iске асыру көзделмейдi, яғни есеп айырысу жүзеге асырылғанға дейiн клиенттердiң микропроцессорлық карточкаларына енгiзiлген ақша банк жүйесiнде жинақталуға мүмкiндiк бере отырып, iс жүзiнде клиенттердiң банктегi жеке есепшоттарында қалады. Халық тауарлар мен көрсетiлген қызметтер үшiн Қазақстан Республикасының кез келген жерiнде және осы карточканы ұстаушыға қандай банктiң қызмет көрсететiнiне қарамастан есеп айырысуға мүмкiндiк алады. Электрондық қолма-қол ақша ендiрудiң жолында бүгiнгi күн талабына жауап беретiн осы қадамның өзiн iске асыру осы Бағдарламада ұсынылады.

Қағаз ақша ғасыры тәмамдалып келеді. Адамдардың көпшілігі қазіргі таңда қолма-қол ақшадан бас тартып, төлем карточкаларын таңдауға көшкен. Осы бір кесек пластик артықшылығының орасан зорлығы сонша оны сипаттап беруге сайттағы орын жетпес. Карточка – әмбебап төлем құралы, оны Сіз жер шарының кез келген түпкірінде пайдалана алсыз (әрине, банк бар жерлерде). Бұл Сіздің банктік карточкалық шотыңызды басқаруға қол жеткізетін кілт. Төлем карточкасының көмегімен үйден шықпай-ақ тауарлар мен қызметтерді төлеуге болады немесе қолма-қол ақша алуға болады. Карточка белгілі бір мерзімге шығарылады. Бұл мерзім карточканың өзінде көрсетіледі. Өз карточкаңыздың жарамдылық мерзімін тексеруге ұмытпаңыз, өйткені жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін карточканы қайта шығару керек.

Төлем карточкалары негізгі 2 санатқа бөлінеді:

Негізгі карточка – Сіздің карточкалық шот бойынша ресімделген төлем карточкаңыз.

Қосымша карточка – Сіздің немесе Сіз сенім білдірген тұлғаның, мысалы жұбайыңыздың немесе балаларыңыздың атына негізгі карточканың карточкалық шоты бойынша ресімделген төлем карточкасы. Сіз белгілі бір уақыт кезеңі ішінде қосымша карточка бойынша қол жетімді ең жоғарғы сомаға (лмит) және карточкалық операцияларға шектеу белгілеуге құқылысыз.

Қазақстан Халық банкі VISA International және MasterCard International төлем жүйелерінің карточкаларын шығарады және төлем карточкаларының қазақстандық рыногында тұрақты көшбасшы болып келеді.

2009 жылғы 1-маусымдағы жағдайы бойынша Халық банкінің 2,7млн.-нан артық карточкалары айналымда жүр. Бұл Қазақстандағы төлем карточкаларын пайдаланушылардың шамамен 40%. Халық Банкінің төлем карточкаларына қызмет көрсету жүйесі 1690 банкоматтан, 600 киоскіден (карточкалық терминалдардан), 2800 РОS-терминалдар мен импринтерлерден тұрады.

2005 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруға рұқсат беретін арнайы лицензияға 21 екінші деңгейлі банктер мен «Қазпочта» АҚ ие болса, олардың ішінен 20 банк нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын: Алтын кард – «Қазақстанның Халықтық Банкі» АҚ және «Алматы сауда қаржы банкі» АҚ, SmartAlemCard – «ТуранАлем банкі» АҚ, «Каспийский банкі» АҚ, «Сити банкі» ЖАҚ, «Цесна банкі» АҚ карточкалары және Дуэт - «Валют-Транзит Банк» АҚ, сондай-ақ халықаралық жүйе карточкаларын - VISA International, Europay International шығаруда. Бұдан басқа, қазақстандық банктер келесідей халықаралық жүйе карточкаларын шығаруда: American Express International - «Казкоммерцбанк» АҚ, «Алматы сауда қаржы Банкі» АҚ, «ТуранАлем банкі» АҚ,«Темір банкі» АҚ, «Қазақстанның Халықтық Банкі» АҚ, «ЦентрКредит банкі» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, Diners Club International - «Казкоммерцбанк» АҚ, Europay International – «Альфа-банк» ЕБ ЖАҚ.

Төлем карточкалары нарығының даму саласында 2007 - 2009 жылдарда төлем карточкаларының Ұлттық банкаралық жүйесiн одан әрi енгiзу және дамыту басым бағыт болады. Оны енгiзу шеңберiнде ел iшiнде "КаzСаrd" төлем карточкаларын қолдануды кеңейтуге және оларға қызмет көрсету инфрақұрылымдарын дамытуға ерекше назар аударылатын болады.


Қазақстанның банктері мен «Қазпошта» АҚ шығарған және таратқан төлем карточкаларының жалпы саны 2008 жылғы 1 наурызда 5,91 млн. бірлікті құрады, ол өткен жылдың тиісті кезеңіндегі деңгейден 37,4% (1,61 млн. бірлікке) көп. Бұл ретте осы карточкаларды ұстаушылардың саны өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 35,5% артып, 5,59 млн. адам болды.

Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізген транзакцияларының көлемі 2008 жылдың қаңтар – ақпан айларында 296,1 млрд. теңге (2,5 млрд. $) сомаға 13,8 млн. транзакцияны құрады. 2007 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда транзакциялар саны 18,7% (2,2 млн. транзакцияға), ал сомасы 29,9%-ға (68,1 млрд. теңгеге) артты.

Қазақстанда бүгінгі күні 2,0 млн. жуық қазақстандық (халықтын 13%-ы) төлем карточкаларың иеленушілері болып табылады. Оның ішінде 96 %-ы – үш жетекші банктің: «Халықтық банкінің», «Тұран Әлем Банкінің» және «Казкоммерцбанктің» клиентері. Өткен жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша төлем карточкаларын қабылдау үшін 824 банкомат және 4068 РОS-терминал, оның ішінде 2551-і – сауда кәсіпорындарында орнатылды.

Төлем карточкаларының 70%-ға жуығы – VISA төлем жүйесінің карточкалары. Одан кейінгі орында «Халықтық банкінің» Altyn карточкалары, «MasterCart» халықаралық төлем жүйесінің карточкалары және «Тұран Әлем Банкінің» «Alemcart» локальды карточкалары. Қалған карточкалар - American Express, Diners Clab карточкалары және басқа банктердің локальды карточкалары.

Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол жасалмайтын төлемдер жүйесiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1.Қоса берiлiп отырған Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

2.Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары Бағдарламада белгiленген iс-шараларды iске асыруды қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (келiсiм бойынша) тоқсан сайын, есеп берiлетiн айдан кейiнгi айдың 5-iнен кешiктiрмей Бағдарлама iс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.

3.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Yкiметiне тоқсан сайын, есеп берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей Бағдарлама iс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

4.Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.

5.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Төлем жүйесінің болашағы бар және қарқынды дамып отырған құрамдас бөліктерінің бірі ретінде төлем карточкалары нарығын жеке атап өткен жөн. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі 20 банкінің төлем карточкаларын шығаруға лицензиялары бар. Төлем карточкаларының қазақстандық нарығы халықаралық төлем карточкаларын (VISA International, Europay International, American Express International және Diners Club International) және жергілікті төлем жүйелерінің төлем карточкаларын (Altyn Сard, Дуэт, SmartAlemCard, СитиБанк Қазақстан, Каспийский банкінің жергілікті карточкасын, Цесна Банк және Kazcard жергілікті карточкасын) ұсынады.

Қазақстандық банктер шығарған карточкалардың саны бүгінгі күні (2008 жылғы 1 наурыз) 5,8 млн. дананы құрайды (соңғы 10 жылда 16 есе көбейді). Сөйтіп, бірнеше жыл бұрын 5 адамға бір төлем карточкасынан келген болса, орташа алғанда республиканың 3 адамына бір төлем карточкасынан келеді.

Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдаланып жасалған төлемдердің көлемі мен саны 2007 жылы тиісінше 135,1 млрд. теңгені және 6,0 млн. транзакцияны құрады, мұның өзі он жыл бұрынғы деңгейден ондаған есе (95 және 24,5 есе) асып түседі. Бүгінгі күні төлем карточкалары нарығының инфрақұрылымын төлем карточкаларын ақы төлеуге қабылдайтын 7484 сауда кәсіпорны, сауда нүктелерінде, сол сияқты екінші деңгейдегі банктерде орналасқан 16702 POS-терминал, 4607 банкомат құрайды. Сауда терминалдары, банкоматтар, сауда ұйымдары санының, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдаланып қолма-қол жасалмайтын төлемдер санының соңғы жылдары көзге түскен оңды өсу үрдісі 2008 жылы да байқалып отыр.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Үкіметімен бірлесіп төлем карточкаларына қызмет көрсетудің инфрақұрылымын одан әрі дамытуға жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдауда. Төлем карточкалары нарығын дамытуды ынталандыруда екінші деңгейдегі банктердің осы саладағы қызметі маңызды рөл атқарады. Қазақстанда төлем карточкаларына қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi шоғырландыру мақсатында Төлем карточкаларының ұлттық жүйесiн құру және дамыту қажет. Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларын енгiзу бағытында алғашқы қадам жасалды да - Қазақстан Республикасында микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада көзделген микропроцессорлық карточкалар негiзінде төлем карточкаларын пайдалану болашақта халыққа, сауда-сервис кәсiпорындарына оларға қай банк қызмет көрсеткенiне қарамай қызмет көрсету бойынша бiрыңғай "төлем" кеңiстiгiн құруға мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларының жүйесi дамыту қолма-қол ақшамен жасалмайтын ақша айналымын кеңейтуге, эмиссияға жұмсалатын шығыстарды азайтуға және қолма-қол ақшаға қызмет көрсетуге, сондай-ақ тиiмдiлігі аздау төлем құралдарынан (мысалы, чек сияқты) жаңа тиiмдiрек төлем құралдарының түрлерiне көшуге мүмкiндiк бередi.

Осы мақсаттар үшiн Ұлттық Банктің бастамасы бойынша Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің арнайы ұйымы - "Процессинг орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Процессинг орталығы) құрылды, оған төлем карточкалары бойынша транзакцияларды өңдеу, төлем карточкаларын, сондай-ақ халықаралық төлем жүйелерiнің төлем карталарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын төлемдердi маршрутизациялау мен клиринг бойынша міндеттер жүктелдi.

Процессинг орталығының қызметi, сондай-ақ микропроцессорлық карталар базасында электронды коммерция жүйелерiн (E-Commerce) құру және дамыту, коммерциялық ұйымдарға, корпоративтік және жеке клиенттерге, мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсету; әлеуметтiк мәселелер: сақтандыру, азаматтарды жүйеге келтiру, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қалдықтар бойынша көшiрмелер жөнiнде қызмет көрсету саласын дамыту және т.б. болжанады.


Каталог: ebook -> umm
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе Дәріс мазмұны
umm -> Пән бойынша глоссарий анимизм
umm -> Шұжық және консерві өндірісі
umm -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті
umm -> Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umm -> Ќазаќстан республикасы
umm -> Адам құқықтары туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады
umm -> Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан әрі жетілдіруді талап етеді
umm -> Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет