«Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру»



жүктеу 84.61 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі84.61 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «13» қыркүйектегі

№ 1195 қаулысымен

бекітілген

«Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган): 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация конвенциясына (Чикаго, 1944 ж.) (бұдан әрі – Конвенция) 6-қосымшасы, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 47-бабы 9-тармағының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналасқан.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталған нысаны радиоберуші аппаратураны қолдануға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері – уәкілетті органға өтінішті тапсырған күннен бастап күнтізбелік 30 күн;

2) уәкілетті органға осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 20 минуттан аспайды;

3) уәкілетті органда радиоберуші аппаратураны пайдалануға руқсат алу кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілетін уақыты – 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органның дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған, күту және құжат толтыру, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден үзінділер (үзінді көшірмелері) көрсетілген стенділермен қамтамасыз етілген ғимараттағы орындарда жүзеге асырылады.

Уәкілетті органда жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерттеу мақсатында жеке және заңды тұлғаларға арналған шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкілі уәкілетті органға Конвенцияға 6-қосымша талаптарына сәйкес келетін радиостанциялар диапазондары мен атауларын көрсете отырып, радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсатты алу үшін ерікті нысандағы өтінішті береді.

12. Мемлекеттік кызметті алу үшін өтінім ерікті нысанда беріледі.

13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжат осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжайы бойынша уәкілетті органның кеңсесіне ұсынылады.

14. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы талон береді.

15. Радиоберуші аппаратураны қолдануға рұқсат уәкілетті органның қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға оның жеке келуі кезінде берілген куәліктерді тіркеу және есепке алу журналында қолхат қоюы арқылы береді.

16. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіз мемлекеттік қызмет алушының ұсынған құжаттарында дұрыс емес мәліметтердің айқындалуы болып табылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қарау туралы жазбаша дәлелді жауап береді.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі адамдардың конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтауға және сыпайылық, барынша толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Уәкілетті органның жұмыс нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда, лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін уәкілетті органның қызметкерлері мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне мына мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсенің телефоны: 8 (7172) 24-14-19.

Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-дан 14:30-ға дейін.

22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда, шағым уәкілетті орган басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

23. Мемлекеттік қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда жазылады.

25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты, жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады.

26. Уәкілетті органның сенім телефоны: 8 (7172) 24-31-65.

________________________

«Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

Өтініштің қабылданғаны туралы талон

1. Өтінішті тіркеу нөмірі ___________________________________________________

   Өтініштің тіркелген күні 201___жылғы «___» ________________

2. _______________________________________________________________________

               (көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі)

3. _____________________________________________________ қабылданды.

              (мемлекеттік қызметті алушы өкілінің аты-жөні)

4. Қоса берілетін құжаттар саны _____ мен тізбесі:

1)____________________________________________________________________

2) ___________________________________________________________________

3) ___________________________________________________________________

4) ___________________________________________________________________

5) ___________________________________________________________________

6) ___________________________________________________________________

7) ___________________________________________________________________

8) ___________________________________________________________________

9) __________________________________________________________.

5. Қабылдаған:

_______________________________/ _______________/ ______________________

(Уәкілетті орган қызметкерінің лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)


6. Құжатты беру күні (уақыты) және орны: 20___ жылғы «___» __________ ___ сағ.___мин, _______________________________________________мекенжай бойынша.
________________________

«Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру»



мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің алдынғы жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақыттылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы(үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










3. Қолжетімділігі

3.1.Қызмет көрсету сапасына және оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы(үлесі)









________________________

«Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша



Талон

_______________________________________________________


(субъектінің атауы)

Өтінімді қабылдаған _______________________________________


                     (маманның Т.А.Ә.)

20__ ж. «___» _________ ___ сағат ___ мин.

Тапсыру мерзімі және жауап алу орны 20___жылғы «___»_______________________дейін, _______________________________________________мекенжай бойынша.


(мөлшері 75 мм х 55 мм)

________________________




Каталог: images -> stories -> contents
contents -> Конверттерді ашу хаттамасы
contents -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама Б. Аманшин атындағы қазақ орта мектебі
contents -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
contents -> Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жолдармен
contents -> Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №713 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының қауіпсіздігін


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет