Рахимбердина Анаргуль Турысбековна 2016 ж



жүктеу 255.88 Kb.
Дата16.05.2018
өлшемі255.88 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей каласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ




СМЖ 3 деңгей құжаты

Силлабус

Силлабус


042-17-5-2.18-33.65-2016


«Физика 1» пәнінің оқу бағдарламасы (силлабус)

№ 1 басылым

2016 жыл.



ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (СИЛЛАБУС)

Пәннің атауы: «Физика 1»

Кредит саны: 3

Мамандық шифры: 5В071200 «Машина жасау»

Факультет: жаратылыстану-математика

Кафедра: физика

Семей 2016

Алғы сөз

1 Құрастырушы

Рахимбердина Анаргуль Турысбековна __________________ 2016 ж.

аға оқытушы


2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 «Физика» кафедрасының отырысында

№11 хаттама, 09. 06. 2016 ж.

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Маусымбаев С.С. _________


2.2. Жаратылыстану-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

№ 5 хаттама 8.06.2016 ж.

Төрайымы Абдишева З.В. ___________________
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік Кеңесінде мақұлданды және баспаға ұсынылды


№ 6 хаттама 09.06.2016 ж.
ОӘК төрағасы, оқу-әдістемелік

жұмыс жөніндегі проректоры Г.К. Искакова __________________


АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН.

МАЗМҰНЫ


  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

  3. КУРС САЯСАТЫ

  4. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

  5. ӘДЕБИЕТТЕР ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
Оқытушының аты-жөні Рахимбердина Анаргуль Турысбековна

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі аға оқытушы

Факультет, кафедра жаратылыстану-математика, физика

Байланыс телефоны: 77-33-58, e.mail Anargul9161@mail.ru. Корпус № 3, кабинет 304


    1. ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА:

Пәннің қысқаша мазмұны

«Физика 1» пәні теориялық дайындық және техника мен технология саласында 5В071200 «Машина жасау» мамандығы бойынша оқитын бакалаврлардың кәсіптік қызметінің іргелі базасын құрудың негізі болып табылады, сонымен қатар олардың ғылыми дүниетанымын және құзыретін қалыптастырады.



1.3. Пәнді оқыту мақсаты мамандыққа қажетті білімін қалыптастыру және жаңа заманғы физиканың физикалық құбылыстары мен заңдарын меңгеру.

1.4. Пәнді оқытудың міндеттері

- практикалық іскерліктер мен дағдыларын қалыптастыру;



1.5 Құзыреті (оқыту нәтижелері)

- міндеттер қоюда және заңдар мен құбылыстарды физикалық түсіндіре білуі тиіс.



Білу:

  • әр түрлі физикалық ұғымдар, құбылыстар, заңдар мен теориялардың техникалық және технологиялық есептер шығаруға қолданылу шекаралары туралы түсінігі;

  • классикалық және қазіргі физиканың негізгі заңдарын және физикалық құбылыстарды;

  • Физикалық зерттеу әдістерін.

Біліктілігі:

  • құбылыстың физикалық механизмін аша білуі, белгілі бір нақты процестерде параметрлердің өзгерісіне талдау жасай білуі;

  • статистикалық әдісті қолдана білуі;

  • құралдармен және жүйелердің негізгі параметрлерін өлшеу әдістерімен

жұмыс істей білуі;

дағдысы:

  • қазіргі физикалық құбылыстарды және заңдарды практикалық қызметте пайдалану және физикалық эксперимент нәтижелерін түсіндіріп беру ептілігі;

  • физиканың нақты есептерін шығаруда;

  • физикалық эксперимент жүргізуде және алынған нәтижелерін бағалауда практикалық дағдылары болуы тиіс;

1.6 Курстың пререквизиті: математика, химия

1.7 Курстың постреквизиті: Электротехника

1.8 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме

1 кесте


Курс


Семестр

Кредит

Дәріс

(сағ)


СТС (сағ)

ЗЖ, сағ.

БӨЖ

Барлығы (сағ)

Қорытынды бақылау формасы

1


2

3

15

15

15

90

135

Емтихан


2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі 2 кестеде келтірілген

Кесте 2




Модуль. Тақырып

Сағаттар саны




Дәріс

ПС

ЗС

БӨЖ

әдебиет

1

2

3

4

5

6

7

Модуль № 1 «Механика. Молекулалық физика»

1.

Дәріс № 1. Кіріспе. Физика материя қозғалысының қарапайым түрлері және оларға сәйкес келетін табиғаттың аса ортақ заңдары туралы ғылым екендігі. Кинематика. Механикалық қозғалыс материя қозғалысының қарапайым түрі екендігі. Кеңістік пен уақыт. Санақ жүйесі. Материялық нүкте түсінігі. Материялық нүкте қозғалысын кинематикалық сипаттау. Қозғалыс заңы. Траектория теңдеуі. Жылдамдық пен үдеу радиус-вектордың уақыт бойынша туындысы екендігі. Қисық сызықты қозғалыстағы кезіндегі жылдамдық пен үдеу. Бұрыштық жылдамдық пен бұрыштық үдеу.

Практикалық сабақ №1 Материялық нүкте кинематикасы

Зертханалық сабақ № 1 Қателіктер теориясына кіріспе

1

1

1

4

5.1.1;

5.1.2;


5.1.4;

5.1.16


2.

Дәріс № 2 Материялық нүкте мен қатты дененің динамикасы. Ньютон заңдары. Масса. Күш. Механикадағы күштер түрлері. Гравитациялық күштер. Бүкіл әлемдік тартылыс күші. Серпімділік күштері. Гук заңы. Үйкеліс күштері. Инерциялық санақ жүйелері. Салыстырмалылықтың механи-калық принципі. Галилей түрлендірулері. Абсолют қатты дене ұғымы. Қатты дененің күш моменті және инерция моменті. Қатты дененің қозғалмайтын оське қатысты айналмалы қозғалысының динамикасының теңдеуі.Штейнер теоремасы.

Практикалық сабақ № 2 Материялық нүкте мен қатты дененің динамикасы

Зертханалық сабақ № 2 Айналмалы қозғалыс заңдарын зерттеу

1

1

2

4

5.1.1;

5.1.2;


5.1.4;

5.1.16


3.

Дәріс № 3 Сақталу заңдары. Сақталу заңдары кеңістік пен уақыттың симметриясының салдары екендігі. Материялық нүктелер жүйесі. Сыртқы және ішкі күштер. Механикалық жүйенің массалар центрі (инерция центрі) және оның қозғалу заңы. Импульстің сақталу заңы табиғаттың іргелі заңы екендігі. Энергия - қозғалыстар мен өзара әрекеттесудің әр түрлерінің әмбебап өлшемі екендігі. Күш жұмысы және оның қисық сызықты интеграл арқылы өрнектеу. Қуат. Механикалық жүйенің кинетикалық энергиясы және оның жүйеге түсірілген ішкі және сыртқы күштердің жұмысымен байланысы. Сыртқы күш өрісіндегі материялық нүктенің потенциалдық энергиясы және оның материялық нүктеге әсер етуші күшпен байланысы. Механикада энергияның сақталу заңы. Импульс моменті. Реактивті қозғалыс. Импульс моментінің сақталу заңы. Гироскопиялық эффект.

Практикалық сабақ № 3 Импульстің сақталу заңы. Энергияның сақталу заңы. Импульс моментінің сақталу заңы.

Зертханалық сабақ № 3 Тұтас дискінің инерция моментін анықтау

1

1

1

4

5.1.1

5.1.2


4.

Дәріс № 4 Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Эйнштейн постулаттары. Лоренц түрлендірулері. Түрлендірулер инварианттары. Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы. Импульс пен энергияны релятивистік түрлендіру.

Тұтас орталар механикасының элементтері. Тұтас орта ұғымы. Сұйықтықтар мен газдардың жалпы қасиеттері. Идеал және тұтқыр сұйық. Бернулли теңдеуі. Сұйықтықтықтардың ламинарлық және турбуленттік ағыны. Стокс формуласы. Пуазейль формуласы.



Практикалық сабақ № 4 Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Тұтас орталар механикасының элементтері.

Зертханалық сабақ № 4 Стокс әдісі көмегімен сұйықтың тұтқырлық коэффициентін анықтау

1

1

2

4

5.1.1,

5.1.5


5.

Дәріс № 5 Тербелістер мен толқындар. Гармониялық тербелістердің жалпы сипаттамалары. Серіппедегі жүк тербе-лістері. Математикалық маятник. Физи-калық маятник. Тербелістерді қосу. Векторлық диаграмма. Өшу коэффициенті. Өшудің логарифмдік декременті. Синусоидалық күштің әсерінен болатын еріксіз тербелістер. Еріксіз тербелістер амплитудасы мен фазасы. Резонанс. Автотербелістер. Толқындық процестер. Толқындық қозғалыстың негізгі сипаттамалары. Толқын теңдеуі. Жазық толқын. Қума және тұрғын толқындар. Фазалық жылдамдық. Допплер эффектісі.

Практикалық сабақ № 5 Тербелістер мен толқындар.

Зертханалық сабақ № 5 Тербелмелі қозғалыс заңдарын зерттеу

1

1

2

4

5.1.1,

5.1.5


6.

Дәріс № 6 Статистикалық физика және термодинамика. Молекула-кинетикалық теория негіздері. Температураның молекула-кинетикалық мағынасы. Идеал газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы. Термодинамикалық параметр-лер. Газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі.

Практикалық сабақ № 6 Газ заңдары.

1

1




4

5.1.1

7.

Дәріс № 7 Статистикалық үлестірулер. Ықтималдылық және флуктуациялар. Максвелл үлестірілуі. Бөлшектердің жылулық қозғалысының жылдамдығы. Сыртқы потенциалдық өрістегі бөлшектер үшін Больцман үлестірілуі. Еркіндік дәрежелерінің саны. Энергияны еркіндік дәрежелері бойынша үлестіру. Идеал газдың ішкі энергиясы.

Практикалық сабақ № 7 Статистикалық үлестірулер.

Зертханалық сабақ № 6 Клеман-Дезорма әдісі көмегімен ауаның меншікті жылу сиымдылықтарының қатынасын анықтау

1

1

1

4

5.1.1;

5.1.2;


5.1.4;

5.1.16


8.

Дәріс № 8 Термодинамика негіздері. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Изопроцестер. Қайтымды және қайтымсыз жылулық процестер. Карно циклі және оның ПӘК-і. Карно теоремасы. Келтірілген жылу. Энтропия. Термодинамиканың екінші бастамасы және оның физикалық мағынасы.

Практикалық сабақ № 8 Термодинамика негіздері.

1

1




4

5.1.1;

5.1.2;


5.1.16

9.

Дәріс № 9 Тасымалдау құбылыстары. Тасымалдау құбылыстарының жалпы сипаттамасы. Соқтығысулардың орташа саны және еркін жүру жолының орташа ұзындығы. Релаксация уақыты. Тасымалдау құбылыстарының: жылуөткізгіштіктің, тұтқыр үйкелістің, диффузияның молекула-кинетикалық теориясы. Нақты газдар.

Практикалық сабақ № 9 Тасымалдау құбылыстары.

Зертханалық сабақ № 7 Сұйықтың беттік керілу коэффициентін тамшы әдісімен анықтау

1

1

1

4

5.1.1;

5.1.2;


5.1.4;

5.1.16


10.

Дәріс № 10 Реал газдар. Молекулалардың әсерлік диаметрі. Молекула аралық өзара әрекеттесу күштері. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Ван-дер-Ваальс изотермалары. Бірінші және екінші текті фазалық ауысулар. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі, Кризистік нүкте. Үштік нүкте.

Практикалық сабақ № 10 Нақты газдар.

1

1




4




Модуль № 2 «Электростатика. Магнит өрісі»

11.

Дәріс № 11 Электростатика. Электр зарядтарының өзара әсерлесуі. Электр зарядтарының сақталу заңы. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Дербестік ұстанымы. Электрлік диполь. Вектор ағыны. Гаусс теоремасы. Электр өрісінің кернеуліктерін есептеу үшін Гаусс теоремасын қолдану. Электр өрісінің жұмысы. Электр өрісінің айналмалылығы. Потенциал. Потенциалдың электростати-калық өрістің кернеулігімен байланысы.

Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Өткізгіштегі және өткізгіш бетіне жақын жердегі электр өрісі. Электрлік ығысу. Екі орта шекарасындағы шекаралық шарттар. Электр зарядтарының өзара әрекеттесі энергиясы. Зарядталған конденсатордың және өткізгіштер жүйесінің энергиясы. Электростатикалық өрістің энергиясы. Электростатикалық өріс энергиясының көлемдік тығыздығы.



Практикалық сабақ № 11 Электростатика.

Зертханалық сабақ № 8 Электростатикалық өрісті зерттеу

1

1

1

4

5.1.1;

5.1.2;


5.1.4;

5.1.16


12.

Дәріс № 12 Тұрақты электр тогы. Электр тогының пайда болуының шарттары және оның жалпы сипаттамалары. Металдардың электр өткізгіштігінің классикалық электрондық теориясы. Дифференциалдық түрдегі Ом және Джоуль-Ленц заңдары. Бөгде күштер. Гальвани элементінің ЭҚК-і. Гальвани элементі бар тізбек бөлігі үшін жалпыланған Ом заңы. Кирхгоф ережелері.

Практикалық сабақ № 12 Тұрақты электр тогы.

Зертханалық сабақ № 9 Уитстон көпірі көмегімен өткізгіш кедергілерін анықтау

1

1

2

4

5.1.1;

5.1.2;


5.1.16

13.

Дәріс № 13 Магниттік өріс. Магнит индукция векторы. Суперпозиция принципі. Био-Савар-Лаплас заңы. Қарапайым жүйелердің магнит өрістерін есептеу. Лоренц күші. Магниттік өрістегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы. Холл эффектісі. Ампер күші. Магниттік өрістегі тгы бар орам. Рамкаға әсер етуші күштер моменті. Магниттік ағын. Магниттік өріске арналған Гаусс теоремасы. Тогы бар өткізгіштің магниттік өрісте орын ауыстыруы кезіндегі жұмысы. Заттағы магнит өрісі. Магнетиктер. Магнетиктердің түрлері. Диамагнетиктер. Парамагнетиктер. Заттағы магнит өрісі үшін толық ток заңы. Магнетистатистиканың негізгі теоремалары- магнит өрісі қасиеттерінің бейнесі. В және Н векторлары үшін шекаралық шарттар.

Практикалық сабақ № 13 Вакуумдағы магнит өрісі. Заттағы магнит өрісі.

Зертханалық сабақ № 10 Жердің магнит өрісі кернеулігінің горизонталь құраушысын анықтау

1

1

2

4

5.1.1;

5.1.2;


5.1.4;

5.1.16


14.

Дәріс № 14 Электромагниттік индукция құбылысы. Электромагниттік индукцияның негізгі заңы. Ленц ережесі. Өзара және өздік индукция құбылысы. Ұзын соленоидтың индуктивтілігі. Өзара индукция коэффи-циенті. Токтың магниттік энергиясы. Магниттік өріс энергиясының тығыздығы.

Максвелл теңдеулері. Электромагниттік индукция құбылысына Фарадей және Максвелл түсіндірмесі. Ығысу тогы. Максвелл теңдеулер жүйесі. Электр және магнит өрістерінің салыстырмалылығы. Векторлық және скаляр потенциалдар. Толқындық теңдеу.



Практикалық сабақ № 14 Электромагниттік индукция құбылысы.

Максвелл теңдеулері.



1

1




4

5.1.1;

5.1.2;


5.1.4;

5.1.16


15.

Дәріс № 15 Электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контур. Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Айнымалы электр тогы. Айнымалы ток үшін Ом заңы. Кернеулер мен токтар резонансы.

Практикалық сабақ № 15 Электромагниттік тербелістер. Айнымалы электр тогы. Айнымалы ток үшін Ом заңы. Кернеулер мен токтар резонансы

1

1




4

5.1.1;

5.1.2;


5.1.16




БАРЛЫҒЫ:

15

15

15

60





2.1

1 межелік бақылау тапсырмалары

Механика. Кинематика. Материалық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Сақталу заңдары. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Тұтас орталар механикасының элементтері. Тербелістер мен толқындар.



2 межелік бақылау тапсырмалары.

Молекулалық физика және термодинамика. Статистикалық физика және термодинамика. Статистикалық үлестірілу. Термодинамика негіздері. Тасымалдау құбылысы. Реал газдар. Электр және магнетизм. Электростатика. Тұрақты электр тоғы. Магнит өрісі. Заттардың магнит өрісі. Электромагниттік индукция құбылысы. Максвелл теңдеулері. Электромагниттік тербелістер.


3 курс САЯСАТЫ


Сабаққа қатысу қатаң түрде, міндетті болып табылады. Егер қандай да бір себеппен студент сабаққа қатыса алмаған жағдайда, барлық меңгерілмеген материалға жауапты.

Бақылау тапсырмалары орындалуға міндетті және уақытылы тапсырылуы тиіс. Кешіктіріліп орындалған жұмыс автоматты түрде төмен бағаланады.

Аралық аттестациясының қорытындысы студенттің сабаққа қатысуы, белгіленген мерзімде өздік жұмыстарын орындауы, сабақ барысындағы ауызша немесе жазбаша жауаптары, сонымен қатар аралық бақылау нәтижесі ескере отырып қойылады.

Аралық аттестация қорытындысы студенттің сабаққа қатысу, өзіндік жұмысты уақытылы орындауына, сабақ кезіндегі ауызша және жазбаша түрдегі жауабына және аталған аралық бақылаудың нәтижесіне байланысты шығарылады.

Егер студент белгіленген мерзімде сәйкес келетін мекеменің растайтын құжатымен денсаулық жағдайына немесе басқа да дәлелді себептермен сабақ босатып, аралық бақылауды тапсыра алмаған жағдайда, студент аралық бақылауды индивидуалды түрде тапсыруға құқылы.

Кез-келген көшіру немесе плагиат (дайын тапсырмаларды көшіру, қолдану және басқа студенттің тапсырманы орындауы) жазасы аудиториядан шығару немесе бағасын «қанағаттанарлықсыз» деп тану түрінде болады.

Сабақ жүру барысында ұялы телефондар өшіріледі.

4. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Кесте 3


Апта №

Зертханалық, практикалық, семинар сабақтарының, БӨЖ тақырыптары

Білімді бақылау түрі

Барлық балл


1

2

3

4

1-7

1-7 апта аралығындағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу


Оқытушы тек білім алушының сабақта жоқ екендігі туралы фактіні ғана тіркейді

30

Зертханалық, практикалық сабақтар, БӨЖ

1

Практикалық сабақ №1 Материялық нүктенің кинематикасы.

Зертханалық сабақ № 1 Қателіктер теориясына кіріспе









2

Практикалық сабақ № 2 Материялық нүктенің динамикасы. Қатты дене динамикасы.

Зертханалық сабақ № 2 Айналмалы қозғалыс заңдарын зерттеу









3

Практикалық сабақ № 3 Импульстің сақталу заңы. Энергияның сақталу заңы. Импульс моментінің сақталу заңы.

Зертханалық сабақ № 3 Тұтас дискінің инерция моментін анықтау









4

Практикалық сабақ № 4 Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Тұтас орталар механикасының элементтері. Зертханалық сабақ № 4 Стокс әдісі көмегімен сұйықтың тұтқырлық коэффициентін анықтау

Бақылау жұмысы
1-3 зертханалық жұмыстарды тапсыру

30

30


5

Практикалық сабақ № 5 Тербелістер мен толқындар.

Зертханалық сабақ № 5 Тербелмелі қозғалыс заңдарын зерттеу









6

Практикалық сабақ № 6 Газ заңдары.
Өздік жұмыс тақырыптарының тізімі:

1. Айналмалы қозғалыстың кинематикасының элементтері.

2. Инерциялық емес санақ жүйелері.

3. Консервативті және консервативті емес күштер. Орталық күш өрісіндегі қозғалыс.

4.Серпімді кернеулер. Серпімді деформацияланған дененің энергиясы.

5. Дыбыс. Ультрадыбыс.

6.Тепе-теңдік күй және процестер, оларды термодинамикалық диаграммаларда кескіндеу.

7.Идеал газдың жылу сыйымдылығының молекула-кинетикалық теориясы және оның шектелуі.

8.Термодинамиканың екінші бастаманың статистикалық түсіндіріру.

9.Тасымалдау коэффициенттері.

10.Мета тұрақты күйлер.


Бақылау жұмысы

4-5 зертханалық жұмыстарды тапсыру




20

20

90



7

Практикалық жұмыс №7 Статистикалық үлестірулер.

Зертханалық сабақ № 6 Клеман-Дезорма әдісі көмегімен ауаның меншікті жылу сиымдылықтарының қатынасын анықтау



Межелік бақылау № 1

Тест тапсырмалары

80

1-7 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша балл қорытындысы

30+270=300

8-15

8-15 апта аралығындағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу

Оқытушы тек білім алушының сабақта жоқ екендігі туралы фактіні ғана тіркейді

30

Зертханалық, практикалық сабақтар, БӨЖ

8

Практикалық жұмыс № 8 Термодинамика негіздері.







9

Практикалық жұмыс № 9 Тасымалдау құбылыстары.

Зертханалық сабақ № 7 Сұйықтың беттік керілу коэффициентін тамшы әдісімен анықтау









10

Практикалық жұмыс № 10 Нақты газдар.







11

Практикалық жұмыс № 11 Электростатика.

Зертханалық сабақ № 8 Электростатикалық өрісті зерттеу



Бақылау жұмысы

6-7 зертханалық жұмыстарды тапсыру



30

30


12

Практикалық жұмыс № 12 Тұрақты электр тогы.

Зертханалық сабақ № 9 Уитстон көпірі көмегімен өткізгіш кедергілерін анықтау









13

Практикалық жұмыс № 13 Вакуумдағы магнит өрісі. Заттағы магнит өрісі.

Зертханалық сабақ № 10 Жердің магнит өрісі кернеулігінің горизонталь құраушысын анықтау









14

Практикалық жұмыс № 14 Электромагниттік индукция құбылысы. Максвелл теңдеулері.

Өздік жұмыс тапсырмаларының тақырыптары:

1.Диэлектриктердің түрлері.

2. Газдағы электр тогы және плазмадағы электр тогы.

3. Ферромагнетиктер. Магнит тұзағы.

4.Электромагниттік қозудың таралу жылдамдығы.

5. Резонанс.



Бақылау жұмысы

8-10 зертханалық жұмыстарды тапсыру




20

20

90



15

Практикалық жұмыс № 15 Электромагниттік тербелістер. Айнымалы электр тогы. Айнымалы ток үшін Ом заңы. Кернеулер мен токтар резонансы.

Межелік бақылау № 2

Тест тапсырмалары

80


8-15 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша балл қорытындысы

30+270=300

Емтиханның қорытынды баллы




400

Академиялық кезең үшін қорытынды балл




1000


Білімді бағалаудың көпбалды әріптік жүйесі

Кесте 4


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

B

3,00

80-84

B-

2,.67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,00

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

F

0,00

0-49

Қанағаттарарлық емес


5. ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР

5.1 Негізгі әдебиеттер

5.1.1 Трофимова Т.И. Курс физики. М, Высшая школа, 1981-1999 г.

5.1.2 Савельев И.В. Жалпы физика курсы I, II. Алматы Мектеп 77ж.(аударма)

5.1.3 Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики, М, Высшая школа, 1989 г.

5.1.4 Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы, Мектеп, 1974 ж.

5.1.5 Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы,Алматы «Білім»і, 1994 ж..

5.1.6 Жумагулов А.Ж., Естекбаев М.Қ., Тұрысбекова Б.Ш., Паримбеков З.А. Физика лабораториялық практикум. Семей,1 995 ж.

5.1.7 Сивухин Д.В. Общий курс физики. М, Наука, 1977-1986 г.

5.1.8. Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж. Механика. Методикалық нұсқау, Семей 1990 ж.

5.1.9. Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж. Методическое разработка по молекулярной физике, Семей 1991

5.1.1.0. Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж., Турысбекова Б.Ш. Электромагнетизм, Семей 1991 ж.

5.1.11 Естекбаев М.Қ., Жумагулов А.Ж. Тербелістер мен толқындар, Семей 1991



5.1.12.Мұқышева М.К., Паримбеков З.А., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсы 1-бөлім, Физика курсы, 2-бөлім Оқу құралы: Семей 2010ж.

5.1.13. Паримбеков З.А., Рахимбердина А.Т., Тұрысбекова Б.Ш. Физика курсынан зертханалық практикум: Оқу-әдістемелік құрал, 2012 ж.


5.2. Қосымша әдебиеттер

5.2.1. Дж. Орир Физика в 2-х томах ., Москва, Мир, 1981 г.

5.2.2. Берклеевский курс физики 1-6 томы, Москва, Наука, 1971 – 1978.

5.2.3. Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачи по физики. М. Высшая школа, 1988 г.

5.2.4.Белешина А.М. Учебное пособие для самостоятельного обучения решения

задач по физики в вузе, Воронеж, ВГУ, 1968 г.

5.2.5 Физический практикум под редакцией Ивероновой В.И., М, Наука, 1968 г.

5.2.6. Беликов Б.С. Решение задач по физики, М, Высшая школа, 1986 г.


5.3 Интернет-ресурстар
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет