HONOR жаһандық әлемдік технологиялық бренді ресми түрде Қазақстанда өзінің жаңа HONOR X8b смартфонын сатылымға шығарды. Бұл смартфон Қазақстан нарығына шықпай тұрып Stan.kz тілшісі компанияның Қытайдағы зауыттары мен зертханаларында өндіріс процесімен танысты. Сондай-ақ журналист компания ұсынған су жаңа смартфонды бір апта қолданып, сынақтан өткізді. Бүгінгі материалда  HONOR X8b моделіне толықтай тоқталып, бізді таңғалдырған ерекшеліктеріне назар аударамыз.

Өзіндік стиль мен өнімділікті біріктіретін заманауи смартфон

HONOR X8b-ді қолға алғанда бірден жеп-жеңіл екенін сезесің. Себебі оның салмағы небәрі 166 грамм!
Қабының емес, смартфонның өзінің жап-жасыл түсі көзге оттай басылады.  Бізге бұйырған түсі жасыл болды, сондай-ақ оның тағы күміс, қара түсі бар. 

HONOR X8b — брендтің танымал X сериясының бір бөлшегі. Көзтартар дисплейі мен смартфонның жұқалығы үйлесім тапқан.

Журналист болған соң күнделікті жұмысты орындауда бізге қуаты ұзаққа жететін мықты смартфон керек. Себебі шаруаның көбі осы телефон арқасында атқарылады. Әсіресе, іссапар кезінде бірнеше телефон алып жүруге мүмкіндік бола бермейді, сондайда бір смартфонға үміт етуге тура келеді. Сондықтан Қытайдағы сапар кезінде HONOR X8b-дің бар функциясын қолдануға тырыстым. Бұл смартфонды бір апта қолданып көріп бірнеше артықшылығын байқап үлгердім. Кеңірек тоқталып өтейін.

Камера: кадр жарықта да, қараңғыда да ап-анық

Қытайда болған бір аптада телефонды қолымнан тастамадым, себебі мен үшін оның қуаты мен жұмыс өнімділігімен қоса, камерасының мүмкіндігін тексеру маңызды болды. Көрнекі орындарда түсірген суреттер анық шықты әрі қараңғыда, кешкі уақытта да фото сапасы көңілді қалдырмады.

HONOR X8b-да үш камера бар: 108 МП негізгі камера, кең бұрышты камера және 2 МП макрокамерасы. ISOCELL HM6 сенсоры және Nonapixel Plus технологиясы арқасында аз жарықта да жарқын, ультра анық кескіндер жасауға болады.

50 МП  болатын алдыңғы камерасындағы жарық беру технологиясы және Auto Switch Field of View селфи түсіруге арналған таптырмас функциясы бар. Жеке портрет немесе топтық фото болсын, камера өмірдегі маңызды сәттерді ерекше етіп сақтауға мүмкіндік береді.

Жарқын AMOLED экраны

HONOR X8b-дің 6,7 дюймдік AMOLED дисплейі 2412×1080 рұқсаттамасына ие. Қолданылатын 93,7% экран аумағы және 90 Гц жаңарту жиілігі бар бұл экран сапалы дисплейді бағалайтындар үшін өте ыңғайлы. Себебі анық, егжей-тегжейлі кескіндерді береді.

Көзтартар дизайн мен жұқалық

Байқағанымдай, компания смартфондарының дизайны ерекше. Көзді тартып, жарқырап тұруына үлкен мән береді. Телефондардың қайсібірін алсаң да, өзіндік стилі менмұндалап тұрады. Осылайша кез келген жастағы қолданушы талғамына сай дизайндағы смартфонды таба алады.

Қалыңдығы небәрі 6,78 мм болатын бұл смартфон нарықтағы ең жұқа смартфондардың бірі. 

Бірнеше күнге шыдайтын қуатты батарея

Жұмыс барысында, іссапарда жүргенде телефонды үнемі қуаттап отыру мүмкін болмайды. Сондықтан телефонның қуаты кем дегенде толық бір жұмыс күніне жетуі маңызды. Ал HONOR X8b қуатты 4500 мАч батареямен жабдықталған, онымен телефон қуаты бірнеше күнге жетеді. Оның батареясы 46 сағатқа дейін музыка тыңдауға, 13 сағат видео қосып көруге, 17 сағат әлеуметтік желіде отыруға мүмкіндік береді. Бұл жай ғана цифр емес! Өзіміз көзімізбен көргендей, осы фунциялардың толыққанды еш кідіріссіз жүзеге асуын зауытта арнайы машиналар мен роботтар сынақтан өткізіп, қамтамасыз етеді. 

Жұмыс өнімділігі мен операциялық жүйе 

HONOR X8b-де Android 13 негізіндегі MagicOS 7.2 операциялық жүйесі орнатылған. HONOR Personal Knowledge Center және көп терезені ауыстыру сияқты смарт мүмкіндіктердің кең ауқымын ұсынады. Смартфон Snapdragon 680 процессоры негізінде жұмыс істейді. 

Бәріне қолжетімді

Сәнді әрі күнделікті шаруа үшін ыңғайлы құрылғыны бағалайтындарға арнайы әзірленген HONOR X8b-тің үш түсі бар. Олардың бағасы мынадай: “Жанға жайлы жасыл” (256 ГБ, 149 990 теңге), “Титан күміс түстес” (128 ГБ, 134 990 теңге) және “Қою қара түнек” (128 және 256 ГБ, 134 990 теңге).

Телефонмен бірге 35 ватт HONOR SuperCharge қуаттағыш жиынтыққа кіреді. Сондай-ақ SIM картасын салып, шығаруға арналған кілт бар. Ал смартфонға арналған силиконды қап, адаптер және құлаққапты ресми дүкендерде бөлек сатып алуға болады.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.