Құрамы мен қасиеттері, қан жасушаларының түрлері және олардың атқаратын қызметі туралы білім қалыптастыру



жүктеу 38.73 Kb.
Дата13.04.2019
өлшемі38.73 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:

Қан құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер

Сабақтың мақсаты:

Қанның құрамы мен қасиеттері, қан жасушаларының түрлері және олардың атқаратын қызметі туралы білім қалыптастыру.



Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слаидтар, оқулық

Сабақтың түрі: Жаңа білім қалыптастыру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО элементтері( сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс)
Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Бәйге (сұрақ-жауап)

Топпен жұмыс

ІІІ. Жаңа сабақ

Ағзаның ішкі ортасы.

Қанның құрамы, қан жасушалары

ІV. Ой шақыру. Қан туралы білгендерін тақтаға жазады.

V. Мәтінмен жұмыс. Инсерт әдісі.

VІ . Тірек – сызбамен жұмыс

VІІ. Бекіту.

Биологиялық диктант

Сәйкестендіру тесті

VІІІ.Қорытынды

ІХ. Үйге тапсырма

Х.Бағалау
І.Ұйымдастыру: (1 мин.)

-сәлемдесу;

-оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау;

(психологиялық жай-күйі,оқу-құралдары)

-сынып кезекшісін анықтау;

-жоқ оқушыны белгілеу;


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
“Халық пен халықты,адам мен адамзатты теңестіретін нәрсе - Білім”

М.Әуезов


1.Бәйге (4 мин.)

1-топ:

1.Адам ағзасын зерттейтін ғылым?

2.Цитология нені зерттейді?

3.Денедегі барлық сүйектердің жиынтығы?

4.Маңдай сүйегінің саны?

5.Омыртқа жотасының бөлімдері?

6.Адам қанша жасқа дейін өседі?

7.Сегізкөз омыртқаларының байланысы?

8.Адамдағы бұлшықеттердің саны?

9.Денедегі барлық сүйектердің саны?

10.Кеуде қуысының алдыңғы жағындағы сүйек?

2-топ

1.Төбе сүйегінің саны?

2.Арқа мен сегізкөз омыртқаларының иілімінің бағыты?

3.Құйымшақ омыртқаларының саны?

4.Адамдағы сүйектердің қозғалмалы байланысы?

5.Қуану мен ренжуді білдіретін бұлшық ет?

6.Арқа омыртқаларының саны?

7.Толарсақтағы ең үлкен сүйек?

8.Мойын омыртқасының саны?

9.Адам денесіндегі буындар саны?

10.Тірек қимыл жүйесін зерттейтін ғылым және дәрігер

2.Топпен жұмыс.(3 мин.)

1-топ: Сіңір созылғанда,буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек.

2-топ: Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Жұмбақ шешу.(1 мин)

1-топ:

Тарам-тарам бір ғалам,

Айқұш-ұйқыш шырғалаң.

Толған ағыс тоқтаса,

Жоғалады бар адам. (қантамырлар)

2-топ:

Сыртқа шығар жолы тұйық,

Түсі шымқай қызыл сұйық.(қан)
ІІІ. Жаңа сабақ:

Ағзаның ішкі ортасы.

Қанның құрамы, қан жасушалары


ІV. Ой шақыру. (2 мин.)

Қан туралы білгендерін тақтаға жазады.


V. Мәтінмен жұмыс. Инсерт әдісі.(15 мин.)
128-беттегі §29-ды оқып, кестені толтырады.

«V» білемін

«+» жаңа мәлімет

«-» білмеймін

«?» сұрақ туды












Бұл әдіс бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өздері оқып, әр азат жолдан белгі қойып отырады.Оқып болған соң дәптерлеріне кестені толтырады.


VІ.Тірек – сызбамен жұмыс (4 мин.)

1-топ:

Қанның құрамы



2-топ:

Қанның қызметі


VІІ . Бекіту.
1. Биологиялық диктант (5 мин.)

1.Организмнің ішкі ортасына ...... , ...... , ....... жатады. 2. Қан ....... ұлпасының бір түрі. 3.Қан құрамы ......... плазмадан және ......... қан жасушаларынан тұрады. 4.Қан жасушаларына ........... , ............ , .......... жатады. 5. ............... – жасушалар үшін негізгі қуат көзі. 6. ................... - қанның қызыл түсті пигменті.


2. Сәйкестендіру тесті ( 3 мин.)


Қанның құрамындағы нәруыздар

Атқаратын қызметтері


Альбуминдер

А)Эритроциттерге қызыл түс береді


Глобулиндер

В)Витаминдер, гормондарды тасымалдау


Фибриногендер

С)Иммунитет( антидене) түзу


Гемоглобиндер

Д) Қанды ұйыту



VІІІ. Қорытынды: Эссе жазу «Қан- тіршілік көзі».(5 мин)

ІХ.Үйге тапсырма: 128-беттегі §29-ды мазмұндау

Х.Бағалау.

Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп гимназиясы

Ашық сабақ




«Қан құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер»

(8 сынып)



2015-2016 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 1178
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
1178 -> Аманкелді ауданы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет