ҚҰрамы мен қҰрылымының Қазіргі жағдайы және оның малазықТЫҚ-жайылымдық маңызы



жүктеу 36.7 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі36.7 Kb.
түріҚұрамы

удк 636.933.085
ШУ ӨЗЕНІНІҢ СОЛТҮСТІК-БАТЫС АҒЫСЫ АРНАСЫНЫҢ

ӨСІМДІКТЕРІНІҢ БОТАНИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЗІРГІ

ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЛАЗЫҚТЫҚ-ЖАЙЫЛЫМДЫҚ МАҢЫЗЫ
Қарынбаев А.К., Тәжбенова Б.Н.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Шу өзені  Қырғызстан мен Қазақстан жерлерін бойлай ағатын өзен. Ұзындығы 1186 шақырымға жуық (Қазақстан аумағында 800 шақырымнан аса), су жиналатын алабы 148000 км² (Қазақстан аумағында 62500 км²). Суы мол кезеңдерде Қаратаудың солтүстік сілемдері етегі мен Бетпақдаланың аралығындағы Ащысу ойысының көлдеріне жетеді. Арнасының ені орта ағысында 50-100 м, төменгі ағысында 40-60 м. Ертеде суы Сырдарияға құйған [1].

Соңғы зерттеулер бойынша (1971 жылғы мәләметтер) Шу өзенінің ағысы мен арнасының топырақтарының өзіндік құрылымы мен жағалауының табиғатына бейімделген өсімдіктер түзілімі қалыптасқан. Өзен ағысының шығысынан төменгі жағына қарай жері сазды - батпақты болып өсімдіктері қамысты-құрақты-тоғайлы болып келсе, орта ағысының арналары бұталы-тоғайлы және көгалды болып келеді-де топырағы сорланған жерлерінің өсімдіктері жартылай бұталы және майда сексеуілді ассоцияциясынан түзілген [2].

Шу өзенінің ағысы арнасы кеңейіп су жайылған жерлерінде малазықтық шөптерінің алуан түрлері кездеседі, өнімділігі мол шабындықтар мен жаздық жайылымдар да бар. Ұланбел жағына таяу ағысынның жайылымдық шөптерінің негізін қамсты-құрақты өсімдіктер құрап жалпы жайылымның 82,0% құрап мал шаруашылығы үшін өте қолайлы аймақ ретінде пайдаланылған. Ал, өзен ағысы солтүстікке қарай төмендеген сайын (Қамқалы, Шығанақ жағына таяу) арналары тарылып, сорланып жайылым шөптері мал шаруашылығына жазғы азық ретінде қолданылуы азаяды. Ал, күзгі жайылым ретінде жақсы және малдарға қысқа пішен дайындауға молынан пайдаланылады [3].

Өсімдіктердің таралу ерекшеліктері негізінен олардың географиялық орналасуына, жергілікті микроклиматқа, жер бедеріне және топрақтың механикалық құрамының әртүрлігіне байланысты болатынын ескерсек Шу өзені жағалауының өсімдіктері құрылымының қазіргі жағдайы - ботаникалық қортанудағы маңызды мәселердің бірі болса, өсімдіктер бірлестіктері экологиялық жағдайдың өзіндік бір индикаторы болып табылады [4]. Ал мал шаруашылығы үшін азық ретінде қоректілік құндылығы жоғары жайылым.

Қазіргі кезде қоршаған ортаны қорғау оның алуан түрлілігін сақтау, тиімді пайдалану, антропогендік әсерлердің қоршаған ортаға тигізетін зиянын бағалау, биологиялық қорлар және оларды тиімді пайдалану мәселелері экологиялық проблемаларды кешенді түрде қарастыру мен оларды шешуде маңызды бағыттар боып есептеледі. Сондықтан табиғи жайылымдар оның малазықтық шөптерінің ботаникалық құрамының әр түрлі болуы биологиялық зерттеулерде табиғи биоқорлардың негізгі элементтері ретінде қарастырылуы керек.

Қазақстанның флорасы мал азықтық, дәрілік, улы, зиянды т.с.с болып 2500 түрлі шөптерден құралады [5]. Табиғи мал азықтық шөптер далалы, таулы, тау іргесі, шөл және шөлейтті жайылымдарда, шабындықтарда, су жайылған арналар мен өзектерде кездеседі. Осы жайылымдардағы мал азықтық өсімдіктер ботаникалық құрамы мен қоректілік құндылығы бойынша ерекшеленеді [6].

Біз өз зерттеулерімізде Шу өзенінің солтүстік-батыс ағысы (өзеннің Жамбыл облысы аймағындағы ағысы) жағалауының өсімдіктері құрылымының қазіргі жағдайын және оның малазықтық-жайылымдық құндылығын бағалау жұмыстарын жүргізудеміз. Жайылым өсімдіктерінің ботаникалық құрамы, малазықтық өнімділігі жыл маусымдарына байланысты өзгеріп тұратындықтан зерттеу жұмыстары 4 кезеңге бөлініп жүргізіледі.

Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылған:

- өсімдіктердің жалпы түсімін оның ішінде малазықтық шөптердің үлесін анықтау;

- өсімдіктердің жалпы түсімін оның ішінде малазықтық шөптердің түсімінің маусымдық өзгеруін анықтау;

- өсімдіктердің жалпы ботаникалық құрамын зерттеу, оның ішінен малазықтық шөптердің үлесін анықтау;

- өсімдіктерді түрлерге бөлінуі бойынша құрылымын саралау және маусым бойынша өзеруін (динамикасы) бағалау;

- малазықтық шөптердің қоректік құндылығын анықтау мақсатында олары зертханалық сараптамалардан өткізу.

Жалпы зерттеу нәтижесінде анықталған ғылыми деректер, сол аймақтағы биологиялық қорларды және оларды тиімді пайдалану мәселелері мен экологиялық проблемаларды кешенді түрде қарастырту бағытындағы жұмыстарының тиімділігін арттыруға негіз болады.



Шу өзенінің солтүстік-батыс ағысы жағалауы жайылымын малазықтық әлеуеті және маусымдық пайдалану жөнінде ғылыми негіздегі ұсыныс дайындалады деп күтілуде.
Әдебиет


  1. Ақ жол.-2004.-13 қаңтар (№6).-2-3б.

  2. Кн. «Почвы долины реки Чу», 1971.

  3. Кн. «Пастбища и сенокосы Казахстана», 1971

  4. Ұлықпанұлы Б. Монғол Алтай тауы өсімдіктерінің жер бедеріне сәйкес таралу ерекшеліктері/Актуальные проблемы геоботаники. Мат. меж. научн. кофер-ции. Алматы 2011.

  5. К. Кусаинов и др. Справочная книга. Алма-ата, 1982.

  6. Карынбаев А. Кормовая продуктивность различных групп типов пустынных пастбищ юга Казахстана. Вестник сельскохозяйственной науки № 4 Бишкек 2011. – С. 232-236.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет