Распоряжение



жүктеу 0.89 Mb.
бет4/6
Дата09.09.2017
өлшемі0.89 Mb.
1   2   3   4   5   6

6.26. Университет ректоры бұйрық шыққан күннен бастап үш күн ішінде білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ға оның жеке ісін алу мақсатында жазбаша сұрату жолдайды.

6.27. Білім алушы бұрын оқыған ЖОО жетекшісі мұндай сұрату алған соң «(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деген анықтамамен оқудан шығару туралы бұйрық шығарады және оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш күн ішінде білім алушының жеке ісін қабылдаушы ЖОО мекен-жайына жібереді.

Білім алушы оқыған ЖОО-да транскрипт көшірмесі, сынақ кітапшасы, студент билеті және жіберілген құжаттардың тізімі қалады.



6.28. Білім беру гранты негізінде білім алушыны басқа ЖОО-дан Университетке ауыстыру кезінде ректор білім беру саласындағы өкілетті органға және сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімгеріне ЖОО-ларды қаржыландыру көлеміне түзету жасау үшін білім алушыны оқуға қабылдау туралы бұйрық көшірмесімен бірге оның атына жазылған білім беру гранты туралы куәік көшірмесін жібереді.

6.29. Білімі беру гранты бойынша білім алушыны басқа ЖОО-дан Университетке бір курсқа төмен қабылдау тек ақылы негізде ғана мүмкін.

6.30. Басқа ЖОО-дан Университетке ақылы негізде оқу үшін білім алушыларды ауыстыру білім алушы мен Университет арасында шарт жасасумен қоса жүреді.

6.31. Білім алушыны бір мамандықтан басқа мамандыққа, бір оқу түрінен басқа оқу түріне ауыстыру тек ақылы негізде білім алу үшін жүзеге асырылады.

6.32. Ақылы негізде білім алушыны бір ЖОО ішінде басқа мамандықтан және оқу түрінен басқасына ауыстыру шартқа сәйкес өзгертулерді енгізумен қоса жүреді және ректрдың бұйрығымен рәсімделеді.

6.33. Оқу жоспары пәндерінің академиялық айырмашылығын жабу тәртібі мен мерзімі факультет деканының өкімімен рәсімделеді және ағымдағы оқу жылында білім алушының жеке оқу жоспарына бекітіледі.

6.34. Ақылы негізде оқитын, оқу ақысын төлемеуі себепті оқудан шығарылған білім алушы қарызын өтеген жағдайда оқудан шығарылған күннен бастап төрт апта ішінде оқуына қайта кірісе алады.

6.35. Білім алушылар қатарына қайта қабылдану және оқу жоспары пәндерінің айырмашылығын жабу тек ақылы негізде жүзеге асырылады.

6.36. Қайта қабылдану рәсімі келесі тәртіпте жүзеге асады:

1) білім алушы өз оқуын жалғастырғысы келетіндігі туралы тілегін білдіріп, Университет ректорының атына қайта қабылдау туралы өтініш жазады. Қайта қабылдау туралы өтінішке анықтама тіркеледі (түпнұсқа);

2) факультет деканы ұсынылған Анықтама негізінде салыстырма ведомостін жасау арықылы оқу жоспарындағы пәндер айырмашылығын анықтайды және меңгерілген пререквизиттарға сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта сынақтан өткізеді және тіркеу бөлімімен келісе отырып, білім алушының жеке оқу жосарын бекітеді;

3) институт директорының, ОПҰД директорының, оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор қолына сәйкес Университет ректоры білім алушыны қайта оқуға алу туралы бұйрық шығарады.



6.37. Егер білім алушы басқа білім беру ұйымында оқуын қайта қалпына келтірген болса, білім алушы оқыған ЖОО-ның жетекшісі қабылдаушы жақтың жазбаша сұратуы негізінде өзіне Анықтама көшірмесін, оқу карточкасын, сынақ кітапшасын, студент билетін және жіберілетін құжаттар тізімін қалдыра отырып, білім алушының жеке ісін жібереді.

6.38. Білім беру гранты бойынша оқитын білім алушының оқу кезеңінде жүре болған ауру нәтижесінде сол мамандықта оқуға тыйым салу туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы болған жағдайда, ол бір мамандықтан білім беру гранты бойынша бос орын бар басқа мамандыққа ауыстырылады.

6.39. Академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету үшін білім алушылар басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шетелдерде жеке пәндерді оқиды.

Бұл ретте ректор басқа білім беру ұйымдарындағы оқытылатын кредиттердің жоғары шекті санын анықтайды.



Жеке пәндер Қазақтан Республикасының білім беру ұйымдарында оқытылатын болса, білім беру ұйымдары арасында екі жақты шарт жасалады.

6.41. Жеке пәндер басқа білім беру ұйымдарында оқытылған жағдайда пән бойынша аралық аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушы Университеттің сәйкес деканатына емтихан бағалары, пәндер бойынша қорытынды бағалар және меңгерілген кредиттер саны көрсетілген емтихан ведомостісін (немесе транскрипт) тапсырады.

6.42. Университет шетел ЖОО-ларымен серіктестікте ортақ білім беру бағдарламаларын іске асыруда серіктес ЖОО-да қазақстандық кредитттерге және ECTS-ке тең меңгерілген кредиттерді қайта сынақтан өткізуді жүзеге асырады.

7. Қосымша пәндерді зерделеу, академиялық қарыздарды және академиялық айырманы жою үшін оқуды ұйымдастыру

7.1. Алдыңғы оқу кезеңі үшін академиялық қарыздары немесе академиялық айырмалары бар, сондай-ақ қосымша пәндерді зерделеуді, пәндер бойынша бұрын алған бағаларын көтеруді қалайтын студенттер мен магистранттар, егер олар Университетте семестрлердің біреуінде, оның ішінде жазғы семестрде жүргізілсе, осы пәндер бойынша сабақтарға ақылы негізде қатыса алады және ағымдағы, аралық (аттестациялар) бақылаудан және аралық аттестациядан (емтихан) өтіп, академиялық қарыздарын жоя алады.

7.2. Студент «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан кезінде «қанағаттанарлықсыз» деген баға алса, ол осы пәнге қайтадан жазылуы тиіс, келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қайта қатысуы, ағымдық бақылау талаптарын орындауы, рұқсат алуға және мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруы керек.

7.3. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханда бағаны арттыру мақсатында жақсы бағаға қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

7.4. Егер мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы оқу-жұмыс жоспарында көрсетілген кредиттердің қажетті санын алмаған жағдайда тиісті пәндерді ақылы негізде қайта оқуға құқылы. Оқу жылына арналған бір кредиттің құнын Университет жыл сайын белгілейді.

7.5. Келесі курсқа GPA бойынша көшірілген грант иегері-студент, егер академиялық қарызы болса, берілген пәнді ақылы негізде қайта оқуға және академиялық қарызды жоюға құқылы.

7.6. Егер академиялық қарызы болатын пән ағымдағы семестрде жүргізілмесе, онда осы семестрде сабақтан бос уақытында немесе жазғы каникул кезеңінде, оқу тілдері бойынша ұйымдастырылған топтардағы студенттер саны 15-тен кем болмаған жағдайда, берілген пән бойынша ақылы негізде оқу жүргізіледі, пәндердің жақындығы мен бейінділігі негізінде біріктірілген топтар құрылуы мүмкін.

7.7. Оқудың алдыңғы кезеңіндегі академиялық қарызды жою мақсатындағы студенттердің өтініштері және пәнді зерделеу бойынша ақылы қызметтер көрсету шартын сабақ басталуынан бұрын 1 аптадан кешіктірмей, Тіркеу бөліміне (бас корпус, 316-каб.) беріледі.

7.8. Білім алушылардың келесі категориясы қосымша оқу құқығына ие болады:

- алдыңғы оқу кезеңінде академиялық қарызы бар, соның ішінде емтиханға себепсіз келмегендер;

- қайта қабылдау, ауысу, академиялық демалыстан қайтып келу кезіндегі академиялық айырмашылықтары бар;

- қосымша оқытудан өтуге тілек білдіргендер.



7.9. Қайта қабылданған, ауыстырылған, академиялық демалыстан келген кезде академиялық айырмашылығы бар, сонымен қатар қорытынды бағаны көтеру мақсатында пәнді қайта немесе қосымша оқуға тілек білдірген білім алушылар үшін Тіркеу офисі егер олар Университетте семестрлердің бірінде, оның ішінде жазғы семестрде болса, сол пәндер бойынша ақылы негіздегі сабақтарды және ағымдағы, межелік (аттестаттау) бақылауды және аралық аттестаттауды (емтихан) ұйымдастырады.

7.10. GPA-ның белгіленген деңгейіне жете алмаған білім алушы ақылы негізде пәндерді жазғы семестрде қайта оқуға құқылы, бұл ретте қосымша оқу пәндері кредиттерінің жалпы көлемі семестр үшін 9-дан аспауы қажет.

7.11. Деканаттар қысқы және жазғы емтихан сессиялары мен практикалардың нәтижелері бойынша GPA-дан өткен, сондай-ақ қосымша пәндерді меңгерген білім алушылар үшін оқу жылы аяқталған соң және GPA-ның белгіленген деңгейіне жеткен студенттер үшін жазғы семестр аяқталған соң курстан курсқа көшіру туралы бұйрық жасайды.

7.12. Білім алушыларды қайта оқу курсына қалдыру және GPA-ның белгіленген деңгейін ала алмағандарды гранттан айыру туралы немесе жұмыс оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларынның талаптарын орындамаған бітіруші курс оқушылары үшін бұйрықтарды Тіркеу офисі факультет декандарының қызметттік хаттары негізінде келесі академиялық кезең басталғанға дейін жасайды.

7.13. Академиялық қарызы бар пән ағымдағы семестрде жүргізілмесе, осы семестрде сабақтан тыс уақытта немесе жазғы семестр кезеңінде оқыту тілі бойынша ұйымдастырылған топтарда студенттер саны 10 кем болмаса, осы пән бойынша ақылы негізде оқыту жүргізіледі.

7.14. Егер студенттер саны 10 кем болса және кафедрада басқа пәндер бойынша қарыздары бар студенттер болса, онда бірнеше жақын және бейінді пәндерден біріктірілген пәндер ұйымдастырылады.

7.15. Біріктірілеген курстар бойынша студенттерді оқыту, ағымдағы бақылаудан жене аралық аттестаттаудан өткізуді жетекші оқытушы кафедра әзірлеген және оқу ісі жөніндегі проректор бекіткен жұмыс жоспары бойынша жүзеге асырады.

7.16. Біріктірілген курстарды жүргізетін оқытушыларды тағайындау оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректордың атына жазылған кафедра меңгерушілерінің қызметтік хаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

7.17. Басқа оқытушылардың біріктірілген пәндерді оқу, ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды өткізу үшін қандай да бір блоктарға бөлуі рұқсат етілмейді.

7.18. Оқытушы белгілі себептермен жоқ болған жағдайда аралық аттестаттауды кафедра меңгерушісінің қызметтік хаты негізінде оқу ісі жөніндегі проректор тағайындаған комиссия өткізеді.

7.19. Пәнді қосымша (қайта) оқыту, ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды өткізу үшін кафедра меңгерушісі пәннің жетекші оқытушысын белгілейді.

Студент саны 10 және одан артық топты жинаған кезде осы студенттерді оқытатын басқа оқытушыға жазылуға құқылы.



7.20. Оқытушы еңбекақысы, егер жүктеме оқу жылының ішінде орындалған жағдайда, сағаттық қордан төленетін жүктеменің басқа да түрлерін қоса есептегенде 225 сағаттан артық емес көлемде қосымша оқытудан түскен қаржы есебінен жүргізіледі.

7.21. Егер қосымша оқыту бойынша жүктемені оқытушы демалыс кезеңінде орындаған жағдайда, онда осы шектеу ректордың рұқсатымен алып тасталуы мүмкін.

7.22. Оқыту мерзімі академиялық күнтізбемен анықталады. Оқыту мерзімін ұзартуды факультет деканы өтініш және ұсынылған растайтын құжаттар негізінде Кредиттік технология ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.

7.23. Қосымша оқытуды, ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды өткізу графигін Тіркеу офисі әзірлейді, оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор бекітеді, факультет деканаттарына беріледі, кафедра стенділеріне ілінеді және Университет сайтында жарияланады.

7.24. Тіркеу офисі кафедраға қосымша оқыту ведомостісін емтихан күні графикке сәйкес береді. Ведомостілер Тіркеу офисіне емтихан материалдарын тексергеннен кейін 2 сағаттан кешіктірілмей тапсырылуы қажет. Емтихан материалдары кафедрада келесі академиялық кезең бойы сақталуы керек.

7.25. Білім алушылар қосымша оқытудан өту кезінде сабақтардың барлық түріне қатысуға, пән бағдарламасымен қарастырылған ағымдағы және межелік бақылаудың тапсырмаларын орындауға және қорғауға міндетті. 50% төмен орташа бал жинаған жағдайда ол аралық аттестаттаудан өтуге жіберілмейді және ақшалай қаржы 3.5 және 3.6 пунктілерге сәйкес қайтарылмайды.

7.26. Студент қосымша оқытудан бас тартқан жағдайда 3.6 пунктісіне сәйкес өтініш негізінде білім беру қызметтері бағасына қайта есептеу жүргізеді.

7.27. Факультет декандары:

- студенттерге академиялық қарыздарды жою қажеттілігі туралы хабарлайды және шарттарды ресімдеген факультет студенттерін тілдер бойынша оқу пәндері жүргізілетін Университет мамандықтарының топтарына (бірнеше топтарға) жібереді;

- сол пән бойынша ағымдағы семестрде оқыту жүргізілмейтін, кафедраларының меңгерушілерімен бірлесіп, пәнді сабақтан бос уақытта, соның ішінде каникул кезінде, сенбі күндері зерделеу үшін студенттер топтарын құрайды (тілдер бойынша оқу 8 адамнан кем емес) және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректордың бекітуі үшін сабақ кестесін жасайды.

7.27.1. Академиялық қарызды жою мақсатында ақылы негізде оқыту, сондай-ақ оқу тіліндегі топтағы студенттер саны 10-ден кем болмаған жағдайда, каникул уақытында (жазда) ұйымдастырылуы мүмкін.

7.27.2. Курстық жоба (жұмыс), практика бойынша академиялық қарызын жою студенттің курста оқу ішінде жүзеге асырылуы мүмкін. Нәтижелері білім алушының өту балын есептеу кезінде ескеріледі.

7.27.3. Курстық жоба (жұмыс) бойынша академиялық қарызды жою, егер олар осы пән бойынша қорытынды болып табылатын болса, ақылы негізде жүзеге асырылады.

7.27.4. Практика өтпеген немесе практика бойынша есепті қорғамаған студенттердің практика бойынша академиялық қарызын жоюы ақылы негізде жүзеге асырылады. Шығарушы кафедралар студенттің курста оқу мерзімі бойынша студенттерге сабақтан бос уақытында оқу және өндірістік практикаларды ақылы негізде өтуді мүмкіндігінше ұйымдастыра алады. Нәтижелер студенттің өту балының GPA есептеу кезінде есепке алынады.

7.27.5. Академиялық қарыздарды жою мақсатында ақылы негізде оқу келесі регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады:

- білім алушы сессия аяқталған соң 3 күн мерзімде факультет деканына академиялық қарызды жою туралы өтініш береді;

- декан берілген өтінішті қарайды және оң шешім қабылданса, білім алушыны ақылы білім беру қызметі туралы шартты ресімдеу үшін ШБҚБ –ға (бас корпус, 309-каб.) жібереді;

- берілген пәндер кредиттер саны бойынша төлеу банк бөлімшесінде жүргізіледі, төлемақы туралы түбіртекті тіркеу үшін төлеу бөліміне тапсырылады (бас корпус, 309 б-каб.);

- ресімделген шарт берілген пәндерді оқитын топтарды құру үшін негіздеме болып табылады;

- Тіркеу бөлімі төлем және шарт негізінде қосымша оқу семестрін ұйымдастыру туралы шешімді қабылдайды;

- оқу қарыздарды жою мақсатында Университет бойынша бұйрық негізінде ұйымдастырылады, Тіркеу бөлімі құрастырады;

- кафедра меңгерушілері қосымша оқу семестрінің кестесін жасайды. Кесте қосымша оқу семестріне жұмылдырылған дәріс берушілер мен тьюторлардың бос уақыты есебінен құралады;

- қосымша оқу семестрін ұйымдастыру білім алушылардың білімін тәуелсіз бағалау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Мамандықтың оқу жоспарынан тыс оқылатын пәндер бойынша білім алушылардың білімін қорытынды бағалауды жазғы семестр кезінде дәрістер оқитын дәріс оқушы (тьютор) жүзеге асырады.

7.27.6. Қосымша семестрдегі оқу:

- көрсетілген пәндерді игеру мақсатында қосымша немесе кезекті академиялық семестр ішінде білім алушылардың сабаққа қатысуын;

- пәндер бойынша рейтингті анықтау мақсатында барлық оқу тапсырмаларын орындауды;

- пәндер бойынша емтиханды жақсы бағаға тапсыруды көздейді.



7.27.7. Жазғы семестр мерзімінде меңгерілген мамандықтың оқу жоспарындағы пәндері бойынша емтихан нәтижелері GPA-ға енеді.

8. Итоговая аттестация обучающихся

8.1. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау

8.1. ЖОО-да білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында белгіленген нысан бойынша жүргізіледі, оның ұзақтығы мен мерзімі академиялық күнтізбеге және мамандықтардың оқу-жұмыс жоспарында қарастырылған.

8.2. Студенттер оқудың барлық түрлері үшін бірыңғай оқу-жұмыс бағдарламаларына және оқу-жұмыс жоспарына сәйкес барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырады және диплом жұмысын (жобасын) қорғайды.

8.3. Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартына сәйкес мамандықтар бойынша мемлекеттік емтиханды бітіруші курстың барлық студенттері тапсырады.




8.4. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаудың орнына, мамандықтың бейінді пәндері бойынша мемлекеттік екі емтиханды тапсыру келесі жағдайларда мүмкін болады:

1) ұзақ уақытта емделуде болу (1 айдан артық), денсаулығы жөніндегі медициналық анықтаманың негізінде;

2) 3 жасқа дейінгі баласы болса, баланың туу туралы куәлігі негізінде;

3) сырқатталған ата-анасын бағады, ата-анасының денсаулығы туралы медициналық анықтама негізінде;

4) мүмкіндігі шектеулі мүгедек, мүгедектік туралы анықтама.

Бұл ретте білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады және тиісті құжаттарды ұсынады. Қосымша мемлекеттік емтихандарды тапсыру үшін дипломдық жұмысты алмастыру басқа жағдайларда мүмкін болмайды.

Мұндай жағдайда мемлекеттік емтихандар тізімі шығарушы кафедраның ұсынуымен факультет кеңесінің шешімімен бекітіледі.экзамена

8.5. Екі мемлекеттік емтихан пәндері бітіруші кафедра ұсынысы негізінде факультет кеңесінің шешімімен бекітіледі.

8.6. Қорытынды аттестацияға оқу-жұмыс бағдарламасына және жеке оқу-жұмыс жоспарының талаптарына сәйкес білім процесін толық аяқтаған студенттер ғана жіберіледі.

8.7. Білім процесін аяқтаудың негізгі критерийі жоғары білім беру мамандықтарының МЖМБС талаптарына сәйкес оқу және кәсіптік практиканың теориялық курсының қажетті көлемін студенттердің меңгеруі болып табылады.

8.8. Оқу-жұмыс бағдарламасын және жеке оқу-жұмыс жоспарының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрді өтпей-ақ қайта оқу курсына қалдырылады.

8.9. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау үшін оқудың барлық түрлері үшін әрбір мамандық бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (әрі қарай – МАК) құрылады.

8.10. Студенттерді қорытынды аттестаттауға рұқсат ету қорытынды аттестация басталғанға дейін екі апта ішінде студенттердің тізімдегі құрамы бойынша институт директорының өкімімен іске асырылады және МАК-қа ұсынылады.

8.11. Студенттерді қорытынды аттестаттау басталғанға дейін МАК-қа студенттің жеке оқу жоспарын орындағаны және барлық пәндер бойынша алынған бағалары, олардың көлемі, тапсырған курс жұмыстары (жобалары) және кәсіптік практика түрлері және GPA оқу мерзімі ішінде орташа өлшенген бағалар шамасы туралы анықтаманы институт директорына ұсынылады.

8.12. Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханды тапсыруға оқу-жұмыс жоспарындағы пәндер бойынша академиялық қарызы бар студенттер жіберілмейді.

8.13. МАК құзіреттілігіне енеді:

1) жоғары білім мамандықтарының МЖМБС белгіленген талаптарына бітіретін мамандардың теориялық және практикалық дайындықтарының сай келу деңгейін тексеру;

2) тиісті мамандық бойынша бакалавр академиялық дәрежесін беру;

3) мамандық бойынша сәйкес келетін біліктілікті бітіруші түлекке беру;

4) жоғары білім туралы диплом беру туралы шешім қабылдау;

5) мамандар даярлау сапасын әрі қарай жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.



8.14. МАК мәжілісінің ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы керек. Бұл ретте мемлекеттік емтиханды тапсыруға күніне 12-15-тен артық емес адамға, ал диплом жұмысын (жобасын) қорғауға 7-10 артық емес адамға рұқсат етіледі.

8.15. МАК-қа диплом жұмысын (жобасын) қорғау басталғанға дейін бес күн ішінде ұсынылады:

1) диплом жұмысының (жобасының) ғылыми жетекшісінің пікірі, пікірде «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген дәлелденген тұжырым беріледі;

2) диплом жұмысына пікір, пікірде диплом жұмысын (жобасын) қорғауға ұсынылатын жан-жақты сипаттама, білімді бағалаудың балл-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағалары көрсетілген дәлелденген қорытынды, тиісті мамандық бойынша біліктілікті немесе «бакалавр» академиялық дәрежесін беру мүмкіндіктері беріледі.

8.16. Диплом жұмысының (жобасының) қайталануын тексеруді тиісті факультеттер жүргізеді.

8.17. МАК-қа орындалған диплом жұмысының ғылыми және практикалық құндылықтарын сипаттайтын материалдар, бейресми пікірлер, диплом жұмысының (жобасының) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жазбаша қорытындылары, ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізу анықтамалары немесе актілері, макеттер, материалдар мен бұйымдар үлгілері, ауылшаруашылық өнімдері, минералдар коллекциялары, гербарийлер ұсынылады.

8.18. Студент диплом жұмысын (жобасын) ғылыми жетекшінің оң пікірі және қорғалатын диплом жұмысының (жобасының) бейініне сәйкес келетін маманның бір пікірі болғанда қорғайды.

Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» деген теріс баға берсе, білім алушы диплом жұмысын (жобасын) қорғай алмайды.



Білім алушы диплом жұмысын (жобасын) қорғауға пікір жазушы оң қорытынды жасаса да, теріс қортынды жасаса да жіберіледі.

8.19. Диплом жұмысына (жобасына) пікір айту біліктілігі қорғалатын диплом жұмысының (жобасының) бейініне сәйкес келетін тек тараптық ұйымдардың сыртқы мамандарымен ғана жүзеге асырылады.

8.20. Мемлекеттік емтихандар (мамандықтар және бейінді пәндер бойынша) кәсіптік оқу бағдарламасы көлемінде ауызша, жазбаша, тестілеу (кешенді тестілеу) түрінде өткізіледі.

8.21. Мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихан аталған кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламасы негізінде ЖОО әзірленген бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы ЖОО ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.



8.22. Бейінді пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартымен және типтік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген оқу-жұмыс бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

8.23. Мемлекеттік емтиханның тесті түрі кезінде ЖОО тест тапсырмаларын, олардың түрлерін (ашық, жабық, аралас), тест өткізу технологияларын дербес әзірлейді және бекітеді. Мемлекеттік емтихан бойынша тест тапсырмаларының жалпы саны жүзге көбейтілген кредиттердің санына тең мемлекеттік емтихан бағдарламасына енетін әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының қосындысынан кем болмауы тиіс.

8.24. Диплом жұмысын қорғау МАК ашық мәжілісінде оның мүшелерінің тең жартысы қатысқан кезде өткізіледі.

8.25. Бір диплом жұмысын (жобасын) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 50 минуттан аспауы тиіс. Білім алушы диплом жұмысын қорғау үшін МАК алдында 15 минуттан артық емес уақытта баяндама жасайды.

8.26 Мемлекеттік емтихан және диплом жұмысын (жобасын) қорғау нәтижелері бойынша білім алушының білімін бағалаудың балл-рейтингтік жүйесі бойынша баға қойылады. Бұл ретте білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындығының деңгейі, сондай-ақ ғылыми жетекшінің және пікір айтушылардың пікірлері қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет