Распоряжение



жүктеу 0.89 Mb.
бет6/6
Дата09.09.2017
өлшемі0.89 Mb.
1   2   3   4   5   6

10.39. PhD докторлық диссертацияларды қорғау бойынша немесе профиль бойынша диссертациялық кеңес доктарантураның әр мамандығы бойынша жасалады.

10.40. Университет Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне (ары қарай – Комитет) төрағасы, төраға орынбасары, ғылыми хатшы және мүшелері көрсетілген докторлық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес құрамын ұсынады.

10.41. PhD/профиль бойынша докторлық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес құрамына шифры (код) сол мамандықтың профиліне сәйкес келетін ғылым докторы немесе кандидатының ғылыми дәрежесі бар тұлғалар кіреді. Бұл ретте кем дегенде үш адам шифры қорғалатын докторлық диссертация профиліне сәйкес келетін ғылым докторының ғылыми дәрежесіне ие болуы керек

10.42. Докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің сандық құрамында бес адамнан кем болмауы тиіс.

10.43. Диссертациялық кеңестің құрамын білім беру мен ғылым саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бектілідеі және үш жыл ішінде жарамды.

10.44. Докторлық диссертацияны қорғау жүзеге асырылады:

- ғылыми жетекшілердің оң пікірі;

- диссертация тақырыбы бойынша Комитет ұсынған ғылыми басылымдарда 10-нан (он) кем емес жарияланым, соның ішінде 3 (үш) – алыс шетелдегі ғылыми басылымдарда, оның біреуі – дәйексөз келтіру бойынша (Scopus, Thomson ISI және т.б.) халықаралық деректер базасына енетін шетел басылымдарында;

- диссертацияны жариялап қорғауға деген ұсыныстар туралы сараптама комиссиясының жазбаша қорытындысы;

- диссертацияны қорғауға деген ұсыныстар туралы шығарушы кафедраның шешімі (кафедра мәжілісінің хаттамасынан үзінді);

- екі ресми оппоненттің екі пікірі, оның біліктілігі (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын жұмысқа сай келуі тиіс, онда диссертацияға жан-жақты сипаттама және бағалары көрсетілген өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз») дәлелді қорытынды, тиісті мамандықтар бойынша магистрдің академиялық дәрежесін беру мүмкіндіктері беріледі.



10.45. Ғылыми кеңесшілер докторлық диссертацияға жеке пікірлер жазады.

10.46. Егер ғылыми жетекші және/немесе сараптама комиссиясы «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынылмайды» деген теріс қорытынды берсе, докторант докторлық диссертацияны қорғай алмайды

10.47. Сарапшы комиссия құрамына ұсынылған зерттеулер пәні мен объектісі саласынан хабары бар үштен кем емес маман кіреді.

Сарапшы комиссия құрамына диссертация қорғалғанға дейін екі ай бұрын уақыттан кем емес мерзімде ректор бұйрығымен бекітіледі.

Сарапшы комиссия құрамына ғылыми жетекші немесе кеңесші болған тұлға кіре алмайды.

10.48. Докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес мәжілісінің графигі күнтізбелік жылға құрылады және білім немесе ғылым ұйымдары басшысының бұйрығымен бекітіледі. Бұл ретте күніне үш докторлық диссертацияны қорғау қойылады.

10.49. Докторлық диссертацияны қорғау нәтижелері стенограммамен ресімделеді.

Докторлық диссертацияларды қорғау қорытындысы бойынша диссертациялық кеңес екі шешімнің біреуін қабылдайды:

1) оң шешімді қабылдау кезінде докторантқа философия докторы жоғары академиялық дәрежесін немесе тиісті мамандықтар бойынша бейіні бойынша беру туралы Комитетке өтініш жасау;

2) теріс шешімдерді қабылдау кезінде – докторантқа философия докторы жоғары академиялық дәрежесін немесе тиісті мамандықтар бойынша бейіні бойынша беруден бас тарту.

10.50. Докторлық диссертацияны қорғау бойынша оң шешім қабылданған жағдайда кеңестің ғылыми хатшысы докторлық диссертацияны қорғау туралы докторанттың жеке ісін жасайды.

10.51. Докторлық диссертацияны қорғау туралы докторанттың жеке ісінде келесі материалдар енеді:

1) докторлық диссертация;

2) ғылыми жетекшілердің пікірлері;

3) диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар тізімі;

4) қорғау туралы шығарушы кафедраның шешімі (кафедра мәжілісінің хаттамасынан үзінді);

5) диссертацияны жариялап қорғауға деген ұсыныстар туралы сараптама комиссиясының қорытындысы;

6) екі ресми оппоненттердің пікірлері;

7) докторлық диссертацияны қорғау стенограммасы;



8) докторлық диссертацияны қорғау бойынша жабық дауыс берудің нәтижесі туралы санақ комиссиясының хаттамасы;

9) жоғары білім туралы дипломың көшірмесі;

10) кешенді емтиханды тапсыру туралы МАК мәжілісі хаттамасының көшірмесі;

11) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасын игеру туралы транскрипт көшірмесі.

10.52. Докторлық диссертацияны қорғағаннан кейін бір ай ішінде докторанттың докторлық диссертацияны қорғау туралы жеке ісі білім және ғылым саласының уәкілетті органына ұсынылады.

10.53. МАК және докторлық диссертациялрды қорғау бойынша диссертациялық кеңес төрағасы докторанттарды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы бірыңғай есеп береді және бір ай ішінде есепті Ректорға ұсынады.

10.54. Докторанттардың қорытынды аттестациясының нәтижесі туралы есепке МАК Төрағасы және докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы қол қояды.

10.55. Докторанттарды қорытынды аттестаттау нәтижесі туралы есеп Ғылыми Кеңес отырысында талқыланады және бекітіледі

10.56. Университет докторантурада білім алушыларды қорытынды аттестаттау біткеннен кейін екі ай мерзім ішінде білім беру саласының уәкілетті органдарына докторанттарды қорытынды аттестаттау нәтижесі туралы есепті ұсынады.

10.57. Докторанттардың докторлық диссертацияларды қорғау нәтижесіне докторлық диссертацияны қорғау бойынша диссертациялық кеңестің қабылдаған шешімі көрсетілген докторлық дисертацияны қорғаған докторанттар тізімі тіркеледі. Тізімге ректор қол қояды.Проверка диссертационных работ на предмет заимствования без ссылки на автора и источник заимствования (проверка диссертации на предмет плагиатства) осуществляется в соответствии с государственными общеобязательными стандартами образования послевузовского образования магистратуры и докторантуры.

11. Білім алушылар білімін бағалау критерийі

11.1. Білім алушылардың барлық бақылау түрлері бойынша білімі, дағдысы, машықтары, құзіреттілігі тікелей пропорционалды ара қатысы бар балл-рейтингтік әріптік жүйесінің бағаларымен анықталады.

11.2. «Өте жақсы» деген бағаға А бағасы сәйкес келеді, сандық баламасы - 4,0 және пайыздық құрамы - 95-100% және А-, сандық баламасы -3,67 және пайыздық құрамы 90-94%.

Аталған баға, егер білім алушы пәндердің барлық бағдарламалық материалын толық меңгергенін көрсетсе және қандай да бір қателер, олқылық жібермеген, бақылау және зертханалық жұмыстарды уақытында және дұрыс орындаған және солар бойынша есеп берген, осыған орай түпнұсқалы ойлау, уақытылы және қандай да бір қатесіз коллаквиумдерді тапсырған және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқан, пәнді зерделеу кезінде қосымша ғылыми әдебиетті өз бетінше пайдаланған, бағдарламалық материалды өз бетінше жүйелендіре алған жағдайда қойылады.



11.3. «Жақсы» деген баға В+ бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы - 3,33 және пайыздық құрамы 85-89%, және В бағасы, сандық баламасы 30 және пайыздық құрамы 80-84% және В- бағасы, сандық баламасы - 2,67 және пайыздық құрамы - 75-79%.

Аталған баға, егер студент пәндердің нақты тақырыптарының негізгі мазмұнын ашатын сұрақтар бойынша жақсы білім көрсетсе және бағдарламадағы материалдарды 75%-дан кем емес меңгерген жағдайда, бұл ретте бақылау және зертханалық жұмыстарды дер кезінде орындап тапсырған, ешқандай ескертусіз үй тапсырмаларын және коллоквиумдарды дер кезінде дұрыс орындаған, оқытушы нұсқауымен қосымша әдебиетті пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан, бағдарлама материалдарын оқытушы көмегімен жүйелі меңгерген жағдайда қойылады.



11.4. Қанағаттанарлық» бағасы С+ бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы 2,33 және пайыздық құрамы 70-74%, С бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы 2,0 және пайыздық құрамы 65-69%, С- бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы 1,67 және пайыздық құрамы 60-64%, сандық балама 1,33 және пайыздық құрамы 55-59% және D бағасына сәйкес келеді, және D- сандық баламасы 1,0 және пайыздық құрамы 50-54%.

Данная оценка ставится в том случае, если студент освоил программный материал не ниже, чем на 50%, при выполнении контрольных и лабораторных работ, домашних заданий нуждался в помощи преподавателя, при сдаче коллоквиума допускал неточности и непринципиальные ошибки, не проявил активность в исследовательской работе, ограничивался только учебной литературой, указанной преподавателем, испытывал больше затруднения в систематизации материала.



11.5. Қанағаттанарлықсыз» бағасы "F" бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы 0 және пайыздық құрамы 0-49%. "F" бағасы студентке, егер ол бағдарламада қарастырылған негізгі материалдар туралы білмінде олқылық байқалған, пән бағдарламасының жартысынан астамын меңгермеген, жауаптарында түбегейлі қателер жіберген, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау түрлерінде қарастырылған тапсырмаларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиетпен жұмыс істемеген, сабақтарға қатыспаған және оқу жоспарында қарастырылған жұмыстарды орындауға қатыспаған, ағымдағы және аралық бақылаудан өтпеген жағдайда қойылады.

12. Оқу тәртібі

12.1. Жеке оқу жоспары негізінде оқу сабақтарының кестесі жасалады, ол кестені академиялық кезең басталғанға дейін 5 күн ішінде оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор бекітеді.

12.2. Аудиториялық сабақ кестесі байланыс сағаттары бойынша жасалады. Сабақтың бастауы сағат 9.00-де.

12.3. Студенттердің оқытушы жетекшілігімен өз бетіндік жұмыстары (СӨДЖ) (Office Hours) графикке сәйкес аудиториялық сабақтар және оқытушылар білім алушымен жеке, келісілген график бойынша жүргізетін сабақтар түрінде, сағатын көрсете отырып енгізіледі.

12.4 Академиялық сабақ (пара) ұзақтығы 50 минутпен анықталады. Оқытушылар мен студенттерге сабақтың басталғанын қоңырау үнімен хабарлайды. 4 сағаттық сабақтан кейін 15-20 минут түскі үзіліс болады.

12.5. Студенттердің аудиторияға сабақ басталғаннан кейін кіруіне тыйым салынған.

12.6. Сабақ басталғанға дейін (сабақтар арасындағы үзілістерде де) лаборанттар және ассистенттер қажетті оқулық құралдарын және аппаратураны дайындайды.

12.7. Сабақ топта, бірнеше топтарда, қосымша топтарда ұйымдастырылады. Топ құрамы ректор бұйрығымен бекітіледі.

12.8. Әрбір топқа топ старостасы және оның орынбасарын барынша сабақты жақсы оқитын және тәртіпті студенттерден тағайындайды.

12.9. Топ старостасы және оның орынбасарын тікелей институт директорына бағынады және топта директордың барлық өкімдері мен нұсқауларын жүргізеді.

12.10. Топ старостасы және ол болмаған кезде оның орынбасары:

  • топ журналына және журналда жазылған жазбалардың сақталуына жауап береді;

- топ журналында әрбір пәнге «Сабақ үлгерімі мен қатысуын есепке алу» туралы бірнеше бетті арнайды. Бұл ретте:

- оқу жоспарына сәйкес осы пән бойынша сабақтар санын ескереді;

- оқытушылардың берілген пән бойынша бақылаудың ағымдағы түрлеріне (үй тапсырмалары, ЕГЖ, модульдер) бағандарды толтыруын бақылайды;

- оқытудың блоктық жүйесі кезінде бағаларды қою үшін бағандар қарастырылады;

- студенттердің сабақтың барлық түрлеріне қатысуын арнайы есепке алу жүргізіледі. Әрбір пәнге «Сабақ үлгерімі және қатысуын есепке алу» туралы журнал беттерінде:

- орынсыз себептер бойынша сабаққа қатыспаған студентке тиісті бағанға «Н» әрпі, науқастану бойынша «В» қойылады;

- староста «Сабаққа қатыспау себептері» журналына студенттің тегін, медициналық анықтаманың №, оның жарамды мерзімін, берілген күнін, дәрігердің аты-жөні көрсетілген медициналық мекеменің атауын жазады. (Староста анықтаманы деканатқа тапсырады);

- егер студент деканаттың рұқсатымен сабаққа келмесе, «Д» әрпі қойылады;

- сабаққа қатысқан студенттің тегіне қарсы ешқандай жазба қойылмайды;

- топ студенттерінің арасынан күн сайын кезекші тағайындалады және ол аудиторияда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етеді;

- ректорат, директор, кафедра меңгерушілері, кураторлардың өкімдерін топ студенттерінің орындауын қамтамасыз етеді;

- деканатқа немесе оның орынбасарына оқытушының сабақты өткізбегені туралы тез арада хабарлайды.

- студенттер өміріндегі мен топтағы олқылықтар туралы деканатқа тез арада хабарлайды;

- студенттердің ҚарМТУ Жарғысында қарастырылған олардың міндеттері мен құқықтарын орындауын қамтамасыз етеді;

- әрбір оқу аптасының соңында және айдың соңғы күнінде деканатқа журналды тексеруге тапсырады;

- аудиториялық сабақтарда топтың оқу пәндерін, сондай-ақ оқу жабдықтарын бақылайды және қамтамасыз етеді;

- топ студенттері арасында оқулықтар мен оқу құралдарын алуды дер кезінде ұйымдастырады;

- сабақ кестесіне енгізілген өзгерістерді студенттерге дер кезінде хабарлайды.



12.11. Старостаның көрсетілген қызметі шегіндегі өкімі топ студенттерінің барлығы үшін міндетті.

12.12. 12.12. Студент:

- білім гранты және шарт негізінде оқуға;

- мамандықтардың жалпыға міндетті стандарттары аясында білім алуға;

- белгіленген көлемде стипендия алуға (мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан тұлғалар үшін);

- жеке траектория және оқыту графигі шеңберінде оқуға;

- өзінің қабілеттілігі мен мүмкіндіктеріне сәйкес білім және қосымша көрсетілетін білім қызметтерін алуға;

- оқу жоспарына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

- жоғары оқу орнында немесе аталған елді мекенде профессорлық-оқытушылық құрамның саны жеткілікті болған жағдайда оқытушыны таңдауға;

- заңмен белгіленген тәртіпте бір оқу орнынан басқа оқу орнына, бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысуға және қайта қабылдануға;

- жеке пікірлері мен ойларын еркін жеткізуге;

- баға жариялығына;

- академиялық демалысқа (денсаулық жағдайына байланысты, соның ішінде жүктілік пен босану бойынша)

- Университет келісім-шарт жасасқан басқа жоғары оқу орындарында жеке оқу пәндерін оқуға;

- зертханалық жабдықтарды және компьютерлерді, институт, кафедра, кітапханалардың ғылыми-анықтамалық материалдарын пайдалануға;

- оқу процесі және студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты қамтитын «Анықтамалық-жол көрсеткішпен» қамтамасыз етілуге;

- қоғамдық ұйымдар арқылы Университет қызметі мен студенттік өмірдің маңызды шешімдерін шешуге қатысуға;

- Университет Жарғысы және тиісті ережелермен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары мен қызметтің басқа түрлеріне қатысуға;

- ұйымдастырушы болуға және ғылыми-техникалық шығармашылық орталықтар, кооперативтер, баспа қызметі, ғылыми-техникалық проблемаларды шешуге қатысатын басқа шаруашылық-есептегі ұйымдардың жұмысына қатысуға;

- медициналық қызмет көрсету және студенттердің белгілі бір топтары үшін белгіленген басқа жеңілдіктерді алуға;

- оқуда, ғылыми-өндірістік пен басқа қызметтердегі табыстары үшін марапаттау және сыйлық беру, алғыс жариялау, грамотамен, ақшалай сыйлықпен, құнды сыйлықтармен марапаттау және профилакторияларға немесе спорттық-сауықтыру лагеріне тегін жолдама алуға (материалдық марапаттау түрлерін таңдау директорат және кафедраның ұсыныстары бойынша жүзеге асырылады).

- Университет жатақханасына тұруға құқылы.

12.13. Студент міндетті:

Университет орынжайында ҚарМТУ-дың ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға;

- еңбекті қорғау ережесін және қауіпсіздік техникасын және өндірістік санитарияны қатаң сақтауға;

- оқу жоспарының талаптарын орындауға;

- Университет ректоратының, факультет деканатының, кураторлардың, старосталардың тапсырмаларын орындауға;


  • - таңдап алған мамандығы бойынша теориялық білімге және практикалық дағдыларға ие болуға;

  • оқу жетістіктерін ішкі бағалау ойынша Унивеситет және ҚР БҒМ өткізетін барлық іс-шараларға қатысуға;

  • қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуге;

  • оқу пәндеріне дер кезінде жазылуға және деканатқа жеке оқу жоспарын беруге;

- оқу пәндері бойынша СӨЖ орындауға;

- сабаққа күн сайын қатысу, сабаққа ауырып қатыса алмаған жағдайда институт секретариатын ауырғаны жөнінде ескерту керек, сосын тиісті емдеу мекемесінің белегіленген үлгідегі анықтамасын 3 оқу күні ішінде инстиут директорына беруге;

- оқу-әдістемелік әдебиеттерге және мүліктерге ұқыпты қарауға;

- бірге оқитын курстастарына, оқытушыларға және т.б. мейірімді болуға;



  • - сабақ кезінде ұялы телефондарын өшіруге;

  • қоғамдық орындарда этикалық нормаларды және жалпыға ортақ тәртіп ережелерін сақтауға;

  • жеке сүйіспеншілігін көрсетуде ұстамды болуға және университет ғимараттарында, көшелерде және қоғамдық орындарда оны көрсетпеуге міндетті.

12.14. Университетте өткізу жүйесі бар. Корпусқа кіруге студент билеті (сынақ кітапшасы) болған жағдайда рұқсат етіледі.

12.15. Студенттерге, Университеттің және студенттер жатақханасының оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін, сонымен қатар осы ережелердің 7-тарауының 10-тармақшасында көрсетілген студент міндеттерін бұзғаны үшін тәртіптік жаза шаралары қолданылуы мүмкін, ол жаза шаралары:

  • ескерту;

  • сөгіс;

  • Университеттен шығару.

12.16. Ескерту, сөгіс, Университеттен шығару сияқты тәртіптік жаза шараларын қолданғанда ақталу үшін медициналық анықтаманы ұсыну қабылданған шараларды жоюға негіз бола алмайды.

12.17. Студенттер тәртіпті және сүйкімді таза жүруге тиіс (спорт кешенінен басқа Университет корпустарына спорттық киіммен келуге тыйым салынады).

Оқу-әдістемелік ісі

жөніндегі проректор В.В. Егоров





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет