Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Италияның Бусто-арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирде Азия чемпионын жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарының жеңімпазы Айбек Оралбай Италиядағы лицензиялық турнирде алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жарқын жеңіске қол жеткізді. Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын отандасымыз алғашқы кездесуін 2021 жылғы Азия чемпионы, үндістандық Санджит Кумарға қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Енді ол екінші айналымда Оңтүстік Корея елінің боксшысы Юнг Ха Ныльға қарсы жұдырықтасады. 

Айта кетейік, боксшылар олимпиадаға жолдама алуы үшін тек жартылай финалға шықса жеткілікті. Бүгін Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов, Мұхамедсабыр Базарбайұлы және Айбектің өзі турнирдегі екінші жекпе-жектерін өткізеді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.