Құрастырушы: аға оқытушы Ж. Ш



жүктеу 277.73 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі277.73 Kb.
түріБағдарламасы



Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/34



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

5В010801 Дене шынықтыру және спорт мамандығының студенттеріне арналған
Шаңғы спорты

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар






Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/35









БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

______ К.К. Ахметов
201__ж. «___»________

Құрастырушы: аға оқытушы Ж.Ш. Аблеев

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

5В010801 Дене шынықтыру және спорт мамандығының


күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған

Шаңғы спорты



Пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама «___» _________201__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.

Кафедра отырысында ұсынылды 201 ж. «___»____________№_____ хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________ Ю.А. Мастобаев 201 ж. «____» ________


Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 201 ж. «_____»________№____хаттама

ОӘК төрағасы ____________ Р.Ж.Нургожин 201 ж. «___»_________

КЕЛІСІЛДІ

Кафедра меңгерушісі ___________ Ю.А. Мастобаев 201 ж. «____» ________



1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары


Ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы ДШжС кафедрасының аға оқытушысы

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы бас оқу ғимаратында, спорт залында орналасқан, байланыс телефоны 673669



Пән туралы мәліметтер

Атауы: «Шаңғы спорты». Сағат саны:2 кредит, 90 сағат: 15 дәріс сағаты, 15 семинар сабағы сағаты, 60 сағат СӨЖ.


Пән сағаттары


Семестр

Кредит саны

Аудиториялық сабақтар түрлері бойынша сағаттар саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысандары

барлығы

дәрістер

практикалық

зертханалық

студиялық

жеке

барлығы

СОӨЖ


































6

2

30

15

15







60

30

Емтихан

барлығы

90


































  1. 1. Пәннің мақсаты шаңғы спортындағы технико-тактикалық, психологиялық және теориялық дайындығының нысандары, тәсілдері мен құралдары.


Пәннің міндеттері:

Дене шынықтыру және спорт теориялық және әдістемелік негіздері туралы білік-дағдылар негізінде жоғары спорттық нәтижелер мен тиімді дене дайындығына қол жеткізумен шаңғышылардың дене, техникалық және тактикалық дайындығын ғылыми-дәлелді басқарудың білік-дағдыларын үйрету, білім беру.

Осы тәртіпті зерделеу нәтижесінде студенттердің:

түсініктері болуы керек:

– шаңғы спортының даму тарихы туралы;

– шаңғы спортының түрлері мен терминологиясы туралы;

– орындаудың тактикасы мен техникасы туралы;

– қажетті дене қабілеттері туралы;

– спорттық құрылғылар мен материалдық–техникалық қамтамасыз ету туралы.

білулері тиіс:

– шаңғы спорты теориясының негіздері және спорттық дайындығының теориялық-әдістемелік негіздері;

– оқыту мен білім беру әдістемесі;

–ақпаратты жинау, өңдеу және пайдалану тәсілдері;

–дене қабілеттерін дамытуға арналған құралдар мен тәсілдер және қызметтік дайындықты тиімдету;

қабілетті болуы тиіс:

–жаттығу үрдісін жоспарлау, бақылау және басқаруға;

–жасы, жынысы және спорттық маманданымды ескере отырып, шаңғы спортындағы оқытудың құралдары мен тәсілдерін пайдалануға;

–спорттық таңдау, жобалау тәсілдерін пайдалана алуға.

практикалық дағдылары болуы тиіс:

–шаңғы спортындағы жарыстарды өткізу бойынша;

– сайыстарға төрелік жасау бойынша.
2. Алғышарттар:

Осы пәнді игеру үшін педагогика, анатомия, информатика және физиология, дене шынықтыру мен спортының теориясы және әдістемесі сияқты пәндерді зерделеуде алған қажетті білік-дағдылар.


3. Қолданылу аясы:

Осы пәнді зерделеуде алынған білік-дағдылар келесі пәндерді игеру үшін қажетті: дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі, спорт биомеханикасы, спорттық құрылғылар, спорт физиологиясы, спорттық медицина, спорт гигиенасы, емдеу дене шынықтыруы.



4 Тәртіптің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары



№ р/с

Тақырыптардың атаулары

Сабақ түрлері бойынша сағат саны

Күндізгі оқу түрі




дәрістер

практикалық (сем)

СӨЖ










1

Шаңғы спортының даму тарихы. Түрлері, жүйесі және терминологиясы.

4

4

10










2

Оқытудың теориясы және әдістемесі.

4

4

10










3

Ағзаның дене қабілеттері, техника, дене және психикалық қасиеттер

4

4

20










4

Спорттық-педагогикалық шеберлік. Шаңғы спортына қажетті білік-дағдылар.

4

4

20










5

Шаңғы спортындағы бақылау-нормативтік талаптар. Сайыс ережелері, төрелік.

4

4

20










6

Спорттық құрылғылар мен материалдық–техникалық қамтамасыз ету.

5

5

20










7

Шаңғы спортын оқытудың әдістемесі.

5

5

20










Барлығы :

30

30

120









4.2 Пән тақырыптарының мазмұны.


1 тақырып. Шаңғы спортының даму тарихы. Маманданымы, жүйесі мен терминдері.

Дене тәрбиесі жүйесіндегі шаңғы спортының алар орны; халықтың дене тәрбиесі үшін шаңғы спортының міндеттері мен маңызы. Шаңғы спортының федерациясы, міндеттері, жарғысы, құрылымы, жұмысты жоспралау және ұйымдастыру.

Шаңғының шығу тегі және алғашқы қолдануы. Ежелгі шаңғылардың типтері мен түрлері; археологиялық белгілер: тау үстіндегі суреттер. Алғашқы жазба құжаттары. «Ски», «нарты», «шаңғы» терминдерінің пайда болуы. Шаңғы спортының пайда болуы. Русьте шаңғыларды пайдалану: аңшылық пен соғыста; XV және X ғасырдың шаңғылары. Одан кейінгі жүз жылдықтарда шаңғыны пайдалану; Минин және Пожарский әскерлері, Пугачев бастаған шаруалар соғысы, 1812 жылғы Отан соғысында. Төңкеріске дейінгі Ресейдегі шаңғы спорты. Алғашқы шаңғы клубтары. Спорттық сайыстар. Ауысулар. Шаңғы спортының техникасы. Халықаралық кездесулер.

2 тақырып. Оқытудың теориясы мен әдістемесі.

Жаттығу үрдісін басқару. Спорттық жаттығу жүйесінің мүмкіндіктерін кешенді пайдалану (заңдылықтары, принциптері, ережелері, құралдары, әдістері және т.б.). Спорттық дайындық жүйесінің жаттығудан тыс және сайыстан тыс факторлары (арнайы құралдар, жабдықтар мен тренажерлер, қалпына келтіру құралдары, климаттық факторлар, ұйымдастыру сәттері және т.б.)

Білім беру, қалыптастыру, дағдыны бекіту және жетілдіру кезеңдері. Мақсаттары мен міндеттері. Стандартты-қайталау жаттығулары, қайталау-ауысу жаттығулары және олардың қатысы тәсілдері.

3 тақырып. Техника, дене қасиеттері, ағзаның қызметтік және психикалық қасиеттері.

Шаңғышының негізгі дене қабілеттері. Төзімділік негіздері. Төзімділік көрсеткіштері. Шаңғы спортындағы шаршау. Жалпы және арнайы төзімділіктің дамуы. Шаршағанды басу. Жүктемені анықтайтын негізгі факторлар. Аэробты мүмкіндіктердің ұлғаюы. Жылдамдық, күштік және арнайы төзімділік.

4 тақырып. Спорттық–педагогикалық шеберлік. Шаңғы спортына қажетті білімдер, біліктер, дағдылар.

Оқыту пәні. Оқыту міндеттері. Қозғалыс білік дағдылары. Анықтау. Спортшыларды дайындауда олардың маңызы. Шаңғы спортының айырмашылық ерекшеліктері. Дағдының оңтайлы және кері ауысуы және оның оқыту құрудағы есебі. Шаңғы спортындағы оқытуда дидактикалық дағдыларды пайдаланудың ерекшеліктері. Оқыту мінездемесіне тәрбие береміз. Сауықтыру бағыты. Білім алушылардың санасы мен белсенділігі. Қол жетімділік пен жекелік. Көрсетушілік пен беріктілік.

5 тақырып. Шаңғы спортындағы бақылау-нормативтік талаптар. Сайыс ережелері, төрелік.

Педагогикалық бақылау, оның мәні мен мазмұны, бақылау түрлері: ағымдағы, жедел, кезеңдік, тереңдетілген. Педагогикалық бақылау тәсілдері. Есеп түрлері: алдын ала, ағымдағы, қорытынды.

Судьялардың республикалық коллегиясы: міндеттер, жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру. Шаңғы спорты федерациясының халықаралық байланыстары, жұмыстың құрылымы мен жоспарлау. Сайысты өткізу туралы құжаттар. Сайыс туралы ереже және сайыстың хаттамасы.

6 тақырып. Спорттық құрылғылар және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Оқытуда қозғалудың техникалық құралдарын: ролик конькилерін, шаңғыроллерін, тайғақ жапқыштарды, тренажерлерді, электр және жарық құралдарын пайдалану. Дайындықтың техникалық құралдарын: шаңғы сайыстарында – шаңғыроллері, жүгіру жолы, шаңғы, қозғалудың түрлеріне арналған бәтеңке мен таяқшалар; шаңғымен секіруде – допингтер, әткеншектер, имитациялық құрал, түрлі қуатты трамплиндер, секіру шаңғы мен бәтеңкелері; таушаңғы спортында – шаңғылар, түсудің түрлеріне арналған бәтеңкелер мен таяқшалар, көтергіштер мен қар құралдары.

7 тақырып. Шаңғы спортын оқытудың әдістемесі.

Оқыту үрдісінің құрылымы: бастапқы оқыту кезеңі (дағдыларды игеру); дағдыны бекіту кезеңі; дағдыны жетілдіру кезеңі. Бастапқы оқыту кезеңі. Оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдері. Мүшеленген тәсіл. Оның мәні мен пайдалану шарттары. Бөліктерді бірегей қабылдауға бірігудің жолдары. Әрекет тынысын игеру. Сенсорлық модельдеу, көшбасшылық пен қозғалыстарды бағдарламалау тәсілдері.
4.3 Практикалық (семинар, зертханалық, студиялық, жеке) сабақтардың тізімі мен мазмұны.

1) 1 тақырып. Шаңғы спорты дамуының тарихы. Маманданымы, жүйесі мен терминологиясы.

Ұлы қазан социалистік төңкерісінен кейінгі шаңғы спортының дамуы. Шаңғы спорты дамуындағы жалпы оқытудың рөлі. Шаңғы спорты дамуындағы Қызыл әскердің жетекші рөлі. Жекелік дене шынықтыру ұйымдарындағы шаңғы спорты. АТҚ кешені негізіндегі шаңғы спортының дамуы. Кәсіподақтық және комсомолдық жаппа кросстар. Ұзақ шаңғы жүрістері. Ақ финндармен, Ұлы Отан соғысында шаңғы бөліністерінің қатысуы. Соғыстан кейінгі жылдардағы шаңғы спорты. Шаңғы спортының өсуі. Кеңес шаңғышылары спорттық жетістіктерінің өсуі. Халықаралық кездесулер. Кеңес шаңғышыларының қысқы Олимпиада ойындарында және дүниежүзілік біріншіліктерде қатысуы. Қазақ шаңғышыларының қысқы Олимпиада ойындарында және дүниежүзілік біріншіліктерде қатысуы. Техниканың эволюциясы, оқыту методикасы мен жаттығудың дамуы.

2) 2 тақырып. Оқытудың теориясы мен әдістемесі.

Жүріс, көтерілу, түсу, тежеу және айналуды оқытудағы бірізділік. Жеке жаттығуларға оқытудың тәсілдері (тұрақталуы, бекітілуі және дағдыны жетілдіру). Жақындататывн жаттығуларды пайдалану.Оқытудағы кешенділік. Жеке жаттығуларды оқытуда орынды таңдау.

3) 3 тақырып. Техника, дене қабілеттері, ағзаның функционалдық және психикалық қасиеттері.

Жылдамдық. Жылдамдықты бағалау. Жай және күрделі қозғау реакциясының жылдамдығы. Жылдамдықты дамытудың құралдары. Жылдамдықты дамытудың тәсілдері: қайтарымдық, интервалдық, ауысу жаттығулары. Қозғаушы мінездемелері (жол ұзақтығы, жаттығуларды орындаудың тиімділігі, демалыс интервалдары, қайтару саны және т.б.).

4) 4 тақырып. Спорттық–педагогикалық шеберлік. Шаңғы спортында қажетті білімдер, біліктер мен дағдылар.

Қозғаушы әрекеті техникасының қайтақұрылуы, әдістеме. Тиімділікті бақылау және бағалау: автоматтандыру нәтижелері, шаршауға төзу дағдысы, жеңілдететені фактолар іс-әрекеттің нұсқалары.

5) 5 тақырып. Шаңғы спортындағы бақылау-нормативтік талаптар. Сайыс ережелері, төрелік.

Шаңғы спортындағы дене дайындығының тесттіленуі мен бақылауы.

Сайыс пен спорттық күрес шарттарының ерекшеліктері. Мақсатты орнатудың мманданымы; нәтиже бағаларының жүйесі; спортшылардың қызметін реттейтін ережелердің мінездемесі: олардың күрделілігі, спортшының қызметіне әрекеттесудің мінезі. Шаңғы спотындағы сайыстарды өткізудің әдістемесі.

6) 6 тақырып. Спорттық құрылғылар мен материалдық–техникалық қамтамасыз етуі.

Оқу фильмдері, кинотүсірілімдер, бейнемагнитофондық жазбалар және т.б. көрсету. Сенсорлық көрсетілім: метрон, магнитофон, электрлампалары жүйесі және т.б. көмегімен қозғалыстың жеке параметрлерін қалпына келтіру. Кардиолидерді пайдалану, ЧСС сигналдары бойынша спортшының жұмыс тиімділігін басқару; қозғалыстың тиімді тыныстық құрылымын қалыптастыратын ритмолидерлер (жарықтық және дыбыстық). Спорттың түрлі түрлерінде қозғалыстың тиімді динамикалық құрылымын қалыптастыру (қозғалыстың берілген сәтінде негізгі жүктемені әкелетін бұлшықеттің қысқартылуын қамтамасыз ететін электр лидерлері).

7) 7 тақырып. Шаңғы спортын оқытудың әдістемесі.

Жүріс, жоғары көтерілу, төменге түсу, тежеу, бұрылу, секіру оқытудағы бірізділік. Жеке жаттығуларға оқыту тәсілдері (тұрақталу, бекіту және дағдыны жетілдіру). Жаттығуларды пайдалану. Оқытудағы кешенділік. Жеке жаттығуларды оқытуда орынды сайлау.



4.3 Практикалық (семинар, зертханалық, студиялық, жеке) сабақтардың тізімі мен мазмұны.

1) 1 тақырып. Шаңғы спорты дамуының тарихы. Маманданымы, жүйесі мен терминологиясы.

Ұлы қазан социалистік төңкерісінен кейінгі шаңғы спортының дамуы. Шаңғы спорты дамуындағы жалпы оқытудың рөлі. Шаңғы спорты дамуындағы Қызыл әскердің жетекші рөлі. Жекелік дене шынықтыру ұйымдарындағы шаңғы спорты. АТҚ кешені негізіндегі шаңғы спортының дамуы. Кәсіподақтық және комсомолдық жаппа кросстар. Ұзақ шаңғы жүрістері. Ақ финндармен, Ұлы Отан соғысында шаңғы бөліністерінің қатысуы. Соғыстан кейінгі жылдардағы шаңғы спорты. Шаңғы спортының өсуі. Кеңес шаңғышылары спорттық жетістіктерінің өсуі. Халықаралық кездесулер. Кеңес шаңғышыларының қысқы Олимпиада ойындарында және дүниежүзілік біріншіліктерде қатысуы. Қазақ шаңғышыларының қысқы Олимпиада ойындарында және дүниежүзілік біріншіліктерде қатысуы. Техниканың эволюциясы, оқыту методикасы мен жаттығудың дамуы.

2) 2 тақырып. Оқытудың теориясы мен әдістемесі.

Жүріс, көтерілу, түсу, тежеу және айналуды оқытудағы бірізділік. Жеке жаттығуларға оқытудың тәсілдері (тұрақталуы, бекітілуі және дағдыны жетілдіру). Жақындататывн жаттығуларды пайдалану.Оқытудағы кешенділік. Жеке жаттығуларды оқытуда орынды таңдау.

3) 3 тақырып. Техника, дене қабілеттері, ағзаның функционалдық және психикалық қасиеттері.

Жылдамдық. Жылдамдықты бағалау. Жай және күрделі қозғау реакциясының жылдамдығы. Жылдамдықты дамытудың құралдары. Жылдамдықты дамытудың тәсілдері: қайтарымдық, интервалдық, ауысу жаттығулары. Қозғаушы мінездемелері (жол ұзақтығы, жаттығуларды орындаудың тиімділігі, демалыс интервалдары, қайтару саны және т.б.).

4) 4 тақырып. Спорттық–педагогикалық шеберлік. Шаңғы спортында қажетті білімдер, біліктер мен дағдылар.

Қозғаушы әрекеті техникасының қайтақұрылуы, әдістеме. Тиімділікті бақылау және бағалау: автоматтандыру нәтижелері, шаршауға төзу дағдысы, жеңілдететені фактолар іс-әрекеттің нұсқалары.

5) 5 тақырып. Шаңғы спортындағы бақылау-нормативтік талаптар. Сайыс ережелері, төрелік.

Шаңғы спортындағы дене дайындығының тесттіленуі мен бақылауы.

Сайыс пен спорттық күрес шарттарының ерекшеліктері. Мақсатты орнатудың мманданымы; нәтиже бағаларының жүйесі; спортшылардың қызметін реттейтін ережелердің мінездемесі: олардың күрделілігі, спортшының қызметіне әрекеттесудің мінезі. Шаңғы спотындағы сайыстарды өткізудің әдістемесі.

6) 6 тақырып. Спорттық құрылғылар мен материалдық–техникалық қамтамасыз етуі.

Оқу фильмдері, кинотүсірілімдер, бейнемагнитофондық жазбалар және т.б. көрсету. Сенсорлық көрсетілім: метрон, магнитофон, электрлампалары жүйесі және т.б. көмегімен қозғалыстың жеке параметрлерін қалпына келтіру. Кардиолидерді пайдалану, ЧСС сигналдары бойынша спортшының жұмыс тиімділігін басқару; қозғалыстың тиімді тыныстық құрылымын қалыптастыратын ритмолидерлер (жарықтық және дыбыстық). Спорттың түрлі түрлерінде қозғалыстың тиімді динамикалық құрылымын қалыптастыру (қозғалыстың берілген сәтінде негізгі жүктемені әкелетін бұлшықеттің қысқартылуын қамтамасыз ететін электр лидерлері).

7) 7 тақырып. Шаңғы спортын оқытудың әдістемесі.

Жүріс, жоғары көтерілу, төменге түсу, тежеу, бұрылу, секіру оқытудағы бірізділік. Жеке жаттығуларға оқыту тәсілдері (тұрақталу, бекіту және дағдыны жетілдіру). Жаттығуларды пайдалану. Оқытудағы кешенділік. Жеке жаттығуларды оқытуда орынды сайлау.


4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі

ЖБМ негізіндегі оқытудың күндізгі нысаны




СӨЖ түрі

Есеп нысаны

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәрістік материалды өңдеу

дәптер

Сабақтарға қатысу

10

2

Дәрістік сабақтар мазмұнына енбейтін материалдарды зерделеу

дәптер

Сабақтарға қатысу

10

3

Практикалық сабақтарға дайындалу және тапсырмалар бойынша есеп дайындау

дәптер

Баяндама

10

4

Ғылыми баяндамаларға дайындалу, рефераттарды орындау (көлеміне байланысты)

Есеп

Баяндама

10

5

Тақырып бойынша тесттілеуге дайындалу

Тесттермен жұмыс жасау

Ағымдағы бақылау

5

6

Сабақтардың тақырыбы бойынша мәтіндерді құрастыру, жоба бойынша жұмыс жасау

Тесттер

Тесттерді тексеру

5

7

Бақылау іс-шараларына дайындалу (МБ1, МБ2, емтихан)




МБ1,МБ2

емтихан


10




Барлығы





60

4.4.2 Студенттердің өзіндік зерделеуіне шығарылған тақырыптар тізімі.



  1. 1 тақырып. Шаңғы спортының даму тарихы. Маманданымы, жүйелілігі мен терминологиясы.

Құралдар эволюциясы. Шаңғы спорты жеке түрлерінің дамуы; шаңғы жүрістері, шаңғымен трамплиннен секіру, биатлон, таушаңғы спорты. Шаңғы спортының шетелдегі жағдайы мен дамуы.

Нұқсауланған әдебиет: [1] 89–93 бб.



  1. 2 тақырып. Оқытудың теориясы мен әдістемесі.

Қателіктерді алдын алу және жою; а) кездесетін қателіктер; б) қателіктердің негізгі себептері. Қателерді жою бойынша іс-шаралар. Қозғалысын техникасын игеру бойынша бақылау және өзін-өзі бақылау. Оқыту тиімділігін бағалау, демалыс интервалдары, жаттығу арасындағы интервалдар. Тереңдетілген оқытудың кезеңдері. Мақсаттар мен міндеттер. Жалпы бағыттылық. Жаттығу тәсілі, оның мәні, оны пайдаланудың тиімділік шарттары.

Нұсқауланған әдебиет: [6] 244–245 бб., [7] 20–25 бб.



  1. 3 тақырып. Ағзаның техникасы, дене қасиеттері, қызметтік және психикалық қасиеттер.

Күш. Жеке-күштік қабілеттер. Жылдамдық–күштік қабілеттер. Жалпы және күшті дамытатын жеке міндет. Күш дамытудың құралдары. Күш дамытудың тәсілдері: шекті емес ауыртпалықтар және қайталанудың шекті саны және т.б.

Нұсқауланған әдебиет: [2] 84–99 бб.

4) 4 тақырып. Спорттық–педагогикалық шеберлік. Шаңғы спортына қажетті білімдер, біліктер, дағдылар.

Шаңғы спорты бойынша жаттығуларды ұйымдастыруда оқытушының рөлі, мәні мен міндеттері. Оқытудағы метеорологиялық жағдайдың есебі. Оқыту үстіндегі жергілікті жерді таңдау, құралдар, киім мен аяқ киімге қойылатын талаптар. Жарақаттылық пен суық тиюдің алдын алу.

Нұсқауланған әдебиет: [6] 23–25 бб., [9] 169–170 бб.

5) 5 тақырып. Шаңғы спортындағы бақылау-нормативтік талаптар. Сайыс ережелері, төрелік.

Заманауи техникалық құралдар. Спортшыларға арналған жедел тіркеу, қозғалыстың динамикалық және кинематических қозғалыстары туралы ақпарат, негізгі қызмет жүйелерінің реакциялары, берілген мінездемелерге сәйкестігі.

Нұсқауланған әдебиет: [2] 144–165 бб., [5] 20–28 бб.

6) 6 тақырып. Спорттық құрылғылар мен материалдық–техникалық қамсыздандыру.

Түрлі электрондық және фотоэлектрондық ақпарат берушілер көмегімен түзету немесе берілген міндеттемені сақтау мақсатында жүрістің барысы туралы (жедел ақпарат тәсілі) шынайы мәліметтерді электрондық тұрғыдан алу.

Нұсқауланған әдебиет: [3] 244–245 бб., [7] 20–25 бб.

7) 7 тақырып. Шаңғы спортын оқытудың әдістемесі.

Қателерді алдын алу және жою. Негізгі, қайтара және кездейсоқ қателер. Қателердің пайда болу себептері, оларды жою және алдын алу бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Шаңғы спортымен айналысуда ерекше талаптардың мәні. Шаңғы спортымен айналысуда ерекше талаптарды жүзеге асырудың оқытушы рөлі. Шаңғыда жүрудің тәсілдеріне тиімді оқыту үшін жергілікті орынды бағалаудың мәні. Сабақтарды сәтті және эмоционалдық тұрғыда өткізу үшін құралдарды дұрыс таңдау және дайындаудың мәні. Нақты сабақтар үшін киімнің дұрыс таңдалуын бағалау.

Нұсқауланған әдебиет: [3] 15–45 бб., [6] 71–85 бб.
Курс саясаты.

Оқытушылар мен студенттер академиялық тәртібі мен этикасының саясаты университет ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Оқу үрдісіне белсене араласу қажет (зерделінетін оқу материалдары бойынша мәселе тудыру және логикалық жауап, өзінің жеке байқауларын ұсыну оқыту үшін маңызды болып табылады). Оқытушы мен курстастарға құрметпен қарау. Оқытушы сөйлегенде, дауыстап сөйлеуге болмайды, екінші ескертуден кейін студент дәрісханадан шығарылады. Сабақтарды босатуға болмайды. Ауырған жағдайда немесе басқа да себеп бойынша сабақ босатқан кезде ақтау құжатын ұсыну қажет, болғаны үшін баллдар алып, босатылған сабақтар үшін баллдарды оқытшы белгілеген белгілі бір уақытта өңдеу керек, кеңестер кестесі (Сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін, дүйсенбі, сәрсенбі, жұма). Сабаққа кешігіп келуге болмайды (5 минутке дейін ғана кешігуге жол беріледі, қарсы жағдайда студент сабаққа жіберілмейді. Кешігудің немесе сабақ босатудың шынайы себебін алдын ала айтқан жөн). Үй жұмысын орындап отырған жөн. Уақытымен алдын ала дайындалған жазбаша материалдарды тапсыру керек. Тесттілеу, емтихан тапсыру кезінде баскадан немесе кітап, дәптерден көшіруге тыйым салынады, екінші ескертуден кейін студент дәрісханадан шығарылады. Сабақ кезіндегі ұялы телефондар өшірілген болуы тиіс.

Максималдық балл тапсырманы дәл және уақытылы орындаумен, курс сабақтарына жүз пайыздық қатысумен қойылады.

Қорытынды баға.

Оқу жетістіктерінің деңгейі жіберу рейтингінің бағасы (ЖР) және қорытынды бақылау бағасы (ҚБ) олардың салмақтық үлестерінің есебімен қосылатын баллдық қорытынды бағамен (Қ) анықталады:





Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Салмақтық үлесі

1


Емтихан

Емтихан

0.4

Жіберу рейтингі

0.6

2

Сынақ

Сынақ

0.4

Жіберу рейтингі

0.6

Семестр соңында 100 баллдық шәкіл бойынша ағымдағы үлгерім (АҮ) бағасы анықталады. АҮ бағасы бұл уақыт ішінде жиналған баллдар сомасы:

- дәріске қатысу, материалды конспектілеу – 4 балл (қатысу 2 балл, конспекттің болуы 2 балл);

- практикалық сабаққа қатысу– 2 балл

- топта белсенді жұмыс жасау– 1 балл

- үй тапсырмасын орындау және қорғау –3балл (үй тапсырмасын орындағаны үшін 1 балл, қорғау үшін 2 балл)

Курс тақырыптары бойынша білімнің ағымдағы бақылауы 20 сұрақтан құралған тест түрінде өтілген тақырыптар бойынша аптасына бір рет өткізіледі (әрбір дұрыс жауап үшін 1 баллдан).

Үшінші аптада межелік бақылау бағасы қойылады (МБ) ол 100 баллдан тұрады. МБ 25 тест тапсырмасынан құралған, әрбір дұрыс жауап 1балл, алынған баллдар 100-ге көбейтіліп, сұрақ санына, яғни 25-ке бөлінеді.



Мысалы: 25 сұрақтан 25 дұрыс 25*100/25= 100 балл МБ

Мысалы: 25 сұрақтан 23 дұрыс 23*100/25= 92 МБ

АҮ және МБ қорытындылары бойынша рейтинг (Р1)

Р1=АҮ1*0.7+МБ1*0.3 формуласы бойынша анықталады, одан кейін РД анықталады = Р1

Қорытынды баға РД және ҚБ бағаларынан құралады. Емтихандардың қорытынды бағасы келесі салмақтық мөлшерден құралады: 0,4 – тестілеу, 0,6 – жазбаша емтихан.

Егер студент тесттілеу нәтижесінде 90-100%-ға дұрыс жауап берсе, және оның жазбаша жауабы келесідей ресімделген болса, студент білімі «үздікке» бағаланады: үміткердің емтихан сұрағын дұрыс түсінгенін куәландырса, толыққанды болса, яғни емтихан билеті сұрақтарының барлық маңызды аспектілерін ашса; емтихан билеті сұрақтарының мазмұны кәсіптік тұрғыдан ашылса; тиянақты ресімделген болса, кәсіптік тұрғыдан дұрыс болып, емтихан билетінің сұрағына қатысты емес ақпараты болмаса.

Егер студент тесттілеу нәтижесінде 75-89 %-ға дұрыс жауап берсе, және оның жазбаша жауабы келесідей ресімделген болса, студент білімі «үздікке» бағаланады: үміткердің емтихан сұрағын дұрыс түсінгенін куәландырса; сұрақ пәнін тиянақты суреттесе, сұрақ пәніне жататын негізгі түсініктері тезис нысанында келтіріліп ашылған болса; қате ережелер болмаса; жалпы тиянақты ресімделіп, көп өзгертулер болса, және (немесе) жеке анық емес анықтамалар болса, және (немесе) емтихан билетінің сұрағына қатысты емес ақпарат кездессе.

Егер студент тесттілеу нәтижесінде 50-74 %-ға дұрыс жауап берсе, және оның жазбаша жауабы келесідей ресімделген болса, студент білімі «қанағаттанарлық» бағаланады: үміткердің емтихан сұрағын негізінен (жалпы алғанда) дұрыс түсінгенін және (немесе) емтихан билеті сұрағындағы затты толық емес немесе дәл еместігін куәландырса, және (немесе) сұрақ пәніне қатысты жеке өзіндік түсініктерді, және (немесе) жеке қате ережелері бар, бірақ олар жауапқа мейлінше әсер етпеген жағдайда; тиянақсыз ресімделетін болса, жауаптың көлемдік құрылымдық бөліктерінің өзгертулері болса (мысалы, абзацтар) және (немесе) нақты емес ережелер көп кездессе.

Егер студент тесттілеу нәтижесінде 0-49 %-ға дұрыс жауап берсе, және оның жазбаша жауабы келесідей ресімделген болса, студент білімі «қанағаттанарлықсыз» бағаланады: емтихан билетінің сұрағына сәйкес келмесе; жалпы алғанда дұрыс емес және (немесе) негізінен қате болса; емтихан билетінің сұрағы пәніне қатысты негізгі түсініктер ашылмаған болса.

Одан басқа, жазбаша жұмыс үміткерді біліктілік емтиханынан шығаруға әкеп соққан, емтиханның белгіленген үрдісін бұзған жағдайда да «қанағаттанарлықсыз» болып бағаланады.

Қорытынды баға келесі формула бойынша шығарылады:

Қ = РД*салм. бөлігі РД+ҚБ салм. бөлігі ҚБ

Тәртіп бойынша қорытынды баға білім алушының жіберу рейтингісі және қорытынды бақылау бойынша оң бағасы бар болған жағдайда ғана есепке алынады. Ешбір себепсіз қорытынды бағалауға келмеу «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңгеріледі. Емтихан нәтижелері студенттерге сол күні жеткізіледі. Бағаны арттыру мақсатымен қорытынды бақылау бойынша оң бағаны алу үшін қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Егер де студент емтихан бағасымен келіспесе, студенттің аппеляцияға құқығы бар. Өтініш емтиханнан кейінгі келесі жұмыс күнінің сағат 13.00-ге дейін ғана деканатпен қабылданады.

Академиялық қарыз болған жағдайда студенттер ақылы негізде пәнді қайта оқиды. Академиялық қарыз болады, егер:

- рейтинг бағасы 50 баллдан төмен болса;

-қорытынды емтиханда «қанағаттанарлықсыз» баға алынған болса;

Айыппұл санкциялары: Көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда толық емес немесе айыппұл баллдары қойылады.

Айыппұл баллы білім бағалауының сызбасынан белгіленеді.

Мысалы:

Дәріске қатыспау (себепсіз) - 2 баллға сәйкес келеді;

Дәрістің толық емес конспектісі - 2 баллға сәйкес келеді;

Практикалық сабақта жұмыс тобында қатыспау - 1 баллға сәйкес келеді және т.б.


Білім алушылар білімдерін бағалау шәкілі

Баллдағы қорытынды баға (Қ)

Баллдардың цифрлік көрсеткіші (Ц)

Әріптік жүйедегі баға (Ә)

Дәстүрлі жүйе бойынша баға (Д)

95-100

4

A

үздік




90 - 94

3,67

A-

85 - 89

3,33

B+

жақсы

80 - 84

3,0

B

75 - 79

2,67

B-

70 - 74

2,33

C+

қанағаттанарлық

65 – 69

2,0

C

60 – 64

1,67

C-


55 – 59

1,33

D+

50 – 54

1,0

D

0 - 49

0

F

қанағаттанарлықсыз

Пәннің қысқаша суреттемесі. Спорттық мектептерде, клубтарда, орта мектептерде, гимназияларда, колледждерде жұмыс жасаған кезде тренерге қажетті теориялық білімдер, кәсіптік, педагогикалық білік-дағдыларды меңгеру.
5. Әдебиет тізімі

Негізгі:

1.Браун, Н. Подготовка лыж:полное руководство/Н. Браун; [ағылш. тіл. ауд. А. Немцов].- Мурманск:Тулома,2005.-167 б.

2. Аблеев, Ж.Ш. Шаңғы спорт:әдiстемелiк нұс•аулар Аблеев, Ж.Ш.


-Павлодар:С. Торайғыров атындағы ПМУ,2008.-21 б.

3. Горные лыжи и сноуборд: карвинговая техника/А. Горяйнов.2006.-124б.

4.Матвеева Л.П. Основы общей теории спорта и системы подготовки спортсменов. – Киев, 2003., –317 б.

Қосымша:


5.Раменская, Т. И. Юный лыжник:учеб.-попул. кн. о многолетней
тренировке лыжников-гонщиков/Т. И. Раменская.-М.:Спорт Академ Пресс,
2004.-204 б.

6.Смирнов,Г.А.Все русские звезды мировой лыжни/Г.А. Смирнов.- М. : Спорт Академ Пресс,2004.-112 б.



7. Якенда, Д. Горные лыжи: курс для начинающих/Д. Якенда, Т.
Росс; кіріспе П. Стрит.-М .:Астрель: АСТ,2006.-224 б.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет