Мәжілісте аз қамтылған азаматтардың берешегін қадағалауды күшейтетін заң жобасы қаралып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Istock

Олардың қатарында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар да бар.

Мәжіліс жанындағы қоғамдық палатаның мүшесі Марат Шибұтовтың сөзінше, әр қарыз алушы орта есеппен 2,15 миллион теңге берешек. Ал жалпы қарыз бүгінде 18 триллион теңге болды.

Қазір мәжілісте бұл салаға бақылауды күшейту туралы заң жобасы қаралып жатыр.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны қысқарғанын, көбінің үй-жайы бар екені анықталғанын айтты. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.