Сот бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауға ұстау мерзімін ұзартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"9 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Қ. Бишімбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзарту санкцияланды", — делінген ведомствоның ресми жауабында.

Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған болатынбыз. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Сондай-ақ жақында Сенат отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін тергеу жақында аяқталатынын айтты.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.