Құрастырушылар: ф.ғ. д., профессор Жүсіпов Н.Қ



жүктеу 224.48 Kb.
Дата13.12.2017
өлшемі224.48 Kb.
түріБағдарламасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
6D020500 –«Филология» мамандығы бойынша

Павлодар


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті






Бекітемін

С.Торайғыров атындағы ПМУ

Ректор м.а.

______________ Ержанов Н. Т.

(қолы)

____ _____________ 201__ж.





ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
6D020500 – «Филология» мамандығы бойынша
Бағдарлама ҚР ҮҚ 2012 жылдың 23 тамызындағы № 1080 жоғары/ жоғары оқу орнынан кейінгі білім МБС негізінде және мамандықтың Білім берудің типтік оқыту бағдарламасы, жоғары оқу орнында білім алушыларды ағымдық, аралық және қорытынды аттестациялаудың Типтік ережесі және ҚР ҮҚ 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдарына оқуға қабылдаудың Типтік ережелері негізінде даярланды

Құрастырушылар: ___________ ф.ғ.д., профессор Жүсіпов Н.Қ.

___________ ф.ғ.к., профессор Қадырова Б.М.

«Қазақ филологиясы» кафедрасы


Кафедра отырысында ұсынылды 20 _ж. “___ ” ________ № хаттама

Кафедра меңгерушісі ______ Жүсіпов Н.Қ. “____”______20 ___ж.


Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу - әдістемелік кеңесімен мақұлданды.

20 _ж. “_____” ________ № ____ хаттама


Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің

ОӘК төрайымы _____ Шахажанова Г.К.


КЕЛІСІЛДІ

ГПФ деканы _______Бегімтаев Ә.І. “____”______ 20 ___ж.


МАҚҰЛДАНДЫ

ТБ директоры ___________ Быков П.О. “___”__________ 20 ___ж.


ОӘБ бастығы ___________ Темірғалиева Ә.Б. “___”__________ 20 ___ж.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды


20 ж. “_____” ________________№ ____хаттама

1 Қабылдау емтиханының мақсаты мен міндеттері

Қабылдау емтиханының мақсаты докторантураға неғұрлым дайындығы жоғары үміткерлерді анықтау мен қабылдау болып табылады.

Қабылдау емтиханының міндеттері:


  • үміткерлердің мамандық бойынша құзірлеттілігін анықтау;

  • оқу және кейінгі кәсіптік қызметіне деген қызығушылығы мен құлшынысын анықтау;

  • болашақ докторанттың ғылыми жұмыс жазу, өндірістік және инновациялық қызметінде өзіндік дайындығын анықтау.


2 Қабылдау емтиханын жүргізу тәртібі

Қабылдау емтиханы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бекіткен мерзімінде кесте бойынша жүргізіледі. Мамандық бойынша қабылдау емтиханы ауызша түрде өтеді.

Емтиханды өткізу уақыты бір үміткерге (дайындығы мен жауабына) 30 минуттан беріледі.




Білім беру траекториялары



Емтихан қабылдау формасы

1

Ғылыми және педагогикалық бағыт

ауызша

2

Бейіндік бағыт

ауызша


Қабылдау комиссиясының құрамы мен қызметі. Мамандық бойынша қабылдау емтиханы қабылдау комиссиясы арқылы жүзеге асады. Қабылдау комиссиясының төрағасы мен мүшелері (мүшелері үштен кем емес) университет ректоры бұйрығымен бекітіледі. Олардың екеуі міндетті түрде ғылым докторы болады.

Қомиссия қызметіне:



  • үміткерлердің мамандық бойынша сұрақтарға құзіреттілігін анықтау;

  • оқуға деген ынтасы мен болашақ кәсіби әрекетін;

  • болашақ докторанттың өзіндік ғылыми, өндірістік, инновациялық қызмет жасауға дайындық дәрежесін анықтау.


3 Білімін бағалау тәртібі

Үміткерлердің білімі балдық-рейтингілік жүйе бойынша жүргізіледі. Қорытынды баға комиссия мүшелерінің дауыс беруі арқылы анықталады. Комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.

Комиссия отырысының жұмысы туралы хаттамалар толтырылады. Хаттамада баға мен комиссия мүшелерінің пікірлері т.б. көрсетіледі.

Емтихан қорытындысы емтихан қабылданған күні ілінеді.



Үміткер бағамен келіспеген жағдайда белгіленген тәртіп бойынша апелляцияға берулеріне болады.

4 Білімін бағалау критерилері



Балл түріндегі қорытынды баға

Балдың сандық баламасы

Әріп жүйесі бойынша бағалау

Дәстүрлі жүйе бойынша қойылатын баға

Емтихан, дифф. сынақ

сынақ

1

2

3

4

5

95-100

4

А

өте жақсы

Есептелді


90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

Жақсы

75-79

2,67

В-

Жақсы

70-74

2,33

С+

қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

Д+

50-54

1,0

Д

0-49

0

F

қанағаттанарлықсыз

есептелмеді



5 Қабылдау емтихан бағдарламасына енгізілген пәндер тізімі

Бағдарлама кәсіби пәндердің міндетті компоненті болып табылатын «Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» пәнінің типтік бағдарламасы және «Тіл білімінің/ әдебиеттанудың жаңа бағыттары», «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» тәрізді элективті пәндердің бағдарламалары негізінде жасалды.



Сұрақтар бағдарламаның негізгі мазмұнына сай оқуға түсушілердің арнайы ғылыми дайындығын айқындауға көмектеседі. Бұл бағдарламаның және сұрақтардың негізінде тіл мен әдебиеттану теориясы бойынша үш сұрақтан қойылған емтихан билеттері дайындалды.
6 Пән бойынша сұрақтар тізімі

6.1 «Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» пәні бойынша:

Ежелгі дәуір тіл білімі. Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі. «Атаулардың дұрыстығы» туралы айтыс, анология және аномалия, тілдің негізгі бөлшектерін (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) және негізгі грамматикалық категорияларды анықтау. Көне грек-рим, қытай, үнді, араб, түркі тіл білімінің жетістіктері. М. Қашқари және оның лингвистикаға қосқан үлесі.

ХҮІ-ХҮІІІ ғасыр тіл білімі. Еуропа тілдері грамматикасына латын грамматикасының әсері. Тілдер туыстығын дәлелдеудің алғашқы қадамдары. Пор-Рояль грамматикасы – жалпы лингвистикалық теориялар мен аймақтық гармматикалар жасаудың алғашқы үлгісі. Философтар еңбектеріндегі тіл мәселелері: Ф. Бэкан, Р. Декарт, Г. Лейбниц және т.б. Тілдің пайда болу теориялары: Ж.Ж. Руссо, И. Гердер, М.В. Ломоносов.

Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Тілдер туыстастығы мәселелері. Санскрит тілінің салыстырмалы-тарихи тіл біліміндегі орны: В.Джоунз, Ф. Шлегель. XIX ғ. бірінші ширегіндегі салыстырмалы-тарихи тіл білімі: Р. Раск, Ф. Бопп, Я. Гримм, Ф. Диц, А.Х. Востоков. Үнді-еуропа тілдеріндегі салыстырмалы-тарихи грамматикалар. Туыстық шежіре (бұтақ) теориясы және И. Шмидттің толқын теориясы.

Салыстырмалы-тарихы тіл біліміндегі жас грамматистер дәуірі: жаңа әдістер, нақты әдістерге талпыну, эксперименталдық саланың дамуы. К. Брутман және Б. Дельбрюк: тілдерді сипаттаудың жүйелілік жұмыстары.

XX ғ. салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Тохар және хетто-лувий тілдерінің ашылуы. Ларингал теориясы. Үнді-еуропа негіз құрылымдары туралы жаңа теориялар және әр түрлі грамматикалық категориялардың пайда болуы: Э. Бенвенист, Ф. де Соссюр, Э. Стертеван, Х. Педерсен, Е. Курилович.

Реконструкция мәселелері. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі және тілдегі шылаулар туралы ілім. Лингвистикалық палентология және тілдердің макросемьялары теориясы: В.М. Иллич-Свитыч, Т.В. Гамкрелидзе, Вяч.Вс. Иванов.

В. фон Гумбольдттың лингвистикалық көзқарастары. Тіл философиясы. Тіл формалары туралы ілім. Тілдің ішкі формасы туралы түсінік. Тіл және ойлау. Халықтық рух түсінігі. Тіл – әрекет, және тіл – әрекеттің жемісі. Тілдердің типологиялық топтастырылуы қағидасы. В.фон Гумбольт – тіл әлемнің ерекше бейнесі.

XIX ғ. тіл біліміндегі әмбебап-логикалық бағыт. К. Беккердің "тіл ағзасы". К. Беккер сөйлеудің психогенезі туралы, логика мен грамматика арақатысы, логикалық, грамматикалық және этимологиялық формалар туралы. Ф.И. Буслаев грамматикалық формалар мен ойлау заңдары арасындағы қатынас және логика мен грамматика арасындағы шектік туралы. Сөз таптарын және сөйлем мүшелерін бөлудегі логика-синтаксистік негіздер.

Натуралистік бағыт. А. Шлейхер ілімі. Тілді тірі ағза ретінде қарау. Тіл дамуының екі кезеңі туралы. Тілдегі мағына және қатынас түсінігі. Тілдердің типологиялық топтастырылуы. Ата тіл туралы түсінік және туыстық шежіре мен реконструкция қағидалары. И. Шмидттің толқын теориясы. М. Мюллер теориясы – натурализмнің ерекше түрі.

Психологиялық бағыт. XIX ғ. екінші жартысындағы психология және тіл білімі. Г. Штейнтальдің лингвистикалық жүйесі. Логикалық бағытқа сын. Тілдік ойлау мен ішкі форма туралы ілім. Этникалық психология. А.А. Потебняның лингвистикалық көзқарастары. А.А. Потебняның зерттеулеріндегі семантикалық бағыт.

Сөздің таңбалылығы туралы ілім. Полисемияны жоққа шығару. Сөз және контекст. Грамматикалық форма және грамматикалық мағына туралы ілім, сөз таптарының және сөйлем мүшелерінің қалыптасуы туралы. В. Вундтың лингвистикалық көзқарастары. Халық психологиясы ұғымы. Түсінік беретін мағыналар мен ым тілдері туралы ұғым. Сөйлем туралы ілім.

Жас грамматикалық бағыт. Неміс жас грамматистерінің көзқарасындағы позитивистік және жеке психологиялық негіздер. Лейпцих мектебінің "Манифесті" және оның негізгі тезистері. Г. Остгоф және К. Бругман.

Дыбыстар заңдылықтары және анология туралы ілім. Ықтималдық және абсолюттік хронология ұғымы. Жас грамматистер "атомизмі". Г. Пауль теориясы. Тіл тарихы – тіл білімінің пәні мен мазмұны. Қарым-қатынас үдерісіне сипаттама. Индивид, қоғам және тіл. Тіл және диалектілер. Салыстырмалы-тарихи әдістің жетілуі мен дамуы.

Москва мектебі. Ф.Ф. Фортунатовтың лингвистикалық көзқарастары. Грамматикалық форма мен грамматикалық мағына туралы ілім. Нөлдік форма туралы түсінік. Сөздің грамматикалық топтары туралы ілім. Сөз – таңбаның бір түрі.

Сөз тіркестері теориясы. Ф.Ф. Фортунатов еңбектеріндегі салыстырмалы-тарихи тіл білімі және типология мәселелері. А.А. Шахматовтың жалпы және салыстырмалы-тарихи тіл біліміндегі мұрасы. А.М. Пешковский, В.М. Ляпунов, Д.Н. Ушаков, М.М. Покровский және т.б лингвистикалық көзқарастары.

Қазан лингвистикалық мектебі. Қазан лингвистикалық мектебінің қалыптасуы және оның бағдарламасы. И.А. Бодуэн де Куртененің лингвистикалық көзқарастары: тіл дамуы мәселелері: статика және динамика; тіл туралы ілім – қоғамдық-психикалық құбылыс; фонема және морфема теориясының жасалуы; экперименталды фонетиканың пайда болуы; тілдің жүйелік концепциясы.

Альтернация ұғымы. Сипаттамалы әдіс қағидасының талдануы. Тілдің пайда болуы және тілдік өзгерістің себептері. Тілдің таңбалық сипаты туралы В.Н. Крушевский ілімі.

В.А. Богородицкийдің негізгі морфологиялық үдерістер туралы ілімі. Сөз таптары және сөйлемдер мәселелері туралы. Экспериментальдық тұрғыдағы фонетика мәселесі.

Эстетикалық мектеп. К. Фосслерге В. фон Гумбольдт пен Б. Кроге идеяларының әсері. Лингвистика – қолданбалы эстетика. Стилистика – әмбебап пән. Лингвистика және әдебиеттану.

"Сөздер және заттар" мектебі. Г. Шухардт және Р. Мерингер – "сөздер және заттар" мектебінің өкілі. Жас грамматистердің фонетикалық заңдылықтар туралы теориясына сын. Тілдердің тоғысуы. Ономосиялогиялық зерттеулер.

Ареалды (кеңістік) лингвистика. Неолингвистика. Диалектология және лингвистикалық география. Лингвистикалық үздіксіздік теориясы. Изоглоссия. Итальян неолингвистерінің еңбектеріндегі лингвистикалық география мәселелері: М. Бартоли, В. Пизани, Дж. Бонфанте. Субстрат туралы ілім: И. Асколи. В. Пизанидің ареалды лингвистика және тілдік одақтар лингвистикасын салыстырмалы тарихи зерттеулерінде қолдануы.

Фердинанд де Соссюр еңбектеріндегі жалпы тіл білімі мәселелері: тілдің анықтамасы; тіл мен сөйлеудің арақатысы туралы; сыртқы және ішкі лингвистика; тілдегі синхрония және диахрония; тіл мен сөйлеудегі синтагматикалық и парадигматикалық қатынастар; таңба және таңба жүйесін анықтау; таңба түрлері және олардың касиеттері. Ф. де Соссюр және А. Гардинер, Э. Бенвенист, Э. Косериу.

Француз социолингвистикасы. А. Мейе еңбектеріндегі тілдің әлеуметтік құбылыс ретінде анықталуы. А. Мейенің салыстырмалы-тарихи тіл біліміне қосқан үлесі. Салыстырмалы-тарихы әдісті негіздеуі. Ататіл ұғымы. А.Мейенің тілдердің араласуы туралы көзқарастары.

Ж. Вандриестің жалпы лингвистикалық көзқарастары. Ш. Баллидің, А. Сешенің әлеуметтік идеялары. М. Коэн бойынша тілдің әлеуметтенуі. А.Мартиненің қос мүшелену және тілдік өзгерістерді үнемдеу қағидасы. Э.Бенвенист еңбектеріндегі жалпы тіл білімі мәселелері.

Америка этнолингвистикасы. Ф. Боас және оның американдық үндістердің тілі туралы зерттеулері. Америка бихевиоризмі: Л. Блумфилд, Л. Блумфилдттің постулаттар қағидасы. Адамның тілі және мінез құлқы (стимулдар және реакциялар).

Э. Сепирдің модель теориясы. Америкадағы этнолингвистика (антропологиялық лингвистика) және оның өкілдері: Ф. Боас, Э. Сепир, С. Лэм, Б. Уорф. Тіл және әлем көрінісі. Тіл мен мәдениеттің байланысы.

Неогумбольдтшылдық. Неогумбольдтшылдық – ойлау мен танымдағы тілдің рөлі туралы. Тіл әлемді түсінудің "кілті" туралы В. Вайсгербер теориясы. Тілдің семантикалық қүрылымы және әлемді түсінудегі неогумбольдтшылдық. Тілдегі субъективтік пен объективтік факторлардың арақатысы. Тіл және әлем бейнесі. Семантикалық өріс теориясы: И. Трир, В. Порцит.

Структурализмнің негізгі бағыттары. Ф. де Соссюр және И.А. Бодуэн де Куртенэ – лингвистикалық структурализмнің өкілдері. XX ғ. структурализм. Жас грамматистік зерттеулердің теориясы мен практикасына сүйену және оның арақатысы. Тілді құрылымдық жағынан сипаттаудың әдіснамалық негізі.

Прага мектебіндегі функционалдық бағыт: Н.С. Трубецкой, Р. Якобсан, В. Метезиус және т.б. Н.С. Трубецкойдың фонологиялық теориясы. Фонема туралы түсінік. Оппозиция туралы ілім. Актуалдық мүшелену теориясы (В. Метезиус).

Р. Якобсанның универсалдық фонологияның қасиеттері мен теориясы. Грамматикалық зерттеулер: В. Метезиус. Сөйленімнің актуалдық мүшелену теориясы. Функционалдық категория және әдеби тілдің дифференциациясы. Прагалықтардың типологиялық зерттеулері. "Тілдік одақтар" теориясы.

Глоссемантика (Дания немесе Копенгаген структурализмі): өкілдері, көтерген негізгі мәселелері, әдіснамасы және әдістемесі. Л. Ельмслев, В. Брендаль, Х. Ульдаль. Тіл және сөйлеу. Тіл – таңбалар жүйесі.

Лингвистикалық талдау тәсілдері. Жеткізу өрісі және мазмұн өрісі. Таңбалар және символдар. Форма және субстанция. Вариант және инвариант. Глоссематикадағы лингвистикалық талдаулардың түрлері мен амалдары.

Дескриптивтік лингвистика (америка структурализмі). Тіл туралы постулаттар жиынтығы. Дистрибуция модельдері. Б. Блок, Г. Трейгер, Ч. Хоккет, З. Хэррис. Тіл қабаттары жүйесі туралы түсінік. Аллофондар және алломорфтар. Қос бөлшектер (ҚБ) талдауы.

Трансформациялық талдау (ТТ). Трансформация-генеративтік грамматика: Н. Хомский, Р. Лиз. Тілдік мағынаға қатысты позиция, даму жолдары. Туындау механизмінің негізгі түрлері.

Франция функционалдық мектебі: А. Мартине. Лингвистикалық структурализм мен функционализмнің жетістіктері және кемшіліктеріне сын.

Лондон лингвистикалық мектебі. Лондон мектебі өкілдерінің (Дж. Ферс) еңбектеріндегі тіл табиғаты туралы түсініктер. Дж. Ферс және Б. Малиновскийдің тұлғаның тілмен байланысы туралы идеялары. Мағына мәселесі және оның лингвистикалық талдаудағы орны. В. Аллен және М. Холлидей еңбектеріндегі тіл құрылымы мәселесі.

Ресей тіл білімі. Қазіргі орыс тілі теориясының қалыптасуы: Л.В. Щерба, Л.П. Якубинский, П.С. Кузнецов, В.В. Виноградов, С.Г. Бархударов, Б.А. Ларин, Н.Ю. Шведова және т.б. Тілді зерттеу және оның мәдениетке, халық психологиясы мен мифологияға қатысы (Ф.И. Буслаев, А.А. Потебня, А.Н. Афанасев) және И. Смирницкий еңбектеріндегі сөз туралы ілім.

Әлеуметтік лингвистика туралы идеялар. Әлеуметтік лингвистика туралы идеялардың М.Н. Петерсон, Р.О. Шор, Е.Д. Поливанов еңбектеріндегі көрінісі. Глотогендік үдерістер туралы

Н.Я. Марр және оның ілімі. И.И. Мещанинов – синтаксистік типология туралы. Фонема туралы тартыстар. Структурализм туралы түрлі көзқарастар. Қазіргі орыс тіл біліміндегі функционалдық багыт.

Қазақстан тіл білімі. Қазақ тіл білімі – жалпы түркітанудің құрамдас бөлігі (Н.И. Ильминский, В.В. Радлов, С.Е. Малов, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский, А. Құрышжанов және т.б.).

Қазақ тіл білімі туралы ілім (А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, І. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ы. Маманов, Н. Сауранбаев, Ғ. Мүсаев, М. Балақаев, Ә. Қайдаров, Р. Сыздықова және т.б.).

А. Байтұрсынов, Қ. Жұбановтың жалпы лингвистикалық ілімдері. Қазақ графикасы мөселелері: А. Байтұрыснов, Қ. Жұбанов, А.С. Аманжолов, Е. Омаров, Х. Досмұхамедов және т.б.

Әулет – тілдердің макроәулеті. Жалғамалы тіл типі. Тілдер мысалдары және олардың жалпы сипаттамасы. Қопармалы тіл типі. Тілдер мысалдары және олардың жалпы сипаттамасы. Даралаушы тіл типі. Тілдер мысалдары және олардың жалпы сипаттамасы. Полисинтетикалық тіл типі. Тілдер мысалдары және олардың жалпы сипаттамасы. Орыс тілінің генетикалық және типологиялық сипаттамасы.

6.2 «Тіл білімінің/ әдебиеттанудың жаңа бағыттары» пәні бойынша:

Тілдің дамуы. Конвергенция және дивергенция үрдістері. Қазақ тілінің генетикалық және типологиялық сипаттамасы. Ағылшын тілінің генетикалық және типологиялық сипаттамасы. Қазақ және орыс тілдерінің генетикалық сипаттамасы. Қазақ және орыс тілдерінің типологиялық сипаттамасы. Орыс және ағылшын тілдерінің генетикалық сипаттамасы. Орыс және ағылшын тілдерінің типологиялық сипаттамасы.

Тіл білімінің әдіс-тәсілдері. Лингвистикалық зерттеудің әдістері. Салыстырмалы-тарихи әдіс. Сипаттамалы әдіс. Салғастырмалы әдіс. Компоненттік талдау. Семантикалық талдау әдісі. Ассоциативтік эксперимент.

Фонетикалық жүйе туралы түсінік. Фонетиканың пәні мен міндеттері. Антропофоника және фонология. Теориялық, практикалық және эксперименталды фонетика. Контрастивтік фонетика. Тарихи фонетика.

Тілдің сөздік құрамының стилистикалық тұрғыдан жіктелуі. Стилистикалық бейтарап сөздер. Кітаби лексика. Ауызекі және жалпыхалықтық лексика. Әдеби тіл лексикасы және диалектілік лексика. Түрлі әлеуметтік топтар лексикасының ерекшеліктері.

Жазу теориясы және жазу тарихы. Жазу таңбалары және олардың типтері. Жазудың типтері. Пиктография. Идеография. Көне Египет иероглификасы. Шумер жазуы. Буындық жазу. Қазіргі әлемдегі әліпбилік жазу түрлері.

Қазақстан халықтарының тілдері. Қазақстан халықтарының тілдері: генетикалық сипаттамасы. Қазақстан халықтарының тілдері: типологиялық сипаттамасы. Қазақстандағы тілдік жағдаят. Қазақстанның тіл саясаты, тілдік жоспарлау.

Әлеуметтік лингвистика. Әлеуметтік лингвистиканың мақсаты, пәні, нысаны. Тіл және қоғам. Диглоссия және билингвизм. Тілдердің аймақтық және әлеуметтік жіктелімі (дифференциация): диалект vs. социолект.

Тілдік қатынас теориясы. Интерференция: себептері және жою жолдары. Креол және пиджин тілдер. Тілдік одақ мәселесі. Қазақ және орыс тілдерінің қатынасы. Кірме сөздер. Тілдік қатынастағы қостілділік мәселесі.

Табиғи және жасанды тілдер. Жасанды ақпарат тілдердің түрлері мен олардың құрылымы. Формаланған тілдер (бағдарламалау тілдері, ақпараттық тілдер).

Табиғи тілді өңдеу жүйесі. Тілдің логика-математикалық зерттелуі. Тілдің модульдік ұғымы. Тілдің алгоритмдендірілуі. Табиғи тіл адам-машина коммуникациясының құралы ретінде. Жасанды интеллект.

Қолданбалы лингвистикалық пән ретіндегі компьютерлік лингвистика және лингвистикадағы автоматтандыру. Компьютерлік лингвистика: нысаны, мақсаты, міндеттері. Компьютерлік лингвистиканың негізгі бағыттары. Компьютерлік лингвистиканың когнитивтік құралы. Лингвистикалық мәселелерді өңдеу деңгейі және олардың ақпараттық жүйелермен өзара байланысы.

Математикалық лингвистика. Математикалық лингвистика, есептеу лингвистикасы, компьютерлік лингвистика, олардың мақсаттары, міндеттері, зерттеу әдістері. Автоматтық тану және сөйлеу синтезі. Мәтіндік ақпаратты қайта өңдеудің автоматтық әдістері.

Ақпараттық жұмыстардың автоматтандырылуы. Автоматтандырылған іздеу жүйесін құру. Автоматты аңдату әдістерін құру. Әкімшілік-ұйымдастыру басқармасы үдерістерін автоматтандырудың мәні.

Машиналық аударма. Автоматты (машиналық) аударма (АУ): тарихы, мақсаты, міндеттері, келешегі. Машиналық аударма және жасанды интеллект. Машиналық аударма жүйесі: қазақ тілі – орыс тілі – қазақ тілі; қазақ тілі – ағылшын тілі – қазақ тілі. Автоматты аударма жүйесінде талдау мен синтезді құрайтын формалдық операциялардың реті.

Автоматты аударманың сапасы. Оның көлем, құрылым және сөздік ақпарат сапасына тәуелділігі. Автоматты аударманың қазіргі жай-күйі және келешегі. Тілдік құралдардың стандарттау, кодтандыру және бірізділендіру мәселелері.

Мәтінді автоматты өңдеу (мәтіннің жасанды немесе табиғи тілде компьютердің көмегімен өзгеруі). Мәтін өңдеуге арналған бағдарламалар. Сөздіктермен жұмыс істеуге және «сұрақ-жауап» режимінде мәтіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін деректер базасын жасау үшін дәстүрлі жиілік сөздіктерін, сөз нұсқағыштар мен конкорданстарды дайындауға арналған автоматты жүйелер. ЭЕМ көмегімен лексикографиядағы статистика.

Компьютерлік лексикография. Электронды лекикографиялық қайнаркөздер: түсіндірме сөздіктер, лингвистикалық сөздіктер мен анықтамалар, энциклопедиялар. Ақпараттық сөздіктер. Мәтіндік-лексикографиялық жүйелер. Сөздіктің лемматизациялануы. Қазақ тілі сөздігінің формалдық көрінісі. Қазақ тілі автоматты сөздігінің құрылымы. Жазушының автоматты сөздігі.

Гипермәтін және гипермәтіндік жүйелер. Лингвистикалық зерттеулердің компьютерлік деректері. Лингвистикалық зерттеулердегі деректер базасы; Integrum; лингвистика бойынша лингвистикалық порталдар мен логиялар; тіл корпустары. Гипермәтіндік технологиялар. Гипермәтін бөліктері.

Компьютер және коммуникация. Бұқаралық ақпарат құралдары. Білімді көрсету әдістерін қолданатын компьютерлік модельдер. Лингвистика – тіл мен ойлаудың компьютерлік модельдеу әдісінің дереккөзі.

Компьютерлік оқыту бағдарламалары. Лингвистикадағы аудиолингвалдық және аудиовизуалдық әдістерді компьютерлік оқыту және қолдану стратегиясы.

Тілдерді оқытудағы компьютерлік жүйелер. Лингвистикадағы эксперттік оқыту жүйелері. Қолданушыға арналған интернет. Базистік компьютерлер. Виртуалдық университеттер.

Тілдерді қашықтықтан оқытудың лингвистикалық бағдарлары. Электрондық поштаның мүмкіндіктері мен келешегі. Адам-машина коммуникациясы саласындағы этикет. Ақпараттың қорғалуы және қауіпсіздігі.

Қазіргі әдебиеттану ғылымы және оның жаңа бағыттары. Қазақ әдебиеттану ғылымы алдында тұрған келелі міндеттер. Қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің қазіргі жай-күйі. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, Ш.Құдайбердиев, т.б. ғалым-қаламгерлердің қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясына, сынына қатысты ой-пікірлері мен тұжырымдары және оған қазіргі көзқарас. Әдебиеттанудағы халықтық, ұлттық мәселелер. Кеңес дәуіріндегі әдебиеттің таптығы, партиялылығы деген пікірлердің саяси-идеялогиялық астары, социалистік реализм әдісі және оны бүгінгі күн тұрғысынан бағалау.

Төңкеріске дейінгі әдеби сын. Жеке әдеби тұлғалар мен әдеби процесс туралы ой-пікірлер. Қазіргі әдеби сынның даму бағыттары.



Әдебиеттану ғылымының бүгінгі таңдағы жаңа проблемалары. Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің жеке адам мен қоғамдық санаға ықпал-әсері. Технократтық индустрия негізінде жоғары дамыған елдердің мәдениеті мен өнеріндегі, әдебиетіндегі интеграциялық процестердің көрінісі және оған қарсы интеллектуалдық ағымдар күресі. Әлемдік әдебиеттану саласындағы ғылыми ізденістердің мәні мен маңызы, беті мен бағыты. Еліміз тәуелсіздік алғаннн кейінгі кезеңдегі әдеби әдіс мәселесінің қайта қаралуы. Отаршылдық кезең мен кеңес дәуіріндегі  тоталитарлық жүйенің көркем әдебиетте реалистік тұрғыда бейнеленуі. Дәстүрлі, классикалық, эстетикалық көзқарастар сипатындағы әлемдік өзгерістер.

6.3 «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» пәні бойынша:

Әдебиет тарихы алдындағы жаңа міндеттер. Ағартушылық бағыттағы әдеби-эстетикалық ой-пікірлердің ұлт-азаттық идеяларға ұласуы. Ш.Уәлихановтың қазақ әдебиетінің тарихына қатысты зерттеу еңбектері. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедовттердің қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуге қосқан үлестері. М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиевтердің қазақ әдебиетінің тарихын зерттеудегі концепциялары. Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу және Б.Кенжебаевтың ғылыми ұстанымдары. Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеуге байланысты бүгінгі көзқарастар. Коммунистік идеолгияны ұстанған қазақ ақын-жазышуларына бүгінгі көзқарас. Замана шындығының реалистік суреттелуі және қаламгер позициясы. Көркем шығармашылыққа қойылатын негізгі талаптар және саясат пен поэтика мәселелері.

Әдебиет сыны және оның қазақ әдебиетінде пайда болу, даму, қалыптасу кезеңдері туралы қазіргі ой-пікірлер.  Қазан төңкерісіне дейінгі әдеби сын. Алғашқы баспасөздегі әдеби сынға қатысты кейбір пайымдаулар. 20-30-шы жылдардағы әдеби сын. Ондағы негізгі бағыттар мен көркем шығармашылықтан талап ететін басты критерилер. Ел өміріндегі қоғамдық-саяси өзгерістердің әдеби сынға әсері. Әдебиеттің қондырма ретіндегі қызметі және оны коммунистердің идеологиялық құрал ретінде пайдалануы. Үкімет қаулы-қарарлары мен түрлі әдеби одақтар мен ұйымдардың пайда болу, құрылу себептері. Кеңес дәуіріндегі әдеби сынның қазақ әдебиетінің дамуындағы ролі. Әдеби сынның ұлттық мұраларымызды зерттеу мен дамытуды тежеудегі қызметі. Қазақ әдеби сынының өркендеу кезеңдері және көркемдік ізденістерді жан-жақты талдаудағы орны. Кәсіби сыншылықтың жетілуі және әдеби процесс. Қазіргі әдеби сындағы әр түрлі ұстанымдар.

 Қазіргі қазақ поэзиясының даму бағыттары. Поэзиядағы жанрлық өзгерістер. Қазақ поэзиясының өткені, кешегісі, бүгіні және ертеңі туралы толғаныстар. Жыраулар поэзиясындағы ұлттық рух мәселесі. Махамбет поэзиясы және бүгінгі ақындық өнердегі оның ерлік рухын қайталаушылықтың себеп-салдары. Абай ойшылдығын қазіргі поэзияға әсер-ықпалы. М.Жұмабаев, Қ.Аманжолов, М.Мақатаев шығармашылықтарындағы ортақ қасиеттер мен ұқсастықтар. Қазіргі поэзиядағы отаншылдық рух мәселесі. Лирика мен поэманың арақатынасы. Лирикадағы ұлттық мінез бен көркемдік мәселесі. Қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашылдық мәселесі.  Жаңа мазмұн мен ескі форманың арасындағы үйлесімсіздік. Ырғақ мәселесіне байланысты соңғы ғылыми тұжырымдар.

  Әдебиет және қоғамдық сана өзгерістері.   Заман өзгерістері мен бүгінгі оқырман талап, тілектерін ескеру. Қазіргі қазақ әдебиетінің басты міндеттері. Көркем шығармашылықтағы ізденіс проблемасы. Соны тақырыптар сонарында, замана тудырған идеялар өрісінде. Көркем шығармашылықтағы интеллектуалдылық сипат. Дүние танымдағы плюралистік бағыттардың көркем әдебиетке әсері. Қоғамдық сана ағымдары және тәуелсіздік рух. Қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт, ағымдар.

Көркем шығарма, әдеби туынды мәтінінің мазмұндық-пішіндік бірлігі туралы жаңа әдебиеттер. Әдеби шығарманың идеялық мазмұны, оның көркемдік компоненттерінің қызметі. Шығарманы туғызған тарихи кезең және автор дүние танымы. Әдеби шығарманың ішкі әлемі туралы түсінік, кейіпкер - қаһаманның психологиялық қалпын бейнелеудің жаңа қырлары. Психологиялық орта және автор қиялы. Көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік мәселесі. Хронотоп туралы жалпы түсінік. Эпикалық шығармалардағы хронотоп үлгілері.

  Әдебиет және беллетристика. Беллетристика туралы түсінік, түрлі пікірлер, оның даму сатылары, әдеби дамуға ықпалы, орны, ерекшеліктері, көркемдік-идеялық қыры, мағыналық-структуралық элементтері. Беллетристиканың, бүгінгі ғылыми деректі материалдар мәнінің көркем шығармашылыққа тигізіп отырған әсері. Детектив және ғылыми фантастика. Көркем әдебиет пен беллетристиканы түйістіретін жанрлар. Беллетристика және бестселлер. Қоғамдық сұранысқа ие бейкөркем шығармалар мен көркем әдебиет. Әдеби индустрия туралы түсінік. Қазіргі қазақ әдебиеті және модернизм. Әдеби шығарманы модельдеу тәжірибелері.

Көркем шығарманы талдау және қабылдау мәселелері. Әдебиеттегі диахрондық және синхрондық талдау әдістемелерінің жемісі. Рецептивті-эстетика теориясы. Әдебиеттегі герменевтика және эстетика тәжірибесі. Әдебиеттанудағы формалистік концепциялар. Объективті-аналитикалық талдау  және субъективті қабылдау қатынастары. Шығармашылық процесс және қабылдау. Катарсис термині туралы түсінік. Аристотель, Пифагор, Платон, Аквинский, Кант еңбектеріндегі катарсис туралы ой-тұжырымдар. Көркем шығарма жазу мен қабылдауындағы сезім мен қиял қызметі. Автордың ойлау, ой қорыту процессіндегі диалектикалық шешім. Катарсис мақсаты – эстетикалық әсер. Шығарманың сезімталдық аясы оқырман қабылдауында туғызатын тілектестік сезімдердің табиғаты және оны пайдалану. Сезімталдық жұмбақтарын жанды бейнеге көшіру мәселелері.


Әдеби шығармашылық психологиясы. Шығармашылыққа қоғамдық сана жай-күйі, сұранысы мен қаламгер физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, дүниетанымдық ерекшеліктерінің ықпалы. Шығармашылық психологиясындағы субъективті және объективті факторлардың ролі. Эстетикалық әсердің автор ақылы мен еркінен тыс тұратын жұмбақ сырларының шығарма мазмұны мен идеясына әсері. Оның табиғатын зерттейтін әдіс-тәсілдердің қазіргі жай-күйі және болашағы.

Шығармашылық процестің таңғажайып сәттері, оның шығарма поэтикасына әсері, көрінісі. Оны тәжірибе және деректі материалдар негізінде зерттеудің мүмкіндігі.



Психоанализ және шығармашылық. Көркем шығарма талдаудың психологиялық әдіс-тәсілдері, басты бағыттары. Әдебиет психологиясы мен оны зерттеу жүйесін, әдіс-тәсілдерін қалыптастыру. Психологиялық талдау және қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

  1. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 2001.

  2. Жұбанов А. Қолданбалы лингвистика. – Алматы, 2004.

  3. Жұбанов А. Компьютерлік лингвистикаға кіріспе. – Алматы, 2007.

  4. Левицкий Ю.А., Боронникова Н.В. История лингвистических учений. – М., 2005.

  5. Амирова Т.А., Ольховиков Б.А., Рождественский Ю.В. История языкознания. – М., 2003.

  6. Михалев А. Б. Общее языкознание. История языкознания. – М., 2005. 

  7. Даниленко В. П. Общее языкознание и история языкознания. – М.: Флинта, 2009.

  8. Мечковская Н. Б.  Общее языкознание. Структурная и социальная типология языков. – М.: Флинта, 2007.

  9. Ахатова Б.А. Политический дискурс и языковое сознание. – Алматы, 2006.

  10. Баранов А. Н. Введение в прикладную лингвистику. – М.: МГУ, 2001.

  11. Беликов В.И., Крысин Л.П. Социолингвистика: Учебник для вузов. – М., 2001.

  12. Современная американская лингвистика: фундаментальные направления. – М., 2002.

  13. Негимов С. Әдебиет әлемі. Алматы: Ана тілі, 2008. -256 б.

  14. Негимов С .Таным мен пайым. Алматы: Арыс, 2009. -240 б.

  15. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш: зерттеу мен өлендер Алматы, 2003 ж.

  16. Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-ЖүсіпКөпеев шығармаларының тілінің кейбір мәселелері.  Павлодар: 2002 ж. -238б.

  17. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Алматы, 2001 ж

  18. Сәтбаева Ш.К. . Қазақ әдебиетінің тарихы.  Алматы, 2010 ж. -567 б.

  19. Жуанышбеков Н. Проблемы современного сравнительного литературоведения. Алматы, 2009 ж.

Қосымша әдебиет:

  1. Белл Р.Т. Социолингвистика. Цели, методы и проблемы. – М., 1980.

  2. Вежбицкая А. Семантические универсалии и описание языков. – М., 1999.

  3. Воробьева О.И. Политическая лексика. Ее функции в современной устной и письменной речи. – Архангельск, 2000.

  4. Городецкий Б.Ю. Компьютерная лингвистика: моделирование общения // НЗЛ. Компьютерная лингвистика. Вып. 24. – М., 1989.

  5. Жубанов А.К. Основные принципы формализации содержания казахского текста. – Алматы, 2002.

  6. Засорина Л.Н. Введение в структурную лингвистику. – М., 1974.

  7. Зубкова Л.Г. Язык как форма. Теория и история языкознания. – М., 1999.

  8. Искусственный интеллект. (В 3-х кн.) Справочник / Под ред. Э.В. Попова. – М., 1990.

  9. Кибрик А.Е. Очерки по общим и прикладным вопросам языкознания. – М., 1992.

  10. Куличенко Ю.Д, Перцептивные образы политического дискурса. – Алматы, 2009.

  11. Курышжанова А.А. Лингвистическое обеспечение компьютерных программ по казахскому языку: Автореф. дисс… канд. наук. – Алматы, 1999.

  12. Леонтьев А.А. Основы психолингвистики. – М. 2003.

  13. Макаров М. Л. Основы теории дискурса. – М., 2003.

  14. Марчук Ю.Н. Основы компьютерной лингвистики. Учебное пособие. – М.: МПУ «Народный учитель», 2000.

  15. Мечковская Н.Б. Социальная лингвистика. – М., 1994.

  16. Мечковская Н.Б. Социальная лингвистика. – М., 2000.

  17. Нелюбин Л.Л. Компьютерная лингвистика и машинный перевод. – М.: ВЦП, 1991.

  18. Общее языкознание. Т.1. – М., 1970.

  19. Паршина О.Н. Российская политическая речь. Теория и практика. – М, 2007.

  20. Рождественский Ю.В. Лекции по общему языкознанию. – М., 1990.

  21. Серебренников Б.А. Роль человеческого фактора в языке: Язык и картина мира. – М., 1988.

  22. Серебренников Б.А. Роль человеческого фактора в языке: Язык и мышление. – М., 1988.

  23. Скребцова Т.Г. Американская школа когнитивной лингвистики. – СПб., 2000. Современная американская лингвистика: фундаментальные направления. – М., 2002.

  24. Шейгал Е. Семиотика политического дискурса. – М., 2004.

  25. Язык и наука конца ХХ века. – М., 1995. Лурия А.Р. Язык и сознание. – М., 1996.









Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет