Халық әртісі, ерекше дауыс иесі Димаш Құдайберген шығармашылығында қандай жаңалық бар екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash/

14 қаңтарда Испанияның әйгілі “El periodico de espana” газетінің кезекті санында "Жаһандық феномен" айдарымен Димаш туралы мақала жарияланды. 

“Ғасыр дауысы, маэстро Пласидо Доминго мырза екеуміз 1863 жылғы Жоржа Бизе операсына тиесілі "The pearl Fishers" әнін шырқаймыз”, – деп жазды әнші. 

 

  • "Оның стилі операға жақын": Қайрат Түнтеков өзін Димаш Құдайбергенмен салыстыратындарға жауап берді

  • "Димашқа қазыны көйлегімнің ішіне тығып апардым": Майра Ілиясова Қытайдағы гастролдік сапары туралы айтты

Сондай-ақ Димаш әлемдегі опера жұлдызы Пласидо Домингоны қай уақыттан бері танитынын да айтты. 

“1999 жылы біздің үйде үш ұлы тенордың концерті жазылған кассета болды. Бірақ мен жылдар өте келе Ұлы Пласидо Домингомен бірге Еуропадағы ең қызық "Виртуоздар" телешоуының қазылар алқасының мүшесі болып жұмыс істейтінімді елестете алмадым. Бұл – жас талантты сайыскерлер үшін нағыз жұлдыз атануға тамаша мүмкіндіктің бірі. Барлық қатысушыға және бізге, қазылар алқасының мүшелеріне сәттілік тілеймін”, – деп еске алды ерекше дауыс иесі. 

Димаштың дүние жүзіндегі тыңдарманы жарыса тілек жолдап, оған “іске сәт” деп жатыр. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.