АҚШ президенті Джо Байден Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Газа секторындағы операцияға байланысты әрекеттері туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі MSNBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: breitbart.com
Байден "Нетаньяхудың Газаға жасаған әрекеттері Израильге көмектесуден гөрі зиянын тигізіп, бүкіл әлемді Тель-Авивке қарсы қойып жатқанын айтты.
"Оның (Нетаньяху) Израильді қорғауға, ХАМАС-ты қудалауды жалғастыруға құқығы бар. Бірақ ол жасаған әрекеттерінің салдарынан жазықсыз адамдардың қаза болып жатқанын ойлауы керек. Менің ойымша, ол Израильге зиянын тигізуде. Мұны үлкен қателік деп ойлаймын", – деді Байден.
Айта кетейік, бұған дейін Джо Байден Алексей Навальныйдың әйелі және қызымен кездесіп, көңіл айтқаны туралы жазған едік.
Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.