Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк неврология, психиатрия және психология кафедрасы



жүктеу 143.37 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі143.37 Kb.



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК Неврология, психиатрия және психология кафедрасы

044 -56-(18)

10 беттің 1-беті



Әдістемелік нұсқау




ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА

АКАДЕМИЯСЫ
НЕВРОЛОГИЯ, ПСИХИАТРИЯ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«Бекітемін»

Оқу-әдістемелік және

тәрбие ісі жөніндегі

проректор М.Ұ. Анартаева

_______________________

«____» ____________2014 ж.


2014-2015 оқу жылындағы «Психиатрия және наркология» пәні бойынша дәрігер-интерн-ЖТД арналған науқастың төсегінің жанында жүргізілетін

клиникалық емтиханның жүргізу әдістері

Әдістемелік нұсқау

Шымкент, 2014 ж


Әдістемелік нұсқау «Неврология, психиатрия және психология» кафедрасының мәжілісінде талқыланды және мақұлданды

Хаттама № ____ «____» ________20___ж.


Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор ______ Г.А. Дущанова

Әдістемелік нұсқау клиникалық пәндердің жүйелік әдістемелік комиссиясында талқыланды және мақұлданды

Хаттама № ____ «____» ________20___ж.
ЖӘК төрайымы, м.ғ.к., профессор _______ Абуова Г.Н.

Әдістемелік нұсқау факультеттер кеңесінде талқыланды және мақұлданды

Хаттама № ____ «____» ________20___ж.

Медициналық факультетің деканы, профессор _________ Қарабеков А.Қ.

Әдістемелік нұсқау ОҚМФА әдістемелік кеңесінде бекітілді

Хаттама № ____ «____» ________20___ж.



Әдістемелік кеңесің төрайымы, м.ғ.д. ___________ Анартаева М.У.

«Психиатрия және наркология» пәні бойынша науқастың төсегінің жанында жүргізілетін клиникалық емтиханға арналған

бекеттер мен дағдылар тізімі


Бекет №

Бекеттер атауы

Жалпы балл

Өтпелі балл

Уақыты

1.

Жалпы тәжірибелі дәрігер интерннің науқастың төсегінің жанында шағымдар мен анамнез жинаудағы коммуникативті және клиникалық дағдыларын бағалау

20

10

10 мин

2.

Жалпы тәжірибелі дәрігер интерннің науқастың төсегінің жанында психикалық статусты тексеру әдісін жүргізуін бағалау

20



10

20 мин

3.

Жалпы тәжірибелі дәрігер интерннің науқастың тапсырған анализдері бойынша зертханалық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдауын бағалау

20

10

10 мин

4.

Жалпы тәжірибелі дәрігер интерннің науқаста жүргізілген аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдауын бағалау

20

10

10 мин

5.

Науқастың төсегінің жанында анықталған мәліметтер негізінде диагноз қоюда және емін жүргізуде жалпы тәжірибелі дәрігер интерннің клиникалық ой-өрісін және тәжірибелік дағдыларын бағалау

20

10

10 мин




Барлығы

100

50

60 мин

Ескерту:

Жалпы балл – 100

Өтпелі балл – 50

90 – 100 балл – өте жақсы

75 – 89 балл – жақсы

50 – 74 балл – қанағаттанарлық

0 – 49 балл - қанағаттанарлықсыз

Берілген 5 бекеттің біреуінен болса да өтпелі балдан төмен балл алған жағдайда, емтихан нәтижесіз деп саналады.
1 бекет – Жалпы тәжірибелі дәрігер интерннің науқастың төсегінің жанында шағымдар мен анамнез жинаудағы коммуникативті және клиникалық дағдыларын бағалау
Максимальді балл – 20

Максимальды уақыт – 10 минут




Қадамдық әрекеттер

Баллдар

1.

Екі жақты амандасқан соң науқастың қасына отырып, атын, тегін, жасын, мамандығын, жұмыс орнын сұрады.

1,0

0,5

0

2.

Науқастың шағымдарына байланысты ойын ұқыптап тыңдады. Сұрақ қою барысында науқасқа теріс әсер ететін мәні бар сұрақтарды алып тастап отырды. Дәрігердің қойылған сұрақтарында науқастан керекті жауап алу мақсатында алдын ала ешқандай тұспалдап сөйлеу байқалмады.

4,0

2,0

0

3.

Науқастың интеллектуальды деңгейін, есте сақтау қабілетін, қоршаған ортадағы және уақыттағы бағдарын дұрыс сұрақтар қою арқылы анықтады. Мына сұрақты қойды: Соңғы кезде ойлану қабілетіңіз қиындаған жоқ па? Бүгін қай күн екенін білетін шығарсыз?

4,0

2,0

0

4.

Науқастың эмоциялық сферасын әңгімелесу барысында мимикасын, ымдауын және интонациясын ұқыптап бақылау арқылы бағалады. Ерік және әуестік сферасын бақылау барысында соңғы кезде жасаған жігерлігін не әрекеттерін ұқыптап талдады. Симптомдардың пайда болу уақытын және басылуын нақтылады. Білікті сұрастыру арқылы аурудың жетекші синдромын анықтады.

2,0

1,0

0

5.

Емтихан тапсырушы өмір анамнезінде өмір сүру шарттары мен балалық шақта дамуын, сонымен қатар қазіргі кездегі социалды экономикалық жағдайын тактикалық түрде анықтады.

Науқастың туған туыстарында психикалық аурулардың бар жоқтығын анықтады, ерте балалық шақтағы, мектеп кезіндегі дамуын сұрастырды. Қызмет жасау барысын, қызметпен көтерілуін, жанұялық жағдайын анықтау (үйленген, тұрмыс құрған). Хронологиялық реттілікпен болып өткен ауруларын анықтады. Жұбайының денсаулығын, балаларының санын және олардың денсаулығын. Егер науқас әйел болса, онда алғашқы етеккір басталуын, оның тұрақтануын, сипатын анықтады.



2,0

1,0

0

6.

Субъективті анамнез (науқастың сөзінен). Ауру анамнезінде оның ұзақтығын, басталуын, пайда болуын анықтады. Хронологиялық реттілікпен аурудың ағымын, қайта- лануын, олардың ұзақтығын, науқастың өміріне әсерін, алған емін және емнің эффективтілігін сұрады. Соңғы жағдайының нашарлауына алып келген себептерді сұрастырды.

1,0

0,5

0

7.

Объективті анамнез (туыстарының сөзінен). Ауру анамнезінде оның ұзақтығын, басталуын, пайда болуын анықтады. Хронологиялық реттілікпен аурудың ағымын, қайта- лануын, олардың ұзақтығын, науқастың өміріне әсерін, алған емін және емнің эффективтілігін сұрады. Соңғы жағдайының нашарлауына алып келген себептерді сұрастырды.

2,0

1,0

0

8.

Коммуникативті дағдыларды толық игерді.

4,0

2,0

0




Қорытынды:

20

10

0


2 бекет Жалпы тәжірибелі дәрігер интерннің науқастың төсегінің жанында жалпы және психикалық статусты тексеру әдістерін жүргізуін бағалау

Максимальді балл – 20

Максимальды уақыт – 20 минут




Қадамдық әрекеттер

Баллдар

1.

Алдын-ала жинаған шағымдары мен анамнезіне негізделе отырып, науқастың жалпы жағдайын сипаттады.

1.0

0.5

0

2.

Сана деңгейін анықтады.

1,0

0,5

0

3.

Қозғалысты,сезімталдықты анықтады

3,0

1,5

0

4.

Статикалық атаксия белгілерін анықтау – Ромберг сынамасын, Бабинский синергисы сынамасын тексерді.
Динамикалық атаксия –  саусақ-мұрын, табан-тізе, көрсету сынамаларын тексерді, Стюарт-Холмс, Шильдер симптомдарын анықтады, диадохокинез, дисметрия сынамаларын (оқ не теріс) тексерді. Жүрісі өзгермеген, атактикалық степпаж, штампты.

2,0

1,0

0

5.

Сөйлеу қызметін және оның бұзылыстарын анықтау (эфферентті, афферентті, оптико-мнестикалық, акустико-мнестикалық, семантикалық, динамикалық, тотальды). Праксис және оның бұзылыстарын анықтау – кинетикалық, кинестетикалық, гнозис және оның бұзылыстарын анықтау - көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, астереогнозия, аутотопогнозия. Есте сақтау қызметін зерттеу –қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есте сақтау.

3,0

1,5

0

6.

Науқастың мінез құлқын және айтқан әңгімелерін қысқартпай, өзгерістер енгізбей, симптомдарды атамай жазып алу

3,0

1,5

0

7.

Науқаспен контактқа тусу, әңгімедегі белсенділігін, сырт көрінісін, қоршаған ортаға және уақытқа бағдарын анықтады. Науқастың өзінің ауруы жайындағы шағымдарын, ойын анықтады

2,0

1,0

0

8.

Қабылдау, есте сақтау, интеллект, ойлау, эмоция және ерік, қозғалыс қызметтерін анықтау

3,0

1,5

0

9.

Науқастың өзінің ауруын түсінуі, емдеуге, болашаққа жоспарларын анықтады

1,0

0,5

0

10.

Синдромды дұрыс құрастырды және синдроммен жүретін ауруларды атады.

1.0

0,5

0






Қорытынды:

20

10

0


3 бекет – Жалпы тәжірибелі дәрігер интерннің науқастың тапсырған анализдері бойынша зертханалық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдауын бағалау
Максимальды балл – 20

Максимальды уақыт – 10 минут




Қадамдық әрекеттер

Баллдар

1

Серологиялық сынамалардың көрсеткіштерін талдады.

3,0

1,2

0

2

Иммунофлюоресценция реакциясын талдады.

3,0

1,5

0

3

Биохимиялық қан анализінің нәтижелерін талдады.

3,0

1,5

0

4

Жұлын ми сұйықтығы анализінің нәтижелерін талдады

4,0

2,0

0

5

Жалпы қан анализінің нәтижелерін талдады.

3,0

1,5

0

6

Окулист кеңесінің нәтижелерін талдады.

4,0

2,0

0

Қорытынды

20

10

0



4 бекет – Жалпы тәжірибелі дәрігер интерннің науқаста жүргізілген аспаптық зерттеу және психологиялық әдістерінің нәтижелерін талдауын бағалау

Максимальды балл – 20

Максимальды уақыт – 10 минут





Қадамдық әрекеттер

Баллдар

1

Электроэнцефалография талдады

4,0

2,0

0

2

Бастың магистральды артерияларының ультрадыбыстық допплерографиясын талдады

4,0

2,0

0

3

Бас миының компьютерлі томографиялық, магнитті-резонансты томографиялық суреттерін талдады

4,0

2,0

0

4

Есте сақтау, зейін және интеллектті зерттеуде қолданылатын психометриялық әдістерді сипаттады

4,0

2,0

0

5

Тұлғалық сұрақнамалар түрлерін және проективті әдістемелерді сипаттады

4,0

2,0

0

Қорытынды

20

10

0


5 бекет – Науқастың төсегінің жанында анықталған мәліметтер негізінде диагноз қоюда және емін жүргізуде жалпы тәжірибелі дәрігер интерннің клиникалық ой-өрісін және тәжірибелік дағдыларын бағалау (есептер)
Максимальды балл -20

Максимальды уақыт -10 минут




Қадамдық әрекеттер


Баллдар


1

Аурудың синдромадарын атап шығып, жетекші синдромын анықтады.

4,0

2,0

0

2

Жетекші синдром бойынша ұқсас аурулар шеңберін құрастырды.

4,0

2,0

0

3

Қысқа түрде ұқсас аурулармен ажыратпалы диагноз жүргізіп, негізді түрде оларды жоққа шығарды.

4,0

2,0

0

4

Клиникалық диагнозды негіздеді.

4,0

2,0

0

5

Тиімді ем жүргізді.

4,0

2,0

0




Қорытынды:

20

10

0


Әдебиет

негізгі:

  1. Баранов А.А. и др. Стандарты ведения больных. Клинические рекомендации. – М., 2010. – 1376 с.

  2. Амбулаторно-поликлиническая терапия. Консультант врача. Электронная информационно-образовательная система на CD. Версия 1.1. – М., 2008.

  3. Клеменков С.В., Петрова М.М. Врач общей практики. Поликлиническая терапия. – М., 2006.

  4. Основы медицинской практики (Good medical practice) Третье издание (май 2001г.). Королевский колледж врачей общей практики, Лондон, Великобритания.(рус.перевод). – М, 2006. – 420 с.

қосымша:

  1. Дербісалина Г.Ә. Жалпы практикалық дәрігердің жұмысындағы коммуникативті дағдылары. - Ақтобе.- 2009. – 62 б.

  2. Дербисалина Г.А. Коммуникативные навыки в работе врача общей практики. - Актобе.- 2009. – 78 с.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет