Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



жүктеу 0.62 Mb.
бет3/3
Дата09.09.2017
өлшемі0.62 Mb.
1   2   3

3.1. Тәжірибелік сабақ

3.1.1. Жеңіл атлетика.

Жеңіл атлетика дене тәрбисі жүйесінде. Жеңіл атлетикалық жаттығулардың жіктелуі.

Жүгіру. Жалпы төзімділікті дамытуға бағытталған жүгіру дайындығының деңгейін арттыруға арналған жалпы дамыту және арнайы дене жаттығулары: бірлікті - ауыспалы қарөынмен жүгіру; ұзақ уақыт жүгіру ; біркелкі-жылдам жүгіру; 800 м аралыққа орташа қарқынмен жүгіру; 2000-3000 м арлыққа орташа қарқынмен кросс жүгіру.

Қысқа қашықтықтарға жүгіру. Арнайы дене жаттығулары: ауыспалы жүгіру; 30-50 м қашықтыққа бірден орташа және барынша жылдамдықпен жүгіру; төменгі сөре; 60 м қашықтыққа төменгі сөреден жүгіру; 60 м қашықтыққа еркін жүгіруден кейін жүгіру жылдамдығын ұлғайту; мәре белгісінен барынша жылдамдықпен жүгіріп өту; уақытты ескере отырып, төменгі сөреден барынша жылдамдықпен 100м жүгіру; эстафеталық жүгіру 4 * 100.

Ұзындыққа секіру. Орнынан ұзындыққа секіру техникасы: қол сермеу және



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Гигиена 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы

044 -59 к/15-( )

14 беттің 9-беті

«Дене шынықтыру » пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы

табандарын айналдыру; серпілу, ұшу, тізелерді кеудеге таман көтеру, жерге түсуге дайындалу.

Баскетбол дене тәрбиесі жүйесінде. Ойын ойнау және сайыс өткізу ережелері.

      1. Баскетбол

Шабуылдағы ойын техникасы: орын ауыстыру, жай және адымдап жүру, бағыт пен жылдамдықты өзгерту, сөрелер, секірулер, кідірстер, бұрылулар.

Қорғаныстағы ойын техникасы: орын ауыстыру,қорғаныс тұрысы, артымен алға қарай қозғалу.

Допты меңгеру техникасы: допты бір орыннан және қозғалыс барысында беру; допты бір орыннан және қозғалыс барысында оң және сол қолмен жүргізу;

Допты бір орыннан, жақын және орта қашықтықтан кеудеден екі қолмен лақтыру; екі қолмен кеудеден айыптық лақтыру. Оқу – үйрену ойыны.

      1. Волейбол

Волейболдың дамуына қысқаша шолу. Волейбол ойнау ережелері

Волейболшылардың орын ауыстыруы (адымдап, айқас қадаммен, волейболшы тұрысымен алға - артқа )

Волейболдық тұрыс (жоғары, төмен )

Допты жоғарыдан беру. Тура жоғарыдан; жұппен; қабырғамен ойнау; үштікпен ойнау; қысқа пас, артқа пас беру, ұзын пас; доп беру - орын ауыстыру - доп беру.

Допты төменнен беру - білекпен пас беру; серіктеске пас беру; мақсатты пас; қимыл барысында пас беру.

Допты беру: төмендете түзу беру; жоғарыдан жоспарлы беру; бүйірмен төмендете беру.

Допты беру және оны қабылдау: қабырғаның жанында қабылдау; допты білекпен беру және пас беру; берілген допты артқы сызықта қабылдау; допты мақсатты беру. Допты аяқпен қабылдау және беру. Оқу - үйрену ойыны.



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Гигиена 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы

044 -59 к/15-( )

14 беттің 10-беті

«Дене шынықтыру » пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы



      1. Гимнастика.

Гимнастика дене тәрбиесі жүйесінде; гимнастика міндеттері мен құралдары; гимнастика сабақтарындағы техника қауіпсіздігі.

Гимнастика түрлері.

Гимнастиканың сауықтыру түрлері: негізгі, гигиеналық, емдік гимнастика, ырғақты гимнастика және оның түрлері.

Сауықтыру гимнастикасының дәстүрлі емес түрлері: стретчиг (дене күйлері гимнастикасы), каланетика (статикалық жаттығулар гимнастикасы), шейпиг (компьютерлік сынамалаудан кейін жаттығулао таңдау), гимнастиканың шығыс сауықтыру жүйелері.

Гимнастиканың білім беру - дамыту түрлері: негізгі гимнастика, өндірістік, атлетикалық гимнастикалар.

Гимнастиканың спорттық түрлері: спорттық гимнастика, көркем гимнастика, спорттық акробатика.

Гимнастиканың қолданбалы түрлері: өндірістік (кіріспе, дене тәрбие минутасы, дене тәрбие кідірісі, белсенді демалыстың шағын кідірісі, жұмыстан кейін қалыпқа келу), кәсіптік - қолданбалы, әскери - қолданбалы, спорттық - қолданбалы гимнастика.

Саптық жаттығулар. Бұрын үйренген саптық тәсілдерді қайталау және бекіту. Қозғалу түрлері: тізені жоғары көтере, аяқтың ұшымен жүру, тізесін бүгіп, алдыға ұмтыла, аяқтарын айқастырып және ауыстыра отырып, алдыға және қапталға қарай қозғалу. Жүрудің түрлерін басқа қол қимылдары мен кездестіру, жүруді секірумен үйлестіру, тізені жоғары көтеру, аяқты артқа қарай бүгу, шапшаңдата отырып, қолдары мен денесін түрлі бағыттарда 360о-қа айналдыра жүгіру. Қимылдар: қиғаш сызық бойымен, орталық арқылы, зал бұрыштарымен нүктелеріне қарай, кері жүру, ирелең және спираль тәрізді жүру. Дұрыс дене мүсінін қалыптастыру.

Жалпы даму жаттығулары. Кешендерді құрастыру мен өткізудің мақсаты, жіктелуі, әдістемесі. Иық белдеуі мен қолдарға арналған жаттығулар, аяққа арналған жаттығулар, денеге арналған жаттығулар, отырулар, тірелулер. Гимнастикалық қабырғадағы жаттығулар, гимнастикалық орындықтағы жаттығулар. Көрсету, айту, бөлу, ағымдық тәсіл бойынша ЖДЖ кешендері.



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Гигиена 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы

044 -59 к/15-( )

14 беттің 11-беті

«Дене шынықтыру » пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы

Шұғылданушылардың түрлі контингентіне арналған жалпы дамыту жаттығуларының кешендерін құрастыру және өткізу.

Қолданбалы жаттығулар. Доп, секіргіш, таяқша және басқада нәрселерді тапсыру, жүгіру, секіру, кедергілерден өту, заттардың орнын ауыстыруымен байланысты қарқынды сипаттағы түрлі эстафеталар.

Акробатикалық жаттығулар. Топтасу: отырып, жатып, тізе бүгіп. Аунау: топтасуда- тізе бүккен күйде артқа және кері аунау, артқа аунап, жауырынға тұру, тізерлеп отырған күйден алдыға қарай аунау. Домалау: алдыға- тізе бүккен күйден аяқтарын алшақ қойып, қадам жасай, алдыға қарай ұзақ домалау, қатарынан бірнеше домалау; артқа қарай домалау. Тіреліп тұрулар: жауырынмен, баспен, қолмен тіреліп тұру (қабырға маңында және көмекпен). Аударылу: орнынан бір жақ қапталға, вальсеттен. Тепе - теңдік: бір аяқпен тұрып, қапталдық. Жатқан күйден көпірге тұру, артқа құлау. Жартылай шпагат, оң және сол жақ шпагат.

Секірулер. Жай секірулер: таңбалау бойынша, ұзындыққа, биіктікке секіру. Таянып секіру: ағаш ат аяқтарының арасын ашып секіру, аяқтарын бүгіп секіру, ағаш ат снарядының ені арқылы жанымен секіру.

      1. Президенттік көпсайыс

ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру Президенттік сынамалары туралы» Қаулысын жүзеге асыу мақсатында Президенттік көпсайысты дене тәрбиесі бағдарламасына енгізу. Жыл сайын білім алушылардың дене дайындығының деңгейін тексеру мақсатында 60 м 100-ге жүгіру, 1000 м, 2000 м, 3000 м-ге жүгіру, 1,5 милиге жүгіру, орнынан ұзындыққа секіру, кермеге тартылу, шалқалап жатып денені көтеру, граната лақтыру сынамалар жарысын өткізу.

      1. Ұлттық ойындар

Қазақ ұлттық спорт түрлері, халық және қимыл – қозғалыс ойындары.

«Тымақ ұру» қимыл - қозғалыс ойыны. Тағанға тымақ орнатылады. Ойыншы тағаннан 10 қадам санап алшақтайды. Бетімен таған жаққа қарап, көзін жабады. Төреші ойыншының көзін ормалмен байлайды.



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Гигиена 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы

044 -59 к/15-( )

14 беттің 12-беті

«Дене шынықтыру » пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы

«Аударыспақ». Екі шабандозды таңдап алмыз, олар бір-бірін итеріп, жерге түсіруге тырысады. 1-ші нұсқа: шабандоздар жылқыны бейнелейтін ойыншылардың арқасына мінеді. 2-нұсқа: шабандоздар ойын доптарына немесе орындыққа мінеді.

«Асық». «Хан талапай». Ойыншылар шеңбер бойымен орналасып, асық арасынан басқаларынан ерекшеленетін хан асықты таңдайды, сосын барлық асықтарды ортаға тастайды. Асықтың қай жазғымен түсетіні өте маңызды, себебі асықты түскен жағына сәйкес келетін асық қана ойыннана шығара алады. Тәйкені Тәйке, Алшыны алшы шығара алады. Егер ойыншы тимеген болса, кезек басқа ойыншыға оуысады. Хан асық кімнің қолында қалса, сол жеңіске жетеді.

«Көтермек». Балалар шеңберге тұрады. Сайысқа түскісі келген екі бала ортаға шығып, бұйрық бойынша бір-біріне арқаларын тіреп тұрады, олардың әрқайсысы қарсыласын арқасына салуға тырысады.

«Қындық сандық». Кілемге екі қарсылас шақырылып, тізелеріне тұрғызылады. Белгі берілген сәттен бастап, олар бір-бірінің иығынан тартып, қарсыласын кілемге құлатуға тырысады. Кілемге тиген ойыншы жекпе-жекте жеңіліске ұшырайды.

Басқа ойындар: «Жаяу көкпар», «Теңге алу», «Аларман» және т.б.

Ұлттық спорт түрлерінен «қазақша күрес» лақтыру техникасын үйрету қажет.

«Лапта», «Үшінші артық», «Кісен салыну», «Штандр», «Қағып шығару» неғұрлым қимыл – қозғалысты халық ойындары болып табылады.

4. Оқу әдістемелік жабдықталуы



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Гигиена 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы

044 -59 к/15-( )

14 беттің 13-беті

«Дене шынықтыру » пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы

Ұсынылатын әдебиеттер

негізгі:

  1. Қасымбекова С, Герасименко В. Дене тәрбиесі. – А.. Мектеп, 2005.

2. Горанько М.И., Құлназаров А.Қ., Қанағатов Е.Б. Президенттік

сынамалар. – 2. А.: Аль-Фараби, 1997.

3. Жуманова А.С. Нетрадиционные виды и новые формы гимнастики.

– Алматы, 2002.

4. Мамиев Н.Б., Марков И.Б.,Самойлова Т.К. Казахские национальные подвижные игры – Кустанай: /Куст.гос.ун-т, Куст.обл.институт усоверш. врачей, 1994.

5. Кузнецов В.С., Колодницкий Г.А. Прикладная физическая подготовка. 10-11 кл./ Учебно-методическое пособие.- М.:2003.

6. Купер К. Акробатика для хорошего самочувствия.-М.:ФиС, 1987

  1. Лисицкая Т.С. Ритмическая гимнастика. – М.: ФиС, 1986

  2. Мустафина Т.К. Основы волеологии. /учебное пособие – Алматы: Класс сик, 1999.

  3. Программа по физической культуре : раздел «Ритмическая гимнастика». -Алматы, 2007

  4. Теория и методика физического воспитания. Учебник для институтов физ. культуры./Под общей ред. Л.П. Матвеева и А.Д. Новикова. Изд. 2-е, испр. И доп. М.: Физкультура и спорт, 1976.

  5. Загорский Б.И., И.П. Залетаев, Ю.П. Физическая культура / Практическое пособие.-М.

қосымша:

  1. Джим Дрюэт. Баскетбол-спорт для начинающих. 2006

  2. Э. Дарден. Бодибилдинг без стерсидов. 2007

  3. Л. Виера, Б.Д. Фергюсон. Волейбол-шаги к успеху. 2008

  4. Григ Чайлдерс. Великолепная фигура за 15 мин в день. 2002

  5. Кульназаров А.К. От Древней Эллады до Афин. 2004

  6. Пеганов Ю.А. Создай себя. – М.: Знание, 1991

  7. Президентские тесты – Департамент г. Алматы, 2002

  8. Кузнецов В.С. Прикладная физическая подготовка. 2003

  9. Кунчинов Р.И. Физическое воспитание. 2006





ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Гигиена 1, дене шынықтыру және валеология кафедрасы

044 -59 к/15-( )

14 беттің 14-беті

«Дене шынықтыру » пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасы

көрнекілік құралдары ОТҚ:

  1. Гимнастикалық құрал-жабдықтар

  2. Атлетикалық тренажерлер

  3. Спорт түрлерінен құрал-жабдықтар

  4. Видео және аудиа аппаратура

  5. Компьютерлік оқыту бағдарламалары

6. Видеофильмдер (спорт түрлерінен оқу-әдістемелік құралдар, ырғақты гимнастика, аэробика, шейпингтен оқу құралдары)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет