Дзюдодан Қазақстан құрамасы Грузияда өтетін Grand Slam турнирінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Aude Alcover/Icon Sport via Getty Images
Қазақстандық дзюдошылар Грузия астанасы Тбилисиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады. Әлемнің 83 елінен, 500-ден астам балуан сынға түсетін жарыста Қазақстан құрамасының да құрамы анықталды. Назарларыңызға байрақты бәсекеде ел намысын қорғатын спортшылардың тізімін ұсынамыз.
Ерлер:
60 келі. Дәурен Сүйекенов, Нұрқанат Серікбаев
66 келі. Есет Қуанов, Сұңғат Жұбатқан
73 келі. Бақытжан Абдурахманов
81 келі. Мади Амангелді
100 келі. Ислам Бозбаев
+100 келі. Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев
Әйелдер:
48 келі. Ғалия Тынбаева
52 келі. Балнұр Әбдешова
57 келі. Бақыт Құсақбаева
63 келі. Кристина Сотникова
70 келі. Екатерина Токарева
78 келі. Аруна Жангельдина, Маргарита Гриценко
+78 келі. Кәмила Берліқаш, Карина Такиева
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Австриядағы Гран-При турнирге қатысып, 60 келіде белдескен Қанат Сейілхан ғана 5-орынға жайғасқан болатын.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.