Редакция от 24



жүктеу 275.57 Kb.
Дата12.04.2019
өлшемі275.57 Kb.

______ ж. №______



"Жеке тұлғалармен және шаруашылық

жүргізуші субъектілермен жасалатын

жылумен қамтамасыз ету шарттарының

нысандарын бекіту туралы» бұйрыққа

№ 2 Қосымша

ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ШАРТЫ № _________
«__» ____________ 20__ж. Өскемен қ.

Бұдан әрі «Энергиямен жабдықтаушы ұйым» (бұдан әрі мәтін бойынша «ЭЖҰ») деп аталатын «Өскемен жылу жүйелері» АҚ _______________ сенімхат негізінде әрекет ететін, _________________________ тұлғасында бір тараптан және бұдан әрі "Тұтынушы" деп аталатын _______________ негізінде әрекет ететін, ___________________ тұлғасында екінші тараптан, бұдан әрі әрқайсысы жеке «Тарап» деп аталып, ал бірге «Тараптар» деп аталып, төмендегідей осы Шартты (бұдан әрі – мәтін бойынша «Шарт») жасасты:




  1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. «ЭЖҰ» қосылған желі арқылы «Тұтынушыға» жылу энергиясын беруге міндетті, ал «Тұтынушы» қабылданған жылу энергиясын төлеуге, және де Шартпен қарастырылған қолдану тәртібін сақтауға, жылу энергиясын қолдануға байланысты жабдықтар мен аспаптардың дұрыстығын және оның қарауындағы энергетикалық желілердің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндетенеді.

1.2. «ЭЖҰ» тиісті сапалы жылу энергиясын беруді, жылу жүйелерінің шек қою кесімімен анықталатын «Тұтынушы» мен «ЭЖҰ» арасындағы пайдаланушылық жауапкершілікті және шектеу актісімен анықталатын балансқа тиісті бөлім шекарасына дейінгі, оның қарауындағы энергиямен жабдықтау желілерінің уақытында жөнделуін және тиісті түрде пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Қызметті қабылдау баланстық тиістіліктің шекарасында жүргізіледі. Баланстық жауапкершілік шекарасынан «Тұтынушының» аспаптары мен жабдықтарына дейін жылу энергиясын беру осы Шарттың мәні болып табылмайды.


2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2.1.Өзара қарым-қатынастарында тараптар осы Шартты, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, «Электр энергетикасы туралы» Заңды, Жылу энергиясын қолдану ережелерін, Жылу энергиясын беруді және жылутасымалдағышты есепке алу ережелерін, «Коммуналдық қызметті ұсыну Ережелерін» және Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерін басшылыққа алады.

2.2. «Тұтынушы» «ЭЖҰ» жылумен жабдықтау бойынша осы Шартты орындауға немесе «ЭЖҰ» және «Тұтынушылар» арасында пайда болған (техникалық жағдайды рәсімдеу, жүйенің теңгерімдік тиесілігін шектеу актісі және тараптардың пайдалану жауапкершілігі, жылумен жабдықтау шарты, жылумен қамту бойынша шарттың қосымша келісімдері мен қосымшалары, төлем құжаттары, есептесу, аударымдар, жылумен қамтуға байланысты басқа мәселелер бойынша) есеп айырысу және/немесе басқа қарым-қатынастарға байланысты өзінің жеке деректерін өңдеу, сақтау және оны пайдалануға ұсынуға келіседі.
2.3.Жылыту жүйесі көппәтерлі үйдің жалпы (ұжымдық) жылыту жүйесінің бөлігі болып табылатын жеке бөлмені меншіктенушінің Шарттан біржақты бас тартуына рұқсат берілмейді.



  1. ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ КӨЛЕМІ

31. ««ЭЖҰ»» берілген және «Тұтынушымен» қабылданған жылу энергиясының көлемі тіркеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша, оның нақты қолданылуын тіркеу мәліметтеріне сәйкес, ал оларды орнатуға дейін – есептеу жолымен анықталады.

3.2. Есеп айырысу айындағы тіркеу аспаптары жоқ «Тұтынушыға» берілетін жылу энергиясының нақты көлемі «Мемэнергосараптама» РМК бекітілген, «Энергиямен жабдықтаушы ұйымның босатқан нақты жылу энергиясын анықтау және қолданылған жылу энергиясын тіркеу аспаптарымен жабдықталмаған тұтынушыларға тарату әдісі бойынша әдістемелік нұсқауларға» сәйкес анықталады.

4. ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ТАРАТУ ШАРТТАРЫ
4.1.«Тұтынушыға» жылу энергиясын босату:

- осы жылумен жабдықтау шартының;

-««ЭЖҰ»» мен ПИК немесе кондоминимум (жылыту жүйесі көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы жылыту жүйесінің бөлігі болып табылатын кондоминимум мүшесі – бөлме иеленушісі үшін ғана) объектісіне қызмет көрету бойынша құзіретті ұйымның арасындағы шарттың;

- қосылудың техникалық жағдайларының орындалуының (жылыту жүйесі көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы жылыту жүйесінің бөлігі болып табылатын және жеке басқару түйіні жоқ бөлме иеленушілеріне қосылуға техникалық жағдайлар берілмейді);

-баланстық тиістілікті бөлу және тараптардың пайдалану жауапкершілігі актісінің (жылыту жүйесі көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы жылыту жүйесінің бөлігі болып табылатын және жеке басқару түйіні жоқ бөлме иеленушілеріне осы құжат талап етілмейді);

-жылу энергиясының болжамдалған қолданылуы туралы есеп-өтінімінің;

- «Тұтынушы» объектілерінің жылумен жабдықтау жүйесінің техникалық дайындық актісі немесе кондоминимум мүшесі – «Тұтынушының» жылумен жабдықтау объектісі орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің жылумен жабдықтау жүйесінің техникалық дайындық актісінің;

- «Тұтынушының» объектілерін қосу актісінің немесе кондоминимум мүшесі – «Тұтынушының» жылумен жабдықтау объектісі орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің қосу актісінің негізінде жасалады.

4.2. Жылуды қолдану жүйелерін техникалық актсіз қосу өз бетімен қосу болып саналады және анықталған сәттен бастап өшірілуі тиіс.

4.3. ««ЭЖҰ»» «Тұтынушыға» ___________ж. дан __________ ж. дейінгі кезеңде ««ЭЖҰ»» келісілген, «Тұтынушының» есеп-өтініміне сәйкес жылуэнергиясының көлемін жылудың барынша жүктемесімен, жылу жүктемесінің Гкал/сағ максимумымен, соның ішінде:


жылытуға Гкал/сағ -39°С Тн кезінде

желдетуге Гкал/ сағ -18°С Тн кезінде

Ыстық сумен жабдықтауға Гкал/сағ

«Тұтынушы» жүйесіндегі жоғалтуларға Гкал/сағ

Сонымен қатар, желілік судың шығыны тн/сағ

жылу жүйесінен максималды су бөлуі тн/сағ

Желілік судың ағып кету нормасы көп емес тн/сағ.


4.4. «Тұтынушы» - мемлекеттік заңдық тұлға, ««ЭЖҰ»»-ға ай сайынғы бөліп көрсетумен, «Коммуналдық қызметтерді төлеу» 151 шығындарды экономикалық топтау спецификасы бойынша бюджеттік бағдарлама шегінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының бекітілген көшірмесін ұсынады.

4.5.Жылудың нақты шығыны _____________________________________ орналасқан бақылау-өлшеу аспабы арқылы анықталады.

4.6. «Тұтынушының» жылу қолдану жүйесіндегі диаметрді өзгерту немесе дроссельдеу құрылғыларын ауыстыру тек қана ««ЭЖҰ»» келісімімен және оның өкілінің қатысуымен екіжақты акт жасау және пломбалау арқылы жүзеге асырылады.

4.7. Осы Шарт бойынша жылу энергиясын жеткізу қауіпсіздік немесе апат болу себептерімен, сонымен қатар «Жылу энергиясын қолдану ережелерімен» қарастырылған басқа да қағидаларға сәйкес, жылдың кез-келген уақытында, келесі жағдайларда ««ЭЖҰ»»-мен жартылай немес толығымен тоқтатылуы мүмкін:


- «Тұтынушымен» қолданылған жылу энергиясының төлемі кешіктірілген кезде;

- ««ЭЖҰ»» жылу жүйелеріне жылу пайдалану қондырғыларын өз бетімен рұқсатсыз орнатқанда;

- Жылу қолдану жүйесін есептеу құралдарына дейін қосқанда;

- ««ЭЖҰ»» өкілдеріне жылу қолдану жүйелерін және тіркеу аспаптарын көруге рұқсат етілмесе;

- ««ЭЖҰ»» жылу жүйелеріне жылу қолдану қондырғылары мен жылу жүйелерінің техникалық дайындық актісінсіз күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа қосылғанда;

- ««ЭЖҰ»» келіспей, Шартпен бекітілген максималды сағаттық жүктемелер асырылған жағдайда.

- жылу жүйесіне өз қуаттарын және субабоненттерін өз бетімен қосқанда.

- қайтар желілік су температурасы кестеге қарсы 3% -дан артық мөлшерде «Тұтынушымен» асырылған болса, ондай жағдайда ««ЭЖҰ»» жүйелік суды берудің шамасын шектейді, «Тұтынушыдан» ««ЭЖҰ»» жылу жүйелеріне жылуды беруді реттеудің белгіленген температуралық тізбесіне сәйкес қайтар желілік су температурасын төмендетеді;

- ҚР қолданыстағы заңнамаларында қарастырылған басқа жағдайларда.

4.8. Жылыту маусымынан басқа уақытта жылу энергиясын жеткізу белгілі тәртіппен бекітілген кесте бойынша алдын-алу жөндеулер, ««ЭЖҰ»» жабдықтарын және жылу жүйелерін байқау уақытында тоқтатылады. «Тұтынушы» жылыту маусымынан басқа уақытта жылу энергиясын жеткізудің алдын-алу жөндеулері, ««ЭЖҰ»» жабдықтарын және жылу жүйелерін байқау уақытында тоқтатылуы туралы кез-келген қолайлы құралдармен, нақты айтқанда, кондоминимум объектісін басқару ұйымына мәліметтер беру, БАҚ-на, Интернетте «Ө ЖЖ» веб-сайтында (http//www.ukteplo.kz/) ақпарат беру арқылы ескертіледі.




  1. ЕСЕПКЕ АЛУ АСПАПТАРЫ

5.1. «Тұтынушы» жылу энергиясы үшін есеп айырысу үшін жылу тұтынатын қондырғыларды қажетті есепке алу аспаптарымен (жылуесептегіштермен, суесептегіштермен) қамтамасыз етеді. «Тұтынушы» өз бетімен есепке алу аспапын алуға және орнатуға құқылы.

5.2. «Тұтынушы» жылу энергиясын есепке алу үшін түрі өлшем бірлігі қамтамасыз етудің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген есептеу аспаптарын пайдалануға тиіс. Бұл ретте аспаптардың бастапқы немесе мерзімді тексеру ұйымдастыру құқығы бар екендігі туралы белгісі болуы қажет.

5.3. Жылуесептегіштер «ЭЖҰ» мен «Тұтынушының» жылу желілерінің теңгерімдік тиесілігінің бөлігінің шегінде орнатылады және «Тұтынушының» тиесілі жылу пунктінде оның бас ысырмаларға барынша жақындатылған орнында жабдықталады. Суесептегіштер «Тұтынушының» ыстық сумен жабдықтау құбырының ойық нүктесінде орнатылады.

5.4. Жылу энергиясын есепке алу аспаптарын салыстырып тексеру, жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін, «Тұтынушы» өз бетімен немесе мамандандырылған монтаждау ұйымын жұмылдыра отырып, аспаптарды баптауды, реттеуді және дайындауға арналған құралдарды пайдалануға рұқсат беруді жүргізеді.

5.5. Есепке алу аспаптарын пайдалануға рұқсат алу үшін (бастапқы немесе жөндеуден кейін тексеру) «Тұтынушы» «ЭЖҰ» өтінім береді. Есепке алу торабы аспаптарының көрсеткіштері негізінде жылу энергиясын және жылу жеткізгішін есепке алу есепке алу аспаптарын пайдалануға рұқсат беру Актісіне тараптар қол қойған сәттен бастап жүргізіледі.

5.6. Жылу энергиясын жіберуді есепке алу тараптардың жылу энергиясы шығынының баланстық тиесілігі бөлімінің шекарасында есепке алу нүктесінде жүргізіледі. Есепке алу құралдарын тараптардың жылу энергиясы шығынының баланстық тиесілігі бөлімінің шекарасынан тыс жерде орнату кезінде желі учаскесіндегі бөлу шекарасынан бастап есепке алу аспаптарын орнату орындарына дейінгі шығындар, желі учаскесі теңгеріміне тиесілі учаскенің иесіне тиесілі болады. Шығындар «ЭЖҰ» Қазақстан Республикасында қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттамаға сәйкес есеп-айырысу жолымен айқындалады.

5.7 «Тұтынушы» есептеу аспаптарын тексеру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды өткізу үшін мамандандырылған ұйымды дербес таңдауға құқылы.

5.8. Жеке жылу энергиясын есепке алу аспаптарының техникалық жай-күйі, сақталуы, жөндеу бойынша жауапкершілік оның иесіне жүктеледі.

5.9. «Тұтынушы» ай сайын әрбір есептік айдың 25-і күнінен кешіктірмей «ЭЖҰ» есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беруге міндетті:

- жылу энергиясын есепке алу аспаптарының (ЖЭЕА) мұрағаттық тәуліктік көрсеткіштерін қағаз тасығышта;

- жеке меншік үй-жайларда орнатылған жылу энергиясын есепке алу аспаптарының (жылуесептегіштердің) соңғы көрсеткіштерін;

- суесептегіштердің соңғы көрсеткіштерін.

Жылу санауыштарының және суесептегіштердің (жеке үйлерде орнатылған) соңғы көрсеткіштерін беруге болады: www.ukteplo.kz сайты арқылы, ukts.sms@mail.ru электронды мекен-жайы арқылы, тәулік бойы автожауапкер 560-900 нөмірі арқылы 8 777 535 52 69 немесе 8 702 224 24 80 нөмірлері "SMS-хабарлама" жіберу арқылы Call Center операторы арқылы 700-202 нөмірі бойынша (көрсеткіштерді беру кезінде жылумен қамтамасыз ету шартының №, мекен-жайын, есептеуіштің №,көрсеткіштерді көрсетуге) немесе дербес қызмет көрсету Орталығына, белгіленген нысандағы бланкте беруге болады.

5.10. «ЭЖҰ» есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін (жеке жылуесептегіштердің, ЖЭЕА) бермеген жағдайда Кезде "ЭО" есеп айырысу кезеңінде тұтынылған жылу энергиясының саны жылу бойынша алдыңғы көрсеткіштерді берген күннен бастап есептік айдан кейін келетін айдың 1-күніне дейінгі кезеңде тұтыну нормалары (есептік жүктеме) негізінде анықталады.

5.11. Жылу энергиясын есепке алу аспаптарын ақау салдарынан істен шығарғанда немесе салыстырып тексеру үшін шығару кезінде (жеке жылуесептегіштердің, ЖЭЕА) тұтынылған жылу энергиясының саны келесі түрде анықталады:

- егер аспаптардың ажыратылу уақыты 10 тәуліктен аспаған болса, аспаптың жұмысының аяқталғаннан кейінгі әрбір тәулік бойы жылу тұтыну және желілік суды тұтыну мәні есепке алу аспаптарының өшірілуіне әкелген соңғы үш тәуліктің орташа тәуліктік шығынына тең қабылданады;

- егер аспаптардың ажыратылу уақыты 10 тәуліктен астам болса, аталған кезеңдерге есептеу тұтыну нормалары бойынша (есептелген жүктемелер) жүргізіледі.

5.12. Су есептегіштерді жөндеу немесе салыстырып тексеру үшін шығару кезінде, есептеу ыстық сумен жабдықтауға кететін су шығыны нормасы бойынша жүргізіледі. Одан әрі суесептегіштердің көрсеткіштері бойынша есептеу «ЭЖҰ» өкілімен суесептегіштерді тексергеннен кейін және қайталап пайдалануға рұқсат беру Актісін жасай отырып және тексеру кезінде бастауыш айғақтарды тіркеу арқылы жүргізіледі.
6. ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ САПАСЫ
6.1.Босатылатын жылу энергиясының сапасын белгілейтін көрсеткіштер тараптардың баланстық тиістілігін бөлу шекарасында орнатылған БӨА көрсеткіштері бойынша анықталады, және нормативті-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуі керек.

7. БОСАТЫЛҒАН ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫ ҮШІН ЕСЕПТЕР

7.1. ҚР қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттелуге тиісті жылу энергиясы үшін төлем, белгіленген тәртіппен құзіретті ұйыммен бекітілген тарифтер бойынша жүргізіледі.

7.2. Есеп айырысу кезеңі болып күнтізбелік ай есептеледі. «Тұтынушы» «ЭЖҰ»-ның қызметтерін ұсынылған төлем құжаттары негізінде төлейді.

7.3. Босатылған жылу энергиясы бойынша төлем, сонымен қатар осы шарттың жағдайларын бұзу үшін басқа төлемді «Тұтынушы» есептік айдан кейінгі айда, төлем құжаттарын шығарған сәттен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде, бірақ 25-і күнінен кешіктірмей жүргізеді.

Өскемен қ. банктерінде қызмет көрсетілген «Тұтынушы» үшін «ЭЖҰ» есеп жасалған күннен бастап 7 күн ішінде «Тұтынушының» банкіне төлем құжаттарын жеткізу міндетін алады.

Басқа қаладағы банкте, «ҚР Қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті» ММ банкінде қызмет көрсетілген немесе Өскемен қ. банктерінде есептік шоты жоқ және төлемді есептік-кассалық орталықтар арқылы жүргізетін «Тұтынушы» төлем құжаттарын «ЭЖҰ» есеп бөлімінен алады.

7.4. Жылу энергиясы үшін «Тұтынушымен» жүргізілетін төлем есептік шотқа немесе кассаға ақшалай қаражаттарды қосып қою жолымен немесе өзара міндеттемелер болса, өзара есеп арқылы жасалады.

7.5. «Тұтынушы» тоқсанына кемінде 1 рет осы Шарт бойынша өзара есепті салыстыруды жүргізу керек. «ЭЖҰ» салыстыру кесіміне қол қойған кезде үш айдан артық емес кезеңдегі келіспеушіліктерді ғана қарастырады.

7.6.Өз бетімен желілік суды бөлгенде, «Тұтынушы» өз бетімен жылуқолдану құрылғыларына қосылғанда, «Тұтынушымен» коммерциялық тіркеу аспаптары зақымдалғанда, тіркеу түйінінде орнатылған пломбалар болмағанда немесе бұзылғанда «ЭЖҰ»-мен акт жасалады және «Тұтынушымен» қолданылған жылу энергиясының көлемі екі еселік мөлшерде қайта есептеледі. Ыстық су бойынша қайта есептеу соңғы тексеру күнінен бастап, 12 айдан аспайтын кезең үшін, ал жылыту жүйелері үшін жылыту маусымының басынан өз бетімен қосылу анықталған сәтке дейін жүргізіледі. Акт «ЭЖҰ» өкілінің және «Тұтынушы» немесе оның өкілінің қойылған қолы болғанда жарамды болып саналады. Акт «Тұтынушының» немесе оның өкілінің қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бірақ оның «ЭЖҰ» және (немесе) кондоминимум басқару ұйымының құрамы үш адамнан кем емес комиссиясымен рәсімделу шартымен жарамды болып саналады. «Тұтынушының» Өз бетімен қосылу актісіне қол қоюдан бас тартуы оны бекітілген тәртіппен төлем жүргізуден босатпайды.

7.7. «ЭЖҰ» иелігіндегі жылу жүйелерінде «Тұтынушының» өтінімімен жоспардан тыс өшірулер жүргізу калькуляцияға сәйкес жеке төлем үшін жүргізіледі.

7.8. Осы Шарттың 4.7 т. бойынша өшірілген «Тұтынушыны» жылумен жабдықтау жүйесіне қосу, жылу энергиясы үшін қарызды толық өтеуден кейін, калькуляцияға сәйкес, қосымша төлем үшін кезекке қою тәртібімен жүзеге асырылады.

7.9. «ЭЖҰ» ҚР заңнамасымен бекітілген тәртіпте осы Шарттың 7 бөлімінде көрсетілген негіздер бойынша «Тұтынушыдан» төлемді өндіріп алуға құқықты.




8. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
8.1. «Тұтынушы» құқылы:

      1. осы Шартпен бекітілген көлемде және мерзімде сапасы бекітілген жылу энергиясын алуға;

8.1.2. жылу энергиясы толығымен жеткізілмеген жағдайда қайта есептеуді талап етуге;

8.1.3. мемлекеттік тізілімге сәйкес, аспаптың типін «ЭЖҰ»-мен келісу арқылы өздігінен немесе «ЭЖҰ»-мен жеке шарт жасау жолымен тіркеу аспаптарын орнатуға;



      1. қолданылған жылу энергиясы үшін есепшот алуға;

      1. «ЭЖҰ» мамандарынан жылу энергиясы төлемін есептеу бойынша түсініктемелер алуға;

      1. «ЭЖҰ» алдын-ала жазбаша рұқсатымен, сәйкес техникалық жағдайларды алғаннан кейін өз торабына субабоненттерді қосуға.

8.1.6. Шартты мерзімінен бұрын бұзуға немесе өшірудің техникалық мүмкіндігіне қарай жүктеменің бір бөлігінен бас тартуға. Соның өзінде «Тұтынушы» өз тораптарын және жылуқолданушы жабдықтарын сыртқы желіден («Тұтынушының» баланстық тиістілік шекарасында) тура және кері құбырларда қақпақша орнату немесе «Тұтынушы» жағындағы құбырлардың көзге көрінерлік ажырауын құру арқылы бір уақытта «ЭЖҰ» сенімді өкілімен бірге өшіру туралы актіні рәсімдеу жолымен өшіреді.


    1. «Тұтынушы» міндетті:

8.2.1. жылуэнергиясын қолдану кезінде қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтауға;

8.2.2. осы шарттың жағдайларының сақталуын, энергияны тұтыну тәртібін бақылау, жылу қондырғыларының техникалық жағдайын бақылау үшін тіркеу аспаптарын, жылумен жабдықтау жүйесін байқау, отын-энергетикалық қорлардың ұтымды және тиімді қолданылуын, сонымен қатар нормативті актілер мен өз құзіретінің шегіндегі құжаттардың сақталуын бақылау үшін «ЭЖҰ» сенімді өкілдерінің өзінің немесе өз тұтынушыларының аумағына тәуліктің кез-келген уақытында кедергісіз өтуін қамтамасыз ету.

8.2.3. Осы Шарттың 7 бөліміне сәйкес қолданылатын жылу энергиясы үшін уақытында, бекітілген мерзімде төлем жүргізуге;

8.2.4. Шартты бұзған кезде «Тұтынушы» босатылған жылу энергиясы бойынша қарызды салыстыруды жүргізіп, болған қарызды өтеуге;


      1. Оның қарауындағы жылуқолдану жүйесін техникалық жағынан дұрыс жағдайда ұстауға, жылу энергиясын үнемді шығындауға және жедел-диспетчерлік тәртіпті сақтауға;

      2. «ЭЖҰ»-мен орнатылған пломбалардың сақталуын қамтамасыз етуге, ал олардың шешілуін тек қана «ЭЖҰ» рұқсатымен жүзеге асыруға;

8.2.7. Жылуқолданатын қондырғыларды және жылу жүйелерін жылыту маусымына дайындау бойынша нормативті-техникалық құжаттамалардың талаптарын орындауға;

8.2.8. Желілік суды температуралық кестеге сәйкес, Шартпен бекітілген 5 % артық емес рұқсат етілген ауытқулармен қайтаруға, Шартпен қарастырылмаған кему мен су бөлуге жол бермеуге;



8.2.9. ҚР «Өлшеудің біркелкілігін қамтамасыз ету туралы» заңына сәйкес ҚР Мемстандартымен бекітілген мерзімде, өз есебінен тіркеу аспаптарын тексеруге;

8.2.10. ЭҰ иелігіндегі желілерді, Тұтынушы аумағында орнатылған тіркеу аспаптары мен энергиялық жабдықтарды қолданудың қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз етуге, сонымен қатар Тұтынушыда орнатылған энергияның берілуін басқару, бақылау және тіркеу жүйесінің техникалық құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;

8.2.11. Апаттар, өрттер, тіркеу аспаптарының істен шығуы, сонымен қатар энергияны қолдану кезінде туындаған басқа да бұзулар мен төтенше жағдайлар туралы ЭҰ-ға кешіктірмей хабарлауға; апаттық жағдайларда зақымдалған бөлімді немесе зақымдалған жабдықты желіден жедел өшіруге, өз күшімен және құралдарымен жедел жөндеуді қамтамасыз етуге, жылуқолдану жүйелерінің қатуына байланысты жылуқолданушы жабдықтардың жұмысқа қабілетті жағдайынан шығудың алдын-алу бойынша шаралар қолдануға.

8.2.12. Жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЭҰ өкілдерін шақыру арқылы, ысырмаларды пломбалау үшін жылу энергиясының берілуін тоқтату өтінімін ұсынуға.

8.2.13. Жылумен жабдықталатын объектіге (энергияны қабылдаушы құралға) құқығын жоғалтқаны туралы хабарлауға; жылумен жабдықталатын объект ретінде желіге қосылған және энергияны қабылдаушы құрал арқылы энергияны қолданатын, Тұтынушының аумақтық жекеленген объектісі (құрылыс, құрылыстың бөлігі, цех, алаң, кеңсе және т.б.) деп танылады;

8.2.14. Тұтынушының иелігіндегі желілерді жылумен жабдықтау жүйесінің қауіпсіз пайдаланылуы мен тиісті жағдайда болуы үшін жауаптыларды тағайындау арқылы, оқытылған қызметкерлермен қызмет көрсетуге.




    1. Тұтынушыға тыйым салынады:

      1. «ЭЖҰ» келісуінсіз жылу жүйелерін, инженерлік жабдықтарды және құрылғыларды қайтадан жабдықтауға, «ЭЖҰ» келісуінсіз жылыту аспаптарының қосымша секцияларын, реттеуші және тиектеу арматураларын орнатуға, қосуға және қолдануға, сонымен қатар қауіпсіз пайдалану мен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жабдықтар мен тұрмыстық аспаптарды қолдану мен қосуға;

      2. Егер «Тұтынушының» бөлмесі көп пәтерлі үйде орналасқан болса, жылыту аспаптарын қайта құруды және қосуды өз бетімен жүргізуге;

      3. Қолданыстағы жылу энергиясын тіркеу сұлбасын бұзуға;

      4. Жылыту жүйесіндегі жылутасымалдағышты тура мақсаты бойынша қолданбау (жылыту жүйесі мен аспаптарынан суды ағызу);

      5. «ЭЖҰ»-мен келіспей субабоненттерді қосуға.


    1. «Энергиямен жабдықтаушы ұйым» құқылы:

      1. Ұсынылған жылу энергиясы үшін төлемді уақытында және толық мөлшерде алуға;

      2. Жылу энергиясын қолдану мен төлемді бақылауға, «Тұтынушының» жылу жүйесіне кедергісіз өту рұқсатына ие болуға;

      3. Шартпен бекітілген мерзімде жылу энергиясы үшін төлем құжаты бойынша төлем жүргізілмеген жағдайда, «Тұтынушыға» жылу энергиясын беруді тоқтатуға дейін үш тәулік мерзімінде хабарлау арқылы біржақты түрде Шарттың орындалуын тоқтата тұруға;

      4. «ЭЖҰ» қажеттілікке байланысты біржақты түрде Шарттың нөмірін, оған жаңа нөмір беру және болған өзгерістер туралы Тұтынушыға міндетті түрде хабарлау арқылы өзгертуге құқығы бар.

    2. «Энергиямен жабдықтаушы ұйым» міндетті:

      1. «Тұтынушыға» сапасы нормативті-техникалық құжаттаманың міндетті талаптарына сәйкес келетін және осы Шарттың 4 бөлімімен қарастырылған көлемде жылыту және ыстық сумен жабдықтау қажеттіліктеріне арналған жылу энергиясын ұсынуға;

      2. «ЭЖҰ» мен «Тұтынушы» арасындағы жылумен жабдықтау желілерінің бөлу шекарасында осы Шарттың 4 бөлігіне сәйкес белгіленген шамаларды сақтауға.

      3. Тауарды мерзіміне сәйкес ұсыну:

        1. жылыту үшін жылу энергиясын жылыту маусымында;

        2. ыстық су қажеттіліктеріне арналған жылу энергиясын - тәулік бойы, жыл бойы, жоспарлы жөндеу, «ЭЖҰ» жабдықтары мен жылу жүйелерінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жағдайларынан басқа;

        3. техникалық жағдай бойынша (қазандық жабдықтарының минималды-мүмкін жүктемесінің шарттары бойынша жеткіліксіз жүктеме, ыстық сумен жабдықтау құбырларының, айналма жалғастырғыштардың болмауы және т.б.) жылыту маусымынан басқа кезеңде ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысы мүмкін емес «Тұтынушылар» үшін ыстық сумен жабдықтау тек қана жылыту маусымында жүргізіледі;

      4. Жылу энергиясы үшін тарифтер туралы «Тұтынушыға» БАҚ арқылы енгізуден бұрын 30 күн ішінде хабарлау;

      5. «Тұтынушыға» жеткізілетін жылу энергиясының сапасы мен көлемін бақылау мен тіркеуді жүргізу, жылу энергиясы сапасының бұзылуын жою және алдын алу бойынша уақытында шаралар қолдануға;

      6. «Тұтынушыға» жылу энергиясы үшін төлеу есепшотын ай сайын ұсынуға;

      7. Бекітілген температуралық кестеге сәйкес ( +,- 3% ауытқумен) жылу көзіндегі беру құбырындағы желілік судың орташа айлық температурасын сактауға.

      8. Жоспарлы жөндеу кезінде өшіруден үш күн бұрын жылу энергиясының берілуін тоқтату туралы «Тұтынушыға» ескерту. Тұтынушыны ескерту тәртібі осы шарттың 4.8 тармағында көрсетілген.

      9. Субабонент (жеке кіру немесе бақылау түйіні жоқ) болып табылатын «Тұтынушыға» «ЭЖҰ» қызметтердің саны мен сапасына қатысты өзіне жүктелген міндеттердің «Тұтынушы» - субонент қосылған «Тұтынушы» - абонентпен (жеке кіру немесе бақылау түйіні бар) бөлу шекарасында орындалуын қамтамасыз етеді.




  1. ТАРАПТАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ




    1. «ЭЖҰ» жылу жүйелеріне қосылған аумақтық жекеленген объектілері бар «Тұтынушы», жылыту жүйелері көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы жылыту жүйесінің бір бөлігі болып табылатын (дүкен, кеңсе және т.б.) ПИК немесе кондоминимум мүшесі – «Тұтынушының» объектісіне қызмет көрсететін басқа құзіретті ұйым жылыту маусымына дайындалу бойынша жұмыстарды 1 қыркүйектен кешіктірмей аяқтайды («Техникалық дайындық актісін рәсімдейді»).

    2. Техникалық дайындық актісіне сәйкес бірігіп жұмыстарды қабылдау үшін «ЭЖҰ» өкілін шақырту тегін. Осы жұмыстарды қайта қабылдау үшін «ЭЖҰ» өкілін шақырту кезекке тұру тәртібімен, қосымша шығындар калькуляциясына сәйкес қосымша төлем жасаудан кейін жүзеге асырылады.

    3. Жылу қолданушы қондырғыларды, жылу жүйелерін, жылыту аспаптарын іске қосу жылыту жүйелері көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы жылыту жүйесінің бір бөлігі болып табылатын (дүкен, кеңсе және т.б.) ПИК немесе кондоминимум мүшесі – «Тұтынушының» объектісіне қызмет көрсететін басқа құзіретті ұйым, «ЭЖҰ» жылу жүйелеріне қосылған аумақтық жекеленген объектілері бар «Тұтынушының» қызметкерлерімен осы Шарттың 4.1 т. сәйкес жүзеге асырылады. «ЭЖҰ» өкілі пломбаларды шешіп, Акт рәсімдейді. Өшіру (сонымен қатар «Тұтынушының қалауы бойынша) осыған ұқсас жүргізіледі.

    4. Актті жасау сәтінде «Тұтынушының» жауапты тұлғасының немесе құзіретті ұйымның болмауы «ЭЖҰ»-на оны рәсімдеуді (өшіру, қосу күнін) басқа күні басқа уақытқа ауыстыру құқығын береді. Осы жағдайда «Тұтынушы» калькуляцияға сәйкес, қайта келуге байланысты «ЭЖҰ» қосымша шығындарды өтейді.



10. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
10.1.ЭҰ баланстық тиістілікті айыру актісіне және тараптардың пайдаланушылық жауапкершілігіне сәйкес, Тұтынушы торабының шекарасына дейін энергияны жеткізу үшін жауапты.

10.2. «Тұтынушы» өзінің қарауындағы жылу қолдану жүйесінің техникалық жағдайы мен пайдаланылуы үшін жауапты.

10.3. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісті түрде орындамау жағдайларында кінәлі тарап ҚР АК 491, 9 б.б. сәйкес келтірілген нақты залалды өтеуге міндетті.

10.4. Жылу энергиясы үшін төлем кешіктірілген жағдайда «Тұтынушы» төленбеген соманы кешіктірген әрбір күнтізбелік күн үшін есептелетін - 0,3% мөлшердегі тұрақсыздық айыбын (төлемақы өсімін) «ЭЖҰ»-ға төлейді. Төлемақы өсімін есептеу мерзімінің басталуы болып есептік айдан кейінгі айдың 26 күні болып табылады.

10.5. Тараптар ҚР Азаматтық кодексінің 282 бабының 2 тармағына сәйкес Тұтынушының ақшалай міндеттемелерін орындау үшiн жеткiлiксiз төленген төлемнiң сомасы ең алдымен «ЭЖҰ» орындау жөнiндегi шығындарын, сонан соң тұрақсыздық айыбы (төлемақы өсімі) мен сыйақыны (мүдденi), ал қалған бөлiгiнде - борыштың негiзгi сомасын өтейтінімен келіседі.

10.6. 7.2 т. сәйкес жылу энергиясы үшін төлем жасалмағанда «ЭЖҰ»-мен жылу энергиясын беруді тоқтату немесе шектеуге дейін кемінде үш тәуліктен бұрын алдын ала ескерту арқылы, «Тұтынушыға» жылу энергиясын босату толығымен немесе ішінара тоқтатылу мүмкін. «ЭЖҰ» жылу энергиясын беруді тоқтату нәтижесіндегі туындауы мүмкін залалдар немесе салдар үшін жауап бермейді.

10.7. Өз бетімен жылу энергиясын қосу немесе пайдалану болып саналады:

10.7.1.Сәйкес акт жасау сәтінен кейін келесі жағдайларда:

- объектілерді немесе жылу қолдану жүйелерін жарамсыздығынан (жиынтықта болмауынан), енгізу (қосу) түйінінде тиектеу арматураларының болмау себебінен өшірудің мүмкін еместігі.

- тұтынушының пломбалардың («Тұтынушының» баланстық тиістілік шекарасында орналасқан өшірілген тиектеу арматураларында) сақталуын қамтамасыз ету үшін қабылдаудан бас тартуы.

- «ЭЖҰ» өкілдерін «Тұтынушының» баланстық тиістілік шекарасында орналасқан БЖТ (жылу кіруіне, біріктірулерге, тиектеу арматураларына) жібермеу.

10.7.2. Ыстық сумен жабдықтау жүйелеріне пломбаларды орнату сәтінен бастап:

- оларды «ЭЖҰ»-ның жазбаша келісуінсіз шешу кезінде, бірақ талап қою мерзімінен артық емес;

10.7.3. Жылыту және желдету жүйелері үшін жылыту маусымының басынан (немеес өшіру күнінен бастап):

- «ЭЖҰ» жазбаша келісуінсіз пломбаларды шешу

- 4.1., 8.2.8.т. бұзу арқылы қосылу кезінде

10.8. Жылу энергиясын ұрлау болып танылады:

- жылу қолдану қондырғыларын «ЭЖҰ» желілеріне өз бетімен қосу, тіркеу аспаптарын басқа жерге өз бетімен көшіру.

- жылу энергиясын тіркеу сұлбасын өзгерту, тіркеу аспаптарынан басқа жылу қолданушы қондырғыларды біріктіру.

- шартпен қарастырылған максималды жылу жүктемені өз бетімен арттыру.

- тіркеу аспаптарын зақымдау, пломбаларды жұлу, тіркеу аспаптарының көрсеткіштерін төмендететін құралдарды қолдану.

10.9. Ыстық сумен жабдықтау жүйелеріндегі жылутасымалдағыш көрсеткіштерін азайту және (немесе) «Тұтынушының» бөлмелерінде есептік температураға жетпеу келесі жағдайларда «ЭЖҰ»-ға шағым ұсынуға негіз болмайды:

- пайдаланылатын жылу жабдықтау жүйелерін маусымдық өшіру (қосу) жүргізілгенде, жаңаларын қосқанда, сонымен қатар жөндеуден кейін (жылыту маусымы ішінде 21 күннен артық емес).

- жылу энергиясы біртипті тіркеу нүктелерімен, жылыту аспаптарымен, тіреулермен және т.с.с жылу энергиясының тең мөлшерде таралмағанда.

- құрылыстар мен ғимараттардың жылу пішінінің нашар жағдайында.

- жылыту маусымының басында «Тұтынушыға» берілетін «Дайындық актісінде» көрсетілетін жылыту аспаптары мен ішкі жылыту жүйесіндегі гидропневматикалық шаю жүргізілмесе немесе сапасыз орындалса.

- жылыту маусымының басындағы жөндеуден кейін ішкі жылыту жүйелері баптауының болмауы.

- қыздыру аспаптарының беті мен жылумен жабдықтау жүйелерінің жобаға сәйкес келмеуі.



11. БАСҚА ЖАҒДАЙЛАР

11.1. «ЭЖҰ» өкілі «Тұтынушының» барлық жылу қолданушы қондырғыларына және жылу энергиясы мен жылутасымалдағыштарды тіркеудің коммерциялық аспаптарына тәуліктің кез-келген уақытында бөгетсіз кіре алады.

11.2. Ұйымның атауы, мекен-жайы немесе банк деректемелері, ведомстволық қарастылық немесе меншік нысаны өзгерген жағдайда, тарату (банкроттық) процессінің, қайта ұйымдастырудың басталуы туралы, жылумен жабдықтау сұрақтары бойынша жауапты сенімді тұлғаның өзгеруі туралы «Тұтынушы» «ЭЖҰ»-ға 7 күнтізбелік күн ішінде хабарлау керек.

11.3. Шарттан шығатын және онымен реттелмеген тараптардың қарым-қатынасы ҚР қолданыстағы Заңнамасымен белгіленеді.

11.4 «Тұтынушы» - жылумен жабдықтау объектісінде Мемлекеттік сатып алулар туралы шарт, Мердігерлік шарт және кез-келген басқа шарттар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу құқығына берілген рұқсатқа сәйкес, осы Шарттың 14.1 т. Көрсетілген мерзімде әрлеу және басқа да жұмыстар жүргізуші, «ЭЖҰ»-ға ұсынуға міндетті:

- объектіні пайдалануға қабылдау туралы Мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесі.

- Желілердің баланстық тиістілігін және тараптардың пайдаланушылық жауапкершілігін айыру актісіне сәйкес «Тұтынушының» балансындағы жылу трассасын қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі;

- тұрып жатқандардың саны көрсетілген сатылған бөлмелердің (пәтерлердің) иелерінің тізімі;

- әділет ұйымдарының белгісі бар бөлме иеленушілердің құқығын растайтын құжаттар (сатып алу-сату шарты), пәтер жоспары (ауданы көрсетілген).

- жылжымайтын мүлікке иелену және онымен келісім жасау құқығын тіркеу туралы заңнамаға сәйкес, кондоминимум объектісін тіркеуді растайтын

- үйішілік жүйеге техникалық қызмет көрсету бойынша, қызметтің осы түрін көрсетуге құқығы бар ұйыммен шарт жасау үшін бөлме (пәтер) иеленушілерімен сенім білдірілген тұлға.
12. ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ

12.1. Тараптар шартты орындау сұрақтары бойынша келісімге келмесе, дауларды шешу қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Осы Шарт бойынша сотта қаралуға тиісті аумақ - Өскемен қ.

12.2. «ЭЖҰ» мен «Тұтынушы» арасында келіспеушіліктер туындаған кезде өз құзіретінің шегінде сараптық бағалауды Мемлекеттік энергетикалық қадағалау ұйымы жүзеге асырады.

13. ФОРС-МАЖОР

13.1. Тараптардың бірі осы шарт бойынша міндеттемелерін дүлей апаттардың салдарынан жартылай немесе толық орындай алмаса, бұл Тарап екінші Тарапты 5 күннің ішінде жазбаша түрде хабардар етуге тиісті.

13.2. Форс-мажорлық жағдайларға жататындар: өрт, тасқын, жер сілкінісі және басқа да күтпеген апаттар: соғыс, тараптардың еркінен тыс апаттар, үкіметтің шешімдері, егер жағдайлар осы Шарттың орындалуына тура әсер ететін болса, Шарттың жағдайларын орындауға бөгет жасайтын болса. Форс-мажорлық жағдайлар кеңейтілген түсіндірмеге ие болмайды.

13.3 Дүлей күштердің әрекет ету уақытында, тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан, осы жағдайлардың әрекет ету кезеңінде жартылай немесе толығымен босатылады.

13.4 Екі Тараптың бірі форс-мажор жағдайының орын алуымен келіспейтін болса, осындай жағдайдың пайда болуын дәлелдеу міндеті форс-мажор жағдайы болғанын мәлімдеген тарапқа жүктеледі. Тиісті құзіретті ұйыммен берілген құжат форс-мажорлық жағдайдың орын алуы мен әрекет ету ұзақтығын растайды.

13.5 Форс-мажорлық жағдайлардың аяқталуынан кейін Шарт жағдайлары толық көлемде қалпына келтіріледі.



14. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ
14.1. Осы шарт "__"________ 20__ ж. бастап "__"________ 20__ ж. дейінгі мерзімге, ал "Тараптардың" өзара есеп айырысу және өзге де міндеттемелерді орындау бөлігінде келісім-шарт толық орындалғанға дейінгі мерзімге жасалады.

Мемлекеттік сатып алулар туралы шартқа, Мердігерлік шартына және кез келген басқа Шартқа сәйкес құрылыс-монтаж, әрлеу және тағы сол сияқты жұмыстарды жүргізетін «Тұтынушы» үшін – Шарттың 11.4 тармағы осы «Тұтынушымен» толық көлемде орындалуына дейін, Шарт ұзартылған болып саналады.

Жылыту жүйесі көппәтерлі үйдің жалпы жылыту жүйесінің бір бөлігі болып табылатын кондоминимум мүшесі – «Тұтынушы» үшін шарт жыл сайын ұзартылған болып саналады, егер шарттың қолданыс мерзімінің аяқталуына дейін бір ай бұрын тараптардың біреуінен осы шарттан бас тарту немесе оны қайта қарау туралы өтінім болмаса.
14.2. осы Шартты жасау сәтінен бастап барлық бұрынғы хат жазысулар, осы шарттың мәні болып табылатын сұрақтар бойынша келіссөздер мен құжаттар күшін жоғалтады.

14.3. Тараптардың бірімен қол қойылған, Шартқа енгізілетін өзгерістер, түзетулер және толықтырулар үйлеспеушілік хаттамасын толтыру жолымен жүзеге асырылады.

Осы Шартты өзгерту бойынша оферталар 30 күндік мерзімде қарастырылады.

14.4. Екі тараппен қол қойылған Шартқа енгізілген кез-келген өзгерістер немесе толықтырулар тараптардың әрқайсысының Сенімді өкілдерімен қол қойылып, жазбаша түрде жасалған және қажетті рұқсаттар болған (егер бұл Заң бойынша талап етілсе және тараптардың келісуімен анықталса) жағдайда ғана заңдық күшке ие болады.

Жазбаша түрде қосымша келісім жасау және (немесе) үйлеспеушілік хаттамасын толтырудан басқа жолмен Шарттың мәтініне енгізілген түзетулер, өзгерістер немесе толықтырулар заңды емес болып саналады.

14.5. «Тұтынушы» «ЭЖҰ»-ға жылу энергиясын болжамды қолданылу және күтілетін максималды жүктеме туралы (айлық және тоқсандық бөлумен) есеп-өтінімін жыл сайын 1 қазанға дейінгі мерзімде ұсынады.

14.6. осы Шартты бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

14.7. Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатындар:

- Жылу қолдану және ыстық судың жылдық таратылуы - Қосымша №1;

- 2011ж. «09» желтоқсандағы жылу жүктемелерінің есебі - Қосымша №2;

- Тараптардың пайдаланушылық жауаупкершілігі мен желілердің баланстық тиістілігін айыру актісі - Қосымша №3 (Жылыту жүйесі көппәтерлі үйдің жалпы жылыту жүйесінің бір бөлігі болып табылатын және жеке басқару түйіні жоқ бөлме иеленушісі – «Тұтынушыға» Қосымша №3 «ЭЖҰ» берілмейді);

- Жылу энергиясын жеткізу бойынша қызметтерді төлеудің жылдық сомасы Қосымша №4 (Тек қана Мемлекеттік мекемелерге «ЭЖҰ» беріледі).

14.8. «ЭЖҰ»-мен тұрақты байланыс және жылу энергиясын босатуға байланысты әр түрлі сұрақтарды келісу үшін «Тұтынушы» өзінің жауапты сенімді өкілі ________________________________ тұлғасында тағайындайды, тел_______________.

14.9. Осы Шарт бірдей заңдық күшке ие болатын 2 данада жасалады, бір данасы «ЭЖҰ»-да, екіншісі «Тұтынушыда» болады.



15. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ

«ЭЖҰ»: «Өскемен жылу жүйелері» АҚ

070004 Өскемен қ., М.Горький к.61, тел. 26-95-43/26-83-62, факс 26-93-43

тел. 26-96-66 (шарт жасау), 26-42-11 (БӨА), 26-96-34, 26-50-73 (есеп бөлімі)

БСН 970340000020 ЖСК KZ56319B010000333431 БСК ABKZKZKX

«Bank RBK» АҚ КБЕ 16
«Тұтынушы»: ______________________________________________________________
«Энергиямен жабдықтаушы ұйым» «Тұтынушы»

Қолы: _____________ Қолы: __________________




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет