Рефераты қызылорда, 2012ж



жүктеу 425.95 Kb.
бет1/3
Дата19.10.2017
өлшемі425.95 Kb.
түріРеферат
  1   2   3

ӘОЖ 72:347.787:330.59 (574.54) Қолжазба құқығында

ӘБДІРАХМАНОВА ГҮЛЖАУҺАР ЖАЛҒАСБАЙҚЫЗЫ

Сыр еліндегі тарихи-сәулет мұраларын дәуірлеудің әдістемелік жаңаша пайымы (Қызылорда облысының материалдары бойынша)


6М011400 - Тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының


РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012ж.


Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Тарих және тарихты оқыту әдістемесі» кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші: тарих ғылымдарының кадидаты

Мыңжасов Н.К.

Ресми оппонент: тарих ғылымдарының докторы,

профессор Жолдасбайұлы С.


Диссертация 2012 жылы «___ » сағат ___ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді (Мекен-жайы 120008, Қызылорда қаласы, Тарих және құқық факультеті, №1 оқу ғимараты, № дәрісхана)

Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сыр еліндегі тарихи-сәулет мұраларын дәуірлеу жұмысы адамзат тарихында ескінің көне заттай дерек көзі ретінде ерекше маңызға ие. Тарихи-сәулет мұралары ең алдымен материалдық өндірістің орналасуы мен сол өндірісті жасаушы адамдардың қоныстануының бір формасы бола отырып, экономикалық дамудың, мәдени және әлеуметтік қатынастардың сипатты белгілерінің көрсеткіші болып та есептеледі.

Сыр еліндегі тарихи-сәулет ескерткіштері заман талабына сай, әр тарихи оқиғалардың тәуелділігіне орайланып өзгеріп отырған. Оның бір дәлелі рухани білім беру мақсатында салынған діни мешіт-медреселердің бой көтеруі.

ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда ислам діні Азия, Африка және Еуропаның да біраз жерлеріне тарап үлгерді. Бірте-бірте жаңа дін Мәуреннаһр деп аталған Орта Азия өлкесіне де жетті. Сөйтіп, ислам ІХ-Х ғасырларда сүннеттік бағытта түркілер әлемінде де нығаюмен қатар, мұнда да мешіттер салынып, медреселердің де іргетасы қаланды.

Сыр бойы Қазақстан жеріндегі көне өркениет іздері мол сақталған өлкенің бірі. Антикалық грек-рим тарихшылары мен саяхатшылары Яксарт, ортағасырлық араб жазбаларында Сейхун деп атаған Сырдария бойы тас ғасырынан бері тіршілік үзілмей келе жатқан құтты өлке. Көне ескерткіштер туралы алғашқы деректер де сол антикалық жазбалардан кездеседі. Дегенмен ғылыми ізденістер, зерттеулер біздің заманымыздың ХҮІІІ ғасыры үлесіне тиді. Көптеген ескерткіштердің орналасқан жері, көлемі, тіршілік еткен уақыты туралы И.Гладышев, Д.В.Муравин, С.Ремезов, П.Рычков, А.И.Левшин, И.Кастанье түрлі мәліметтер берді. Ал археологиялық зерттеуді 1867 жылы П.И.Лерх Жанкент қала жұртынан бастайды. Кең көлемді, жан-жақты нағыз ғылыми қазба жұмыстары 1946 жылдан басталды деуге болады.

Сырдария мен Әмударияның бойын профессор С.П.Толстов басқарған Хорезм археологиялық-этнографиялық кешенді экспедициясы ұзақ ұзақ уақыт зерттеді. Нәтижесінде жүзден аса өте құнды қалалар мен қоныс орны, қорымдар, тас дәуірінің тұрақтары қазылып зерттелді. [1.90]

Қазақстан Республикасы 1991 жылы егемендік пен тәуелсіздікті алуына байланысты қоғамдық сана-сезімнің оянуы қазақ халқының шынайы тарихына, оның этногенезіне, рухани және материалдық құндылығына аса маңызды қызығушылық тудырып отыр. Осымен байланысты, Қазақстанда қолдағы бар сәулет пен қала құрылысының тарихи мұраларын зерттемейінше, қазақ халқының тарихи мәдени мұрасын зерттеудің біртұтас жүйесі толық болмайтынына ерекше назар аудару керек.

Сәулет өнері рухани және материалдық құндылықтардың жинағы мен нәтижесі болып табыла отырып, жалпы адами мәдениеттің маңызды құраушысы ретінде қызмет етеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының негізінде Қазақстан Үкіметінің сол жылғы 5 қыркүйектегі нөмірі 903 қаулысымен бекітілген Мәдени мұра 2004-2006 жылдарға араналған мемлекеттік бағдарламасында» осы салаға арнап нақты міндеттер жүктелген және оны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі көрсетілген.

Біріншіден, елдің маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін зеттеу, зерделеу, қайта қалпына келтіру және сақтап қалудың, оларды тиімді пайдаланудың тұтастай жүйесін құру.

Екіншіден, ескерткіштерді қалпына келтіру ұйымдарының қызметіне бірыңғай басшылықты қамтамасыз ету, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау саласында бекітілген бағдарламалар мен жобаларды іске асыру міндетіне кіретін тарихи-мәдени мұраны қорғау, сақтап қалу, жаңғырту жөнінде республикада ұтымды құрылымды құру.

Осы бағдарламаның нәтижесінде тарихи құндылықтар мен жазба негіздерден бөлек көптеген сәулет ескерткіштер, қалалар, мен басқа да сәулет-қалақұрылыстық нысандардың орны қазылып алынды.

Орта ғасырлық тарихи және географиялық әдебиеттер мен төңкеріске дейінгі және қазіргі ғалымдардың зеттеулерінің мәліметтері бойынша Қазақстан аймағында жүздеген ежелгі және орта ғасырлық қалалар, қоныстар, мыңдаған сәулеттік ескерткіштер анықталған.

Кеңестер Одағы тұсында тарихи ескерткіштерді «жылжитын» және «жылжымайтын» деп бөліп қарастырған. «Жылжитынға» - бейнелеу, мүсін өнерінің үлгілері, ал «жылжымайтынға» - тарихи, археологиялық, сәулет және қала құрылысы мен монументальді өнер туындылары жатқызылған.

Сәулет құрылыстарының ең алғаш рет тарихи ескерткіш ретінде ғана емес, көркемөнер тұрғысында да бағалаған жарлықта 222 жылы император Александр Север шығарды. Соңынан, ІV ғасырда Византия императоры Ұлы Константин көне құрылыстарды бұзбақ түгілі олардың сыртын сәндеген бөлшектрін сырып алуға да тыйым салды. Сәулет өнері ескерткіштеріне деген нағыз қамқорлық Рим императоры Майорианның (558ж.) арнайы жарлығынан байқалады – бұл ресми құжатта сәулет ескерткіштері қала даңқын арттырып қана қоймай, оның сәнін де кіргізілетін болғандықтан, оларды сақтау қажеттігі алғаш рет мойындалады.

«Архитектура – ол да әлем жылнамасы, ол әндер мен аңыздар ұмытылып, жойылып кеткен ел туралы еш нәрсе айтпайтын кез де де сөйлей біледі» деген Н.В.Гоголь («Арабески»)

Сәулет – өнері бұл барша адамзат тарихы мен өмірінің бір бөлігі, ол есте жоқ ескі замандардан бері адамзат пен бірге жасап келеді. Архитектор – латынның «архитектон» деген сөзінен алынған атау. Алғашқы мән-мағынасында іс жүзінде әлдеқайда бір жаңа кәсіптің, оның ішінде құрылыс өнерінің бас шебері деген ұғымды білдіреді.

Сәулет өнерінің мақсаты – кеңістіктегі ортада адам өмірі мен қызметін материалдық құрылым құрылыс конструкциялары арқылы ұйымдастырып, іске асыру.

Сәулет туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнкрі – техниканың, ғылымның, өнердің тоғысқан жері.

Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды.

Көне заманғы ақпарат пен Қытай деректеріне жүгенсек, даланы тұрақтаған малшылардың өз қалалары болды. Сырдария алқабында отырықшыл қоныс мекендерінің ең ірісі – Шірік-Рабат. Бекініс қабырғаларының ортасында, түрлі киіз үйге ұқсас дөңгелек ғимараттардың қалдықтары сақталған. Сақтардың уақытында Сырдария өзенінің алқабында пайда болған ірі қоныстардың бірі – Күйікқала.

Қазіргі Қазақстан территориясы екі ежелгі мәдениеттің тоғысқан жерінде орналасқан – көшпенді және отырықшыл. Олар көптеген ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келген, үздік материалды және рухани жетістіктермен бөліскен. Бұл жерде көп халықтар, ежелгі өркениеттер мәдени ескерткіштері пайда болған.

Қазақстандағы 25 мың тіркелген ескерткіштер арасында алғашқы адамдардың тұрақтары, мыңдаға жылдар бойғы тарихы бар қалалар бар. Осы мыңдаға археологиялық куәліктер арасында ежелгі, ортағасырлық, шығыс сәулет өнерінің құнды қазынасы жатыр. Қызылорда облысындағы б.з.д. IV-II ғғ Баланды-II ескерткіші - кірпіштен жасалған әлемдегі алғашқы күмбездердің бірі. Ал енді осы тарихи-сәулет мұраларын кезеңдерге бөлу мәселесіне тоқталар болсақ, Қазақ энциклопедиясының 4-томында «кезең», период (грек. perіodos – айналып өту, айналып оралу, белгілі-бір уақыт ауқымы) – белгілі бір аяқталған оқиға барысын қамтитын мерзім, қайсыбір геологиялық, әлеуметтік процесс жүзеге асырылатын, қалыптасатын уақыт аралығы. “Кезең” ұғымы әр түрлі салаға қатысты қолданылады. Тарихи кезең – тарихи немесе әлеуметтік процестердің басталуынан аяқталуына дейінгі белестік уақыт аралығы. Адамзат қоғамының дамуын кезеңдерге, дәуірлерге бөлуге ежелгі дәуірде-ақ талпыныс жасалған. Бірақ олардың көпшілігіне біржақтылық, шарттылық сипаттар тән болып қалып отыр. Адамзат қоғамының даму тарихын дәуірлерге (ежелгі дәуір, орта ғасырлар, жаңа дәуір) бөліп қарастыру жүйесі орныққан. Ал “кезең” деп, көбінесе, жалпы адамзат тарихындағы немесе жеке ел тарихындағы белгілі бір әлеум. процесс басым көрініс тапқан мерзімді атайды.

Ел территориясында қазақ халқының және осы территориядағы оның алдында жасаған, әртүрлі тарихи кезеңдеріне жататын монументалды архитектураның бірталай ескерткіштері сақталған. Өзінің бұрынғылардың мәдени мұраларын пайдалана отырып, қазақ халқы музыка, ауыз әдебиеті және ісмерлік өнері саласындағы өздерінің тамаша шығармаларымен қатар, көп ғасырлар ішінде қалыптанған құрылыс істерінің тәжірибесі нәтижесінде сәулет өнерінің өзгеше үлгілерін жасап, онда құрылыс тәсілдерін, архитектуралық көркемдік құралдарын бейнеледі.

Сонымен қатар сәулет ескерткіштері де сол елдің ішкі және сыртқы саясатының жүргізілу ыңғайына қарай өзгеріп отырды. Олар көп жағдайда діни сенімдерге байланысты болды. Қазақ халқы (және арғы бабалары – ежелгі түркілер) өздерінің табиғи наным-сенімі Тәңірге сенушілікті ұстанғанымен де ХІІІ ғасырда ислам дінінің таралуы, ХҮІІІ ғасырда басқа діндегі Ресей патшалығының жаулауы мен ХХ ғасырда атеистік Кеңес үкіметінің қол астында болуы халықтың рухани өмірінде, оның ішінде наным-сенімдері, ырымдары мен белгілі-бір жағдайларға қатысты орындайтын салт-жоралғыларына өз әсерін тигізген. [2. 102] Бұған кезінде ата-баба моласының басына салынған кесенелерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, зиярат етіп отыру дәлел бола алады.

Сәулет өнерінің даму барысы қоғамның әлеуметтік-экономикалық саяси өмірінен хабар береді. Сондықтан сәулет пен құрылыс өнері әлеуметтік-саяси басқаруда мәдениеттің даму бағыттарымен тығыз байланысты болып келеді.

Зерттеу жұмысының нысаны. Сыр еліндегі тарихи-сәулет мұраларын дәуірлеу.

Зерттеу пәні. Сыр еліндегі тарихи-сәулет мұраларын жөніндегі ғылыми-көпшілік мақалалары. Тарихи-сәулет мұраларын зерттеушілердің дәуірлеу мәселесі бойынша келтірген деректері.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ұсынылып отырған зерттеудің басты мақсаты – облыс аумағындағы тарихи мұраларды сараптай отырып, Сыр еліндегі тарихи-сәулет мұраларын дәуірлеудің жаңаша пайымын көрсету. Тарихи мұраларды бүгінгі күн талабына сай зерделеу. Осы мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысына төмендегі нақты міндеттер алға қойылды:

- Сыр бойындағы тарихы-сәулет мұраларын дәуірлеу;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 204 жылғы “Мәдени мұра” бағдарламасына сәйкес, көне ескерткіштермен тарихи-мәдени мұраларды зерделеуге өз үлесімді қосу;

- халықтың орасан мол мәдени мұрасын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау;

- ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерді жаңаша пайыммен кезеңдерге бөлу;

- ата-бабамыздың тарихын кейінгі ұрпаққа барынша нақты, шынайы түрде жеткізу;

- тарихи-сәулет мұраларын дәуірлерге бөлу;

- өңірдегі ескерткіштердің кезеңдестірілуін, хронологиясын соңғы кездегі ғылыми айналымға кірген материалдар негізінде бүгінгі ұстанымдар арқылы жаңаша қарастыру.

- тарихи-сәулет мұралары туралы материалдарды жүйелеу, сараптау.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Сыр елінде орналасқан сәулет өнерінің ерте дәуірден бастап, орта ғасыр және қазіргі заман уақыт аралығын қамтиды.

Зерттеудің теориясы және әдістемелік негіздері: Зеттеу еңбегіндегі қаралған мәселелер, ондағы ғылыми тұжырымдар, жинақталған мәліметтер, деректер, қорытындылар мен ұсыныстар Сыр елінің мұраларына қатысты жайларды тереңірек зеттеуге жол ашады.

Зерттеу жұмысының метедологиялық ұстанымы обьективтілік, жүйелілік және тарихилық принциптерге негізделген.

Зерттеу жұмысында сипаттау, тарихи сараптамалы талдау жасау, деректанулық талдау, жинақтау, түсіндірмелі баяндау, тарихи құбылыстарды бағалау және т.б. әдістер қолданылды.

Диссертациялық жұмыстың зерттелу деңгейі:

Бүкіл Орта Азия мен Қазақстан сияқты, Арал теңізі, Әмудария мен Сырдария жайлы алғашқы мәліметтер арабтар, гректер, монғолдар мен жоңғарлардың шапқыншылық жорықтары барысында жинақталған. Ресейде Бірінші Петрдің кезінде Қазақстан мен Орта Азияның табиғи-географиялық жағдайын зерттеуге күш салынды. Әсіресе, Қазақстан Ресейге бодан болғаннан кейін, Арал теңізі мен Сырдария өзенінің бассейні ғылыми зерттеу обьектісіне айналды. Осы мақстта 1735 жылы Орынбор қаласының негізі салынып, ол Арал теңізін, Сыр бойын зерттеуде үлкен роль атқарды. Ал, құрылыс өнері саласындағы халық шығармаларының осы бай мұрасы Қазақстанның түрі ұлттық мазмұны кеңестік архитектураны жасау ісіндегі негізгілердің бірі болып табылады. Революцияға дейінгі қазақ халқының архитектура мұрасына арналған И.А.Кастаньеннің еңбегін ғана. Ал Кастанье еңбегінің едәуір деректері П.И.Рычковтың, П.С.Палластың, А.Левшиннің, В.В.Григорьевтің, Л.Габердовскийдің, Г.И.Пашиноның, П.Лерхтің, В.В.Бартольдтің, В.В.Радловтың, Н.И.Пантусовтың және басқалардың еңбектерінде бытыраңқы түрінде кездесіп отырады.

Тек революциядан кейін ғана Қазақстан территориясын тарихи-археологиялық тұрғыдан зерттеу ісі белгілі жоспармен жүргізілген кезде ғана бұл ескерткіштерге тиісті көңіл аударылды. Қазақстанның өткендегі материалдық мәдени ескерткіштері, оның ішінде архитектура ескерткіштерін зерттеу ісіне кеңес ғалымдары А.Ю.Якубовский, М.Е.Массон, С.П.Толстов, Ә.Х.Марғұлан, А.Н.Бернштам, С.И.Руденко және басқалар бағалы үлес қосты. Әсіресе, соғыстан кейінгі дәуірде бұл салада ғылыми-зерттеу жұмысы кең өріс алды.

Шірік Рабат қала қорымын алғаш рет П.И.Лерх сипаттап жазды. 1948-1949 жылдар мен 1957-1958 жылдары С.П.Толстов жетекшілік еткен Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы алғашқы қазба жұмыстарын жүргізді. 1966 жылы КСРО ҒА маршрутты

2004 жылы бастау алған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында Шірік Рабат археологиялық экспедициясы құрылып (жетекшісі Ж.Құрманқұлов), ескерткіштегі әр кезеңді қамтитын бірнеше нысанға қазба жүргізіп келеді. Ә.Марғұланның бастамасымен барлау және және қазба жұмыстары жүргізілген көптеген ескерткіштерде қазіргі уақытта мемлекеттік бағдарлама бойынша қазба жұмыстары жалғасын табуда. Олар тас дәуірінің тұрақтары, ерте темір дәуірінің қорғандары, ежелгі және орта ғасырлық елді мекендер мен қалалар. Орта ғасырлық ескерткіштерге археологиялық зерттеулер жүргізу арқылы сол уақыттағы халықтардың тыныс-тіршілігінен, сол уақыттың мәдени және саяси өмірінен мол мағұлматтар аламыз. Отандық ғылымда Ә. Марғұланның орта ғасырлық ескерткіштерді зерттеуде алар орны ерекше. [3.12]

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Жұмыстың деректік негізін – археологиялық зерттеулер мен жарияланған ғылыми еңбектер мен мақалалар құрайды. Сонымен қатар Қызылорда облысының мәдениет басқармасының Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің материалдары мен құжаттары пайдаланылды.

Зерттеу барысында жинақталған материалдар еңбектің құндылығын ашуға көмектеседі және зерттеудің өзегі болып табылады.

Деректік мағлұматтар қатарында энциклопедиялық басылымдарда, биографиялық анықтамаларда жарияланған мақалалар тобы қамтылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Сыр елінің тарихи-сәулет мұраларын сараптап, дәуірлерге бөлуді зерделеу қазіргі заман талабына сай кешенді түрде талданды.

Зерттеу жұмысының мынадай ғылыми жаңалықтарын көрсетуге болады:



  • Сыр елінің тарихи-сәулет мұраларының дауын кезеңдерге бөлу;

  • Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ел ішіндегі тарихи-сәулет ескерткіштерді зерделеу ісінің дамуы;

  • «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерін саралау;

  • Халықтың әлеуметтік, діни сенім, тұрмыстық даму шеңберінде материалдық мәдениетінің өзгерістерге ұшыраған тұстарын ашу.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:

Зерттеу жұмысы кезінде тарихи тұжырымның нақты дәлелі ретінде тарихшы ғалымдар мен кәсіби тарихшылардың зерттеу еңбектеріне сүйендім. Мысалы, академик Ә.Х.Марғұланның «Қазақстанның сәулет тарихы» монографиясы құрылыс және сәулет эволюциясына арналған шығармалар жинағында «Қазақ сәулетшілігінің тарихы ежелгі керуен жолының бағытымен байланысты. Оңтүстік және Орталық Қазақстанда, Каспий өңірі даласында және Маңғыстауда көптеген тамаша ежелгі ескерткіштер сақталған. Бұл жерлерді Қазақстан сәулет тарихының ірі мұражайы деп атауға болады. Сәулет ескерткіштері орналасқан жерлерде қазақ тайпалары өмір сүрген: ... Сырдария өзенінің аңғарында – қыпшақтар» дейді. [4.7] Ал тарихи ескерткіштерді кезеңге бөлу мәселесінде тарих ғылымдарының кандидаты Сағат Тайманның Қазақ таихы журналының 2006 жылдың сәуір айында жарық көрген «Сыр өңірінің тарихи ескерткіштері» атты мақаласында дәуірлерді төмендегідей бөледі: 1) Тас және қола дәуір ескерткіштері 2) Ежелгі сақ-сармат дәуіт ескеткіштері 3) Құшан-қаңлы мәдениеті ескерткіштері 4) Оғыз-қыпшақ кезеңі 5) кейінгі орта ғасырлар ескеркіші 6) Діни ескерткіштер 7) Патшалық Ресей құрамындағы Қазақстан кезеңіндегі ескерткіштер 8) Кеңестік дәуір ескерткіштері. [5.11-12]

Келесі кезекте ұлт тарихын дәуірлеу мәселесін Омарұлы Бауыржанның 2011 жылы Қазақпарат баспасынан жарық көрген «Жүрек көзі» еңбегінде тарих ғылымдарының докторы Х.Әбжановтан алған сұхбаты барысында баяндалады. Мұнда, тарихшы дәуірлеу мәселесіне байланыста мынадай ой білдірген: - Кезінде Мұхамеджан Тынышбаев отан тарихын «Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі кезең», «Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі кезең» деп екі-ақ дәуірге бөлген. С.Асфендияров «Ресейге бодан болғанға дейінгі кезең», «Ресейдің боданы болған кезең», «Кеңестік дәуір» деп үш дәуірге жүктеді. Е.Бекмаханов әрбір қоғамдық формацияны өз алдына бір дәуір деп бағалады. Кешегі Кеңес үкіметі құлағанша біз сол Бекмаханов негіздеп берген дәуірлеуін басшылыққа алдық. Кейін М.Қозыбаев этникалық-тайпалық белгілер бойынша тоғыз дәуірге бөлді. Сақ дәуірі, үйсін дәуірі, Монғол дәуірі деген сияқты. Осы дәуірлеу мәселесіне қазір жаңаша көзқараспен қарауымыз керек, - делінген.[6.253] Осындай ой тұжырымдардың негізінде қалыптасқан тарихи материалдық мәдениетті тарихи даму кезеңдеріне қарай топтастыру арқылы біз Сыр өңірінің ескерткіштеріне баға бере аламыз.

Сыр өңірі тарих және мәдениет ескерткіштеріне өте бай. Олардың көпшілігі Қазақстан археологиялық картасына мемлекеттік есепке алынған. Ескерткіштер өлкеміздің тарихын зерттеуде, тұрғындарда елдік, ерлік дәстүрде тәрбиелеуде үлкен роль атқарады.

Қазақ тарихында үш бірдей астана Сыр бойында жатыр. Оғыз дәуіріндегі Жанкент, Ақ Орда заманындағы Сығанақ, кеңестік кезеңдегі Қызылорда. Бұл өңір арқылы батыс пен шығысты жалғастыратын ежелгі Жібек жолы-керуен сауда жолдары өткен.

Зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы. Сыр елінің тарихи-сәулет ескерткіштерін дәуірлерге бөлінуі жайында алынған нәтижелер мен ғылыми тұжырымдар тарих ғылымы саласының біртұтас бөлігі ретінде қарастырылады. Тарихи-сәулет мұралар заттай дерек ретінде Қазақстан тарихын кезеңімен оқыту кезінде теориялық, практикалық толықтырулар ретінде қолдана алады.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу жұмысы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Тарих және тарихты оқыту әдістемесі» кафедрасының ғылыми кеңесінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі мазмұны бойынша қол жеткен негізгі тұжырымдар мен қорытындылар мерзімдік басылымдарда жарық көрген мақалаларда жарияланды. Сондай-ақ, халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық, практикалық конференцияларға ұсынылды.



Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Зерттеу жұмысының кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мәселенің зерттелу деңгейі негізделеді, зерттеу жұмысының нысаны, пәні, хронологиялық және территориялық шегі, теориялық-методологиялық негізі анықталады, диссертацияның мақсат-міндеттері, ғылыми жаңалығы көрсетіліп, тәжірибелік маңызы, сыннан өтуі, деректік базасы баяндалады.

«Сыр еліндегі ерте және әуелгі орта ғасырлық сәулет» деп аталатын бірінші тарауда Сыр елінің аумағын қамтыған тарихи мұралардың орналасқан жері, уақыты, салыну ерекшеліктері, тарихының зерттелуі қарастырылады.

«Сыр еліндегі ерте дәуір архитектурасы» атты бірінші бөлімшесінде біздің облысымыздан табылған қола ғасыры мәдениетінің деректері қарастырылған.

Қола ғасыр тайпалары мыңдаған жылдар өткеннен кейін, әр түрлі тайпалардың араласуы нәтижесінде қазіргі антропологиялық қазақ халқының қалыптасуына негіз болды. Олардың ескерткіштерінің қатарын – Жалпақ, Бөрлі, Арал маңы ескерткіштерін айтуға болады. Қызылорда облыстық өлкетану мұражайы атынан Жалғыз-Ағым разъезі маңында археологиялық ескерткіштерге далалық барлау жұмыстарын жүргізді. Барлау нәтижесінде нақты назар аударатын 10 ескерткіш орны табылған еді.

Жалғыз-Ағым биік, құмды төбеге орналасқан. Барлау жұмысы кезінде байқағанымыз ескерткіштердің жоғары қабаты ашық, өкінішке орай, құндылығы бар заттар сынған, тапталған. Әрбір қоныстан алынған көзе сынықтары өзіндік ою-өрнектермен ерекшеленеді. Онға жақын әр түрлі өрнектер есепке алынды. Тас дәуіріне жататын заттар ерекше көңіл аударады.

Арал маңы қоныстарын археологтар энеолит дәуіріне жатқызып, (б.з.д. 3-2 м.ж. ерте емес) және жоғарғы палеолиттен бастап (300-10 м.ж. бұрын) біздің республикамыздың территориясында тіршілік ұдайы жалғасып келгені анықталып отыр. [7.16-17]

Шірік Рабат қала қорымын алғаш рет 1867 жылы П.И.Лерх сипаттап жазды. С.П.Толстов жетекшілік еткен Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы 1948-1949 және 1957-1958 жылдары алғашқы қазба жұмыстарын жүргізді.

Шірік Рабат қала қорымы Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым, Қармақшы ауданына қарасты Жаңақала ауылынан оңтүстіке қарай 110 шақырым жерде, Сырдарияның көне арнасы – Жаңадарияның сол жақ жағалауындағы көлемі 850х600 м болатын табиғи төбенің үстінде орналасқан.

Ескерткіш мықты қорғаныс жүйелерімен қоршалған Төбенің төменгі етегінде қазылған ор бар. Оның бүгінгі таңдағы тереңдігі 4,5 м-ге, ені 40 м-ге жуық болса, ал одан шыққан топырақтан сыртқы дуал тұрғызылған. Сақталған биіктігі 3 м-ді, табандылығы ені 8-10 м-ді құрайтын бұл бекініс дуалы қалашықты солтүстіктен және шығыстан қорғап тұрған. Бұл жерде қала жұртында қоныстанудың бірнеше кезеңі болғанын атап өткен жөн. Төбенің солтүстік, биік жағы ең көне болып есептеледі. Онда екі үлкен оба мен үш биік қабырғалы дөңгелек пішінді қоршаулар орналасқан. Соңғы жылдардағы зерттеулер барысында бір үлкен кесене, алты үлкен топырақ оба, басқа жерлеу құрылыстары анықталды. Үлкен бекініс қамалының маңындағы тұрғын үйлерге жүргізілген қазбалар мұнда мәдени қабаттың 2 м жететінін көрсетті, Шірік рабат қала жұрты алғашында тайпа көсемдері өмір сүріп және жерленіп отыратын бекініс қызметін атқарып, кейіннен тұрақты үлкен мекенге айналған.

Көне қамал қабырғалары алғашында тек топырақтан үйілген болса, кейінен 200-300 жыл өткен кезде қам кесектерден, жұмбаздалған саз блоктардан қайта жаңғыртылды. Бірақ ол төбенің оңтүстік бөлігі мен ортасы теңдей бөлініп салынды. Бұл қабырғаның биіктігі 4 м-ді, ені 4,5 м-ді құрайды. Қабырғады ені 1,8 м болатын атқыштар галереясы бар. Қабырға сонымен қатар тікбұрышты және сопақшалау формалы болып келетін мұнаралармен күшейтілген. Мұнаралар негізгі қабырғадан 6 м сыртқа шығыңқы және ішкі жағынан атқыштар галереясымен байланыстырылған. Бекініс қабырғасы мен мұнараларда садақ атуға арналған ойықтар болған. Табылған заттардың арасынан сақ кезеңіне жататын қыш ыдыстар көп кездеседі. [8.15-16]

Шірік Рабат қаласының орнында обалардан басқа, сабан кірпіштен қаланған жерлеу құрылыстары – сағаналар да болған. Археологтар халцедоннан жасалған әшекей – қиялдан туындаған жануармен соғысып жатқан патша немесе құдай бейнеленген гемма, дандан сынықтарын, лазуриттен жасалған моншақ, алтын жүзік пен сырғалар тапты. Әдетте, мұндай сауыттарды атты жауынгерлер – ауыр қаруланған салт атты-катафрактарлар киген. [9.21]

Қола дәуіріндегі Қазақстан құрылыс жұмыстары тас балшықты және ағашты конструкцияларымен ғана шектеліп қойған жоқ. Тастардан жасалған ғимараттар кейіннен тарала бастады (мола басындағы және сом денелі үлкен құрылымдар). Зерттеуші С.Жолдасбеков Қазақ жеріндегі алғашқы құрылыстағы сәулет өнерінің ерекшеліктерін тайпалық-рулық ақсақалдардың молалрынан көрсетеді.Сақ тайпалары кезінде (Темір ғасырында) ағаштан салынған тамаша құрылыстар болған.

Қазақ жерінде сәулет құрылысы қаңлы, үйсін, тайпалары дәуірлерінде де дамыған. Бірақ қам кірпіштен салынғандықтан олар жер берінен жойылып кеткен. [10.75-76] Қыстақ-кенттердің тарихын шолудың көрсетуінше, қоғамның дамуына қарай, олардың бірте-бірте жүйелі түрде өркендегенін көреміз. Кейінірек, феодалдық қоғам қалыптасуының алғашқы кезінде, тапқа жіктелудің өсуі және бұқара арасынан тайпа көсемінің бөлініп шығуымен байланысты бекініс қабырғалардың ішінен қамал ретінде екінші қорған тұрғызылды.

Қорытындылай келе, Құрылыс ісінің өнер дәрежесіне жетіп, оның өркендей бастауы қола дәуірінің соңғы кезінен басталады. Бұл кезде құрылыс ісінің негізі мен принциптері жасалып, құрылыс тәсілдері қалыптасты; өзінің ұзақ жылдар ішінде маңызын кейінгі ұзақ дәуірлер ігінде де жоймаған балшықтан, ағаштан, тастан жасалған конструкциялар құрылды. Амал қанша, балшық пен ағаштан жасалған құрылыстардың үлгісі бізге дейін сақталып жетпеді. Оның есесіне сол замандағы құрылыс ісінің тәсілі туралы түсінік беретін көптеген құрылыстар сақталып жетті.

Тараудың екінші бөлімінде, VІ-ІХ ғасырлардағы діни және мәдени жаңарулардың




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет