Регламент государственной услуги «Выдача пропуска на въезд в пограничную зону иностранцам и лицам без гражданства»



жүктеу 62.49 Kb.
Дата22.09.2017
өлшемі62.49 Kb.


Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2015 жылғы 28 мамырдағы

42 бұйрығына

3-қосымша

 
«Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 26 бұйрығымен бекітілген «Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген № 11146) (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындыларын беру көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындысы: шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру.

 
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті Стандарттың 9-тармағында қарастырылған көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының өтініштері мен өзге де құжаттарын алу болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), орындалу ұзақтығы:

1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығында келіп түскен күні тіркеу;

2) келіп түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бөлімше қызметкерін (бұдан әрі – орындаушы) анықтайды;

3) орындаушы қызмет алушы өтінішті (ұсынысты) енгізген сәттен бастап 17 (он жеті) жұмыс күні ішінде қарайды, құжаттар толық болмаған жағдайда 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады;

4) көрсетілетін қызметті алушының бөлімше қызметкерінің (бұдан әрі – орындаушы) көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті (ұсынысты) енгізген уақыттан бастап жиырма жұмыс күні мерзімінде өтінішті (ұсынысты) қарауы;

5) басшының мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысына қол қоюы – 1 (бір) жұмыс күн мерзімінде;

6) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысын жолдау немесе беру қазақстандық шағын кемелердің Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізге) және ішкі суларына шығуы жоспарланған учаскеде қол қойылған күні жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) қорытындысы келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болып табылады:

1) тіркеу нөмірі мен күні көрсетілген тіркелген өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны анықтау;

3) мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларының жобасын жасау;

4) мемлекеттік қызмет көрсетудің жобасына қол қою;

5) көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына ілеспе хат немесе хат-хабар алысу тізілімінде мемлекеттік қызмет көрсету қотырындыларын алғандығы туралы белгі.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:

1) көрсетілетін қызметті беруші хатшылығының қызметкері;

2) бөлім (бөлімше, топ) басшысы (бұдан әрі – бөлімше басшысы);

3) орындаушы.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті беруші хатшылығының қызметкері құжат келіп түскен күні алған құжаттардың тіркелуін жүргізеді және бөлімше басшысына қарауға тапсырады, бұл ретте ол келіп түскен күні мен кіріс нөмірін көрсете отырып, өтінішке тіркеу мөртабанын қояды;

2) бөлімше басшысы құжат келіп түскен күні көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орындаушыны белгілейді;

3) орындаушы құжаттар топтамасын алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін (ұсынысын) қарастырады, мемлекеттік қызмет көрсету қотырындыларының жобасын құрады;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларының жобасын құрған күні мемлекеттік қызмет көрсету қорытындыларына қол қояды;

5) мемлекеттік қызмет көрсету қорытындылары қол қойылған күні көрсетілетін қызметті беруші хатшылығының қызметкерімен қолма-қол немесе пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына жолданады.



9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзге көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.shekaraknb.kz «Мемлекеттік қызметтер» тарауында, сондай-ақ ресми ақпараттар көзі мен көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшелерінде орналасқан стендтерде орналастырылады.

«Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентіне



қосымша
Нысан
«Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының

аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің

бизнес-процестерінің анықтамалығы





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет