Регламенті Жалпы ережелер 1) «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»



жүктеу 76.56 Kb.
Дата13.05.2019
өлшемі76.56 Kb.
түріРегламент

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы «___» __________

№ __ қаулысымен бекітілген
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын

жерін айқындау туралы шешім беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

1) «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» – мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетіледі. Өтінішті қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін беру қызмет берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны – қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі, немесе Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 (бұдан әрі – Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет бұйрығымен бекітілген стандарттын 10-тармағында қарастырылған жағдайда және негізде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының қосымшаларға сәйкес өтініш негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) қызмет беруші қызметкері құжаттардың Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексеріп, қабылдайды. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, бұл жағдайда құжатты қабылдаған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет берушінің мөрі басылған растау беріледі және құжаттарға бұрыштама коюға және жауапты атқарушыны айқындау үшін қызмет берушінің басшысына жолдайды 30 (отыз) минут. Нәтиже – тіркеу және қызмет берушінің басшысына жолдау;

2) қызмет беруші басшысы құжат мазмұнымен танысып, жауапты атқарушыны айқындайды 1 (бір) сағат. Нәтиже – орындау үшін жауапты атқарушыға жолдау;

3) қызмет берушінің жауапты атқарушысы сұрауды тіркейді және дін істері басқармасына жолдайды 3 (үш) күнтүзбелік күн. Нәтиже – сұрау жіберу;

4) дін істері басқармасының қызметкері қызмет берушіден құжаттарды қабылдайды, тіркеу журналында тіркейді және құжаттарға бұрыштама коюға және дін істері басқармасынан жауапты атқарушыны айқындау үшін дін істері басқарманың басшысына жолдайды 30 (отыз) минут. Нәтиже – құжаттарды тіркеу;

5) дін істері басқармасының басшысы қарап, құжаттарды дін істері басқармасының жауапты атқарушысына тапсырады 30 (отыз) минут. Нәтиже – құжаттарды жауапты атқарушыға жолдайды;

6) дін істері басқармасының жауапты атқарушысы өтінішін қанағаттандыру мүмкіндігін анықтайды, келісу хатын немесе бас тарту туралы дәлелденген жауабын дайындайды, содан кейін дін істері басқармасының басшысына қол қоюға жолдайды 9 (тоғыз) күнтүзбелік күн. Нәтиже – келісу немесе бас тарту туралы дәлелденген жауап;

7) дін істері басқармасының қызметкері келісім хатын немесе бас тарту туралы дәлелденген жауабын тіркейді және қызмет берушіге жолдайды 30 (отыз) минут. Нәтиже – жауапты тіркеу;

8) қызмет берушінің жауапты атқарушысы облыс әкімдігінің қаулы жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауабын қағаз түрінде дайындайды 12 (он екі) күнтүзбелік күн. Нәтиже – қаулы жобасын немесе бас тарту туралы дәлелденген жауабын дайындау;

9) облыс әкімі, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне қол қояды 3 (үш) күнтүзбелік күн. Нәтиже – шешімге қол қою;

10) қызмет берушінің қызметкері шешімді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты тіркейді және қызмет алушыға береді 3 (үш) күнтүзбелік күн. Нәтиже – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қызмет алушыға беру.




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау

6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1) қызмет беруші қызметкері;

2) қызмет беруші басшысы;

3) қызмет беруші жауапты атқарушысы;

4) дін істері басқармасының қызметкері;

5) дін істері басқармасының басшысы;

6) дін ісетрі басқармасының жауапты атқарушысы;

7) облыс әкімі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімнің (әрекеттің) реттілік әрекет тәртібінің сипаттамасы.

1) қызмет беруші қызметкері құжаттардың Стандарттың 9-тармағына сәйкестігін тексеріп, қабылдайды;

2) қызмет беруші басшысы құжат мазмұнымен танысып, жауапты атқарушыны айқындайды;

3) қызмет берушінің жауапты атқарушысы сұрауды тіркейді және дін істері басқармасына жолдайды;

4) дін істері басқармасының қызметкері қызмет берушіден құжаттарды қабылдайды, тіркеу журналында тіркейді және құжаттарға бұрыштама коюға және дін істері басқармасынан жауапты атқарушыны айқындау үшін дін істері басқарманың басшысына жолдайды;

5) дін істері басқармасының басшысы қарап, құжаттарды дін істері басқармасының жауапты атқарушысына тапсырады;

6) дін істері басқарманың жауапты атқарушысы келісу хатын немесе бас тарту туралы дәлелденген жауабын дайындайды, содан кейін дін істері басқарманың басшысына қол қоюға жолдайды;

7) дін істері басқарманың қызметкері келісім хатты немесе бас тарту туралы дәлелденген жауабын тіркейді және қызмет берушіге жолдайды;

8) қызмет берушінің жауапты атқарушысы облыс әкімдігінің қаулы жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауабын дайындайды;

9) облыс әкімі қол қояды;

10) қызмет берушінің қызметкері шешімді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты тіркейді және қызмет алушыға береді.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-әрекеттерді) реттілігі көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттер тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

«Ғидабат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың

орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша
«Ғидабат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың

орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»

мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығы





Құжаттарды тіркейді және қызмет берушінің басшысына жолдайды

30 (отыз) минут



Құжат мазмұнымен танысады және қызмет берушінің жауапты атқарушысына орындауға жолдайды 1 (бір) сағат

мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауабына қол қояды (3 күнтізбелік күн)

Қызмет алушыға беру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және жолдайды

3 (үш) күнтізбелік күн



Келісу-хатын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауабын тіркейді және қызмет берушінің жауапты атқарушысына жолдайды 30 (отыз) минут

Қызмет берушіден құжаттарды қабылдайды, тіркейді және дін істері басқармасының басшысына жолдайды 30 (отыз) минут

(60 минут)



Құжаттармен танысып, дін істері басқармасы бойынша жауапты атқарушыны айқындайды

30 (отыз) минут



Келісу хатқа немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапқа қол қояды, содан кейін дін істері басқарманың қызметкеріне жолдайды

30 (отыз) минут



мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауабына қол қояды 3 (үш) күнтізбелік күн

Шешімге қол қояды және қызмет берушінің қызметкеріне жолдайды 3 (үш) күнтізбелік күн



Сұрауды тіркейді және дін істері басқармасына жолдайды

3 (үш) күнтізбелік күн






өтінішін қанағаттандыру мүмкіндігін анықтайды, келісу хатын немесе бас тарту туралы дәлелденген жауабын дайындайды, содан кейін дін істері басқарманың басшысына қол қоюға жолдайды 9 (тоғыз) күнтізбелік күн

ЖОҚ




ИӘ



Облыс әкімдігінің қаулы жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауабын дайындайды

12 (он екі) күнтізбелік күн




ҚФБ – құрылымдық – функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзара әрекеті;



autoshape 174

  • м

    емлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;





  • көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (әрекетінің) және (немесе) ҚФБ атауы;

autoshape 176

  • таңдау нұсқасы;

autoshape 177

  • келесі рәсімге (әрекет) өту.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет