Регламенті Жалпы ережелер «аитв-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу»



жүктеу 67.17 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі67.17 Kb.
түріРегламент


Қарағанды облысы әкімдігінің

2015 жылғы « 02 »___09__

№___50/05___

қаулысымен бекітілген



«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар. Қарағанды облысының ЖИТС-тың профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталығымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны - қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11145 болып тіркелген) сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді зерттеу туралы анықтама-сертификат.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттер тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының жүгінуі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуына негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер) мазмұны:

1) психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің маманы 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушымен АИТВ-инфекциясының болуына медициналық тексерілу қажеттілігін анықтау мақсатында тестілеуге дейінгі кеңес беруді жүргізеді және Көрсетілетін қызметті алушыны емшара кабинетінің медбикесіне жолдайды;

нәтижесі – кеңес берудің жүргізілуі, көрсетілетін қызметті алушыға код беріліп № 264-8/е үлгісіндегі жеке жолдаманың толтырылуы;

2) емшара кабинетінің медбикесі 10 (он) минут ішінде қан алуды жүргізеді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде материалды Көрсетілетін қызметті беруші зертхананың мамандарына жібереді;

нәтижесі – қан алынуы, көрсетілетін қызметті алушының биоматериалы бар вакутейнер дайындалуы және № 264/е үлгісіндегі жалпы жолдаманың толтырылуы;

3) Көрсетілетін қызметті беруші зертханасының мамандары 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексеру жүргізеді және тексеру күні мен Көрсетілетін қызметті беруші зертхана маманының қолы қойылған, мөртаба басылған № 264-8/е нысанды бланкіде теріс қорытындыны психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің маманына жібереді;

нәтижесі - қанның АИТВ-инфекциясына болуына тексерілу қорытындысы;

4) психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің маманы 5 (бес) минут ішінде теріс нәтижесі алған жағдайда Көрсетілген қызметті алушының қолына құжаттарды беруді тіркеу журналына көрсетілген қызметті алушының қолын қойғыза отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің теріс нәтижесін растайтын анықтама-сертификат береді;

нәтижесі - адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді тексеру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің теріс нәтижелерін растайтын анықтама-сертификатты беру;

5) психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің маманы оң нәтиже алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушымен 20 (жиырма) минут ішінде тексерілуді одан әрі жалғастыру үшін кеңес беруді жүргізеді және Көрсетілетін қызметті алушыны емшара кабинетінің медбикесіне жолдайды;

нәтижесі - кеңес берудің жүргізілуі, қызметті алушыға код беріліп № 264-8/е үлгісіндегі жеке жолдаманың толтырылуы;

6) емшара кабинетінің медбикесі 10 (он) минут ішінде қайтара қан алуды жүргізеді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде материалды Көрсетілетін қызметті беруші зертханасының мамандарына жібереді;

нәтижесі – қайтара қан алу, көрсетілетін қызметті алушының қаны бар вакутейнерді дайындалуы, № 264/е үлгісіндегі тізімдік жолдаманың толтырылуы;

7) Көрсетілетін қызметті беруші зертханасының мамандары АИТВ антиденелеріне қайтара тексеруді жүргізеді:

теріс нәтиже алған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексерілу қорытындысын тексеру күні мен зертхана маманының қолы қойылған, мөртаңба басылған № 264-8/е нысанды бланкіде психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің маманына жібереді;

оң нәтиже алған жағдайда сарысуды 5 (бес) жұмыс күні ішінде верификацияға ЖИТС республикалық орталығының зертханасына жібереді (әрі қарай – ЖТИС РО).

8) ЖИТС РО 12 (он екі) жұмыс күні ішінде АИТВ антиденелеріне түпкілікті тексеруді жүргізеді.

Нәтижесі – АИТВ-инфекциясының болуына түпкілікті медициналық қорытынды алу;

9) Көрсетілетін қызметті беруші зертханасының маманы 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға АИТВ-инфекциясының болуы туралы медициналық құжаттаманы, құжаттар беру журналына көрсетілетін қызметті алушының қолын қойғыза отырып береді және көрсетілетін қызметті алушыға тексерілу қорытындысының оң нәтижесі туралы және оның жеке басының және оны қоршаған адамдардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын сақтау қажеттілігі туралы және емделуден бас тартқан, басқа адамға ауруды жұқтырған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы хабарлайды;

нәтижесі – АИТВ-инфекциясының болуына медициналық қорытындыны беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің маманы;

2) емшара кабинетінің медбикесі;

3) көрсетілетін қызметті беруші зертханасының мамандары;

4) ЖИТС РО.

7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетілуімен Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:

1) психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің маманы 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушымен тестілеуге дейінгі кеңес беруді жүргізеді;

2) емшара кабинетінің медбикесі 10 (он) минут ішінде қан алуды жүргізеді;

3) Көрсетілетін қызметті беруші зертханасының мамандары 2 (екі) жұмыс күні ішінде № 264-8/е нысанды бланкіде теріс қорытындыны психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің маманына жібереді;

4) психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің маманы 5 (бес) минут ішінде теріс нәтижесі алған жағдайда көрсетілген қызметті алушының қолына құжаттарды беруді тіркеу журналына көрсетілген қызметті алушының қолын қойғыза отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің теріс нәтижесін растайтын анықтама-сертификат береді;

5) психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің маманы оң нәтиже алған жағдайда көрсетілетін қызметті алушымен 20 (жиырма) минут ішінде кеңес беруді жүргізеді;

6) емшара кабинетінің медбикесі 10 (он) минут ішінде қайтара қан алуды жүргізеді;

7) Көрсетілетін қызметті беруші зертханасының мамандары АИТВ антиденелеріне қайтара зерттеп-қарау жүргізеді;

оң нәтиже алған жағдайда сарысуды 5 (бес) жұмыс күні ішінде верификацияға ЖИТС РО зертханасына жібереді;

8) ЖИТС РО 12 (он екі) жұмыс күні ішінде АИТВ антиденелерінің болуына түпкілікті тексеру жүргізеді;

9) Көрсетілетін қызметті беруші зертханасының маманы 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға АИТВ-инфекциясының болу медициналық құжаттаманы, құжаттар беру журналына көрсетілетін қызметті алушының қолын қойғыза отырып береді және көрсетілетін қызметті алушыға тексерілу қорытындысының оң нәтижесі туралы және оның жеке басының және оны қоршаған адамдардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын сақтау қажеттілігі туралы және емделуден бас тартқан, басқа адамға ауруды жұқтырған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы хабарлайды.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігі, Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасасу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы және веб-портал арқылы көрсетілмейді
«АИТВ-инфекциясының

болуына ерікті анонимді және

міндетті құпия медициналық

тексерілу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет

регламентіне қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығы







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет