Шри-Ланка ауруханасында көз жұмған 16 жастағы қазақстандықтың денесін елге әкелу үшін әуе компаниясымен келіссөз жүріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров кезекті брифингіде осындай мәлімет айтты.

"10 наурызда біздің Үндістандағы елшілікке Қазақстан азаматтары хабарласты. Олардың кәмелетке толмаған 16 жастағы ұлы Шри-Ланканың бір ауруханасында жатыр деген ақпарат келіп түсті. Ол ақпаратты тексергеннен кейін 5 наурызда жасөспірім серфингпен айналысып жүріп, суға батып кеткені мәлім болды. Жансақтау бөлімінде 10 наурызға дейін 5 күн жатты. Сол 5 күннің ішінде, әрине, дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасады. Бірақ, өкінішке қарай, жаңағы бала қайтыс болды", – деді ол.

Айбек Смадияров қазір Қазақстан консулы сол баланың әке-шешесімен байланыста екенін атап өтті.

"Барлық құжаттар рәсімделіп жатыр. Сонымен қатар денені Қазақстанға жеткізу үшін арнайы әуе компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Баланың шешесі қазақ, әкесі шетелдік азамат. Марқұм – Қазақстанның азаматы. Кейінгі бірнеше жылда әке-шешесімен бірге Шри-Ланкада тұрып келген", – деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Еске салсақ, Ресейлік федералды қауіпсіздік қызметі Мәскеудегі синагогаға жасалатын шабуылдың алдын алғанын мәлімдеді. Атыс кезінде Қазақстанның екі азаматы көз жұмған. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.