Танымал әнші, сазгер Өктем Алтаев балалық шағы туралы сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Менің өмірім” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Сазгердің орындауындағы әндердің дені – хит. Әңгіме арасында отбасымен бірге орындаушылық шеберлік туралы да сыр шертті. 

“Әкем 34 жасында дүниеден озды. Анам 31 жасында жесір қалды. 5 ағайындымыз. Бірақ менің алдымдағы ұл шетінеп кеткен. Бір үйдің 4 ұлы болып, ержеттік. Әке тәрбиесін көрмедім. Бірақ әкем өмірлік бағыт-бағдар беретін жол салып кетті. Анамның арқасында әкесіз өскенім сезілген жоқ. Біздің азамат болып қалыптасуымызға көп еңбек сіңірді. Менің шыққан әулетім өнерлі болатын еді. Әжем Жаңыл “Қыз Жібек” дастанын жатқа оқыған. 1983 жылы “Алтаевтар ансамбілін құрдық. Туысқан әпкеміз диплом алып келіп, той жасаған. Ол кезде 9-сынып оқимын. Екі бауырыммен тойларға шығып ән айтатынбыз. Тобымыздың аты – “Гаухартас” еді. Диплом тойында асаба ағамыз ортаға “Алтаевтар ансамбілін шақырамыз” деп хабарлады. Сол кезден бастап, өзіміздің тегімізбен шыға бастадық”, – деп ол балалық шағы туралы сыр шертті. 

  • Бейбіт Қорғанның ұлы емес: Басы дауға қалған әнші тапсырған ДНҚ қорытындысы шықты

  • "Еркеге үйленгеннен кейін, зерттей бастадым": Баян Мақсатқызы сүйікті әншілерінің есімін атады

Сонымен қатар өнер иесі махаббаттан жолы болмағанын да айтты. “Не жаздым мен, жаным, саған” әнінің шығу тарихын баяндап берді. 

“Ол кезде жаспыз. Бір қызбен таныстым. Екеуміз сөйлесіп, үйленуге дейін бардық. Арамызда ештеңе болған жоқ. Бірақ осы менің өмірлік жарым болады деп сендім. Бір күні достары оның жігіті барын айтып қойды. Содан өзімді жоғалтып алдым. Адамға сенім жоғалды. Бірақ кейін тағдыр екеніне көндім. Қазір бақытты әйел болып отыр. Жүрген жерімде осы әнімнің шығу тарихын айтып жүремін. Қазір ол қызбен сәлеміміз түзу”, – деп еске алды өнер иесі. 

Еске салайық, әнші шын есімінің тарихын айтып берген еді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.