Регламенті Жалпы ережелер «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»



жүктеу 331.91 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі331.91 Kb.
түріРегламент





Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі

№ 37/01 қаулысымен бекітілген





«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 270 бұйрығымен бекітілген «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес облыстың, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, поселкелердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жер-кадастрлық жоспары мен уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартын (бұдан әрі – уақытша жер пайдалану шарты) қоса ұсынып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім немесе Стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін

қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың болуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына қатысатын әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1) құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап:

1-кезең: келістіруші органдар мен ұйымдардың құпталған қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні;

Мемлекеттік корпорациясының инспекторы көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін алу туралы өтінішін қабылдауды жүзеге асырады, өтініш иесіне жер учаскесін таңдау актісін келісу үшін қолхатты алу мерзімін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді және оны көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады – 1 (бір) жұмыс күні немесе Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді – 2 (екі) жұмыс күні;

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеуге қабылдайды, Мемлекеттік корпорацияға жолдаған тізілімге сәйкес қарайды және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарау үшін береді – 15 (он бес) минут;

көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарайды және орындау үшін уәкілетті органды анықтайды – 1 (бір) жұмыс күні;

сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 1 (бір) жұмыс күні;

жауапты орындаушы:

жер учаскесін орналастырудың ахуалдық схемасымен (бұдан әрі – ахуалдық схема) жер учаскесін таңдау актісін дайындайды – 7 (жеті) жұмыс күні;

ахуалдық схемасымен жер учаскесін таңдау актісін бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және Мемлекеттік корпорациясына мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды дайындау үшін келісуге жолдайды – 12 (он екі) жұмыс күні;

оң шешім қабылданған жағдайда жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына бекіту үшін ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні;

теріс шешім кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қою үшін ұсынады – 1 (бір) жұмыс күні;

сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы ахуалдық схемасымен жер учаскесін түпкілікті таңдау актісіне не бас тарту туралы дәлелді жауапты қарайды және оған қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні;

жауапты орындаушы Мемлекеттік корпорацияға ахуалдық схемасымен бірге жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін және Мемлекеттік корпорация ұсынған жер-кадастрлық жоспарды дайындауға арналған есепті (сметаны) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні;

Мемлекеттік корпорациясының инспекторы көрсетілетін қызметті алушыға уақытша жер пайдалану шартына қол қою күні көрсетілетін, қол қойылған жер учаскесін түпкілікті таңдау актісінің қабылданғаны туралы қолхат береді, сондай-ақ өтініш иесін берілген қолхатта көрсетілген байланыс деректері бойынша ақпарат алу мүмкіндігі туралы хабардар етеді және Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушымен келісілген жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін және жер-кадастрлық жоспарды дайындау қызметтеріне ақы төленгені туралы төлем құжатын (түбіртек) не бас тарту туралы дәлелді жауапты беруді жүзеге асырады – 3 (үш) жұмыс күні.

2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскенде және жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеген кезде – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

ақы төленген жағдайда Мемлекеттік корпорация жер-кадастрлық жоспарды дайындайды, оны жер қатынастары бойынша уәкілетті органға жолдайды – 10 (он) жұмыс күні;

жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жауапты орындаушыны анықтайды – 2 (екі) жұмыс күні;

жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын және уақытша жер пайдалану шартын дайындайды – 5 (бес) жұмыс күні;

жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы шешім жобасын қарайды, уақытша жер пайдалану шартына қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні;

көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы шешім жобасын қарайды және оған қол қояды, жер қатынастары бойынша уәкілетті органға жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;

жауапты орындаушы Мемлекеттік корпорацияға жер-кадастрлық жоспарды және уақытша жер пайдалану шартын қоса ұсынып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімнің көшірмесін екі данада көрсетілетін қызметті алушыға қол қойғызу үшін жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;

Мемлекеттік корпорациясының инспекторы құжаттарды беруді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға уақытша жер пайдалану шартына екі данада қол қойғызады – 2 (екі) жұмыс күні.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жергілікті атқарушы органның жер-кадастрлық жоспар мен уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса ұсынып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде

көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы;

сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы;

жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы;

жер қатынастары бойынша уәкілетті органның жауапты орындаушысы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау 2-қосымшада (кестеде) келтірілген.



4. Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығын сипаттау:

1) құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап:

1-кезең: жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні;

1-процесс – Мемлекеттік корпорациясының инспекторы көрсетілетін қызметті алушының Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін алу туралы өтінішін қабылдауды жүзеге асырады, өтініш иесіне жер учаскесін таңдау актісін келісу үшін қолхатты алу мерзімі көрсетілетін құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге береді;

1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО-ның инспекторы өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін тіркеуге қабылдайды, Мемлекеттік корпорация жолдаған тізілімге сәйкес қарайды және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді;

3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарайды және орындау үшін уәкілетті органды анықтайды;

4-процесс – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды;

5-процесс – жауапты орындаушы:

ахуалдық схемасымен жер учаскесін таңдау актісін дайындайды;

ахуалдық схемасымен жер учаскесін таңдау актісін бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және Мемлекеттік корпорация мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды дайындау үшін келісуге жолдайды;

оң шешім қабылданған жағдайда – жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына бекіту үшін ұсынады;

теріс шешім кезінде – мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қою үшін ұсынады;

6-процесс – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы ахуалдық схемасымен жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін қарайды және оған қол қояды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды;

7-процесс – жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін Мемлекеттік корпорацияға ахуалдық схемасымен жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін және Мемлекеттік корпорация ұсынған жер-кадастрлық жоспарды дайындауға арналған есепті (сметаны) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды;

8-процесс – Мемлекеттік корпорациясының инспекторы көрсетілетін қызметті алушыға уақытша жер пайдалану шартына қол қою күні көрсетілетін, қол қойылған жер учаскесін түпкілікті таңдау актісінің қабылданғаны туралы қолхат береді, сондай-ақ өтініш иесін берілген қолхатта көрсетілген байланыс деректері бойынша ақпарат алу мүмкіндігі туралы хабардар етеді және Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушымен келісілген жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін және жер-кадастрлық жоспарды дайындау қызметтеріне ақы төленгені туралы төлем құжатын (түбіртекті) беруді жүзеге асырады.

2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісі мен жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеуді келіскен кезде – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімді шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

9-процесс – Мемлекеттік корпорация жер-кадастрлық жоспарды дайындауға ақы төленген жағдайда, оны жер қатынастары бойынша уәкілетті органға жолдайды;

10-процесс – жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жауапты орындаушыны анықтайды;

11-процесс – жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын және уақытша жер пайдалану шартын дайындайды;

12-процесс – жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы шешім жобасын қарайды, уақытша жер пайдалану шартына қол қояды;

13-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы шешім жобасын қарайды және оған қол қояды және жер қатынастары бойынша уәкілетті органға жолдайды;

14-процесс – жауапты орындаушы Мемлекеттік корпорацияға жер-кадастрлық жоспарды және уақытша жер пайдалану шартын қоса ұсынып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімнің көшірмесін екі данада өтініш иесіне қол қойғызу үшін жолдайды;

15-процесс – Мемлекеттік корпорациясының инспекторы құжаттарды беруді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға уақытша жер пайдалану шартына екі данада қол қойғызады.

Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

10. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

1) құжаттарды порталға тапсырған сәттен бастап:

1-кезең: жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні;

2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскенде және жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеген кезде – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімді шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады;

1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін порталға ЖСН/БСН және парольді енгізу үдерісі (авторландыру үдерісі);

1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;

2-процесс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен формат талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұраныс нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде бекіту;

4-процесс – қызмет ақысын "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінде (бұдан әрі – ЭҮТШ) төлеу, осы ақпараттың порталға түсуі;

2-шарт – ақпараттық жүйеде қызметті көрсету үшін төлем жүргізу фактісін тексеру;

5-процесс – порталда қызметті көрсету үшін төлемнің жоқтығына байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;

3-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет мерзімін және қайтарылып алынған (күшін жоғалтқан) тіркеу куәліктері тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) порталда тексеру;

7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);

9-процесс – порталда сұрауды тіркеу және өңдеу;

4-шарт – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың және қызмет көрсету үшін негіздерге сәйкестігін аумақтық бөлімшенің тексеруі;

10-процесс – қорытынды негізінде порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың бар болуымен байланысты сұралып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.

ХҚКО және портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламентке 3 және 4-қосымшаларға сәйкес диаграммаларда келтірілген.

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдарының реттілігін толық сипаттау, сондай-ақ көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.





«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша





Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі уәкілетті органдар




Атауы

Мекенжайы

Байланыс нөмірі

Электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

1

«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы, Әліханов көшесі, 13

8-7212-42-11-54


kanc_oblakimat@krg.gov.kz

2

«Қарағанды қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39

8-7212-42-14-09

Akimat07@mail.ru

3

«Балқаш қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Балқаш қаласы,

Ш.Уәлиханов көшесі, 3



8-710-36-4-99-95

Blh_canselyaria@krg.gov.kz

4

«Қаражал қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қаражал қаласы, Абай көшесі, 9

8-710-32-2-64-74

karajal_akimat@mail.ru

5

«Приозерск қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Приозерск қаласы, Пушкин көшесі, 7

8-710-39-54-0-48

prio_org@krg.gov.kz

6

«Саран қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67

8-721-37-2-52-08

sar_apparat@krg.gov.kz

7

«Сәтпаев қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Сәтпаев қаласы,

Сәтпаев даңғылы, 108



8-710-63-33-6-36

satpaevakim@mail.ru

8

«Теміртау қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Теміртау,

Тәуілсіздік бульвары, 12,



8-721-3-92-26-03

Akimat.temirtau@krg.gov.kz

9

«Шахтинск қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Шахтинск қаласы, Абай көшесі, 50А

8-721-56-4-08-44

shahtinsk_cancel@ krg.gov.kz

10

«Абай ауданының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Абай қаласы,

Женіс даңғылы, 3



8-721-31-4-65-23

abay_control@mail.ru

11

«Ақтоғай ауданының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай селосы, Бөкейхан көшесі, 4

8-710-37-21-2-33

ergan_77@mail.ru

12

«Бұқар жырау ауданының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ботақара кенті,

Аблай хан көшесі, 39



8-72-154-2-11-18

b-jiraulakimat@mail.ru

13

«Жаңаарқа ауданының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Атасу кенті,

Тәуелсіздік даңғылы, 5



43-40-66

zanaarka_akimat@mail.ru

14

«Қарқаралы ауданының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қарқаралы қаласы, Т. Әубакіров, көшесі, 23 үй

8-721-46-31-0-00

karkar_org@krg.gov.kz

15

«Нұра ауданының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Киевка кенті, К. Мынбаев көшесі, 44

8-721-44-2-26-31

akimat_nura@mail.ru

16

«Осакаровка ауданының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Осакаровка кенті, Жаңа көшесі, 33


8-721-49-41-8-42

osak_kense@mail.ru

17

«Ұлытау ауданының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ұлытау кенті,

Абай көшесі, 27



8-710-35-21-3-39

ulytauakim@krg.gov.kz

ulutau_akimat@mail.ru



18

«Шет ауданының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау көшесі, 24

8-710-31-21417

akimshet@mail.ru








«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша





Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы

1-кезең: жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні





Негізгі процестің іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

6

2


Құрылымдық бөлімшенің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы

Жауапты орындаушы

Сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы

Жауапты орындаушы








1

2

3

4

5

6

3


Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарау

Құжаттарды қарау

Ахуалдық схемасымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау, актіні бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға және «ЖерҒӨО» РМК-ге келісуге жолдау

Ахуалдық схемасымен жер учаскесін таңдау актісін қарау

Соңғы нәтижені және «ЖерҒӨО» РМК ұсынған жер-кадастрлық жоспарды дайындауға арналған есепті (сметаны) ХҚО-ға көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін жолдау не бас тарту туралы қорытынды

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімші шешім)


Құжаттарды басшылыққа қарау үшін тапсыру

Уәкілетті органды анықтау

Жауапты орындаушыны анықтау

Қорытынды

Актіге қол қою

Нәтижені және есепті (сметаны) немесе бас тартуды жолдау

5

Орындау мерзімдері

15 (он бес) минут


1 (бір) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

7 (жеті) жұмыс күні;

12 (он екі) жұмыс күні



1 (бір) жұмыс күні

3 (үш) жұмыс күні


2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскенде және жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеген кезде – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімді шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні





Негізгі процестің іс-қимылы




1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

2


Құрылымдық бөлімшенің атауы

Жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы

Жауапты орындаушы

Жер қатынастары бойынша уәкілетті органның басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Жауапты орындаушы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы

Жер-кадастрлық жоспарды бекіту

Облыстың, облыстық маңызы бар қала мен ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын және уақытша жер пайдалану шартын дайындау

Шешім жобасын қарау, уақытша жер пайдалану шартына қол қою

Шешім жобасын қарау және оған қол қою

ХҚО-ға жер-кадастрлық жоспарды және уақытша жер пайдалану шартын қоса ұсынып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім көшірмесін екі данада өтініш иесіне қол қойғызу үшін жолдау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімші шешім)


Жауапты орындаушыны анықтау

Шешім жобасы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жолдау

Шешімді уәкілетті органға жолдау

Құжаттарды ХҚО-ға жолдау

5

Орындау мерзімдері

2 (екі) жұмыс күні

5 (бес) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні







«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша





ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әрекет ететін ақпараттық жүйелердің

функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы


Көрсетілетін қызметті беруші




ХҚКО

прямая со стрелкой 165прямая со стрелкой 461группа 392прямая со стрелкой 143прямая со стрелкой 142группа 15ромб 91прямая со стрелкой 404прямая со стрелкой 405прямая со стрелкой 406
1-процесс

2-процесс
прямая со стрелкой 423 прямая со стрелкой 425
3-процесс

4-процесс

5-процесс

6-процесс
прямая со стрелкой 439 прямая со стрелкой 165 прямая со стрелкой 165 прямая со стрелкой 142 прямая со стрелкой 5
7-процесс

8-процесс
прямая со стрелкой 9
9-процесс
прямая со стрелкой 12
10-процесс

11-процесс
прямая со стрелкой 16
12-процесс

13-процесс

14-процесс
прямая со стрелкой 20 прямая со стрелкой 21 прямая со стрелкой 22 группа 23 прямая со стрелкой 165 группа 14
2-кезең

15-процесс
прямая со стрелкой 4


Көрсетілетін қызметті алушы

1-кезең


Шартты белгілері мен қысқартулар



Бастапқы хабарлама

группа 194группа 194


Аралық хабарлама

группа 2группа 2

Аяқтау хабарлама

блок-схема: процесс 193блок-схема: процесс 193


Процесс


прямая со стрелкой 7прямая со стрелкой 7


Басқару ағымы




Хабарлама ағымы




Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

ХҚКО

Халыққа қызмет көрсету орталығы









«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

4-қосымша





Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әрекет ететін ақпараттық жүйелердің

функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы
прямоугольник 499
ПорталАЖ

ЭҮТШ

ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ АЖ
прямая со стрелкой 142
ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ АЖ

прямая со стрелкой 142


прямая со стрелкой 621прямая со стрелкой 142прямая со стрелкой 142


прямоугольник 508

1-процесс



2-процесс

прямая со стрелкой 514 овал 515 прямая со стрелкой 516 группа 2 прямая со стрелкой 526
3-процесс
autoshape 105 прямая со стрелкой 531
6-процесс
прямая со стрелкой 564 прямая со стрелкой 565
4-процесс

5-процесс
овал 572 прямая со стрелкой 573 группа 2 прямая со стрелкой 578 прямая со стрелкой 142 прямая со стрелкой 580 овал 581
7-процесс
овал 585 группа 2 прямая со стрелкой 591 прямая со стрелкой 142 прямая со стрелкой 593
8-процесс
прямая со стрелкой 596
9-процесс
autoshape 104 autoshape 103 autoshape 101 овал 604 группа 2 прямая со стрелкой 609 прямая со стрелкой 142


прямая со стрелкой 512прямая со стрелкой 529
11-процесс

прямая со стрелкой 532прямая со стрелкой 582прямая со стрелкой 615прямая со стрелкой 616


прямая со стрелкой 147прямая со стрелкой 571прямая со стрелкой 584прямая со стрелкой 142


прямая со стрелкой 603

10-процесс




прямая со стрелкой 586прямая со стрелкой 611прямая со стрелкой 613
прямая со стрелкой 523


овал 527овал 594овал 612группа 2


прямая со стрелкой 142прямая со стрелкой 633прямая со стрелкой 142






прямоугольник 509

Көрсетілетін қызметті алушы



Шартты белгілері мен қысқартулар




Бастапқы хабарлама

овал 485


Аралық хабарлама

овал 642


Қате

группа 2


Аяқтау хабарламасы

блок-схема: процесс 484


Процесс

ромб 483


Шарт


прямая со стрелкой 482


Басқару ағымы




Хабарлама ағымы





Нәтиже

АЖ

Ақпараттық жүйе

ЭҮТШ

«Электронды үкіметтің» төлем шлюзі

ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ АЖ

«Жеке тұлғалар»/ «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесі

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне



5-қосымша
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

1 кезең; жер учаскесін таңдау актісін дайындау - 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні

autoshape 206autoshape 207autoshape 209autoshape 210autoshape 211autoshape 219autoshape 224



autoshape 203autoshape 242


autoshape 197autoshape 198autoshape 199autoshape 200autoshape 201autoshape 202autoshape 208autoshape 216autoshape 237autoshape 238autoshape 239

autoshape 212autoshape 218autoshape 225

autoshape 220autoshape 227autoshape 230autoshape 232

autoshape 223autoshape 231autoshape 235

ИӘ
autoshape 82 line 187



line 215autoshape 222autoshape 234autoshape 284

ЖОҚ
autoshape 217 autoshape 229



autoshape 236autoshape 240

autoshape 221autoshape 233autoshape 243

autoshape 226


autoshape 281autoshape 282autoshape 283


«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің

анықтамалығы 2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келіскенде және жер-кадастрлық жұмыстар

қызметтеріне ақы төлеген кезде – жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы
шешімді шығару – 22 (жиырма екі) жұмыс күні

autoshape 255autoshape 262autoshape 264



autoshape 252autoshape 253autoshape 254autoshape 256


autoshape 244autoshape 245autoshape 246autoshape 247autoshape 248autoshape 249autoshape 250

autoshape 257autoshape 259autoshape 260autoshape 265autoshape 267скругленный прямоугольник 1

autoshape 269

autoshape 268

autoshape 270autoshape 271

autoshape 266autoshape 273autoshape 274

autoshape 280

autoshape 277

autoshape 258

autoshape 261

autoshape 263autoshape 272autoshape 275autoshape 276autoshape 279

Шартты белгілері:






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет