Регламенті Жалпы ережелер «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымынан анықтама беру»

жүктеу 64.24 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі64.24 Kb.
түріРегламент

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң

2015 жылғы «___» _______ № _____

қаулысымен бекітілген

«Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымынан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1.Жалпы ережелер
1. «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымынан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымынан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарымен (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетіледі.

2. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері қол қойған, жеке дәрігердің мөрімен және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша және «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) №035-2/е және № 079/е нысандары бойынша берілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастауға негіздеме болып стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттары (бұдан әрі - құжаттар ) болып табылады.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

№ 035-2/е нысаны бойынша анықтаманы беру кезінде:

1) учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері құжаттарды қабылдайды, «Тұрғындарды тіркеу регистрі», «Диспансерлік аурулардың электрондық регистрі» порталын тексеріп, стандарттың 1- қосымшасына сәйкес анықтаманы толтырып, өз қолын қойып, жеке мөрімен куәландырады, журналға тіркейді және қызмет беруші басшылығына жолдайды - орындау уақыты 15 (он бес) минут;

2) қызмет беруші басшылығы учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігерінің қойылған қолын, жеке мөрін идентификация жасап, осыдан кейін қызметті беруші басшылығы қолы қойылған және қызметті берушінің мөрімен куәландырылған анықтаманы ұсынады - орындау уақыты 15 (он бес) минут.

№ 079/е нысаны бойынша анықтаманы беру кезінде:

1) учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері құжаттарды қабылдайды, «Тұрғындарды тіркеу регистрі» порталын тексеріп, денсаулық тобын көрсетеді, № 063/е формадан көшірме жасайды, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 079/е нысандағы анықтаманы толтырып, өз қолын қойып, жеке мөрімен куәландырады, журналға тіркейді және қызмет беруші басшылығына жолдайды - орындау уақыты 15 (он бес) минут;

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:

№ 035-2/е нысаны бойынша анықтаманы беру кезінде:

1) учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігерінің анықтамаға қолын және жеке дәрігердің мөрімен куәландыруы;

2) қызмет беруші басшылығының анықтамаға қолын қоюы, мөрімен куәландыруы.

№ 079/е нысаны бойынша анықтаманы беру кезінде:

1) учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігерінің анықтамаға қолын және жеке дәрігердің мөрімен куәландыруы;

2) қызмет беруші басшылығының анықтамаға қолын қоюы, мөрімен куәландыруы.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері;

2) қызметті беруші басшылығы.

8. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) дәйектілігін сипаттау:

№ 035-2/е нысаны бойынша анықтаманы беру кезінде:

1) учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері құжаттарды қабылдайды, «Тұрғындарды тіркеу регистрі», «Диспансерлік аурулардың электрондық регистрі» порталын тексеріп, стандарттың 1-қосымшасына сәйкес анықтаманы толтырып, анықтама қағазына өз қолын қойып, жеке мөрімен куәландырады, журналға тіркейді және қызмет беруші басшылығына жолдайды - орындау уақыты 15 (он бес) минут;

2) қызмет беруші басшылығы учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігерінің қойылған қолын, жеке мөрін идентификация жасап, осыдан кейін қызметті беруші басшылығы қолы қойылған және қызметті берушінің мөрімен куәландырылған анықтаманы ұсынады - орындау уақыты 15 (он бес) минут.

№ 079/е нысаны бойынша анықтаманы беру кезінде:

1) учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері құжаттарды қабылдайды, «Тұрғындарды тіркеу регистрі» порталын тексеріп, денсаулық тобын көрсетеді, № 063/е формадан көшірме жасайды, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 079/е нысандағы анықтаманы толтырып, өз қолын қойып, жеке мөрімен куәландырады, журналға тіркейді және қызмет беруші басшылығына жолдайды - орындау уақыты 15 (он бес) минут;

2) қызмет беруші басшылығы учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігерінің қойылған қолын, мөрін идентификация жасап, осыдан кейін қызметті беруші басшылығы қолы қойылған және қызметті берушінің мөрімен куәландырылған анықтаманы ұсынады - орындау уақыты 15 (он бес) минут.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Алматы қаласы әкімдігінің http://almaty.gov.kz ресми сайтында және Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының http://almatyzdrav.kz. интернет-ресурсында орналастырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымынан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiне қосымша

«Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

А. № 035-2/у нысаны бойынша анықтаманы беру кезінде

Шартты белгілер:

«Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Б. № 079/е нысаны бойынша анықтаманы беру кезінде

Шартты белгілер:

Достарыңызбен бөлісу:

©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет