Регламенті Жалпы ережелер «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау»



жүктеу 112.62 Kb.
Дата10.04.2018
өлшемі112.62 Kb.
түріРегламент

1
Алматы қаласы әкімдігінің
2017 жылғы «___» ____________
№ ____ қаулысына 4 қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына 6 қосымша

 

 



«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – Стандарт) әзірленді

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9 тарамағында көзделген
2
қажетті құжаттар мен өтінішті алу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.

Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға келесі тоқсанға қайталап өтініш берген жағдайда, Стандарттың 9 тармағының 2), 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгеріссіз болса, Стандарттың 5 қосымшасының нысаны бойынша өтініш бланкісі ғана толтырылады.



5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы 20 (жиырма) минут ішінде өтінішті қабылдап, құжаттардың көшірмесін салыстырып, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың тұпнұсқасын беріп, құжаттарды кіріс хат-хабардар журналына тіркейді;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 10 (он) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жазады;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны учаскелік комиссияға қарау үшін жібереді;

4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу жөніндегі учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының материалдық жағдайын зерттеу нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы 2 (екі) жұмыс күні ішінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту) шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) хабарлама дайындайды;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 10 (он) минут ішінде хабарламаға қол қояды;

7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы 20 (жиырма) минут ішінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарламаны тіркейді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.



6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) өтінішті тіркеу;



2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын анықтау және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына беру;

3) қорытындыны дайындау үшін учаскелік комиссияға беру;

4) қорытындыны дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына беру;

5) шешім дайындау;

3
6) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жіберу;

7) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама беру немесе Мемлекеттік корпорацияға жіберу;

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы;

2) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы;

3) учаскелік комиссия.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) сабақтастығын сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы 20 (жиырма) минут ішінде өтінішті қабылдап, құжаттардың көшірмесін салыстырып, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың тұпнұсқасын беріп, құжаттарды кіріс хат-хабардар журналына тіркейді;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 10 (он) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жазады;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны учаскелік комиссияға қарау үшін жібереді;

4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу жөніндегі учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының материалдық жағдайын зерттеу нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды;

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы 2 (екі) жұмыс күні ішінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту) шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) хабарлама дайындайды;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 10 (он) минут ішінде хабарламаға қол қояды;

7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы 20 (жиырма) минут ішінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарламаны тіркейді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.



4
4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеудің ұзақтығы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуды сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтінішті және қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырады, Мемлекеттік корпорация маманы 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды қабылдайды және Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы бөліміне көрсетілетін қызметті берушіге жіберу үшін жолдайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы алынған құжаттарды 20 (жиырма) минут ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 10 (он) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жазады;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды учаскелік комиссияға қарау үшін жібереді;

5) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу жөніндегі учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының материалдық жағдайын зерттеу нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды;

6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы 2 (екі) жұмыс күні ішінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту) шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) хабарлама дайындайды;

7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы 20 (жиырма) минут ішінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарламаны тіркейді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

8) Мемлекеттік корпорация маманы 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаны береді;

10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:

1) мемлекеттік қызметті алушы Мемлекеттік корпорация қызметкеріне өтінішті және қажетті құжаттарды береді, ол электрондық кезек жолымен «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады – 2 (екі) минут ішінде;

5
2) 1 процесс – мемлекеттік қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Мемлекеттік корпорация ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин және парольді (авторизациялау үдерісі) енгізеді - 1 (бір) минут ішінде;

3) 2 процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдайды, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының немесе сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушы өкілінің (нотариалдық куәландырылған сенімхат болған жағдайда, басқа куәландырылған сенімхатының мәліметтері толтырылмайды) мәліметтерін енгізеді – 2 (екі) минут ішінде;

4) 3 процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері, сонымен қатар Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеде (бұдан әрі – БНАЖ) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхаты мәліметі туралы сұранысын жолдау – 2 (екі) минут ішінде;

5) 1 шарт - ЖТ МДҚ көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің және БНАЖ-дағы сенімхат мәліметтерінің бар болуын тексеру – 1 (бір) минут ішінде;

6) 4 процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ мәліметтерінің, БНАЖ-дағы сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты мәліметтерді, алуға мүмкіншіліктің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру – 1 (бір) минут ішінде;

7) 5 процесс – аймақтық электрондық үкімет шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЭҮШ АЖО) ЭҮШ арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) жолдау – 1 (бір) минут ішінде;

8) 6 процесс – АЭҮШ АЖО-да электрондық құжаттарды тіркеу – 1 (бір) минут ішінде;

9) 2 шарт – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарын тексеру (өңдеу) – 1 (бір) минут ішінде;

10) 7 процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұраудағы мемлекеттік көрсетілетін қызметке бас тарту туралы дәлелді жауап жөніндегі хатты қалыптастыру – 1 (бір) минут ішінде;

11) 8 процесс – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация қызметкері арқылы АЭҮШ АЖО-да жинақталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама алу – 2 (екі) минут ішінде;
6
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) сабақтастығының, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсету қарастырылмаған.

1
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

қосымша

 

Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы





 






















































2

Шартты белгілері:




  • мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;




  • көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;






  • таңдау нұсқасы;



  • келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.

 
 

 

 



 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет