Регламенті Жалпы ережелер «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру»



жүктеу 49.54 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі49.54 Kb.
түріРегламент


Қарағанды облысы әкімдігінің

2015 жылғы « 02 »__09____

№__50/04___

қаулысымен бекітілген



«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдармен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті алуға арналған жүгінулерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығы «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) нысан бойынша қағаз түрінде, ординатор дәрігер қол қойған, жеке дәрігердің мөрімен және қызметті берушінің мөрімен расталған медициналық картадан жазылып берілетін үзінді.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттер тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының жүгінуі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуына негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер) мазмұны:

1) көрсетілетін қызметті берушінің емдеуші дәрігері немесе кезекші дәрігері емдеу курсы аяқталған соң 15 (он бес) минут ішінде әрі қарай тұрғылықты жерінде дәрігер қадағалауында болу үшін жатқызылу тарихының қысқаша түрдегі мазмұнын, жүргізілген емдеу сипаты мен нәтижесін, әрі қарай емделушіге ем жүргізу бойынша ұсыныстар мен симптом динамикасын қамтитын шығарылу эпикризін толтырады және қолын қояды.

Нәтижесі – шығарылу эпикризін толтырады және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім меңгерушісіне жолдайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім меңгерушісі 15 (он бес) минут ішінде тегін толық көрсете отырып шығарылу эпикризіне қол қояды және шығарылу эпикризін тәуліктің уақытына байланысты көрсетілетін қызметті берушінің салалық бөлімінің аға мейірбикесіне немесе көрсетілетін қызметті берушінің шығару орталығына жолдайды.

Нәтижесі – шығарылу эпикризіне қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің салалық бөлімінің аға мейірбикесіне немесе көрсетілетін қызметті берушінің шығару орталығына жолдау;

3) көрсетілетін қызметті берушінің салалық бөлімінің аға мейірбикесі 15 (он бес) минут ішінде шығарылу эпикризін көрсетілетін қызметті берушінің штампымен растайды және көрсетілетін қызметті алушының қолына стационарлық науқастың медициналық картасынана үзінді көшірмесін береді.

Нәтижесі – стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру;

4) көрсетілетін қызметті берушінің шығару орталығы 15 (он бес) минут ішінде шығарылу эпикризін көрсетілетін қызметті берушінің штампымен растайды және көрсетілетін қызметті алушының қолына стационарлық науқастың медициналық картасынана үзінді көшірмесін береді.

Нәтижесі – стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің емдеуші дәрігері немесе кезекші дәрігері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім меңгерушісі;

3) көрсетілетін қызметті берушінің салалық бөлімінің аға мейірбикесі;

4) көрсетілетін қызметті берушінің шығару орталығы.

7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығы көрсетілуімен көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің емдеуші дәрігері немесе кезекші дәрігері емдеу курсы аяқталған соң 15 (он бес) минут ішінде әрі қарай тұрғылықты жерінде дәрігер қадағалауында болу үшін жатқызылу тарихының қысқаша түрдегі мазмұнын, жүргізілген емдеу сипаты мен нәтижесін, әрі қарай емделушіге ем жүргізу бойынша ұсыныстар мен симптом динамикасын қамтитын шығарылу эпикризін толтырады және қолын қояды.

2) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім меңгерушісі 15 (он бес) минут ішінде тегін толық көрсете отырып шығарылу эпикризіне қол қояды және шығарылу эпикризін тәуліктің уақытына байланысты көрсетілетін қызметті берушінің салалық бөлімінің аға мейірбикесіне немесе көрсетілетін қызметті берушінің шығару орталығына жолдайды.

3) көрсетілетін қызметті берушінің салалық бөлімінің аға мейірбикесі 15 (он бес) минут ішінде шығарылу эпикризін көрсетілетін қызметті берушінің штампымен растайды және көрсетілетін қызметті алушының қолына стационарлық науқастың медициналық картасынана үзінді көшірмесін береді.

4) көрсетілетін қызметті берушінің шығару орталығы 15 (он бес) минут ішінде шығарылу эпикризін көрсетілетін қызметті берушінің штампымен растайды және көрсетілетін қызметті алушының қолына стационарлық науқастың медициналық картасынана үзінді көшірмесін береді.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігі, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекетерінің толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету

орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті

берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ

ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облысының филиалы және қызмет www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
«Стационарлық науқастың

медициналық картасынан үзінді

көшірме беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет



регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығы




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет