Регламенті Жалпы ережелер



жүктеу 49.57 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі49.57 Kb.
түріРегламент


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы «08» шілдедегі

№ 169 қаулысымен бекітілген

«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша

оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын

қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойыншаоқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) арнайы білім беру ұйымдары, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтін нәтижесінберу көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2.Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3.Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: арнайы білім беру ұйымына немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылданғаны туралы бұйрық.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетінқызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)іс-қимыл

тәртібін сипаттау


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетінқызметті алушының (ата-анасының, заңды өкілдерінің)Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2015 жылғы8сәуірдегі № 174 бұйрығыменбекітілген«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойыншаоқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9 тармағына сәйкес құжаттар топтамасының болуы негіздеме болып табылады.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушікеңсесі қызметкерініңкөрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттар топтамасынСтандарттың9 тармағына сәйкес қабылдауы және олардыкөрсетілетін қызметті берушініңбасшысына беруі. Орындалу ұзақтығы –5 (бес) минут;

2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушібасшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қарауы және оларды арнайы білім беру ұйымына немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымынақабылдау туралы бұйрықты дайындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің маманына беруі. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) минуттан аспайды;

3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушімаманыныңарнайы білім беру ұйымына немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық жобасын дайындауы.Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут;

4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушібасшысының арнайы білім беру ұйымына немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрыққа қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 2(екі)минут.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі арнайы білім беру ұйымына, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымынақұжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастапқабылдау үшін – 30 тамыздан кешіктірмей, бірінші сыныпқа – 1 маусымнан бастап 30 тамыз аралығында.


  1. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-ші
    іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі құжаттар топтамасын қызмет берушінің маманына беруболып табылады,олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимылды бастау үшін негіз болады.Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет рәсімінің нәтижесіарнайы білім беру ұйымына немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылданғаны туралы дайындалған бұйрық жобасы болып табылады, олар осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-ші
    іс-қимылды бастау үшін негіз болады.Осы Регламенттің
    5 тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесіарнайы білім беру ұйымына немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылданғаны туралы қол қойылған бұйрық болып табылады.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетінқызмет

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау
7.Мемлекеттік көрсетілетін қызметпроцесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің маманы;

3)көрсетілетін қызметті берушікеңсесінің қызметкері.

8.Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің
(іс-қимылдардың) сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттар топтамасын Стандарттың 9 тармағына сәйкес қабылдауы және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беруі. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қарауы және оларды арнайы білім беру ұйымына немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрықты дайындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің маманына беруі. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) минуттан аспайды;

3)көрсетілетін қызметті беруші маманының арнайы білім беру ұйымына немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық жобасын дайындауы. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут;

4)көрсетілетін қызметті беруші басшысының арнайы білім беру ұйымына немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрыққа қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) минут.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасыосы Регламентке қосымшаға сәйкесмемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығындакөрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.




Каталог: assets
assets -> 017 ж қаңтар 31 қаңтар дсұ санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі
assets -> Тоо "Аксесс Энерго птэц-2" объявляет о проведении тендера по закупкам следующих материальных, финансовых ресурсов и услуг: раз
assets -> Конверттерді ашу хаттамасы
assets -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама
assets -> Егемен Қазақстан. – 2014. №209. – 25 қазан Егемен-ақпарат Ақын қолымен жазылған өлең «Сәкеннің қоштасуы»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет