Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары Жалпы ережелер



жүктеу 2.04 Mb.
бет1/12
Дата01.10.2017
өлшемі2.04 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары

Жалпы ережелер

1. Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Жол жүрісі туралы» және «Көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заныңдарына сәйкес әзірленді және рельстік көлік құралдарын пайдалану оның ішінде инфрақұрылым объектілерін, құрылыстарды, жылжымалы құрамды және арнайы жылжымалы құрамды жөндеу тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағида рельстік көлік құралдарына барлық бөлімшелері мен қызметкерлері үшін қажетті болып табылады.

3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер:


1) Түйіспе желісі - электр энергиясының тартымдық қосалқы станциялардан электр жылжымалы құрамның ток қабылдағыштарына берілуін қамтамасыз ететін сымдардың, конструкциялар мен жабдықтардың жиынтығы;

2) Габарит – Құрылыстарды, құрылғыларды геометриялық тиіс ашық нысандар.

3) Жылжымалы құрам – Метрополитен вагондар, локомотивтер және арнайы жылжымалы бірліктер (арнайы жылжымалы құрам) трамвай вогондар (жолаушы, жук және арнайы жылжымалы құрам);

4) Жылжымалы құрамның габариті - түзу көлденең жолға қойылған, тиелген де, сондай-ақ бос та жылжымалы құрам сыртқа шықпай (максимал нормаланатын рұқсаттарды және машинист өшірген кезде немесе АТР/АТО негізгі қондырғы өздігінен қосылатын) орналасуы тиіс шекті көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескін;

5) Құрылыстардың жақындау габариті – оларды дайындау мен монтаждауға нормаланған рұқсаттарды ескере отырып, тұтас металконструкциялардың тіреулерінен басқа, станциялық имараттар мен құрылыс конструкцияларының ешқандай бөліктері кірмейтін, жылжымалы құрам мен жабдық ғана кіретін шекті көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескін;

6) Қызметтік тежеу - жылдамдықты баяу азайту немесе поезды алдын ала көзделген жерде тоқтату үшін кез келген шамадағы сатылармен пневматикалық тежеу;

7) Метрополитен – көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;

8) Аралық - темір жол желісінің шектес станциялармен, разъездермен, озу пункттерімен немесе жол посттарымен шектелген бөлігі;

9) Рельстік көлік құралдарын ұйым (кәсіпорын) – ұйымдық-құқықтық құрылым, жөндеу, басқару, аналитикалық-жоспарлау өзге де қызыметтермен қамтамасыз етеді, жолаушы тасымалдау және жылжымалы құрамды пайдалану үшін қамсыздандырылады.

10) Рельстік көлік құралдары – көлік кәсіпорындары, өзгеше бағытта арнайы жолдармен журуге арналған, осымен бірге өзге көлік жүйесін құрайды.

11) Сервер – оған сервистік программалық жасақты орындау үшін бөлінген және/немесе арнайы аппараттық қамтамасыз ету;

12) Сигнал – шартты көрінетін немесе дыбыстық белгі, оның көмегімен белгілі бұйрық беріледі;

13) Тежегіш жол – машинист краны тұтқасын, тоқтат-кранды тежеу жағдайына ауыстыру сәтінен немесе машинист бақылаушысының бас білігінің тұтқасын «Тежеу-2» (электржылжымалы құрам үшін) жағдайына толық тоқтағанға дейін поезбен (құраммен) өтетін арақашықтық.

Тежеу жолдары тежеу түріне (қызметтік, толық қызметтік, шұғыл және электр) байланысты ерекшеленеді

14) Трамвай - жер үсті қалалық рельстік көлік электр тартуы, жылжымалы құрам қоса беріліп, линиялық құрылыс, трамвай депосы, жөндеу зауыт.

15) Уәкілетті мемлекеттік орган - көлiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлiк кешенiнiң қызметiн үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

16) Еңіс – горизантал сызыққа еңісті жолдың бойлық пішінің элементі. Төменгі нүктеден жоғарыға жылжитын поезд (құрам) үшін еңіс көтерілу, ал кері жылжитын түсу болып табылады;

17) Шұғыл тежеу - магистральдық шұғыл разрядтау және барынша жоғары тежеу күшін іске асыру арқылы поезды дереу тоқтату үшін қолданылатын тежеу;


Метрополитенді техникалық пайдалану қағидасы
4. Метрополитенді техникалық пайдалану қағидасы метрополитеннің және оның жұмыскерлерінің негізгі ережелерін және жұмыс тәртібін; имараттардың, құрылғылардың және жылжымалы құрамның негізгі өлшемдерін, күтіп-ұстау нормаларын және оларға қойылатын талаптарды; поездар қозғалысын ұйымдастыру және сигнал беру принциптерінің жүйесін белгілейді.

Инструкция по движению поездов и маневровой работе и инструкция по сигнализации на метрополитене утверждаются Управлением метрополитена.

5. Метрополитенді техникалық пайдалану қағидасымен байланысты терминдері өкілетті мекемен бекітіледі.

6. Метрополитен қызметкерлері келесі міндеттерің атқарады:

1) қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жолаушыларды тасымалдаудағы тапсырылған көлемдерін орындау;

2) техникалық құралдарды тиімді пайдалану;

3) айналадағы табиғи ортаны қорғау талаптарын ұстау;

7. Метрополитеннің әр қызметкері адамдардың өміріне немесе қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін барлық жағдайларда шұғыл түрде пойызды, маневр жасаушы жылжымалы құрамды, эскалаторды тоқтатуға шаралар қолдануға міндетті, ал бұдан басқа, қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін құрылыс немесе құрылғылардың ақаулылығын анықтаған жағдайда, дереу қауіпті жерді қоршауға және ақаулылықты жоюға шаралар қабылдауы тиіс.

8. Қозғалыс қауіпсіздігін немесе жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысы бар электрпойыздарды, локомотивтерді, эскалаторларды, сигналдарды, аппараттарды, механизмдерді және басқа да құрылғыларды басқаруға, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде бағыттамаларды бұруға тек қана осы жұмысты атқаруға уәкілеттенген және осы құрылғыларға тікелей қызмет көрсететін қызметкердің жеке басының бақылауында және жауапкершілігінде белгіленген тәртіп бойынша, машықтанудан өткен тұлғалар құқылы. Электрпойыздарды, локомотивтерді басқару кабиналарына және қозғалыс қауіпсіздігін немесе жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысы бар құрылғылардың басқарылуы жүргізілетін бөлмелеріне кiру құқығына ие емес тұлғаларды жіберуге тыйым салынады.

9. Метрополитен басқармасы бекіткен тізім бойынша пойыз қозғалысы мен жолаушыларды тасымалдауға қатысы бар метрополитендегі жұмысқа орналасушы тұлғалар кәсіптік білім алудан өтуі тиіс, ал локомотивтік бригадалар, кәсіптік білім алумен қатар, кәсіби іріктеліп сынақтан өтуі және төмендегі талаптарды білетіні жөнінде мерзімді түрде білімі тексеріліп отыруы тиіс:

1) метрополитеннің техникалық пайдалану ережесін;

2) жұмыскерлердің міндеттерін белгілейтін Лауазымдық нұсқаулықтары және басқа да құжаттары;

3) қауіпсіздік техникасының, өрт қауіпсіздігінің және өндірістік тазалық сақтау ережелері мен нұсқаулықтары;

4) метрополитен қызметкерлерінің тәртібі туралы Ереже.

10. Басқа қызметкерлердің барлығы осы Ережеде жалпы міндеттерін, және лауазымдық нұсқаулықтарды білуі тиіс;

11. Метрополитен басқармасы әр лауазымға қатысты білім көлемін, сынақтардың қабылдау тәртібі мен мерзімді түрдегі өтетін уақытын бекітеді.



Каталог: images -> npa
npa -> Ќазаќстан Республикасы
npa -> Формат (содержание) справки об итогах деятельности за 2008 год
npa -> Ақпарат Ақпараттық және коммуникациялық технология
npa -> Утверждена
npa -> Қазақстан Республикасындағы ішкі су жолдарының кеме жүру қауіпсіздігін қастамасыз ету бойынша жол жұмыстарын жүргізу және жосп
npa -> Сравнительная таблица
npa -> «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет