Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан республикасына мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

“Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Қазақстан президентін Әзірбайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды”, – делінген ақпаратта.

Бұған дейін Тоқаевтың Әзірбайжанға ресми сапармен баратыны хабарланған. 

Сапар аясында мемлекет басшысы Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзірбайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алғашқы отырысына қатысатыны айтылады.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.