Решения Совета директоров



жүктеу 29.1 Kb.
Дата19.04.2018
өлшемі29.1 Kb.

«ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне, Басқарма мүшелеріне және басқарушы қызметкерлеріне сыйлықақы төлеу

 

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімімен Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне сыйлықақы төленеді және олардың өз функцияларын орындауымен байланысты шығындары өтеледі. Мұндай сыйлықақылар мен өтемақылардың мөлшері Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімімен белгіленеді.



Қоғамда белгіленген тәртіпке сәйкес Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін орындағаны үшін сыйлықақы Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне ғана белгіленген және онда мыналар ғана бар:

  • жылдық белгіленген сыйлықақы;

  • Директорлар кеңесінің жанындағы комитеттердің көзбе-көз отырыстарына қатысқаны үшін қосымша сыйлықақы;

  • Тәуелсіз директордың тұрғылықты жерінен тыс өткізілетін Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарына және Қоғамның Директорлар кеңесі Төрағасының бастамасымен болған кеңестерге барумен байланысты шығындарын өтеу.

Тәуелсіз директорларға сыйлықақы төлеу мен шығындарын өтеу тәртібі «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларына сыйлықақы мен өтемақыларды төлеу туралы қағидаға сәйкес белгіленеді.

«ҮМЗ» АҚ тәуелсіз директорларының сыйлықақы сомасы:

Директорлар кеңесі мүшелерінің жұмыс істеген кезеңі ішінде тәуелсіз директорларға сыйлықақы төленген жоқ.

Директорлар кеңесінің мүшелері қандай да бір жеңілдіктер немесе басқа сыйлықақылар алмайды. «ҮМЗ» АҚ-да Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйлықақы төлеу лимиттері жоқ, сондай-ақ «ҮМЗ» АҚ акциялары түрінде сыйлықақы көзделмеген.

«ҮМЗ» АҚ басқарушы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу

«ҮМЗ» АҚ басқарушы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ нұсқауларына сәйкес әзірленген және «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен ішкі нормативтік құжаттармен регламенттеледі.


«ҮМЗ» АҚ басқарушы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мына төлемдерді көздейді:

- Лауазымдық жалақы;

- Мерекелік және мерейтойлық даталарға бірреттік сыйақылар;

- Бір жылдағы жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы.


Сыйлықақы төлеудің негізгі критерийлері – «ҮМЗ» АҚ жалпы корпоративтік көрсеткіштерін орындау, сондай-ақ стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін көрсететін функционалдық қызметтің негізгі көрсеткіштерін (ҚНК) орындау болып табылады.

Корпоративтік және функционалдық ҚНК іс жүзінде орындау негізінде жауапты бөлімше нәтижелілік пайызын, сонымен қатар «ҮМЗ» АҚ басқарушы қызметкерлеріне жылдың қорытындылары бойынша сыйақы мөлшерін есептеп шығарады.

«ҮМЗ» АҚ басқарушы қызметкерлері үшін жылдың қорытындылары бойынша сыйақының шекті мөлшері тиісті қызметкердің 8 (сегіз) лауазымдық жалақысынан аспауға тиіс.

Егер басқарушы қызметкерге есепті жылда тәртіптік жаза қолданылған жағдайда, оның әрекет ету мерзімі кезеңі сыйақыны есептеу үшін іс жүзінде жұмыс істеген уақытты есептеуге қосылмайды.

«ҮМЗ» АҚ басқарушы қызметкерлеріне жылдың қорытындылары бойынша сыйақыны төлеу жөніндегі қорытынды шешімді «ҮМЗ» АҚ Директорлар кеңесі есептік кезең үшін аудиттелген қаржылық есептіліктің негізінде қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелерін бекіткен соң қабылдайды.

«ҮМЗ» АҚ топ-менеджерлеріне бір жылдағы жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы төлеудің қосынды мөлшері төмендегіні құрап отыр:

- 2014 жылы – 52 113,5 мың теңге;

- 2015 жылы – 56 575,2 мың теңге;



- 2016 жылы – 80 504,9 мың теңге.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет