Жаңа оқу жылынан бастап 11 жастағы қыздар папилломавирусқа қарсы екпені тегін алады. Мәжілісте өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұл мәселеге тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ажар Ғинияттың мәлімдеуінше, өткен жылы онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында көптеген бағдарламалар қабылданды.

"Жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында биылдан бастап елімізде қыздарды адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау енгізіледі. 11 жастағы қыздардың ата-аналарына болашақта балаларын аурудан қорғап, екпе салдыру сұралады сұралады. Әрине, екпе ата-аналардың келісімімен жүргізіледі", – деді министр.

  • "Күмән бар": Ата-аналар жасөспірім қыздардың папиллома вирусына қарсы вакцинациялануына наразылық білдірді
  • "Антиваксер ата-ана ауырған баланың емін төлеп беруі тиіс”: Денсаулық сақтау министрлігі қоғам белсенділерінің талабын қолдайды

Оның айтуынша, 170 мың қыз балаға екпе салынуы тиіс, мектептерде, екпе кабинеттерінде жұмыстар жүргізілмек. Минитср дәрігерлердің қандай вакцинаны қолданатынын айтпады, өйткені ол әлі сатып алынбаған.

Ол, сондай-ақ, ұл балаларға 2025 жылы вакцина егілуі мүмкін екенін айтты.

"Егер қоғам қолдап, ұл балаларға да екпе алу керек десе, келесі жылы сіздердің барлық ұсыныстарыңызды ескереміз", – деді Ғиният.

Жатыр мойны қатерлі ісігіқазақстандық әйелдер арасында жиі кездесетін қауіпті аурулардың бірі болып саналады.Бұл аурудың алдын алу жолы –тек вакцина.  Ұлдар мен ерлер үшінпапилломавирус соншалықты қауіпті емес, бірақ олар әйелді жұқтырып, содан жатыр мойны қатерлі ісігі пайда болуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанда 2024 жылдан бастап 11 жастағы қыздар адам папилломавирусына қарсы вакцинацияланатыны айтылды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.