«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы №861 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы



жүктеу 29.71 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі29.71 Kb.



«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы
№ 861 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы


ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы


№ 861 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36,
342-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларында:

10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттiк инвестициялық жобаларға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.»;

14-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жетекшілік ететін саладағы (аядағы) мақсаттарға қол жеткізу және оларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:

1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкестігі, нысаналы индикаторларды таңдаудың және оларға қол жеткізу дәрежесінің дұрыстығы тұрғысынан;

2) нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелер көрсеткіштерінің стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізушілік дәрежесі тұрғысынан бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарайды.»;

үшінші бөліктің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін

олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалар жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, сондай-ақ әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;

2) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың стратегиялық жоспарының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланысы тұрғысынан қарайды;»;

21-тармақтың екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) республикалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша мыналарды:

алдыңғы жылғы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын;

ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасын;

жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;

бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;

бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
      Президентi                                       Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 11 қаңтар



№ 166


Каталог: upload -> media -> files
files -> «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы»
files -> 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
files -> Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу
files -> Бекітілген мемлекеттік қызметшілердің ант беру
files -> «Квантовые и коллективные свойства плазмы: теоретические основы новых технологий»
files -> Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
files -> Қазақстан Республикасы Президентінің 005 жылғы шілдедегі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет