«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге келісімшарттар (шарттар) жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 75.61 Kb.
Дата11.04.2019
өлшемі75.61 Kb.


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 501 бұйрығына



  1. 4– қосымша



«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда,

жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге

келісімшарттар (шарттар) жасасу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге келісімшарттар (шарттар) жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:

келісімшарт (шарт) жасасу мүмкіндігі туралы хабарлама – 10 (он) жұмыс күні;

келісімшарт (шарт) жасасу мүмкіндігі туралы хабарлама алған күннен бастап жобалау-сметалық құжаттаманы ұсыну мерзімі – 3 (үш) ай (көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын жүгінген жағдайда, мерзімді ұзарту, бірақ 3 (үш) айдан асырмай ұзарту мүмкіндігімен).

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарын қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге келісімшарттар (шарттар) жасасу.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

8.Жұмыс кестесі:

көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға түскі үзіліс, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру сағат 9.00 – ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінім;

2) Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз түрінде өтініштің қабылданғанын растау құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты туралы қойылған белгі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

Шағым пошта арқылы немесе қолма-қол жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің Министрліктің кеңсесіне беріледі.

Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсете отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілетін өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушініңwww.geology.kz және Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 19 50, 74 35 50. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы – 1414.

«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарын қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге келісімшарт (шарт) жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша


нұсқа
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарын қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге келісімшарт (шарт) жасасуға

ӨТІНІМ


1. Келісімшарттың мәні мен мақсаты:

________________________________________________________________________________
2. Жұмыстарды жүргізу мерзімі, сұралатын аумақтың кеңістік шекарасы, аумақтың ауданы:

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________


Бұрыштық нүктелердің



Географиялық координаталары

Солтүстік ендігі

Шығыс бойлығы

градус

минут

секунд

градус

минут

секунд

1



















2



















3






































3. Заңды тұлғалар үшін:

өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері: ________________________________________________________________________________

өтініш беруші заңды тұлғаның басшылары және қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер:

________________________________________________________________________________

заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені және салық органдарында тіркелгені туралы құжаттардың көшірмелері (қоса беру қажет).


4. Жеке тұлғалар үшін:

өтініш берушінің тегі және аты, заңды мекенжайы, азаматтығы: ________________________________________________________________________________



өтініш берушінің жеке басын куәландыратын, өтініш берушінің салық органдарында тіркелгені, өтініш берушінің кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжаттардың көшірмелері (қоса беру қажет).





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет