Республикалық және жергілікті Қоғамдық кеңестер қызметіне ерттеулер жүргізу нәтижесі бойынша «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» зтб-ның сараптамалық есебі



жүктеу 400.47 Kb.
Дата15.06.2018
өлшемі400.47 Kb.



Қазақстанның Азаматтық Альянсы жарияланымның мазмұны үшін жауапкершілікті болады, ол міндетті түрде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ ұстанымын білдірмейді. Осы есепте көрсетілген авторлардың көзқарасы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Республикалық және жергілікті Қоғамдық кеңестер қызметіне ерттеулер жүргізу нәтижесі бойынша «Қазақстанның Азаматтық Альянсы»
ЗТБ-ның сараптамалық есебі

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ гранты есебінен «Республикалық және жергілікті қоғамдық кеңестердің қызметін бағалау және олардың рөлін күшейту үшін әлеуетін арттыруға арналған кеңестерді жасақтау» тақырыбындағы жобаны жүзеге асыру аясында дайындалды.



ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі – діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу, азаматтардың дінге сену еркіндігі құқығын қамтамасыз ету, мемлекет пен азаматтық сектордың өзара әрекеттесуі саласында, сондай-ақ жастар саясаты саласында уәкілеттілігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.


«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ Қазақстандағы мемлекет және ҮЕҰ-ның өзара әрекеттесу механизмін жетілдіру, грант беру қызметінің ашықтығын жоғары деңгейде қамтамасыз ету мақсатындақұрылды. Оның қызметінің негізгі түрлері – ҮЕҰ-ларға мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттарды беру және олардың жүзеге асырылу барысын бақылау.
Астана қ., 2017 жыл

МАЗМҰНЫ






4-бет

  1. Мониторингіні қысқаша шолу




  1. Қазақстан Республикасы халқының Қоғамдық кеңестер қызметі туралы хабардарлығы және олардың жұмыстары туралы ақпараттың қолжетімділігі

6-бет

  1. ҚК мүшелерімен және сарапшылармен сұхбатты негізге ала отырып, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің ағымдағы жағдайын талдау




17-бет

  1. Мониторинг нәтижелері бойынша кеңестер

26-бет


Мониторингтік зерттеу келесідей әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылды:

Кабинеттік зерттеу. Мониторингтің бөлшегі саналады, оның барысында материалдар және қоғамдық кеңестердің осы уақытқа дейін жүзеге асырылған қызметі шеңберіндегі сұрақтарды қарау нәтижелері зерделенді. Ақпарат жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық кеңестерге ресми сұраныстар жолдау, сондай-ақ қоғамдық кеңестер қызметі туралы БАҚ-тағы мақалалар мазмұнын зерделеу арқылы жиналды.



Сауалнама жүргізу халықтың Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы хабардарлық деңгейін, олардың жұмыстары туралы ақпараттың қолжетімділігін, сондай-ақ азаматтар мен ҮЕҰ-ларды қоғамдық бақылау формасын жүзеге асыру процесіне қатыстыру әлеуетін зерттеу әдісі.

Сауалнамаға жауап беруші – кәмелеттік жасқа толған, ҚК құрамына кірмейтін, ҚК қызметінің аумағында тұратын, белсенді азаматтық ұстанымы бар Қазақстан Республикасының азаматтары.

Белсенді азаматтық ұстаным – адамның қоғам өміріне саналы түрде қатысуы, бұл оның жеке басы мен қоғамдық мүдделердің орынды арақатынасы кезінде қоғамдық құндылықтарды жүзеге асыруға бағытталған жеке және қоғамдық жоспарда қоршаған ортаға қатынасындағы саналы шынайы әрекеттерін (істерін) суреттейді.

Қазақстан Республикасының әр өңірінде азаматтарды, соның ішінде белсенді ҮЕҰ өкілдерін кездейсоқ таңдау арқылы 30 жауап берушіден кем болмайтын адамға сауалнама жүргізілді.

Сауалнамаға жауап берушілерді кездейсоқ таңдау адам көп жиналатын орындарда, мысалы, ХҚКО келушілері арасында, сауда үйлерінде, саябақтар мен алаңдарда жүзеге асырылды. ҮЕҰ өкілдерін таңдау ұйымның белсенділігі және ҮЕҰ базасында болуына сәйкес анықталды.

Сауалнама жүргізудің мақсаты халықтың Қоғамдық кеңестер туралы хабардарлығы бойынша ақпарат алу, сондай-ақ фокус-топтың ықтимал қатысушыларын таңдау үшін көмекші көздерді қамтамасыз ету болды.



Сұхбат – аталған әдіс арқылы ҚК мүшелерінің біраз бөлігіне мамандандырылған сауалнама жүргізілді.

Сұхбат алу сұхбат берушімен жеке сөйлесуді қарастырды.

ҚК мүшесіне арналған сұхбаттың сұрақтар тізімінде келесі индикаторлар бойынша ақпарат алуға бағытталған сұрақтар болуы міндетті:


  • Қоғамдық мүддені қорғауға бағытталған азаматтық бастамалар саны.

  • Азаматтардың мемлекет пен оның органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне сенім деңгейін арттыру.

  • Қоғамдық кеңестердің отырыстарында қабылданатын шешімдердің саны мен сапасы.

  • Отырыстарды ұйымдастырудың және қоғамдық бақылау формасын қолдануды әдістемелік қолдаудың жалпы мәселелерін реттейтін басқару құжаттары жүйесінің болуы.

  • ҚК қабылдаған шешімдер нәтижелерінің пәрменділігі.

  • Қоғамдық кеңес қызметін ұйымдық қамтамасыз ету (кадрлық, қаржылық, материалдық-техникалық, ақпараттық және басқа сипаттағы толыққанды жұмыс жағдайын жасауға бағытталған іс-шаралар).

  • Азаматтар мен ҮЕҰ-ларды қоғамдық бақылау және жемқорлыққа қарсы күрес формаларын жүзеге асыру процестеріне қатыстыруға арналған жағдайларды қамтамасыз ету.

  • Қоғамдық кеңестер қызметін ақпараттық сүйемелдеумен жүйелі түрде айналысатын ақпараттық қорлардың болуы.

Сұхбат барысында нақтылау немесе мейлінше сапалы ақпарат алу мақсатында сұрақтар тәртібі мен олардың құрылуын өзгертуге жол беріледі.

Фокус-топ – мақсатты аудитория өкілдерінен тереңдетілген сұхбат алу, оның барысында зерттеушілер зерттеу нысаны туралы субъективті ойлар алады.

Бұл әдіс Қоғамдық кеңестер қызметін мониторингілеу шеңберінде ақпарат жинау кезеңінің қорытынды сатысы саналады және белгілі бір мәселе бойынша модерацияланатын топтық пікірталас түрінде жүзеге асырылады.

Фокус-топ азаматтардың ҚК қызметіне деген сенімін арттыру үшін ықтимал мүмкіндіктерді зерттеу, олардың әлеуеті мен рөлін нығайту мақсатында өткізілді және топ қатысушыларымен ҚК туралы түсініктерді жинақтамалы талдау және ҚК құзыреттілігіне халық көзқарасымен қарау түрінде болады.

Фокус-топтың міндеті ҚК қызметіне қатысты сұрақтарды мынадай сызба бойынша талдаудан тұрады:

Жұмысты сынау – себептер – нені өзгерту керек?

Жұмысқа қанағаттану – себептер – оң тәжірибені сақтап алу үшін сипаттама.

Фокус-топтың мақсатты аудиториясы – бұл қоғамдық кеңестердің мүшесі болып саналмайтын, кәмелеттік жасқа толған ҚР азаматтары, соның ішінде мемлекеттік органдарға және қоғамдық кеңестерге жатпайтын белсенді ҮЕҰ және басқа да заңды тұлғалар өкілдері қатарындағы сауалнамаға жауап берушілер.


  1. Мониторингіні қысқаша шолу


Қазақстанның Азаматтық Альянсы республикалық және жергілікті қоғамдық кеңестердің қызметін бағалау және рөлін күшейту үшін олардың әлеуетін арттыру мақсатындағы кеңестердің жасақтау жобасын жүзеге асыру аясында республикалық және жергілікті Қоғамдық кеңестер (әрі қарай – ҚК, Кеңес) қызметінің мәселелері мен тиімділігін зерттеуге бағытталған мониторингтік зерттеу өткізді.

Бұл үшін сауалнама жүргізу, сұхбат және фокус-топтар әдістерін қолдануды қарастыратын зерттеу әдіснамасы жасақталды, олардың негізгі ақпарат көздері Қазақстан Республикасының халқы және Кеңеске кірмейтін ҮЕҰ басшылары, сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелері болды.

Мониторингіні өткізу кезеңі – 2017 жылдың мамыр-тамыз аралығы.

Зерттеу кезеңі – 2016 жылдың ІІ жартыжылдығы және 2017 жылдың І жартыжылдығы.

Аталған әдістермен зерттеу процесіне республика бойынша барлығы 639 адам қатыстырылды.

500 адам қатысқан сауалнамада халықтың Қоғамдық кеңестер қызметі туралы хабардарлық деңгейі, олардың жұмысы туралы ақпараттың қолжетімділігі, сондай-ақ азаматтар мен ҮЕҰ-ларды қоғамдық бақылау формасын жүзеге асыру процесіне қатыстырудың әлеуеті зерттелді.

Сауалнамаға жауап берушілер – кәмелеттік жасқа толған, ҚК құрамына кірмейтін, ҚК қызмет ететін аумақта тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары.

Жауап берушілерді таңдау электронды сауалнамаға тікелей сілтемені тарату арқылы кездейсоқ тәсілмен жүзеге асырылды, сондай-ақ жауаптар Астана қ., Алматы қ. және Қазақстан Республикасының 14 өңірінен жиналды. Қағаз тасымалдауышпен алынған жауап алу нәтижелері сондай-ақ Anketolog.ru серверінің электронды форматына енгізіліп, содан кейін аталған сервердің базасы шығарылды.

ҚК-ның 59 мүшесі қатысқан қоғамдық кеңестер мүшелерімен сұхбаттасу жағдаятқа іштей үңілуге және келесідей индикаторлар бойынша ақпарат жинауға мүмкіндік берді:


  • Қоғамдық мүддені қорғауға бағытталған азаматтық бастамалар.

  • Азаматтардың мемлекеттің және оның органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне сенім деңгейін арттыру.

  • Отырыстарды ұйымдастырудың жалпы мәселелерін реттейтін басқарушылық құжаттары жүйесінің және қоғамдық бақылау формасын қолданудың әдістемелік қолдауының болуы.

  • ҚК қабылдаған шешімдер нәтижелерінің ықпалдылығы.

  • Қоғамдық кеңес қызметін ұйымдық қамтамасыз ету (толыққанды жұмыс үшін жағдай жасауға бағытталған кадрлық, қаржылық, материалдық-техникалық, ақпараттық және басқа сипаттағы іс-шаралар).

  • Азаматтар мен ҮЕҰ-ларды қоғамдық бақылау және жемқорлыққа қарсы күрес формаларын жүзеге асыру процесіне қатыстыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

  • Қоғамдық кеңестер қызметін тұрақты түрде ақпараттық сүйемелдеумен айналысатын ақпараттық ресурстардың болуы.

  • Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру саласында азаматтық бастамаларды уәждемелеу, ынталандыру және қолдау жүйелерінің болуы.

Фокус-топтар азаматтардың ҚК қызметіне сенімін арттыру үшін ықтимал мүмкіндіктерді зерттеу, ҚК әлеуеті мен рөлін нығайту мақсатында ақпарат жинаудың қорытынды кезеңі болды.

Еліміз бойынша ҚК институтын таныстыру образын құру және ҚС құзыретіне халық көзқарасымен қарау бойынша топтарда барлығы 12 назар аударылған талқылаулар өткізілді, оған 80 қатысушы қатыстырылды.

Фокус-топтың мақсатты аудиториясы – бұл қоғамдық кеңестердің мүшесі болып саналмайтын жауап берушілер, кәмелеттік жасқа толған ҚР азаматтары, соның ішінде мемлекеттік органдарға және қоғамдық кеңестерге қатысы жоқ белсенді ҮЕҰ-ның және басқа да заңды тұлғалардың өкілдері, сондай-ақ ҚК мүшелері.

Сондай-ақ ақпарат жинау үшін мониторинг жүргізудің республикалық ҚК-дан ақпараттар мен материалдар сұрату, ҚК қызметін жариялау нысаны бойынша ғаламтор ресурстары мен БАҚ-ты зерттеу, сарапшылардан телефон арқылы жауап алу секілді басқа да әдістері қолданылды.

Аталған сараптамалық есеп қоғамдық бақылау формаларын, қоғамдық кеңестер қабылдаған шешімдерді пайдалану және халықпен өзара әрекеттесу бойынша, сондай-ақ Қоғамдық кеңестер қызметін жетілдіру және заңнаманы үйлестіру бойынша ұсынымдар/ұсыныстар тізбегін пайдалану бойынша қоғамдық кеңестер қызметінің тиімділігі нысаны бойынша мониторинг нәтижелерін сипаттау түрінде ұсынылды.

Қоғамдық мониторинг есебіне қазіргі таңдағы республикалық және жергілікті Қоғамдық кеңестер қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігінің деңгейі, Қоғамдық кеңестер қызметінің заңнамаға сәйкестігі және осы зерттеуге қатыстырылған мақсатты топтар көзқарасымен республикалық және жергілікті Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелер топтамасын және тиімділігін сипаттау туралы ақпарат кіреді.



  1. Қазақстан Республикасы халқының Қоғамдық кеңестер қызметі туралы хабардарлығы және олардың жұмысы туралы ақпараттың қолжетімділігі

Сауалнамаға Қазақстан Республикасының 16 өңірінен барлығы 500 адам қатысты.


1 Жауап берушілердің жас аралығы

Жауап берушілердің жас аралығы 5 санатқа бөліп көрсетілді:

60 жастан асқан азаматтар – 10%,

45 жастан бастап 60 жасқа дейін – 30%,

36-44 жас аралығы – 18%,

26 жастан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар – 23%

және 18 жастан бастап 25 жасқа дейінгі жастар санатындағы жауап берушілер – 19%.



2 Сауалнаманың гендерлік арақатынасы

Сондай-ақ жауап берушілерінің жалпы санында ҮЕҰ өкілдерінің 32%-ынан жауап алынды.


  1. Қоғамдық кеңестер (ҚК) туралы түсінікті анықтау кезінде жауап берушілерге жауап нұсқалары бойынша көптеген таңдау ұсынылды, нәтижесінде белгілі болғаны: ҚК туралы заңды оқығандар – жауап берушілердің 27%-ы, 29%-ы ҚК қызметі туралы ақпаратты БАҚ-тан бақылап отырады, 17%-ы ҚК құрамын біледі.

Бұл ретте жауап берушілердің небары 10%-ы ҚК назарын қоғамдық маңызы зор сұрақтарға аударғандығын және тек қана 6%-ы ҚК-ға нақты мәселемен жазбаша жолыққандығын атап өтті.

Жауап берушілердің көпшілігі, атап айтқанда, 44%-ы «қоғамдық кеңестер туралы ақпаратты естідік, бірақ аса мән бермедік» деп жауап берді.

Жауап берушілер жауаптарының көрнекті бейнесі төменде диаграмма түрінде ұсынылды.

Бұдан бөлек, жауап берушілердің 10%-ы өз таңдауын келесідей тәсілмен түсіндіре отырып, «Басқасы» деген нұсқаны белгіледі:



Сөйлеу стилі, орфография және пунктуациясы түзетусіз

БАСҚАСЫ

естімедім – 21 жауап

ҚК қызметі туралы ештеңе білмеймін – 16 жауап

Олар бар ма жалпы?

Азаматтық Альянс дәрісінен оқыдым

Олардың жұмысының мәні жоқ

ҚК қызметі туралы ақпараттан хабардармын

Мәні жоқ. Өзім бардым. Әкім мақұлдамады, бір жылдан соң жерге байланысты көтерілістер кезінде қайта шақырды. Бас тарттым.

Осылайша, заң жобасын талқылаудан бастап, өңірлік ҚК және мемлекеттік мекемелер жанынан құрылған қоғамдық кеңестер қызметі туралы ақпаратқа дейін Қоғамдық кеңестер қызметінің тақырыбымен байланысты сұрақтарды ақпараттық жариялау міндеттері орындалуының оң нәтижесі мен кәсібилік деңгейін белгілеуге болады.

2) Жауап берушілердің қоғамдық кеңестердің орналасқан орны туралы хабардарлығы сауалнамада қойылған сұрағы бойынша жауаптар арасында дара таңдау ұсынылды, оның нәтижесі төмендегідей:






3. Вы знаете адрес местонахождения общественных советов?


Өз өңіріндегі барлық ҚК-лардың мекенжайларын жауап берушілердің 23%-ы біледі, 7%-ы тек қана облыстық және 9%-ы тек қалалық ҚК-ның орналасқан орны мен байланыс мәліметтері туралы хабардар. Аудандық ҚК-ның орналасқан орны туралы хабардарлықты жауап берушілердің тек 1%-ы белгілеген.

Және барлық жауап берушілердің тек жартысы ғана, атап айтқанда, 57%-ы аталған мәселеге қызығушылық танытпаған.



  1. Қоғамдық кеңестердің көмегімен мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру мүмкіндігіне қатысты сұрақ бойынша нәтижелердің сызбалық кескіні келесі суретте көрсетілген.




4 Қоғамдық кеңестердің көмегімен мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға болады деп есептейсіз бе?

Атап өтерлігі, жауап берушілердің 59%-ы дұрыс жолын тапса, жағдай оң бағытқа өзгеретіндігіне сенімділік білдірді. Жауап берушілердің 30%-ы ҚК қызметі белсенділігінің төмен болуы себепті күмәндімін деген таңдауды дұрыс санады. Қоғамдық кеңестердің көмегімен мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру мүмкіндігін теріске шығарушылар саны жауап берушілердің 7%-ын құрады.

Аталған сұрақ бойынша жауап берушілердің 3%-ы өз таңдауын келесідей тәсілмен түсіндіре отырып, «Басқасы» деген нұсқаны белгіледі:
Сөйлеу стилі, орфография және пунктуациясы түзетусіз


БАСҚАСЫ

Жоқ, билік бәрібір кедергі келтіретін болады

Білмеймін – 5 жауап

Олардың жұмысымен таныс емеспін

Бұл мүмкін деп ойлаймын

Жоқ, өйткені ҚК жұмысы туралы естімеппін

Жоқ, мемлекеттік аппарат қоғамдық құрамалардан емес, жоғарыдан келетін нұсқаулар бойынша жұмыс істейді

Олар формалды

Ақылдасушы орган мәртебесі нөлге тең

Қалыптасу тәртібін өзгерту және қоғамдық пікір үздіктерін тарту
Қоғамдық кеңестердің көмегімен мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру мүмкіндігіне қатысты жауап алу нәтижелеріне заманауи кезеңде ҚК жұмысына көңілтолмаушылықтың болуы сай келеді. Тіпті оң ыңғайын тапса, жағдай жақсы бағытқа өзгереді деп сенім білдірген жауап берушілердің 59%-ы да маңызды шарт ретінде «Оң ыңғай» түсінігін санайды.

4) ҚК қызметін жариялау барысында сауалнама көптеген жауап нұсқасын ұсынды және жауап берушілердің 55%-ының ойынша, ақпараттың ең тиімді көзі әлеуметтік желілер деп, солардың арасында Facebook-тің танымалдылығы атап өтілді.



Жауап алынған жауап берушілер арасындағы әлеуметтік желі қолданушылары, таңдау көптігін есепке ала отырып (бірнеше нұсқа), адам

Facebook

240

Instagram

157

VK

158

Қолданбайды

104

Басқасы

(Мой мир, ОК, Твитер, мессенджерлер және т.б.)



19

Жауап берушілердің 49%-ы ақпараттың ең тиімді көзі ретінде ТВ және радионы атады және 24%-ы ресми ғаламтор ресурстарын белгіледі.

Жауап берушілердің ақпараттың қандай көзі ҚК қызметін жариялау үшін ең тиімді деген сауал бойынша ойлары төменде көрсетілген.

5 ҚК қызметін жариялау үшін ақпараттың қандай көзі ең тиімді?

ҚК қызметін БАҚ-та жариялауға арналған ақпарат көздері туралы сұрақ бойынша жауап берушілер жалпы санының 1%-ы өз таңдауларын түсіндіре отырып, «Басқасы» деген нұсқаны белгіледі. Төменде жауап берушілердің түсіндірмелері келтірілген.



Сөйлеу стилі, орфография және пунктуациясы түзетусіз

БАСҚАСЫ

Жергілікті басылым

Жоқ

Басты назарда – баспалық БАҚ, барлық ақпаратты мұқият қадағалап отырамын. Басқа да қоғамдық-саяси мәселе ретінде ғаламтор ресурстары аз қызықтырады.

Өңірдегі танымал ғаламтор БАҚ-тары

Көздер, құлақтар

Аталған жауап алу ҚК қызметіне және қоғамдық ой-пікірде аталған институттың оң имиджін қалыптастыруға қатысты ақпараттық саясатты жүзеге асыруда әлеуметтік желілер мен ғаламтор ресурстарының маңыздылығын тек растайды. Дегенмен өзінің ағымдық қызметі барысында Алматы қалалық Қоғамдық кеңесі мен ҚК-ның бөлек мүшелерін қоспағанда, Қоғамдық кеңестердің әлеуметтік желілер мен ғаламтор ресурстарын мүлдем дерлік қолданбайтындығын атап өту керек, бұл өз кезегінде ақпараттық мүмкіндіктерді де, ҚК-ның жеке қоғамдық-саяси салмағы мен маңызын да азайтады.

  1. ҚК жұмысы мен қызметіне сенімді қолдауға арналған ақпаратты алудағы артықшылықтар мәселесін қарастыра отырып, жауап берушілердің көп бөлігі, атап айтқанда, 68%-ы қабылданған шешімдердің нақты нәтижелері бар ақпарат нұсқасын атап өтті.

Жұмыс және шешімдер қабылдау процесі жауап берушілердің 19%-ына қызықты, 8%-ы қызметтің сандық көрсеткіштеріне қызығушылық танытады.

Төменде аталған сұрақ бойынша жауаптарды бөлу картинасы диаграмма арқылы көрнекті ұсынылды.

6 Сіз ҚК жұмысы мен қызметіне сенім артуыңыз үшін ақпараттың мазмұнында не болғандығы ең маңызды?

Сондай-ақ жауап берушілердің 5%-ы өз таңдауларын түсіндіре отырып, аталған сұрақ бойынша «Басқасы» деген нұсқаны атап өтті, соның ішінде 2%-ы аталған сұраққа жауап беруге қиналды.



Сөйлеу стилі, орфография және пунктуациясы түзетусіз


БАСҚАСЫ

Қабылданған шешімдер қорытындысы бойынша нақты нәтижелер, қызметтің сандық көрсеткіштері

Қабылданған шешімдер, жұмыс және шешімдер қабылдау процесінің қорытындысы бойынша нақты нәтижелер – 2 жауап

Қабылданған шешімдер қорытындысы бойынша нақты нәтижелер, қызметтің сандық көрсеткіштері – 1 жауап

Барлық келтірілген нұсқалар мен үшін маңызды – 1 жауап

Жауап беруге қиналамын – 10 жауап

Әлеуметтік жарнама – 1 жауап

Ештеңе – 2 жауап

Сайлау механизмі мен қағидалары – 1 жауап

Ашықтық – 1 жауап

Әр кезеңдегі барлық ақпарат – 1 жауап

Жауап берушілердің Қоғамдық кеңестерге қоятын басты талабы, ал атап айтқанда, «қабылданған шешімдер бойынша нақты нәтижелерді» (68,1%) қазіргі кезде жүзеге асыру ҚК қызметіндегі заңнамалық тәртіппен белгіленген қағидаттар мен қызметтердің кеңес беру-ақылдасу сипатында болуы себепті аса қиын саналады.

Шешімдер қабылдауға әсер ету механизмдерінің болмауы салдарынан ҚК-ға деген сенім және оң ыңғайын ьапқан жағдайда ҚК-ның ықпал етуі арқасында мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігі жақсарады деген үміт (59%) азая бастайды, бұл жалпы деңгейде ҚК-ның өздеріне деген де, осы қоғамдық институтты құруды өз мойындарына алған биліктің атқарушы және заңнамалық тармақтарына деген де сенімге теріс әсер етеді.


  1. Қарастырылып жатқан сұраққа қарамастан, қоғамдық бақылау қызметін жүзеге асыру үшін Қоғамдық кеңестерге қолұшын беруге әзір екендігін жауап алынған азаматтардың 28%-ы білдірді.

Субъективті дайындықтарын жауап берушілердің 27%-ы атап өтті және 34%-ы өз дайындығын жағдайларға байланысты анықтайды.

Небары 9%-ы жеке істерін басты орынға қойып, қоғамдық мәселелерге қызықпайтындықтарын айтты.

Төмендегі диаграммадан жауап берушілердің қоғамдық кеңестер жұмысына ықпал ету дайындығын көрсететін жауаптарының арақатынастарын көруге болады.

7 Қоғамдық бақылау қызметін жүзеге асыру: қоғамдық мониторинг, қоғамдық сараптама өткізу, қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру және т.б. кездерінде Қоғамдық кеңестерге қолұшын беру қажеттілігі туындаған жағдайда сіз көмекке дайынсыз ба?

Бұл ретте жауап берушілердің 1%-дан аз бөлігі «Басқасы» деген нұсқаны таңдап, өз жауаптарының нұсқасын ұсынды:

Сөйлеу стилі, орфография және пунктуациясы түзетусіз


БАСҚАСЫ

Білмеймін

Әрине, дайынмын, бірақ барлығы баға мәселесіне келіп тіреледі

ҚК жаңа құрамымен

Қоғамдық кеңестер жұмысына қолұшын беруге дайындық бойынша жауап алу нәтижесі халықтың азаматтық белсенділігінің орташа деңгейін көрсетті, дегенмен оң қарқынды дамытуға жағымды тенденция байқалады (субъективті дайындық – 27% және белгілі жағдайлардағы көмек – 34%).

  1. Жауап берушілердің қоғамдық мониторинг, қоғамдық сараптама өткізу, қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру және т.б. секілді қоғамдық бақылау іс-шараларына қатысуын қаржылық емес ынталандыру формасына қатысты жауап алынғандардың 44%-ы айтарлықтай азаматтық ұстанымды ұстанады және әрекет жасау үшін қосымша қозғау салуды қажет етпейді.

Жауап берушілердің 37%-ы өздерінің қоғамдық бақылау мәселесіне араласуы үшін жеке мүдделері болуы қажет деп есептейді.

Қоғамдық танымалдылық пен ынталандыруды жауап берушілердің 12%-ы атады.

Жауаптардың көрнекті арақатынасы келесі сипатта:



8 Сіздің қоғамдық бақылау іс-шараларына (қоғамдық мониторинг, қоғамдық сараптама өткізу, қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру және т.б.) қатысуыңыз үшін қаржылық емес сипаттағы ынталандырудың қандай формалары қажет?



Сондай-ақ жауап алынғандар арасында 8%-ы өз себептерін түсіндіре отырып, өз жауап нұсқаларын белгіледі, соның ішінде жауап берушілердің 5%-ы жауап беруге қиналған.
Сөйлеу стилі, орфография және пунктуациясы түзетусіз


БАСҚАСЫ

Егер мен осындай іс-шараларды өткізуге біліктімін деп санасам

Ешқандай, еш мүмкіндігім жоқ

Қатысуды растаймын

Сұрақты кеңінен талқылайтын пресс-конференцияларды жақсы көремін

Бұл маған қызық емес – 2 жауап

Маған бұл қызмет түрі қызық емес

Маған қызық болуы және ынталандыру болуы тиіс

Қажет емес

Мәселеге жеке қызығушылық

Менде бұған мүлде бос уақыт жоқ, өйткені менің жұмыс жасауым керек

Тек бұл менің жақындарыма қажет болған жағдайда ғана

Уақытымның болуына қарай

Бұл мен үшін бос сөз

Жауап беруге қиналамын – 21 жауап

Ынталандыру жуасытатындығымен қауіпті

Осылайша, аталған зерттеу аясында халық арасында сауалнама жүргізу көпшіліктің таңдаған жауаптарына негізделген, қоғамдық кеңестерді дамытуға арналған бағыт бойынша ұсынымдарды жасақтауға мүмкіндік берді.

ҚК туралы заңның және БАҚ беттерінде ҚК қызметі туралы ақпараттың болуының арқасында халықта Қоғамдық кеңестер (ҚК) туралы түсінік қалыптасқан.

Дегенмен нақты мәселеге ҚК-ның өткір назар аударуының себеп-салдарлық байланысын сипаттай отырып, қабылданған шешімдер қорытындысы бойынша нақты нәтижелерді көрсете отырып, ҚК жұмысы туралы ақпаратты беруді қайта қарастыру қажет.

Бұл ретте өз өзгешелігіне орай ҚК мәселелерді шешу үшін шақырылмағандығын, бұл Қазақстан Республикасының атқарушы және өкілдік органдарының міндеті екендігін түсінген жөн. Сол себепті мемлекеттің күрделі мәселені шешуі ҚК қатысуы арқылы жүзеге асырылған болса, ақпараттар ағынында осыны міндетті түрде атап өту қажет.

Мемлекеттік органдардың мүдделілік танытуы осыдан тұрады, ол ҚК арқылы халықтан нақты күрделі сұрақтар бойынша мәлімет ала отырып, оларды назарға алмау мемлекеттік аппараттың беделіне және Қазақстан Республикасының қалыпты дамуы үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық саладағы тұрақтылыққа залал келтіретіндігін ұғынатын болады.

Салдарында аталған қоғамдық институт арқылы күрделі мәселелерді жүйелеу жүргізіліп жатқандығын және қоғамдық маңызды сұрақтарды шешу мақсатында олардың қызметін жақсарту үшін мемлекеттік органдарға тапсырылатындығын түсіну негізінде халықтың қоғамдық кеңестер жұмысына деген қызығушылығы артады.

ҚК жұмысына оң ыңғайынан келген және аталған институты мемлекеттік аппарат мойындаған кезде мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі, сөз жоқ, арта түседі.

Бұнда тек ҚК қызметінің белсенділігі төмен болған кезде ғана күмән туындайды.

Қоғамдық кеңестердің дамуын халықтың қоғамдық бақылау қызметін жүзеге асыруда Қоғамдық кеңестерге қолұшын беруге дайын бөлігіне бағыттау қажет.

Қоғамдық бақылау қызметін қолдауда халықтың белсенділігін ынталандыру үшін қоғамдық кеңестерді ынталандыру жүйесіне, мысалы, сыйақылар, ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізетін салтанатты шараларда алғысхаттар және үздіктер белгісін табыстау, «Өңірдің құрметті тұрғыны» атағына кандидаттарды таңдау кезінде сәйкес критерийді енгізу және басқаларына қосу қажет.


  1. ҚК мүшелері мен сарапшылардың сұхбаттарын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестер қызметінің ағымдағы жағдайын талдау.

Қоғамдық кеңестер мүшелерімен сұхбат жағдайды ішінен көруді сипаттайды.

Қоғамдық кеңестер көтеріп жатқан қоғамдық маңызды сұрақтардың кең ауқымына қарамастан, сұхбат берушілер ҚК қабылдаған шешімдер нәтижелерінің ықпалдылық деңгейінінің төмен екендігін атап өтті. Бұған себеп ретінде мемлекеттік органдар және халықпен кері байланыстың әлсіздігі көрсетілді.

Сондай-ақ ҚК-ның кейбір мүшелері шешімдер ҚК отырыстары барысында мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен құрылып және қабылданғандығына қарамастан, мемлекеттік органдар, құзыретті қызметкерлер ҚК ұсынымдарын көп тыңдай бермейді деп есептейді.

ҚК мүшелері ҚК қызметінің жалпы ұйымдық мәселелерін реттеу жүйесі жолға қойылды, отырыстар хаттамаланады, құжат айналымы мен іс жүргізу ұйымдастырылды және мәслихат қажетті жағдайлар жасамаған бірен-саран жағдайларды есепке алмағанда, оны хатшылық бақылайды деп есептейді.

Бұл ретте ҚК-ның кейбір мүшелері ұсынымдарды қабылдау, оларды мемлекеттік органға жолдау тәртібі және, ең бастысы, мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан жауап реакциясы секілді дербес іс-шараларды толыққанды жазған жөн деп есептейді.

ҚК мүшелерінің жауаптары арасында кейбір сұрақтардың тереңінен зерделеуді және жағдайды жақсы жағына өзгерту үшін ойға қонымды шаралар қабылдауды қажет ететіндігі себепті дәлелді жауаптар үнемі қалаған нәтиже бола бермейтіндігін атап өтті.

Қоғамдық мүддені қорғауға бағытталған азаматтық бастамалар қоғамдық кеңестер алаңқайында өте сирек кездеседі.

Сонымен бірге ҚК мүшелері қала тұрғындарының барлық бастамалары түсіністік пен қолдау табады деп есептейді. Бастысы, олардың тар немесе жеке бағытта болмауы.

ҚК өкілдері ҚК мүшелерінің азаматтардың бастамаларын көріп қана қоймай, комиссия және ҚК отырыстарында саналы шешімдер арнасына ауыстыруға тырысатындықтарын ынталандырады және қуана қолдайды.

Олардың ойынша, азаматтардың ешбір бастамасы назардан тыс қалмайды, мәселе бастаманың қоғамдық маңыздылық сипатының деңгейінде. Бастама артында жеке немесе пайдакүнемдік мүдделер тұрмаған болса, оларды комиссияда немесе президиумда қарастырғаннан кейін мұндай сұрақтар ҚК отырыстарының күн тәртібіне енгізіледі.

Халықтың қатысуын ынталандыруға келер болсақ, ҚК-ның кейбір мүшелері азаматтардың белсенділігін жасанды ынталандыру керек емес деп есептейді. Халық шынайы мәселе туындаған кезде қажетті белсенділік көрсететін болады.

Азаматтардың қоғамдық маңызды сұрақтарға қатысуының жалғыз ынталандырылуы, ҚК мүшелері берген жауаптар арасында көрсетілгеніндей, қоғамдық тыңдауларға белсенді шақыру, қоғамдық мониторингіге және ҚК-ның басқа іс-шараларына тарту арқылы жасалады.

ҚК мүшелері бұл үшін туған қаласының мәселелеріне бейжай қарай алмайтын азаматтар бастамалардың қолдау табатындығын көруі тиіс деп есептейді.

Жалпы алғанда, аталған индикатор бойынша ҚК мүшелерінде азаматтық белсенділікті талдауға және мүмкіндігіне қарай барлық сұрақтарды ҚК отырыстарының күн тәртібіне енгізуге талпыныс бар деген ойлар бар. Бұл ретте бастамаларды қолдауда уәждеме мен ынталандыру көбінесе ҚК мүшелерінің өздеріне қажет екендігі атап өтіледі.

Сондай-ақ ҚК мүшелері ҚК мүшелерін әдістемелік оқыту ұйымдастырылғандығын және жүйелі түрде өткізіліп тұратындығын, комиссия өкілдері мен ҚК хатшысы қолдау көрсететіндігін атап өтті.

Дегенмен қоғамдық бақылау формаларын қолдану бойынша әдістемелік қолдау мен материалдардың жеткіліктілігіне қатысты ҚК мүшелерінің ойлары сан-саққа бөлінді, біреулері мұндай материалдар бар және жеткілікті десе, басқалары мазмұндық бөлігінің қабылдану қолжетімділігін өңдей түсу керек деп, үшіншілері мұндай материалдарды көрмегендіктерін жеткізді.

Атап өтерлігі, республикалық та, жергілікті маңызы бар да қоғамдық кеңестер өз қызметін жүзеге асыру қадамдарының әрқилылығымен ерекшеленеді.

Бір қоғамдық кеңестер өмір сүру үшін ең төменгі қажеттіліктерді қамтамасыз етуде бастама танытады және бұл қоғам мен билік арасындағы жемісті әріптестіктің салдары саналады, басқалары ҚК қызметін іске қосу үшін бұдан да жайлы жағдайларды күтіп отырады, бұл қоғамның мүдделі сегменттерінің өзара әрекеттесу деңгейінің төмендігін білдіреді.

Қоғамдық кеңестердің толыққанды жұмысын іске қосу үшін шешілуі тиіс аталған мәселелер арасында қазіргі таңдағы көкейкестісі ұйымдық сипаттағы мәселелер (штаттық қамтамасыз ету, қаржыландыру) болып қала бермек.

Көптеген өңірлердегі жергілікті деңгейде ҚК қызметі мәслихаттың көмегімен қамтамасыз етіледі, бұны мәслихат аппаратының қызметкерлері қосымша жүктеме деп, ал азаматтық қоғамнан таңдалған ҚК мүшелері мәслихат аппаратына тәуелділік деп қабылдайды.

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысының ҚК-сында іс, хаттармен, арыздармен жұмыстарды жүргізетін, отырыстарды дайындайтын, қажетті құжаттарды рәсімдейтін штаттық қызметкерлер жоқ, жасақталған жұмыс орны да жоқ.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппарат басшысының орынбасары А. Верзилиннің¹ айтуынша, «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР заңында және «Қоғамдық кеңестер туралы» үлгі қағидада бұл мәселе реттелмеген.

Облыстық мәслихат Солтүстік Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі үшін кеңсе ретінде орынжай ұсынды, қажет болған жағдайда отырыстар үшін залдар беріледі.

Өздерінің тікелей лауазымдық міндеттемелеріне залал келтіре отырып, облыстық мәслихаттың қызметкерлері СҚО ҚК отырыстарын даярлау және өткізу бойынша жұмыстар жүргізеді, барлық қажетті құжаттарды рәсімдейді.



Қоғамдық кеңестердің жұмысы бойынша барлық ақпарат «Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» КММ-ға жиналады, мұнда облыстың әр ҚК-сы ай сайынғы жұмыстар туралы есеп береді.

Аппараттың 1 қызметкері қызметі бойынша 5 депутаттың жұмысын қамтамасыз ететіндігі себепті мәслихаттың қызметкерлеріне ҚК қызметін қамтамасыз ету жүктеме үстінде жүктелетіндігін айта отырып, осыған ұқсас мәселені Атырау облысының да сұхбат берушілері сипаттайды.

ҚК жұмысын қамтамасыз ету жағдайы мәслихаттың сессиялары кезінде нашарлап кетеді.

Сонымен қатар кейбір өңірлерде кадрлық қамтамасыз ету мәселелері ҚК-ның ағымдағы жұмысын қамтамасыз ететін техникалық қызметкерлер бөлу есебінен шешілді.

Мысалы, осындай техникалық қызметкерлер үшін жұмыс орындары Алматы қ. және Батыс Қазақстан облысы ҚК-лары үшін бөлінді.

Сонымен қатар ҚК қызметін ұйымдастыру саласындағы жоғарыда сипатталған мәселе «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР заңының тиісті деңгейде жүзеге асырылмауы фактісін растауға мүмкіндік береді, онда Қоғамдық кеңес қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді Қоғамдық кеңесті құрған сәйкес мемлекеттік органның жүзеге асыратындығы қарастырылған.

Сондай-ақ Атырау облысының ҚК-сының мүшелері шығындарды, мысалы, іссапар шығындарын өтеу бөлігінде қызметті қаржыландыру мәселесін атап өтті.

Бұл аудандық ҚК төрағаларының облыстық ҚК отырыстарына сирек қатысуына әкеліп соғады.

Сонымен қатар негізгі қажеттіліктер ретінде жергілікті де, республикалық та деңгейдегі ҚК мүшелері жұмыс орынжайларын және канцеляриялық шығындарды жабатын қаржыландыруды, әдістемелік әдебиетті, азаматтарды қабылдау және отырыстарға материалдар дайындауды атайды.

Шешімі ретінде ҚК хатшысы босатылған лауазымын қамтамасыз ету және қызметті қаржыландыру бойынша бюджеттік бағдарламаны енгізу ұсынылады.

Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің тиімділігін, ашықтығы мен айқындығын арттыру мәселелерінде талдау қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың оң тәжірибесін көрсетті.

Бұл ретте Солтүстік Қазақстан облысының жұртшылығы әлі де болса өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерімен өзара әрекеттестікті құру мәселесі ашық күйінде қалды деп есептейді.

Республикалық та, жергілікті де деңгейдегі ҚК жұмысындағы қоғамдық бақылаудың ең кеңінен таралған формалары мемлекеттік органдар жұмысының нәтижесі туралы есептер тыңдау және көбінесе басқарушылық шешімдерді келісімнен өткізу бойынша қоғамдық тыңдаулар болып саналады.

Дегенмен азаматтық қоғам өкілдерінен құрылған ҚК-ның кейбір мүшелері қоғамдық кеңестердің НҚА жобалары мен техникалық өзгерістерге байланысты сәйкестікке келтіру іс-шараларынан өтіп жатқан жергілікті маңызды шешімдер жобасын қарастыру тәжірибесін алып тастау қажет деп есептейді.

Осы арқылы кеңестердің НҚА жобалары мен шешімдерді тек қана жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қоршаған ортаның жайлылығын сақтау нысаны бойынша қарауларын шектеу, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендер мен өндірістік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кері әсерін тигізетін факторларды болдырмау.

Күрделі мәселелер бойынша себеп-салдарлық байланысты растау мақсатында қоғамдық мониторинг өткізу тәжірибесінде ҚК белсенділігі байқалады.

Алматы қ. ҚК 2017 жылдың І жартыжылдығы ішінде қоғамдық мониторингінің 14 іс-шарасына бастамашылық етті және өткізді, Солтүстік Қазақстан ҚК-сы медициналық қызмет көрсетуге қоғамдық бақылауды жүзеге асыру және жол жабынының жағдайын зерттеу мақсатында 12 рейд ұйымдастырды.

Қолжетімді ғаламтор ресурстарын талдауды негізге алар болсақ, республикалық деңгейдегі қоғамдық кеңестер арасында қоғамдық мониторинг әдісін қолдану тіркелмеген.

Жалпы алғанда, ҚК жұмысының айқындығын талдау халықты ақпаратқа қолжетімділікпен қамтамасыз ету деңгейінің төмендігін көрсетеді.

ҚК жұмысының жариялылығы Алматы қ. және Қарағандыдағы ҚК-да жеке сайттарында, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында облыстық мәслихат сайттарында қамтамасыз етіледі.

Қоғамдық мүддені қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды көрсету мәселелері бойынша белсенділік деңгейінің артуы, әсіресе, Алматы қ., Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында байқалады.

ҚР-дағы азаматтық кеңестер институты дамуының аталған кезеңінде халықпен өзара әрекеттесуді ыңғайластыру мақсатында ҚК жанынан Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар құрылуда.



Қабылдаулар азаматтардың арыздарын қарау, қажет болған жағдайда жедел шара қолдануды ұйымдастыру, ең көкейкесті мәселелерді анықтап, содан кейін оларды шешу үшін сәйкес органдарға ұсыныстар дайындау, азаматтардың бұдан бұрын Қоғамдық кеңестерге жолдаған арыздарын қарауға қолұшын беру үшін құрылған.

Алматы қ. қалалық мәслихат жанында «OpenAlmaty» қоғамдық қабылдауы жұмыс жасайды. Қоғамдық қабылдауда қызметтерді барлық аудандық әкімдіктер, тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, жолаушылар көлігі, табиғи ресурстар және архитектура басқармалары, қалалық прокуратура, полиция, мемлекеттік кірістер департаменті, ТЖД, ХҚКО, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, медиаторлар көрсетеді.

Батыс Қазақстан облысында халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарын жинауға арналған арнайы жәшіктер орнатылған. Азаматтық сектор қызметіне қашықтан қатысудан бөлек адамдар аптаның белгілі бір күндері мамандарға кеңес алу үшін жүгіне алады. 

Бұл ретте Батыс Қазақстан облысының жұртшылығы ҚК қызметін заңды тұлға мәртебесі болуы, қызметкерлердің белгілі штатын ұстауы, кеңестердің жұмыс процестерін қамтамасыз етуі, әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша қоғамдық пікірді жинақтап, талдауы, сондай-ақ қоғамдық кеңес қызметінің БАҚ-та жариялануына жауап беруі тиіс қоғамдық қабылдау арқылы қаржыландыру лайықты деп санайды. Қаржыландырудың ең қолайлы көздері ретінде ұзақ мерзімдік жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік гранттар мен әлеуметтік тапсырыстар саналады.

Атап өтерлігі, Қазақстан Республикасы бойынша қоғамдық кеңестердің дамуы түрлі деңгейде халықпен өзара әрекеттесу мәселелерін шешу көзқарасымен ерекшеленеді. Сол себепті өңірлердегі Қоғамдық кеңестердің жұмыс процесіне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қоғамдық қабылдаулар жұмысын жалпы республика бойынша бірыңғай стандартқа келтіру керек.

Сондай-ақ ҚК әлеуеті мен рөлін арттыру үшін келесілер қажет деп есептейді сұхбат берушілер:

  • ҚК мүшелерін таңдау жүйесін қайта қарау, ҚК-ның жаңа құрамын қалыптастыру тәртібіне заңнамалық деңгейде өзгерістер енгізу, ҚК мүшелерін таңдау және ҰК құру кезінде критерийлер енгізу, ҚК мүшелерін алмастыру іс-шараларын анықтау.

  • ҚР бюджеттік кодексіне ҚК іс-шараларын қаржыландыруға арналған бапты енгізу. ҚК іс-шараларына арналған бюджет қамтылуы, бірақ оңтайлы болуы тиіс. Бұл ҚК мүшелерін оқытуды, тәжірибе алмасу бойынша іссапарларды, хатшылықтың қызметін ұйымдастыру, ҚК қызметіндегі аналитикалық құрамдас бөліктерді арттыру, орынжайлармен және кеңсе техникаларымен қамтамасыз ету үшін қажет.

  • ҚК арыздары мәртебесін бекіту, мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас сипаты мен деңгейін қатаң реттеу.

  • ҚК қызметінің ішкі реттемелерін жетілдіру (отырыстар күн тәртібін, шешімдер қабылдауды, шешімдердің орындалуын қалыптастыру), бірақ мәселені шешуге шығармашылық қадам мүмкіндіктеріне зиян келтірмеу.

  • Қоғамдық кеңестер мүшелерінің құзыреттіліктерін тиісті деңгейде жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ҚК мүшесінің куәлігін беру қажет. Мұндай тәжірибе ҚР ІІМ жанындағы қоғамдық кеңестер қызметінде бар, соның ішінде БҚО ІІД ҚК мүшелерінде құпия нысандар мен қару бөлмелерінен басқа кез келген жабық және қорғалатын нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін БҚО ІІД ҚК мүшесінің куәлігі бар.

  • Талдаманы БАҚ-та жариялау және БАҚ-тағы жарияланыммен мемлекеттік органдарда ұсынымдар өтуін бақылау.

  • ҚК-ның сарапшылық әлеуетін күшейту, бірақ бұл үшін ҚК-мен әріптестік орнатуға әзір әлеуетті сарапшылар базасын құру қажет.

  • ҮЕҰ әлеуеті және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы ҚК мүшелерін жүйелі түрде әрі инновациялық бағытта оқытуды енгізу.

  • Ұсынымдарды нақтылау үшін мемлекеттік органдарды тарту.

Сондай-ақ аталған мониторинг шеңберінде фокус-топтар әдісімен талқылау қорытындысы бойынша ҚК әлеуетін арттыру бойынша келесідей ұсыныстар жасақталды:

Коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар өкілдері үшін қоғамдық кеңестер құрамына мүшелерді таңдаудың критерийлерін жасақтау қажет. Қоғамдағы деструктивті тәртібі және ҚК қызметінің саласы туралы түсінігінің болуына қатысты талаптарды толықтыру.

Заңда азаматтардың ҚК құрамына таңдау бойынша конкурсқа қатысу құқығы жазылған, бірақ конкурстың өзінің іс-шаралары мен критерийлері реттелмеген.

Аталған ұсыным бойынша қарастыру қажет нұсқа ретінде процестің ең жоғары айқындығын қамтамасыз ете отырып, ҚК мүшелерін таңдауды автоматтандыру ұсынылады.

Бұл ретте жұмыс тобының міндеті кандидаттарды таңдаудың өзі емес, жүйеге енгізілгендердің кандидаттың арызымен сәйкестігін тексеру болады. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға сай сәйкестігін жүйе ҚР ақпараттық мәліметтер базасына қосылу арқылы өз бетінше тексеретін болады (сотталғандығы, сот кабинеті, денсаулық сақтау базасы).

Бастапқы таңдауға ілікпеген кандидаттар резервке енгізіледі және белсенді азаматтар базасын қалыптастырады.



  • ҚК жұмысына жосықсыз немесе құзырсыз қатысу жағдайларында ҚК құрамындағы үкіметтік емес ұйымдар ұсынған оның мүшелерін кері шақыртып алу мүмкіндігін қарастыру.

  • ҚК мүшелігіне кандидаттар резервін қалыптастыру тәртібін қарастыратын норма енгізу. Мүше ҚК-дан шығарылған, соның ішінде әрекетсіздігі үшін шығарылған кезде резервтен негізгі құрамға қосу.

  • Қоғамдық бақылау қызметін жүзеге мәселелерінде ҚК-мен өзара әрекеттесуге әзір сарапшылар, белсенді азаматтар және ҮЕҰ базасын қалыптастыруды қарастыру.

  • Ұсыным бере отырып, қоғамдық бақылау қызметін жүзеге асыру қажеттілігін есепке алу арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбын жасақтау және талқылауға қатысу бойынша ҚК құзыреттілігін ескеру.

  • Қоғамдық кеңестермен өзара әрекеттесу бойынша мемлекеттік органдарға арналған стандарттарды жасақтау.

  • Қоғамдық кеңес және оның мүшелерінің халық және БАҚ-пен, соның ішінде kazkenes.kz сайты арқылы өзара әрекеттесуінің үлгілік тәртібін жасақтау және бекіту.

  • Жұмыстағы бастамашылдығы мен белсенділігіне негізделген Қоғамдық кеңестер үшін рейтингілік жүйені және ҚК мүшелері үшін бедел жүйесін жасақтау.

  • ҚК қызметін қаржыландырудың және ҚК мүшелерінің қоғамдық бақылау қызметін жүзеге асыруы аясындағы қаржылық шығындарына төлемақының бюджеттік бағдарламасын ескеру және қызметтің ерекшеліктерін негізге ала отырып, қаржылық есептілікке сәйкес талаптарды жасақтау.

  • ҚК жұмысына тартылған сарапшылар, БАҚ, белсенді азаматтар мен ҮЕҰ-ларды ынталандыру жүйесін енгізу.

  • Сәйкес жағдайды, инфрақұрылымды құру және халықпен өзара әрекеттесу және халыққа ақпарат берудің алгоритмін жасақтау қажет.

Қоғамдық бақылау қызметін жүзеге асыру мәселесіне келер болсақ, сөз жоқ, қоғамдық кеңестер іс-шараларды қаржыландыру жүйесінің жолға қойылуына және ҚК қызметін қамтамасыз етудің инфрақұрылымын, соның ішінде ақпаратты жинау, өңдеу және талдауды ұйымдастыруға мұқтаж.

Сондай-ақ бүгінгі таңда Қоғамдық кеңестер мәртебесі мен оларды шешу мәселесі туындауда. ҚК-ға заңды тұлға мәртебесін беру туралы ұсыныстар келіп түсуде, дегенмен аталған сұрақты таразыға салып, талқылау көрсеткеніндей, ҚК мәртебесі туралы сұрақты реттеу қажеттілігі бар, бірақ оны заңды тұлға ету шешімі заңнаманы түзетуге одан да зор қажеттілікті тудырады және қоғамдық кеңестер қызметі қағидаттарын өзгерту қаупін де туындатуы мүмкін.

Аталған сұрақтарды шешу үшін келесідей ұсыныстар білдіріледі:

Қазіргі кезде ҚК қызметі жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмаған, сол себепті мәселені шешудің ең тиімді жолы заңды тұлға ретінде әрекет ететін және ҚК қызметін ұйымдастыруға (істі, хаттармен, арыздармен жұмысты жүргізу, отырыстарды даярлау, қажетті құжаттарды рәсімдеу, отырыстарға модератор болу, стенограммалар жүргізу, мемлекеттік органдарға және басқа да ұйымдарға сұранымдар дайындау, ҚК мүшелерін іссапарға жолдау, есептерді рәсімдеу, ҚК қызметін БАҚ-та жариялау, сарапшылар базасын қалыптастыру, ҚК сайттарын толтыру және т.б.) жауап беретін ҚК-ларға арналған әкімшілік орталықтар құру болып саналады.

Осылайша, ҚК-ның барлық әкімшілік жұмыстарын, ҰК мүшелерінің тапсырмасы бойынша барлық ақпаратты жинақтау, жалпылау және талдауды орындайтын Қоғамдық кеңестер қызметін қолдау орталықтарын (Орталықтар) құру ұсынылады. Аталған Орталықтар «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қол астынан құрылуы мүмкін.

Орталықтарды қаржыландыруды мемлекеттік бюджет есебінен және кен орнын пайдаланушылардың әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асыруға болады. Қаражатты шығындау есептілігі мен жауапкершілігі Орталыққа жүктеледі.

Қоғамдық кеңестер мүшелерінің өздері қоғамдық бастамаларда қызметін жүзеге асырады және Орталыққа тәуелсіз. Шынтуайтында, Орталық қоғамдық кеңестер қажеттілігі бойынша жұмыс жасайды.

Сол себепті ҚК қызметін ұйымдастыру үшін Орталықтарды сәйкес инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету, мемлекеттік органдармен де, халықпен де байланысты ретке келтіру қажет.

Қоғамдық кеңестерді қолдау орталығы Kazkenes.kz сайтында жаңалықтар мен ақпараттың орналастырылуына жауап беретін, сондай-ақ ҚК мүшелерінің рейтингісі бойынша ақпаратты салыстыратын, мемлекеттік және қоғамдық сыйақылар және т.б. аясында белсенді мүшелерді марапаттау және ынталандыру бойынша ұсыныстар қалыптастыратын болады.

Орталық отырыстарды, мониторингтік іс-шараларды ұйымдастырумен, ҚК атынан құжат айналымын жүргізумен айналысатын болады. Бұған қоса мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға сұранымдар мен хаттар қоғамдық кеңестің сұрақ бастамашысы мәртебесіне ие мүшесінің қол қоюымен жолданатын болады.

Сонымен қатар Орталықтың жанында қоғамдық бақылауды жүзеге асыру процесінде қозғалған барлық сұрақтар бойынша ақпараттарды өңдейтін, сондай-ақ ҚК қызметінің ішкі мониторингі статистикасын жүргізетін талдамалы блок жұмыс істейтін болады.

Осылайша, ҚК-ның ұйымдастырушылық жұмысын заңды тұлға жүзеге асыратын, ал ҚК мүшелері халықтың ойын білдіретін және қоғамдық бақылау қызметін жүзеге асырушы көпшілік адамы болатын болады.

Бұл қоғамдық кеңестердің рөлін және олардың қызметінің тиімділігін арттырады, ал Орталықтарды ұстап тұруға шығындалған қаражаттың орны бюджеттік қаражат шығындарын оңтайландыру, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық атмосфераны жақсарту және өңірлердің де, экономика салаларының да дамуын тежеп тұрған факторларды жою есебінен толтырылуы тиіс.

Сонымен қатар ҚК шешімдерінің мәртебесі туралы мәселені шешу үшін ҚК шешімдеріне ұсынымдық мән қалдыру, бірақ мемлекеттік қызметкерлердің меритократия қағидаттарына сәйкестігін бағалау құқығын беру керек. Аталған бағалау мемлекеттік қызмет кадрларының сапасын бағалау жүйесіне енгізілуі және ақпарат көздерінің ең маңызды көзі саналуы тиіс.

Осылайша, аталған ұсыныстар ішінен келесідей ұсынымдар туындайды:


  1. Автоматты жүйенің сәйкес қызметін жасақтау және оны әкімшілендіруді қамтамасыз ету (аталған қызметті kazkenes.kz сайтында ойлап табуға және оны басқа жоба аясында орындауға болады).

  2. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ жанынан аудандық деңгейге дейінгі өңірлердегі өкілдіктері бар ҚК қызметін қолдау орталықтарын құру.

  3. Мемлекеттік қызметкерлердің меритократия қағидаттарына сай келуін бағалау құқығын беру. Аталған бағалау мемлекеттік қызметкерлер сапасын бағалау жүйесіне енгізілуі және ақпараттың ең маңызды көзі саналуы тиіс.

МОНИТОРИНГ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР


I. ҚК сайлау жүйесін жетілдіру мақсатында.


  1. Нақты мәселеге ҚК-ның өткір назар аударуының себеп-салдарлық байланысын сипаттай отырып, қабылданған шешімдер қорытындылары бойынша нақты нәтижелерді көрсету арқылы ҚК жұмысы туралы ақпаратты қайта қарастыру қажет. Егер күрделі мәселені мемлекеттік шешуі ҚК қатысуымен жүзеге асырылған болса, бұны міндетті түрде ақпараттық сюжете атап көрсету қажет.

  2. Қоғамдық кеңестердің дамуын халықтың қоғамдық бақылау қызметін жүзеге асыруда Қоғамдық кеңестерге қолұшын беруге әзір бөлігіне бағыттау қажет.

  3. ҚК мүшелерін таңдау жүйесін қайта қарастыру, заңнамалық деңгейде ҚК-ның жаңа құрамын қалыптастыру тәртібіне өзгерістер енгузі, коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар үшін қоғамдық кеңестер құрамына мүшелер таңдау критерийлерін жасақтау. Қоғамдағы деструктивті тәртіп және ҚК қызмет саласы туралы түсінігінің болуына қатысты талаптарды толықтыру.

  4. Кандидаттарды ҚК құрамына таңдау процесін автоматтандыру мүмкіндігін қарастыру. Автоматты жүйе қызметін жасақтау және әкімшілендірілуін қамтамасыз ету (аталған қызметті kazkenes.kz сайтында ойластыруға және бірақ оны гранттық жоба немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында орындауға болады)

  5. ҚК жұмысына жосықсыз немесе құзырсыз қатысқан жағдайда коммерциялық емес ұйымдар ұсынған ҚК мүшелерін ҚК құрамынан кері шақыртып алу мүмкіндігін қарастыру.

  6. ҚК мүшелігіне кандидаттар резервін қалыптастыру тәртібін қарастыратын норма енгізу. ҚК мүшесі шығарылған, соның ішінде әрекетсіздігі үшін алынып тасталған кезде резервтен негізгі құрамға қосу.

  7. Талдауды БАҚ-қа жариялау және БАҚ-тағы жарияланыммен мемлекеттік органдарда ұсынылым өтуін бақылау.

  8. ҚК-мен жұмыс істеуге әзір әлеуетті сарапшылар базасын құру есебінен ҚК-ның сарапшылық әлеуетін күшейту.

  9. ҚК жұмысына тартылған сарапшыларды, БАҚ, белсенді азаматтар мен ҮЕҰ-ларды ынталандырудың жаңа жүйесін енгізу немесе қолданыстағысына қосу. Мысалы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ҮЕҰ өткізетін салтанатты шараларда сыйақылар, алғысхаттар және үздік белгілерін тапсыру, «Өңірдің құрметті тұрғыны» атағына кандидаттарды таңдау кезінде сәйкес критерийді енгізу және басқалары.

  10. ҮЕҰ және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы ҚК мүшелерін жүйелі түрде әрі инновациялық бағытта оқыту жүйесін енгізу.

  11. Мемлекеттік органдар үшін ҚК ұсынымдарын нақтылауға қатысу міндеттемесін енгізу.

  12. ҚК қызметі үшін жеткілікті жағдайды, сәйкес инфрақұрылымды жасау, халықпен өзара әрекеттесу және халыққа ақпарат беру алгоритмін жасақтау қажет.

  13. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ жанынан өңірлердегі, аудандық деңгейге дейінгі өкілдіктермен ҚК қызметін қолдау орталығын құру.

  14. Мемлекеттік қызметкерлердің меритократия қағидаттарына сәйкестігін бағалау құқығын беру. Аталған баға мемлекеттік қызмет кадрларының сапасын бағалау жүйесіне енгізілген болуы және ақпараттың ең маңызды көзі ретінде саналуы тиіс.

  15. Ұсыным бере отырып, қоғамдық бақылау қызметін жүзеге асыру қажеттілігін есепке алу арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын жасақтау мен талқылауға қатысу бойынша ҚК құзыреттілігін ескеру.

  16. Қоғамдық кеңестермен өзара әрекеттесу бойынша мемлекеттік органдарға арналған стандарттарды жасақтау.

  17. Қоғамдық кеңес пен оның мүшелерінің халықпен және БАҚ-пен, соның ішінде kazkenes.kz сайты арқылы өзара әрекеттесуінің үлгілік тәртібін жасақтау және бекіту.

  18. Жұмыстың бастамашылдығы мен белсенділігіне негізделген, Қоғамдық кеңестерге арналған рейтингілік жүйені және ҚК мүшелері үшін бедел жүйесін енгізу.

  19. ҚК қызметін қаржыландыру, орынжайлармен және кеңсе техникаларымен, ҚК мүшелері қоғамдық бақылау қызметін жүзеге асыру аясында қызметтерін орындауы кезінде қаржылық шығындарына төлемақыны қамтамасыз ету және қызметтің ерекшеліктерін негізге ала отырып, қаржылық есептілікке сәйкес талаптарды жасақтаудың бюджеттік бағдарламасын қарастыру.

  20. ҚК мүшелерін оқытуды, тәжірибе алмасу үшін іссапарларды, хатшылықтың қызметін ұйымдастыру, ҚК қызметіндегі аналитикалық құрамдас бөліктерді арттыру үшін шығындарды қаржыландырудың бюджеттік бағдарламасын қарастыру.

  21. ҚК арыздары мәртебесін бекіту, мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас сипаты мен деңгейін қатаң реттеу.

  22. ҚК қызметінің ішкі реттемелерін жетілдіру (отырыстар күн тәртібін, шешімдер қабылдауды, шешімдердің орындалуын қалыптастыру), бірақ мәселені шешуге шығармашылық қадам мүмкіндіктеріне зиян келтірмеу.

  23. Қоғамдық кеңестер мүшелерінің құзыреттіліктерін тиісті деңгейде жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ҚК мүшесінің куәлігін беру қажет. Мұндай тәжірибе ҚР ІІМ жанындағы қоғамдық кеңестер қызметінде бар, соның ішінде БҚО ІІД ҚК мүшелерінде құпия нысандар мен қару бөлмелерінен басқа кез келген жабық және қорғалатын нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін БҚО ІІД ҚК мүшесінің куәлігі бар.

  24. I. Әкімшілік-ұйымдық қызметті жетілдіру мақсатында

  25. III. ҚК ақпараттық жұмысын жетілдіру мақсатында

  26. IV. Өңірлердің және жалпы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі ҚК-ның рөлі мен мәртебесін күшейту мақсатында



Әдебиеттер тізімі





  1. wikipedia.org. (м.б.).

  2. Kazkenes.kz

  3. Мониторинг жүргізу әдістемесі. Қазақстанның Азаматтық Альянсы, 2017 ж.

  4. Қазақстандағы қоғамдық кеңестер қызметінің оң тәжірибелерін талдау. (2017). ҚК есептерінің жиынтығы.

  5. ҚК қызметін мониторингілеу аясындағы сұхбат. Қазақстанның Азаматтық Альянсы (2017 ж. мамыр-шілдесі).

  6. ҚК қызметін мониторингілеу аясындағы сауалнама жүргізу нәтижелері. Қазақстанның Азаматтық Альянсы (2017 ж. мамыр-маусым).

  7. ҚК қызметін мониторингілеу аясындағы фокус-топтардың хаттамалары. Қазақстанның Азаматтық Альянсы (2017 ж. мамыр-маусымы).






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет