Ыстамбұлдан шығысқа қарай орналасқан Procter & Gamble зауытында екі қаскөй 7 адамды кепілге алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Cumhuriyet газетінің жазуынша, әуелде қаруланған ер адам Газа секторындағы жағдайға наразылық ретінде зауыт қызметкерлерін кепілге алды деген ақпарат түскен. Оқиға орнына арнайы жасақ келді. 

"Екі адам жұмысшыларды ұстап әкетті, оларда бомбаға ұқсайтын әлдене бар. Қаскөйлердің бірі – сырлаумен айналысқан зауыттың бұрынғы қызметкері Ибрагим Й.", – деп жазды басылым. 

  • Газадағы атысты тоқтату: Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының талабын қолдады
  • Халықаралық сот Израильдің Газадағы әрекетін "геноцид" деп атады

Зауыттың бұрынғы қызметкері кепілге алынған адамдарды әлеуметтік желілерде көрсетті. Болжам бойынша, 7 олар адамды әкеткен, оның ішінде әйел де бар. Жағдайлары жақсы. 

Сондай-ақ тұтқынға алынған ер адамдардың бірінің туған күні екен. Мерекеге бәрі дайын болғандықтан, қылмыскерлер оған туған күнін атап өтуге рұқсат берген. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.