«Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба



жүктеу 48.88 Kb.
Дата27.03.2019
өлшемі48.88 Kb.

«Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына 
түсіндірме жазба



Р/с



Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

2.

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

«Мемлекеттік мүлік туралы»
2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 119-1 бабына, «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы
2-2-тармағына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Н. Алдабергеновтың
2017 жылғы 18 мамырдағы
№ 20-32/ЖТ-Ұж-1328//ЖТ-Ұж.-4060,3 тапсырмасына сәйкес.

3.

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобына қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындауға әкеп соқпайды

4.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жоба қабылданған жағдайда қандай да бір әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарлар болжанбайды.

Тұрғын үй-жайларды республикалық меншіктен Назарбаев Университетіне өтеусіз беру Қазақстан Республикасы Үкіметі үшін күтіп ұстау және т.б. бойынша шығындарды қысқарту жағынан оңтайлы және экономикалық тиімді, сонымен қатар Назарбаев Университеті мен «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамының медициналық қызметкерлері арасында әлеуметтік қысымды төмендетуге және Университетке өз қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету мәселесін өз бетінше реттеуге мүмкіндік береді.



5.

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі

Жобаны қабылдаудың мақсаты Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 29/1 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйдің 86 пәтерін республикалық меншіктен Назарбаев Университетіне өтеусіз беру.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді

8.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)

Талап етілмейді

9.

Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес келеді

10

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері

Талап етілмейді

11.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы
20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Жобаны және оның материалдарын Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына берілуі мүмкін

12.

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында (www.mz.gov.kz, 2017 жылғы
___ шілдеде, ____ КБ) және ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында (2017 жылғы
___ шілдеде, ___ КБ) орналастырылды

13.

Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Қаулы жобасына баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында (www.mz.gov.kz)
(2017 жылғы ___ шілдеде, ___ КБ) орнаалстырылды

14.

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат


Талап етілмейді


Қазақстан Респуликасының

Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
2017 жылғы «__» __________


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет