Республиканское государственное учреждение



жүктеу 3.71 Mb.
бет1/13
Дата05.05.2019
өлшемі3.71 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


ҚР Әділет министрлігінде

2015 жылы 25 мамырда

11162 тіркелді



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ


2015 жылғы 8 мамыр
Алматы қаласы





№ 75
город Алматы

Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Тіркеу. № 3454

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика» туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Мыналар:

  1. осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесі;

  2. осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есеп;

  3. осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есеп;

  4. осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есеп;

  5. осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген туынды қаржы құралдары бойынша шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің талдамасы туралы есеп;

  6. осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша айрықша пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есеп;

  7. осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уақыт аралықтары бойынша ашық позицияларды бөлу (валюталар бөлігінде) туралы есеп;

  8. осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жалпы пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есеп;

  9. осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп;

  10. осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің (қарыз алушылар бөлігінде) ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп;

  11. осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша k4 ағымдағы өтімділік коэффициентінің талдамасы туралы есеп;

  12. осы қаулының 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша k4-1, k4-2, k4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есеп;

  13. осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша k4-4, k4-5, k4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есеп;

  14. осы қаулының 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аптаның (айдың) әрбір жұмыс күні үшін әрбір шетел валютасы бойынша валюталық позициялар және валюталық нетто-позиция туралы есеп;

  15. осы қаулының 15-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша ішкі активтердің, ішкі және өзге міндеттемелердің орташа айлық шамасын, қаражат бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентін есептеу туралы есеп;

  16. осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банктерді Қазақстан Республикасының резиденттері еместер алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру коэффициенттерінің талдамасы туралы есеп;

  17. осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша секьюритилендіру кезінде меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерін есептеу туралы есеп;

  18. осы қаулының 18-қосымшасына сәйкес нысан бойынша исламдық банктер ұсынатын кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есеп;

  19. осы қаулының 19-қосымшасына сәйкес нысан бойынша исламдық банктер ұсынатын кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есеп;

  20. осы қаулының 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша исламдық банктер ұсынатын тауар-материалдық қорлардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелдің талдамасы туралы есеп;

  21. осы қаулының 21-қосымшасына сәйкес екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

  1. Екiншi деңгейдегi банктер осы қаулының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:

  1. ай сайын осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшаларында көзделген есептілікті – есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей;

  2. апта сайын осы қаулының 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген есептілікті – есепті аптадан кейінгі аптаның бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

3. Бас банк және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүзеге асырған екiншi деңгейдегi бас банк Ұлттық Банкке электрондық форматта:

1) ай сайын осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшаларында көзделген есептілікті – есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей;

2) апта сайын осы қаулының 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген есептілікті – есепті аптадан кейінгі аптаның жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей;

3) апта сайын осы қаулының 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген есепті айдың соңғы аптасындағы есептілікті – есепті аптадан кейінгі аптаның тоғызыншы жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

4. Осы қаулының 22-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

5. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбетәлиев М.Т.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

8. Мыналарды:

1) 2014 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын осы қаулының 2-қосымшасының реттік нөмірлері 77, 87, 90 және 92, 11-қосымшасының реттік нөмірлері 13 және 14 және 15-қосымшасының реттік нөмірі 5-жолдарын;

2) 2014 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылатын осы қаулының 14-қосымшасының реттік нөмірі 8-жолын;

3) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 2-қосымшасының реттік нөмірлері 93, 94 және 95 және 3-қосымшасының реттік нөмірлері 83 және 84-жолдарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Осы қаулының 3-тармағы 2016 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады.



Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігінің

Статистика комитетінің Төрағасы

Ә. Смайылов __________________

2015 жылғы «____»_________

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 8 мамырдағы

№ 75 қаулысына

1-қосымша

Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесі
Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігіне мыналар кіреді:

1) пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есеп;

2) кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есеп;

3) кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есеп;

4) кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген туынды қаржы құралдары бойынша шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің талдамасы туралы есеп;

5) айрықша пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есеп;

6) уақыт аралықтары бойынша ашық позицияларды бөлу (валюталар бөлігінде) туралы есеп;

7) жалпы пайыздық тәуекелді есептеудің (валюталар бөлігінде) талдамасы туралы есеп;

8) бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп;

9) бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің (қарыз алушылар бөлігінде) ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп;

10) k4 ағымдағы өтімділік коэффициентінің талдамасы туралы есеп;

11) k4-1, k4-2, k4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есеп;

12) k4-4, k4-5, k4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есеп;

13) аптаның (айдың) әрбір жұмыс күні үшін әрбір шетел валютасы бойынша валюталық позициялар және валюталық нетто-позиция туралы есеп;

14) ішкі активтердің, ішкі және өзге міндеттемелердің орташа айлық шамасын, қаражат бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентін есептеу туралы есеп;

15) банктерді Қазақстан Республикасының резиденттері еместер алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру коэффициенттерінің талдамасы туралы есеп;

16) секьюритилендіру кезінде меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерін есептеу туралы есеп;

17) исламдық банктер ұсынатын кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есеп;

18) исламдық банктер ұсынатын кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есеп;

19) исламдық банктер ұсынатын тауар-материалдық қорлардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелдің талдамасы туралы есеп.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 8 мамырдағы

№ 75 қаулысына

2-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

Пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есеп
Есепті кезең: 20__жылғы __________
________________________________________
(банктің атауы)

Индекс: 1- BVU_Prud_norm


Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатындар: екiншi деңгейдегi банк
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі:

екiншi деңгейдегi банктер – ай сайын есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей;

бас банк пен «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны 2016 жылғы 1 ақпанға дейін жүзеге асырған екінші деңгейдегі бас банк – ай сайын есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей.

Нысан


(мың теңгемен)




Атауы

Сомасы

1

2

3

1

Меншікті капиталдың ең аз мөлшері

 

2

Банктің арнаулы мақсаттағы еншілес ұйымдарының салымдарын және банкаралық салымдарды қоспағанда, Астана мен Алматы қалаларынан тыс тіркелген жеке және заңды тұлғалардан қабылданған депозиттердің сомасы

 

3

Банкаралық кредиттерді және «Кері РЕПО» операцияларын қоспағанда, Астана мен Алматы қалаларынан тыс тіркелген, банкпен үлестес емес қарыз алушыларға берілген кредиттер сомасы

 

4

Меншікті капитал




5

Бірінші деңгейдегі капитал




6

Мынадай сома ретіндегі негізгі капитал




7

Ақы төленген жай акциялар




8

Қосымша ақы төленген капитал




9

Өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі




10

Ағымдағы жылдың бөлінбеген таза кірісі




11

Жинақталған ашып көрсетілген резерв




12

Сату үшін қолда бар негізгі қаражатты және қаржы активтерінің құнын қайта бағалау резервтері




13

Мыналарды шегергендегі негізгі капитал:




13.1

меншікті сатып алынған жай акциялар




13.2

гудвилл қосқанда, материалдық емес активтер




13.3

өткен жылдардың шығыны




13.4

ағымдағы жылдың шығыны




13.5

шегерілетін уақыт айырмашылықтарына қатысты танылған кейінге қалдырылған салық активтерінің бөлігін қоспағанда, кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін шегергендегі кейінге қалдырылған салық активі




13.6

басқа қайта бағалау жөніндегі резервтер




13.7

активтерді секьюритилендіру бойынша транзакциялармен байланысты сатудан түскен кірістер. Мұндай кірістерге секьюритилендіру талаптарынан болашақта күтумен алынған толық немесе ішінара кіріске байланысты болашақ кезеңдердің кірісі жатады




13.8

осындай міндеттеме бойынша кредиттік тәуекелдің өзгеруіне байланысты қаржылық міндеттеменің әділ құнының өзгеруінен болған кірістер немесе шығындар




13.9

қосымша капиталдан шегерілуге жататын, бірақ оның деңгейінің жеткіліксіз болуына байланысты негізгі капиталдан шегерілетін реттеуіш түзетулер




13.10

сақтандыру ұйымының шығарылған акцияларының 10 пайызынан аз болатын инвестициялардың жиынтығында банктің негізгі капиталының 10 пайызынан асатын сомасы




13.11

сақтандыру ұйымының шығарылған акцияларының 10 пайызы және одан көп болатын инвестициялардың жиынтығында банктің негізгі капиталының 15 пайызынан асатын сомасы




14

Мына сома ретіндегі қосымша капитал:




14.1

нәтижесінде бір мезгілде бір тұлғада қаржы активі және қаржылық міндеттеме немесе басқа тұлғаның барлық өзінің міндеттемелерін шегергеннен кейін қалған заңды тұлға активтерінің үлесіне құқығын растайтын өзге қаржы құралы туындайтын критерийлерге сәйкес келетін мерзімсіз шарттар




14.2

2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тартылған мерзімсіз қаржы құралдары




14.3

белгіленген критерийлерге сәйкес келетін, ақы төленген артықшылықты акциялар




14.4

белгіленген критерийлерге сәйкес келмейтін, ақы төленген артықшылықты акциялар




15

Мыналарды шегергендегі қосымша капитал:




15.1

тікелей не жанама тәсілмен меншікті мерзімсіз қаржы құралдарына банктің инвестициялары




15.2

банктің сатып алынған меншікті артықшылықты акциялары




15.3

инвестициялардың жалпы сомасындағы мерзімсіз қаржы құралдарына инвестициялардың үлесіне көбейтілген банк инвестицияларының асу сомасы (банктің реттеуіш түзетулер қолданылғаннан кейін жиынтығында банктің негізгі капиталының 10 (он) пайызынан асатын, 10 (он) пайыздан аз шығарылған акциялары (жарғылық капиталда қатысу үлестері) бар қаржы ұйымдарының қаржы құралдарына инвестициялары)




15.4

банктің шығарылған акциялардың (жарғылық капиталда қатысу үлестерінің) 10 (он) және одан көп пайызы бар қаржы ұйымдарының мерзімсіз қаржы құралдарына банктің қосымша капиталдан шегерілуге жататын инвестициялары




15.5

екінші деңгейдегі капиталдан шегерілуге жататын, бірақ оның деңгейінің жеткіліксіз болуына байланысты қосымша капиталдан шегерілетін реттеуіш түзетулер




16

Екінші деңгейдегі капитал




17

Реттелген борыш




18

2015 жылғы 1 қаңтарға дейін ұлттық валютамен тартылған реттелген борыш




19

2015 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасымен тартылған реттелген борыш




20

Мыналарды шегергендегі екінші деңгейдегі капитал:

 

20.1

банктің сатып алынған меншікті реттелген борышы (реттелген борышқа инвестициялар)




20.2

инвестициялардың жалпы сомасындағы реттелген борышқа инвестициялардың үлесіне көбейтілген банк инвестицияларының асу сомасы (банктің реттеуіш түзетулер қолданылғаннан кейін жиынтығында банктің негізгі капиталының 10 пайызынан асатын, 10 пайыздан аз шығарылған акциялары (жарғылық капиталда қатысу үлестері) бар қаржы ұйымдарының қаржы құралдарына инвестициялары)




20.3

банктің заңды тұлғаның шығарылған акцияларының (жарғылық капиталда қатысу үлестерінің) 10 және одан көп пайызы бар қаржы ұйымдарының реттелген борышына банктің екінші деңгейдегі капиталдан шегерілуге жататын инвестициялары




21

Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті (k1-1)




22

Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті (k1-2)




23

Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті (k2)




24

Дивиденд төлеуді тоқтату және акцияларды кері сатып алу бөлігінде шектеу қойылатын банктің бөлінбеген таза кірісі




25

Кастодиандық шарт талаптарында қабылданған инвестицияланбаған қаражат қалдықтары




26

Кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтер жиынтығы




27

Кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер жиынтығы




28

Кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген туынды қаржы құралдарының жиынтығы




29

Айрықша пайыздық тәуекел




30

Жалпы пайыздық тәуекел




31

Сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел жиынтығы




32

Айрықша тәуекел




33

Жалпы тәуекел




34

Базалық активі акциялар немесе акциялардың индексі болып табылатын акциялардың нарықтық құнының және туынды қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел жиынтығы




35

Шетел валюталарының айырбас бағамының (қымбат металдардың нарықтық құнының) өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел жиынтығы




36

Акциялардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекел жиынтығы (сату мақсатында иеленген исламдық бағалы қағаздарды қоса алғанда)




37

Тауар-материалдық қорлар бойынша нарықтық құнының өзгеруіне байланысты тәуекел жиынтығы




38

Нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша ұзын және қысқа позициялар сомасы




39

Нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша ұзын және қысқа позициялар сомасының айырмасы




40

Ашық валюталық позициялар сомасы




41

Нарықтық тәуекел ескеріле отырып есептелген активтер және шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер




42

Жалпы жылдық кірістің орташа шамасы




43

Операциялық тәуекел




44

Бір қарыз алушының немесе банкпен айрықша қатынастармен байланысты емес өзара байланысты қарыз алушылар тобының банк алдындағы міндеттемелердің кез келген түрі бойынша жиынтық берешегі




45

Банкпен айрықша қатынастармен байланысты емес бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің коэффициенті - (k3)




46

Бір қарыз алушының немесе банкпен айрықша қатынастармен байланысты өзара байланысты қарыз алушылар тобының банк алдындағы міндеттемелердің кез келген түрі бойынша жиынтық берешегі




47

Банкпен айрықша қатынастармен байланысты бір қарыз алушыға (қарыз алушылар тобына) келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің коэффициенті - (k3.1)




48

Банкпен айрықша қатынастармен байланысты барлық қарыз алушылар бойынша тәуекелдер сомасы




49

Банкпен айрықша қатынастармен байланысты қарыз алушылар бойынша тәуекелдер сомасының коэффициенті (Ро)




50

Тиісті қарыз алушылардың міндеттемелері бойынша бланктік қарыздың, қарыз алушы алдындағы не банктiң ағымдағы және содан кейiнгi екi ай iшiнде қарыз алушыға талаптары туындауы мүмкін үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы үшін қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттемелердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәуелсiз рейтингiнiң бiр тармағынан төмен болмайтын Standard & Poor's агенттiгiнiң рейтингiсі немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттiктер) осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптарды және Standard & Poor's агенттiгiнiң «А» рейтингiнен төмен емес рейтингi немесе одан басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар резидент еместерді қоспағанда, Standard & Poor's агенттігінің «А» рейтингісінен төмен емес немесе бір қарыз алушыға немесе өзара байланысты қарыз алушылар тобына қатысты басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент еместерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының оффшор аймақтарда тіркелген немесе азаматтары болып табылатын резидент еместері мiндеттемелерiнің ең жоғарғы сомасы




51

Бланктік кредиттің ең жоғары мөлшерінің коэффициенті (Бк)




52

Әрқайсысының мөлшері банктің меншікті капиталының 10 пайызынан асатын банктің бір қарыз алушыға келетін тәуекелдерінің жиынтық сомасы




53

Әрқайсысының мөлшері меншікті капиталдың 10 пайызынан асатын бір қарыз алушыға келетін тәуекелдердің жиынтық сомасының коэффициенті (Рк)




54

«Стрестік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасы




55

«Стрестік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасының коэффициенті




56

Өтімділігі жоғары активтер




57

Талап етілгенге дейінгі міндеттемелер




58

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (k4)




59

Өтеуге дейін жеті күнге дейін қоса алғанда қалған мерзімі бар мерзімді міндеттемелер




60

Өтімділік коэффициенті (k4-1)




61

Өтімділігі жоғары активтерді қоса алғанда, бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтер




62

Бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді міндеттемелер




63

Өтімділік коэффициенті (k4-2)




64

Өтімділігі жоғары активтерді қоса алғанда, үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтер




65

Үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді міндеттемелер




66

Өтімділік коэффициенті (k4-3)




67

k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеуге арналған активтер:




67.1

Standard&Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар елдердің шетел валюталары және «Eуpo» валютасы бойынша (жиынтығында валюталардың осы тобы бойынша соманы/коэффициентті көрсете отырып)




67.2

Standard&Poor's агенттігінің «A»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингісі бар немесе тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша




67.3

(валюта түрі көрсетіледі)




67.4

(валюта түрі көрсетіледі)




68

k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеуге арналған міндеттемелер:




68.1

Standard&Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар елдердің шетел валюталары және «Eуpo» валютасы бойынша (жиынтығында валюталардың осы тобы бойынша соманы/коэффициентті көрсете отырып)




68.2

Standard&Poor's агенттігінің «A»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингісі бар немесе тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша




68.3

(валюта түрі көрсетіледі)




68.4

(валюта түрі көрсетіледі)




69

k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті:




69.1

Standard&Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар елдердің шетел валюталары және «Eуpo» валютасы бойынша (жиынтығында валюталардың осы тобы бойынша соманы/коэффициентті көрсете отырып)




69.2

Standard&Poor's агенттігінің «A»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингісі бар немесе тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша




69.3

(валюта түрі көрсетіледі)




69.4

(валюта түрі көрсетіледі)




70

k4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеуге арналған активтер:




70.1

Standard&Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар елдердің шетел валюталары және «Eуpo» валютасы бойынша (жиынтығында валюталардың осы тобы бойынша соманы/коэффициентті көрсете отырып)




70.2

Standard&Poor's агенттігінің «A»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингісі бар немесе тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша




70.3

(валюта түрі көрсетіледі)




70.4

(валюта түрі көрсетіледі)




71

k4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеуге арналған міндеттемелер:




71.1

Standard&Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар елдердің шетел валюталары және «Eуpo» валютасы бойынша (жиынтығында валюталардың осы тобы бойынша соманы/коэффициентті көрсете отырып)




71.2

Standard&Poor's агенттігінің «A»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингісі бар немесе тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша




71.3

(валюта түрі көрсетіледі)




71.4

(валюта түрі көрсетіледі)




72

k4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті:




72.1

Standard&Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар елдердің шетел валюталары және «Eуpo» валютасы бойынша (жиынтығында валюталардың осы тобы бойынша соманы/коэффициентті көрсете отырып)




72.2

Standard&Poor's агенттігінің «A»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингісі бар немесе тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша




72.3

(валюта түрі көрсетіледі)




72.4

(валюта түрі көрсетіледі)




73

k4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеуге арналған активтер:




73.1

Standard&Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар елдердің шетел валюталары және «Eуpo» валютасы бойынша (жиынтығында валюталардың осы тобы бойынша соманы/коэффициентті көрсете отырып)




73.2

Standard&Poor's агенттігінің «A»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингісі бар немесе тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша




73.3

(валюта түрі көрсетіледі)




73.4

(валюта түрі көрсетіледі)




74

k4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеуге арналған міндеттемелер:




74.1

Standard&Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар елдердің шетел валюталары және «Eуpo» валютасы бойынша (жиынтығында валюталардың осы тобы бойынша соманы/коэффициентті көрсете отырып)




74.2

Standard&Poor's агенттігінің «A»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингісі бар немесе тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша




74.3

(валюта түрі көрсетіледі)




74.4

(валюта түрі көрсетіледі)




75

Мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті (k4-6):




75.1

Standard&Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингісі бар елдердің шетел валюталары және «Eуpo» валютасы бойынша (жиынтығында валюталардың осы тобы бойынша соманы/коэффициентті көрсете отырып)




75.2

Standard&Poor's агенттігінің «A»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингісі бар немесе тиісті рейтингілік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша




75.3

(валюта түрі көрсетіледі)




75.4

(валюта түрі көрсетіледі)




76

Банкте есепті кезең ішінде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзімі өткен міндеттемелердің не Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасының нормаларын бұзу фактілерінің болуы (Иә/Жоқ)




77

Банктің жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша (теңгемен және шетел валютасымен) банктерге депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның Директорлар кеңесінің сақтауы үшін белгіленетін және ұсынылатын сыйақының ең жоғары (ұсынылатын) мөлшерлемелерін асыруы (Иә/Жоқ)




78

Негізгі құрал-жабдықтарға және басқа қаржылық емес активтерге банк инвестициялары




79

Банк инвестицияларының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті - (k6)




80

Резидент еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер




81

Резидент еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің ең жоғары лимитінің коэффициенті (k7)




82

k8 коэффициенті есебіне енгізілетін резидент еместер алдындағы міндеттемелер




83

Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелерге банктерді капиталдандыру коэффициенті (k8)




84

k9 коэффициенті есебіне енгізілетін резидент еместер алдындағы міндеттемелер және борыштық бағалы қағаздар




85

Қазақстан Республикасының резиденті еместер алдындағы міндеттемелерге банктерді капиталдандыру коэффициенті (k9)




86

Пруденциялық нормативтерді есептеу мақсатында күнтізбелік жылдың басына тұтынушылық қарыздар сомасы




87

Басқа банктен қабылданған тұтынушылық қарыздардың банктің несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздар өсімі коэффициентінің есебіне енгізілмейтін сомасы




88

Пруденциялық нормативтерді есептеу мақсатында ағымдағы күнтізбелік жылдың басынан бері есепті күнге тұтынушылық қарыздар портфелінің өсімі




89

Банктің несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздардың ең жоғары өсімінің коэффициенті (k10)




90

Тұтынушылық қарыздар портфелінің бөлігін немесе барлығын басқа банкке (банктерге) сатуды (беруді) жүзеге асырған банктің ағымдағы күнтізбелік жылдың басынан бері есепті күнге нақты берілген тұтынушылық қарыздарының сомасы




91

Пруденциялық нормативтерді есептеу мақсатында күнтізбелік жылдың басына тұтынушылық қарыздар сомасы




92

Тұтынушылық қарыздар портфелінің бөлігін немесе барлығын басқа банкке (банктерге) сатуды (беруді) жүзеге асырған банктің несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздардың ең жоғары өсімінің коэффициенті (k10’)




93

Есепті күнге жұмыс істемейтін қарыздар сомасы




94

Банктің несие портфелі




95

Банктің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың ең жоғары үлесінің коэффициенті (k11)




96

Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер




97

Қаражат бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициенті



Бiрiншi басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)



__________________________________________________________ ________

                       тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                           қолы
Бас бухгалтер _____________________________________________ ________

                                          тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)     қолы
Орындаушы _____________ _________________________________ ________ ________________

                            лауазымы       тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)      қолы       телефон нөмірі
Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «____» __________
Мөр орны (бар болса)

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша

түсіндірме
Пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есеп

1. Жалпы ережелер


1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2. Нысан «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы  Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

3. Нысанды екiншi деңгейдегi банктер ай сайын жасайды. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.

4. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.



2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме


  1. Нысан Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (бұдан әрі – № 358 нұсқаулық) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5670 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 27 наурыздағы № 66 қаулысына (бұдан әрі – № 66 нұсқаулық) сәйкес толтырылады.

  2. 1, 2 және 3-жолдар № 358 нұсқаулықтың «Банктің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері» 1-тарауына сәйкес толтырылады.

  3. 2 және 3-жолдарды Астана мен Алматы қалаларынан тыс тіркелген екiншi деңгейдегi банктер толтырады.

  4. 7-жолда № 358 нұсқаулықтың 1-1-қосымшасында көзделген критерийлерге сәйкес келетін ақы төленген жай акциялар бойынша мәліметтер көрсетіледі.

  5. 14.1-жолда нәтижесінде бір мезгілде бір тұлғада қаржы активі және басқа тұлғада қаржылық міндеттеме немесе барлық өзінің міндеттемелерін шегергеннен кейін қалған заңды тұлға активтерінің үлесіне құқығын растайтын өзге қаржы құралы туындайтын, № 358 нұсқаулықтың 1-1-қосымшасында белгіленген критерийлерге сәйкес келетін, сондай-ақ № 358 нұсқаулықтың 9-тармағының талаптарына сәйкес келетін мерзімсіз шарттар бойынша мәліметтер көрсетіледі.

  6. 14.2-жолда № 358 нұсқаулықтың 8-тармағының талаптарына сәйкес мерзімсіз қаржы құралдары бойынша мәліметтер көрсетіледі.

  7. 14.3-жолда № 358 нұсқаулықтың 1-1-қосымшасында белгіленген критерийлерге сәйкес келетін ақы төленген артықшылықты акциялар бойынша мәліметтер көрсетіледі.

  8. 14-4-жолда № 358 нұсқаулықтың 8-1-тармағының талаптарына сәйкес ақы төленген артықшылықты акциялар бойынша мәліметтер көрсетіледі.

  9. 17-жолда № 358 нұсқаулықтың 1-1-қосымшасында белгіленген критерийлерге сәйкес келетін реттелген борыш бойынша мәліметтер көрсетіледі.

  10. 18-жолда № 358 нұсқаулықтың 10-тармағының талаптарына сәйкес ұлттық валютамен 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тартылған реттелген борыш бойынша мәліметтер көрсетіледі.

  11. 19-жолда № 358 нұсқаулықтың 10-тармағының талаптарына сәйкес шетел валютасымен 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тартылған реттелген борыш бойынша мәліметтер көрсетіледі.

  12. 24-жолда № 358 нұсқаулықтың 1-3-қосымшасына сәйкес дивиденд төлеуді тоқтату және акцияларды кері сатып алу бөлігінде шектеу қойылатын бөлінбеген таза кіріс сомасы көрсетіледі.

  13. 26-жол кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есептің деректеріне сәйкес толтырылады.

  14. 27-жол кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелердің талдамасы туралы есептің деректеріне сәйкес толтырылады.

  15. 28-жол кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген туынды қаржы құралдары бойынша шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің талдамасы туралы есептің деректеріне сәйкес толтырылады.

  16. 29-жол айрықша пайыздық тәуекелді есептеудің талдамасы (валюталар бөлігінде) туралы есептің деректеріне сәйкес толтырылады.

  17. 30-жол жалпы пайыздық тәуекелді есептеудің талдамасы (валюталар бөлігінде) туралы есептің деректеріне сәйкес толтырылады.

  18. 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54 және 55-жолдар бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есептің деректеріне сәйкес толтырылады.

  19. 56, 57 және 58-жолдар k4 ағымдағы өтімділік коэффициентінің талдамасы туралы есептің деректеріне сәйкес толтырылады.

  20. 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65 және 66-жолдар k4-1, k4-2, k4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есептің деректеріне сәйкес толтырылады.

  21. 67, 67.1, 67.2, 67.3, 67.4, 68, 68.1, 68.2, 68.3, 68.4, 69, 69.1, 69.2, 69.3, 69.4, 70, 70.1, 70.2, 70.3, 70.4, 71, 71.1, 71.2, 71.3, 71.4, 72, 72.1, 72.2, 72.3, 72.4, 73, 73.1, 73.2, 73.3, 73.4, 74, 74.1, 74.2, 74.3, 74.4, 75, 75.1, 75.2, 75.3 және 75.4-жолдар k4-4, k4-5, k4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің талдамасы туралы есептің деректеріне сәйкес толтырылады.

  22. 80, 81, 82, 83, 84 және 85-жолдар «Банктерді Қазақстан Республикасының резиденттері еместер алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру коэффициенттерінің талдамасы туралы есеп» деректеріне сәйкес толтырылады.

  23. 86, 87, 88, 89, 90, 91 және 92-жолдар № 358 нұсқаулықтың «Банктің несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздардың ең жоғары өсімінің коэффициенті» 6-3-тарауына және № 66 нұсқаулықтың «Банктің несие портфеліндегі тұтынушылық қарыздардың ең жоғары өсімінің коэффициенті» 9-тарауына сәйкес толтырылады.

  24. 93, 94 және 95-жолдар № 358 нұсқаулықтың «Банктің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың ең жоғары үлесінің лимиті» 6-4-тарауына және № 66 нұсқаулықтың «Банктің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың ең жоғары үлесінің лимиті» 10-тарауына сәйкес толтырылады.

  25. 97-жол ішкі активтердің, ішкі және өзге міндеттемелердің орташа айлық шамасын, қаражат бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентін есептеу туралы есептің деректеріне сәйкес толтырылады.

  26. 36, 37 және 96-жолдарды исламдық банктер ғана толтырады.

  27. 21, 22, 23, 45, 47, 49, 51, 53, 55, 58, 60, 63, 66, 69, 69.1, 69.2, 72, 72.1, 72.2, 75, 75.1, 75.2, 79, 81, 83, 85, 89, 92, 95 және 97-жолдарда сомалар үтірден кейін үш таңбамен көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 8 мамырдағы

№ 75 қаулысына

3-қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан

Кредиттік тәуекел ескеріле отырып мөлшерленген активтердің талдамасы туралы есеп
Есепті кезең: 20__жылғы «___»________
________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет